Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 15:33, курсовая работа
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс
КІРІСПЕ ...................................................................................................................5
1 АУДАРМА МЕН АУДАРМАШЫНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ .........................................................................................................8
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері ...........................8
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі .......................13
2 ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚИЫНДЫҚТАРЫ ................................................................................................15
2.1 Қытай-қазақ тілі аудармасының ерекшеліктері мен
артықшылықтары .................................................................................................15
2.2 Қытай-қазақ тілі аудармасының қиындықтары мен кемшіліктері ...........21
2.3 Қытай-қазақ тілі аудармасының болашақтағы жағдайы ............................22
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................37
Дю Белле тілді байытудың көзі – басқа ұлт сөздерін орынды-орынсыз кіргізуде емес, өзің аударып отырған тілдің стиліне еліктей отырып, латындықтар сияқты, сөзжасамдық әрекет етуде деп біледі. Сонымен, еліктеу – тіларалық, мәдениетаралық қызметтің ерекше түрі ретінде алынады.
Тілдегі еліктеу мәселесі еркін және сөзбе-сөз аударма мен интерпретация жайлы тақырыпты тағы да алдымызға тартты. Дю Белле еліктеу арқылы ұлттық тілді байытудың мүмкін екендігін көреді. Ол еліктеудің арқасында латын тілі көркемдігі жағынан грек тілімен бір деңгейге жетті деп есептейді. Енді дәп сол жолмен француз тілін де әлемдік деңгейге көтеруге болады деп үміт артады. Ол өзінің бұдан төрт ғасыр бұрын жазылған еңбегінде көріпкелдікпен француз тілі грек, латын тілдерінің деңгейіне жететіндігіне сенім білдірген. Не айтатыны бар, расында да солай болып шықты дейміз.
Шындығында, біраз уақыт өткеннен кейін француз тілі де бүкіл Еуропаға тараған тілге айналып, Дю Белленің трактаты тек Францияда ғана емес, бүкіл Еуропадағы әдебиеттің даму жолын екі мың жылдыққа анықтап берді. Ал соңғы кезде философияның “сәндік үлгісі”, киімдегі сән үлгісіндей, сол Францияда, француз тілінде “пішілетіндігін” еске алсақ, онда, әрине, Дю Белле үшін де, Франция үшін де, әсіресе, француз тілі үшін де қуанатынымыз белгілі.
XVI ғасырдың екінші
жартысында француз әдеби тілі
латын тілін қоғамдық өмірдің
түрлі аймақтарынан ығыстыра
бастады. Француз тілінде
Амионы XVI ғасырда «аудармашылардың ханзадасы» деп атаған екен. Ол өзінің аудармашылар арасындағы беделіне Плутархтың «Салыстырмалы өмір сипаттамалары» атты еңбегін тәржімалау барысында ие болыпты. Аталған аударма 1559 жылы жарыққа шыққан еді. Амионың сөз саптауы қарапайымдылығымен, табиғилығымен таң қалдырады. Оның тамаша аудармаларының болуы өз алдына да, француз тілін жетілдіруге қосқан үлесі – өз алдына. Амионың француз тілін дамыту жолындағы рөлін зерттеушілер Германиядағы М. Лютердің рөлімен салыстырады. Амионың замандасы, атақты жазушы, моралист-философ Мишель Эйкем де Монтень ол туралы былай деген екен: “Барлық француз жазушыларының ішінен мен Жак Амионы бірінші орынға қояр едім… Соның шығармашылық еңбегінің арқасында ғана қазірде біздер французша сөйлеуге, французша жазуға тырысамыз…”.
Жоғарыда үстірт атап өткеніміздей, неміс гуманисті Мартин Лютер (1483-1546) қазіргі неміс тілінің негізін қалаған болатын. Неміс тілінің тарихшылары латын тілінің қалыптасуына Цицеронның ықпалы қандай болса, неміс тілінің қалыптасуы мен дамуында Лютердің де алатын орны дәл сондай жоғары деп ерекше атап көрсетеді. Филолог Лютер үшін Інжілді неміс тіліне аудару оның өмірінің мәні әрі негізгі мақсаты болды.
1522 ж. Виттенберг қаласында Жаңа өсиеттің неміс тіліне Лютер даярлаған аудармасы жарық көреді. Аудармаға бар болғаны 3-ақ ай ғана уақыт кетіпті. Ақиқатына келсек, аудармамен Лютер жалғыз өзі айналысқан жоқ. Ол үшін Виттенбергте арнайы аудармашылар тобы құрылды. Солардың барлығына бас-көз болған Лютер еді. Інжіл мәтіндерін түсіндіруде М. Лютерге оның досы және ізбасары Меланхтон және басқа да білімдарлар, латын, көнееврей, грек тілдерін жетік білетін мамандар көмектесті.
М. Лютердің өз ұлтының мәдениетіне сіңірген еңбегі Інжілді неміс тіліне толықтай аударғанында ғана тұрған жоқ. Ол бұл жұмысқа кіріскен кезде неміс тілінде Інжіл аудармаларының біршама нұсқалары жарық көріп үлгерген де еді. Мысалы, Иоган Ментельдің жасаған аудармасын айтуға болады. Сондықтан Лютердің аударма еңбегіне берілетін баға оның аудармасының өзіне емес, оның жазу стиліне берілген баға деп ұғу керек.
М. Лютердің аударма стратегиясы
да осы концепция негізінде
М. Лютердің басшылығымен жасалған Інжіл аудармасы тек Германияда ғана емес, бүкіл Еуропа аударма тәжірбиесінің дамуындағы әлемдік шедеврлердің бірі болып табылады. Кейінгі неміс тіліндегі Інжіл аудармалары Лютердің нұсқаларына сүйене отырып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, бүгінгі неміс тіліне, қазіргі ғылыми білімге сәйкестендірілді.
М. Лютер жасаған Інжіл аудармасы жалпынемістік ұлттық тілдің негізін қалады және жоғары дәрежелі әдеби жәдігерге айналды. Ол барлық ұлтқа ортақ неміс тілін жасауға тырысуы арқылы ұлтына орасан зор лингвистикалық қызмет көрсетті, яғни орфография нормаларын, фонетикалық транскрипция, грамматикалық формаларды реттеді. Лютерлік Інжіл жарық көрген соң неміс тілі ғылыми қарым-қатынас пен әдебиет тілі ретінде латын тілін басып озды.
Аударманың түрлі оқиғаларға бай тарихы бар екендігін жоққа шығару мүмкін емес. Аударманың тарихи дамуын тізбектеп болсын, топтап болсын көрсетіп беруге болады. Мысалы, “Бабылдан кейін” (“После Вавилона”) кітабының авторы Дж. Стейнер өз еңбегінде соған талпыныс жасайды.
Дж. Стейнер аударма тарихын төрт негізгі кезеңге бөлген еді:
1) 1791 жылға дейін –
аудармашылардың өздерінің
2) 1946 жыл – аударма
теориясының пайда болып,
3) ХХ ғ. 40-шы жылдары – құрылымдық лингвистика, коммуникация теориясының пайда болу кезеңі;
4) Қазіргі пәнаралық зерттеулер кезеңі.
Стейнер ұсынған кезеңдеме аударма туралы ізденіс жүргізушілерге аса қызық. Өйткені Стейнер әу бастан-ақ назарын аудармаға қатысты оқиғаларға салады. Стейнердің кезеңдемесі аударманың нақ өзінің құбылыстарын (нені, кім, қашан аударды дегенді) ғана емес, аудармаға деген теориялық көзқарастың өрбуін да тілге тиек етеді. Сонымен, Стейнер аударма тарихының төрт кезеңін бөліп көрсетті.
Бірінші кезең Цицеронның
Эсхил мен Демосфен сияқты грек шешен-риторларының
сөздерін, Горацийдің “Поэзия өнері”
(“Поэтическое искусство”) секілді
туындыларын қалайша
Екінші кезеңді Стейнер аудармашылық теория мен герменевтикалық ізденістер сатысы деп атайды. Оның басталуын Стейнер 1792 ж. Лондонда жарық көрген аударманың принциптері жөніндегі жазбалардың авторы Александр Фрейзер Тайтлердің есімімен және Фридрих Шлейермахердің есімімен байланыстырады. Бұл кезде аударманың табиғаты туралы сұрақ сана мен тілдің өзара қатынасы туралы сұрақ төңірегіне ығысып, кең ауқымды теориялар қарастырыла бастайды. Бұл – аударманың мәні мен оның философиялық-поэтикалық теориясының құрылу кезеңі. Аталған кезең, Стейнердің пікірі бойынша, қатаң ғылымилықтан алшақ тұрған француз аудармашысы және жазушы Валери Ларбоның 1946 ж. “Әулие Иероним желеп-жебеумен” (“Под покровительством святого Иеронима”) атты еңбегінің шығуымен аяқталады.
Үшінші кезең ХХ ғ. 40-шы жж. машиналық аударма теориясы туралы алғашқы мақалалардың шығуымен басталады. Бұл кезеңнін бастауын Стейнер формализм идеясын мұра етіп, аударманы зерттеуге лингвистикалық теория мен статистикалық әдістерді қолдануға тырысқан орыс және чех ғалымдарының есімдерімен байланыстырады. Бұл кезеңде ресми логика мен тілдік трансформация модельдері арасында сәйкестік орнату талпыныстары жасалады. Осы бір уақыт аралығында кәсіби аудармашылар өз ұйымдарын құрып, өз журналдарын шығара бастайды. Стейнердің пікірі бойынша, бұл кезең белгілі бір дәрежеде әлі күнге дейін жалғасуда. Алайда, 60-жылдардың басынан аударма теориясы саласындағы ізденістердің бағыты басқа жаққа бұрылып, жаңа, төртінші кезең басталады.
Төртінші кезеңнің басталуын Стейнер Вальтер Беньяминнің 1923 ж. шыққан Ш. Бодлер аудармасына алғы сөз болып табылатын аударма туралы мақаласының және сонымен қатар, Мартин Хайдеггер, Ханс-Георг Гадамердің экзистенциалистік идеяларының кең таралуымен байланыстырады. Жаңа бағытты ол герменевтикалық бағыт деп атайды әрі дәл осы кезеңде аударма саласында метафизикалық ізденістерге жол ашылды деп біледі. Стейнердің пікірінше, аталған кезеңде аударма мәселесі лингвистердің өзара айқасу алаңына айналған. Сонымен қатар, дәл осы кезеңде аударма теориясы лингвистика шекарасынан шығып, антропология, психология, социологияның, сонымен бірге, мәдениеттану, этнолигвистика мен социолингвистика секілді пәнаралық ғылымдардың зерттеу нысанасын құрайды.
Стейнер кезеңдемесінің қисынына сай, соңғы сатыға қатысты аударманың кәсіби теорияларына қысқаша шолу бізді, жалпы, аударма туралы теориялық көзқарастарды келтіру тұрғысынан қызықтырып отырғандықтан, белгілі бір хронологиялық ретті әлде мазмұндық жүйелі байланысты қатаң сақтамауы да мүмкін. Дегенмен, осы тараушада әлемдік ғылымдағы аударматану саласында қажырлы еңбек етіп, даулы тақырыптар төңірегінде жоғары деңгейлі жарияланымдар даярлаған авторлардың көбі кезігеді деп ойлаймыз. Шолу барысында негізінен аудармаға қатысты іргелі еңбектер (монографиялар, ізденістер) мен маңызды-маңызды деген мақалалар қарастырылады әрі шолу барысында, көбінде, аударма мәселесін көп зерттеген елдер алынған.
Ж. Мунэн – танымал француз тілтанушысы. Оның “Аударманың теориялық мәселелері” деген (1963 ж.) іргелі еңбегі, 1965 жылғы жарық көрген “Аударманың тарихы мен теориясы” деген кітабы аударматануда аса маңызды, ықпалды шығармалар болып табылады.
Ж. Мунэн жоғары ғылыми-теориялық деңгейде тіл туралы заманауи тұжырымдамаларға тоқтала келе, олардың аударма мүмкіндігін жоққа шығаратындығын баяндайды. Аудармаға тосқауыл болатын мәселелерді ол үш топқа біріктіреді:
1. Тілдік белгілердің
семантикасының өзіндік
2. Тілден тысқары шындықты
көрсетудегі тіл құрайтын “
3. Түрлі тіл иегерлерінің
мәдениеті мен өркениетінде
Аударманың қиындықтары экология ерекшеліктеріне, материалдық мәдениеттің айырмашылықтарына, діни және лингвистикалық өзгешеліктерге барып тіреледі дейді Ж. Мунэн. Осы ғалымның айтқан ойларының аударманың мәдениеттанулық концепциясын қалыптастыруға қосары көп. Өйткені Ж. Мунэн аударманы тек қана тілдік эквивалент іздеу айла-шарғысынан жоғарылатып, тәржімалау барысында мәдениеттердің өзара кірігу, түсінісу-түсініспеу процесі жүріп отыратындығын топшылайды. Расында, өмірі қар түспеген Африка континентінің тұрғынына оның әсемдігін қалай жеткізерсің, тропикалық ну орман ішінен шыққан жанға құлазыған шөл даланы түсіндіру де қиын болар. Ал діни рәсімдер мен бұрын көріп-білмеген салт-дәстүрлер мәнін қалай жеткізуге болады? Эскимостардың біршама қар атауларының барлығын, қазақтардың жылқыны сипаттайтын рең түрлерінің нәзік айырмашылығын басқаларға қалай танытарсың?
Ж. Мунэн өз еңбектерінде “аударылатын/аударылмайтын” деген ұғымдардың салыстырмалылық сипатына да назар аударады. Ол аудармаға қатысты айтылған ойлардың оңын да, терісін де қарастыра келе, аударманың көмегімен өтетін коммуникацияның абсолютті түрде, толығымен жүзеге аса алмайтындығы туралы айтады. Дегенмен, ақыр аяғында ол қашанда мүмкін коммуникация түрі екендігі туралы қорытындыға келеді [24, 206-208 бб.].
Юджин Альберти Найда – әйгілі американ лингвисті. Ол аударма мәселелерімен өзінің американдық Інжілдік қоғам өкілі ретіндегі көпжылдық қызметінің нәтижесінде айналысқан болатын. Өйткені аталған қоғам Інжілді әлемнің 75 елінің 200-дей тіліне аударған көрінеді. Ол 1964 жылы «Аудару ғылымына қатысты» деген кітабын басып шығарды. Ол кітап Інжілді аудару мәселелеріне арналса да, көбінде, қазіргі аударма теориясының іргелі сұрақтарына тоқталуымен танымал кітап.
Ю. Найда аударма барысында түпнұсқаның коммуникативті әсерін жеткізу мәселесіне басты назар аудару керек деп біледі. Өз мақсатына жету үшін аудармашы өзінің тәржімасының оқырманының ерекшеліктерін үнемі есте ұстауы тиіс деп біледі ол. Сондықтан да Ю. Найда өзінің аудармашылық концепциясының орталық ұғымы ретінде «рецептор реакциясы» деген ұғымды алады. Дәл «реакция» аударманың сапасының бағалануының өлшемі болуы тиіс деп біледі. Аударма сапасы оны түпнұсқамен салыстыруда жатқан жоқ, оны қабылдаушы рецепторлардың алар әсерінде жатыр деп біледі. Аударма түпнұсқа мәтінін толықтай коммуникативті мәтінмен алмастыра білуі тиіс. “Аударма дәл аударма ма?” деген сұрақ іле-шала “Кім үшін дәл аударма?” деген сұрақты ала жүрсе керек.
Өзінің аудармашылық мектебі бар Ю. Найда солармен біріге отырып, аударманың мәдени-этникалық аспектілеріне бар күшті салады. Демек, мәселе қабылдаушы тіл өкілінің аударма мәтінін жатсынбауында болып тұр. Ендеше, ол үшін аударма мәтіні мүмкіндігінше қабылдаушы рецептордың мәдени-этникалық ерекшеліктерін, табиғи ландшафтының айырмашылықтарын ескеруі тиіс дейді. Демек, мәтінді аударма барысында мәдени бейімдеуге, адаптациялауға тура келеді дейді.
Егер Христос өзін “ Мен – өмір нанымын” (”Я – хлеб жизни”) деп атаса, нанды жүгері күлше ретінде ғана қабылдайтын мексикандық индеецтер үшін оны “Мен – өмір күлшесімін” деп аударған жөн. Егер Рецептор ешқашан қасқыр көрмесе, бірақ койотпен күнде кездесіп жүрсе, әрине, оған қасқыр дегенді койотпен алмастыру керек дейді. Рас, 1976 жылы шыққан шығармаларында Ю. Найда осында келтіріліп өткен ойларына біраз өзгерістер енгізгенін де айта кеткен жөн шығар. Өйткені оның талаптары мәтіннің жазылған, құрастырылған жерінің өзіндік ерекшелігін жұрдай етіп жіберер еді. Кейініректе Ю. Найда мәдени бұйымтайлардың (реалийлердің) орнын қабылдаушы мәдениеттегі соған ұқсас келетінімен ауыстырғаннан гөрі, оларды қосымша сілтемелер, түсініктемелер беру арқылы нақтылауға көп мән бере бастады [25].
Информация о работе Аудармашының кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесі