Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 08:26, курсовая работа
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Бастауыш сыныптарда әдіс – тәсілдердің маңызы......................................5
1.1 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.................................................................................................................5
1.2 Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздері...............................................................................................................7
1.3 Бастауыш білім берудегі оқыту әдісі........................................................11
2 Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану негіздері............................16
2.1 Модульдік технологияны бастауыш сыныптарда пайдалану.............................16
2.2 Сезім тәрбиесіндегі дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану..................20
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................25
ҚОСЫМША........................................................................................................26
Бүгінгі күні еліміздің білім
беру жүйесінде бұл тенденциялар
мектептің құрылымын
XX ғ. соңы мен XXI ғ. басы Қазақстандық білім беру үшін күрделі және шешуші сынақ кезеңі болып табылады, дағдарыстық кезеңді жеңу мақсатында педагогикалық ойлауды өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Осы кезеңде ғалымдар мен педагогтар білім беру саласындағы шетелдік философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамаларды таңдауға мүмкіндік алды және оларды оқу-тәрбие үрдісінде де қолдану тәжірибесін игерді (А.Маслоу, М.Монтессрри, К.Роджерс, Ж.Пиаже, Э.Фромл, Р.Штайнер және т.б.).
Қазіргі әлеуметтік-педагогикалық жағдайда Қазақстандық қоғамның дамуы білім берудің мәнін терең түсіну қажеттілігін талап етеді. Отандық ғалымдардың еңбектерінде Т.С.Сабыров, А.Х.Аренова, Ә.М.Мұхаметжанова, Ш.Х.Құрманалина, М.Құдайқұлов, О.Мұсабеков, О.Салимбаев, Қ.А.Аймағамбетованың және басқа да зерттеушілердіңеңбектерінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру шарттары зерттелген.
12 жылдық мектептің жаңа
жүйесінің білім беру
Қазакстандағы қазіргі мектептің білім беру мазмұнын талдау негізінде оның көбінесе өмірдің қажеттіліктеріне жауап бере алмайтындығын, тиімділігінің төмен екендігін байқауға болады. Көрсетілген қарама-қайшылықтарға байланысты білім беру мазмұнын жаңарту мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі туындап отыр, Жүйелі пәнаралық рефлексияны талап ететін мақсаттарына сәйкес білім беру мазмұнын жобалаудың құзіреттілік тұрғысын теориялық негіздеуді қажет етуде.
12 жылдық мектептегі білім беру үрдісінің моделі білім беру мазмұнының әр түрлі деңгейлік, вариативті негіздерін қалыптастыруға тиісті. Оқытушы мен оқушының ынтымақтастығы негізінде оқытудың жаңа технологияларының репродуктивті және шығармашылық жағының үйлесімді сәйкестігі болуы қажет.
Білім берудің жаңа мазмұнын
жобалау кезінде жалпы
12 жылдық мектептің оқыту
мен тәрбиелеу негіздерінің
Іс-әрекеттік тұрғымен оқушылардың әлеуеттік мұмкіндіктерінің дамуы мен ескерілуіне бағытталған тұлғалық-бағдарлы тұрғы тығыз байланысты. Оқушының әлеуеттік мүмкіндігі көп нұсқалық бағдарламалар, жекелеген тапсырмалар, іс-әрекетті ұйымдастырудың сабақтан тыс формалары арқылы қол жеткізіледі. Ал бұл өз кезегінде жеке білім беру траекториясының міндеттерін толықтай шешуге мүмкіндік береді.
Білім мазмұнын жобалаудың құзіреттілік тұрғысы оқушылардың өзгермелі жаңа және жағдайда іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеттерінен көрінетін сапалар кешенінің және мектеп түлектерінің әлеуметтік мобильділігінің дамуын көздейді.
Психикалық және денелік жағынан саулығын көздейтін тұлғаның даму міндеттері білім беру үрдісін ұйымдастыруда тұтас көрінетін денсаулық сақтайтын пәндік-кеңістік ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Мақсатқа сай білім беру үрдісін дәстүрлі ұйымдастырумен қатар, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың циклдік бөліктік жүйесі қолданылады. Бұл жүйе оқыту үрдісінің ұзақтылық циклінің әртүрлі мүмкін нұсқаларын (моделдерін) қарастырады: апталық, екі апталық, айлық, тоқсандық, жарты жылдық. Бұл жағдайда күтіліп отырған нәтижеге сәйкес білім беру үрдісін бақылау және түзету мүмкіндігіне ие болатын педагогтардың қызметі тасымалданады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 ж. Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да Қазақстан Республикасының орта жалпы білім берудің нормативтік құжаттары қазақстандық білім беруді модернизациялауға, 12 жылдық білім беруге кешуде білім беру мазмұны мен құрылымын жетілдіру міндеттерін сәтті шешуге мүмкіндік береді.
Бастауыш білім берудің міндеті - бала тұлғасының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтап дамыту, оқу қалауы мен іскерлігін калыптастыру, оқу, жазу, санауының сапалы дағдыларын, қарым-қатынас және серіктесу тәжірибелерін меңгеруге көмектесу. Мектептің алғашқы сатысындағы оқыту мен тәрбиелеу баланың өзіне және әлемге деген қызығушылықтарына тікелей бағытталады. Сәйкесінше, мұндағы оқу пәндері табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы алғашқы түсініктер қалыптастыратын интеграцияланған курстар сипатында болады.
12 жылдық білім беру
құрылымына сәйкес 4 жылдық оқу
мерзімі белгіленген бастауыш
білім беру деңгейі үшін
Танымдық аймағы дамуының жас ерекшеліктері жөніндегі күрделі зерттеулерде (Дж. Брунер, Ж.Пиаже, Л.В.Выготский, Г.А.Ленотьев, А.В.Занков, В.В.Давыдбв, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Палызина, С.Л.Рубенштейн, Л.М.Фридман және т.б.) алты жастағы баланың негізгі сипаттары: жоғарғы сезімталдығы, еліктеуі, қоршаған ортаны тануға бағыттылығы, ересектер мен құрдастары тарапынан болатын өсерге сезімталдығы көрсетілген. Бұл кезеңде алты жастағы баланың психикасы түрлі «арақашықтарды» өтеді, бала ойын және оқу әрекетінде дамуының және жеке ерекшеліктер мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайына байланысты сапалық қалыптасуды өткереді.
Білім алушылардың «жеке тәжірибесіне» сүйенуі жаңа білім мазмұнын құруға негіз бола алады. Бастауыш сыныптардағы балалардың «жеке тәжірибесі» оның өзін қоршаған жақын қоршауы түсініктерінен тұрады: отбасы, тұрғылықты жері, дене бөліктері, адамның іс-әрекеті мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер жайындағы түсініктері. Бұл бірінші сынып оқушыларының оқу курсының мазмұнын оқушылардың қоршаған ортасын зерттеу арқылы анықтауды қажет етеді. Тақырыпты зерттеуде «жақыннан-алысқа» принципін ұстанып, білім мазмұны кіші мектеп жасындағы баланың әлеуметтік тәжірибесіне сүйене отырып енгізіледі. Егер зерттеудің пәні ретінде баланың мектеп пен қоршаған ортадағы өзара әрекеттесетін обьектілер мен құбылыстар алынса, онда бұл баланың мектепке нәтижелі бейімделуіне жағдай жасайды.
Білім беру мазмұнын жобалауда
оқу бағдарламасын білім
12 жылдық жалпы орта
білімнің Мемлекеттік
1. Проблемены шешу құзіреттілігі
2. Ақпараттық құзіреттілік
3. Коммуникативтік құзіреттілік Стандартқа сәйкес білім мазмұнының қол жетерлігі және тутастығы, ішкі және пәнаралық байланысты қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар стандарт төмендегі талаптарды да қамтамасыз етеді:
• Қабілеттері әртүрлі деңгейдегі балалар үшін, соның ішінде дарынды және әлеуметтік мұқтаж балаларға жеке білім алу траекториясын құруға мүмкіндік беретін және оқытудың ыңғайлы ортасын құратын оқу жетістіктерінің деңгейлерін сипаттау арқылы білім берудің қол жетерлігі;
• Білім алушылардың оқу жетістіктерінің жүйесін құру арқылы соңғы нәтижеге бағытталу;
• Білім беру және оқу бағдарламаларының тұлғалық мәнділігін, білім берудің өмірлік, тәжірибелік бағдарлануын қамтамасыз ету;
• Түйінді құзіреттіліктерді қалыптсатыратын оқу пәнінің мазмұны арқылы тапсырмалар жүйесінің берілуі;
• Білім алушыларға қоршаған әлемде шындықты тануға, жеке тұлғасының өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін білім беру және оқу бағдарламаларының тәрбиелеушілік потенциалы, оның жеке тұлғаның рухани-құлықты аясын, жағымды қоғамдық маңызды ұстанымдары мен бағдарларын қалыптастыруға бағытталуы;
• Білім беру және оқу бағдарламаларының дамытушы әлеуеті, онда өнімді ізденушілік және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің бейнеленуі;
• Білім беру мазмұны жүктемесінің шынайылығы және оның барлық білім алушыларға қолжетерлігін қамтамасыз етілуі;
Оқытудың жоспарланатын нәтижелері оқу пәні бойынша әр деңгейде ең алдымен:
1) Білім берудің алдыңғы және кейінгі деңгейлерінде сабақтастықты қамтамасыз етуге;
2) Білім алушылардың іргелі ғылыми және мәдени құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыруға;
3) Білім алушылардың
1.3 Бастауыш білім берудегі оқыту әдісі
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының бір тұтастығы болып табылады. Әдіс гректің "теіоіоз" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым — белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамаларын береді.
Педагогикалық энциклопедияда "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен окушы білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды" деп жазылған.
"Әдіс - дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты ретке келтіру тәсілдері"
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "Белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет". Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін окушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру — үнемі айтыс туғызып келе жатқан педагогикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар. XX ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодский, М.М.Пистрак, т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30-шы жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс жатады.
1950 жылдардан бастап оқыту әдісін классификациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лардкипанидзе оқыту әдістерін топтастырып, оны үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс әдістері, оқыту тәжірибелік сабақтар әдістері.
50-жыддардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын ұсынып, оларды үш топқа бөлді:
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс
Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау
3. Практикалық немесе тәжірибелік әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
1. Оқушылардың таным
белсенділігіне қарай (М.Н.
2. Окытудың мақсаттары мен құралдарына
қарай
(М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина): жаңа
білім беру әдісі біліктер мен дағдылар
қалыптастыру әдісі техникалық қүралдармен
жұмыс істеу әдісі өзіңцік жұмыс істеу
әдісі проблемалық, программаланған оқыту
әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю. К. Бабанский): ой-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру окуға ынталандыру - оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг): ауызша баяндау әдісі есеп шығару әдісі өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Информация о работе Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы