Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 15:33, курсовая работа
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс
КІРІСПЕ ...................................................................................................................5
1 АУДАРМА МЕН АУДАРМАШЫНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ .........................................................................................................8
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері ...........................8
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі .......................13
2 ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚИЫНДЫҚТАРЫ ................................................................................................15
2.1 Қытай-қазақ тілі аудармасының ерекшеліктері мен
артықшылықтары .................................................................................................15
2.2 Қытай-қазақ тілі аудармасының қиындықтары мен кемшіліктері ...........21
2.3 Қытай-қазақ тілі аудармасының болашақтағы жағдайы ............................22
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................37
Қытай тілі дүниежүзіндегі кеңінен таралған тілдің бірі болып табылады. Бұл тілде миллиардан астам Қытай халқының кем дегенде 90% сөйлейді, сондай-ақ қытай тілі Индонезияда, Камбоджада, Лаоста, Вьетнамда, Мьянмда, Малайзияда, Тайландта, Сингапурда т.б. елдерде таралған. Қытай жазуымен Қытайға көршілес Жапония, Корея секілді елдер пайдаланады.
Қытай – Тибет тобына
жатады. Қытай тілінің басты
Тарихшылардың айтуы бойынша, аударманы және аудармашыларды қажет еткен факторлардың мықтыларының бірі – жаулап алушылық соғысының жүргізілуі. Жеңілген, тізе бүккен жаңа ел-жұртына өз жарлығын түсінікті жеткізу үшін билеушіге тілмаштан басқа кім керек?! Тілмаштарсыз көне дүниенің күшпен жаулап алынған әртілді көп халықтардан тұратын империяларын құрған “глобалистерді” көз алдыңа елестете алмайсың.
Аудармашылық қызметтің б.э.д. ІІІ мыңжылдықтан бері келе жатқандығын Ассирия астанасы Ниневияның кітапханасынан табылған саз тақтайшалар да дәлелдейді. Ассириялық патшалар арасында алғашқы болып хат танығандардың бірі – Ашшурбанипал (б.э.д. 669-633) өз сарайларының біреуінде бүкіл көне вавилондық және шумерлік жазбаларды жинақтауға бұйрық береді. Сонда әлемдегі ең алғаш кітапхананың басым бөлігін шумерлер мен вавилондықтар аудару үшін қолданған көптілді сөздіктер құраған екен. Сол сөздіктердің ең көнелері өз ерліктерін империяның түрлі тілдерінде мадақтауды ұнатқан Саргон Аккадскийдің (б.э.д. 2872-2817жж.) билік еткен кезіне сәйкес келеді.
Аудармашы тек тілмәш, көшірмеші, қарапайым билингв, түпнұсқаның мәтінінен ауытқымайтын кірпияз ділмар, сөздің құлы ма әлде оның ұстасы ма? Түпнұсқаның мәтінін өзгертіп жіберетін сатқын ба әлде жан-жақты білімді интеллектуал, лингвист және этнограф, философ және психолог, тарихшы, жазушы және тіл тапқыры ма? Ол, кез келген оқырман секілді, түпнұсқа мәтінін “өзіндік жолмен” оқудан бас тартпайтын еркін суреткер ме әлде зейінді әрі сезімтал басқатілді екінші автор ма? Аудармашы түпнұсқаны өз заманының адамдары мен өзінің жеке бас мәнеріне қарай қайта жасаушы, “өзгертуші-түзетуші”, сөйтіп, “керемет қателіктердің” негізін салушы ма әлде алдына басқа тілдік мәдениет адамдарын түпнұсқаның мазмұнына толығымен қанық етуді мақсат етіп қоятын төзімді еңбеккер ме? Қойылған сұрақтардың қай-қайсысы болсын біржақты жауабын ала қоймаған ашық сұрақтар.
Ұлы грек өркениеті өз қоғамының аудармашыларға деген қатынасын білдіретін маңызды деректер қалдырмады. Гректерді аудармашылық қызмет қаншалықты қызықтырғанын көрсететін ешбір жазбалар, тіпті айтылған ұлағатты сөздер бізге дейін жете қойған жоқ. Ежелгі гректердің тілі, тілдік мәдениеті мен әдебиетінің кемелдігін ескерсек, алғашқыда бұл жағдай түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, тарихшылардың тұжырымдары бойынша, нақ сол себептен де, яғни тілі мен әдебиетінің жоғары дәрежеде дамуы себебінен де гректер аудармалардан бас тартқан көрінеді. Оны ұлттық тәккәпарлық пен гректердің өзгелерден тыс жаратылысына деген сенім туғызған көрінеді. Басқа тілдерді олар варварлық тіл деп есептеді. Barbaros – варварлық деген грек сөзінің этимологиялық негізінде, гректердің айтуынша, басқа елдердің тұрпайы, анық та әуезді емес, бырылдақ тілдерін дәл келтіретін ономатопея (бр, бр) жатыр.
Аударма тарихына қатысты қолда бар (кітапханаларда деп түсініңіз) әдебиеттердің ұсынар мүмкіншілігіне сай, ежелгі өркениеттердің кейбіреулеріне ғана тоқталып отырмыз. Мүмкін, конфуцийлік-даостық, үнді-буддалық ареалдағы өркениеттер туралы көп айтуға болар еді. Бірақ оған тіл білмеуіміз де, біз білген тілде әлгілердің тәжірибесінің қарастырылмай тыс қалып қойғандығы да кедергі болып тұр. Жоғарыда аталған өркениеттердің аударма тарихындағы орнын бағалауға мүмкіндік беретін аудармаға қатысты кең танымал әдебиеттерде мағлұматтардың болмауы біздің ғылым-білімнің, жалпы алғанда, негізінен еуроорталықтық сарында екендігін тағы бір көрсетіп бергендей.
2.3 Қытай-қазақ тілі
аудармасының болашақтағы
Аударма теориясы аударма тәжірибесі, практикасымен тығыз байланыста дамыған дүние. Тағы бір ескеретін нәрсе – аударма теориясында аударуға даярланған түпнұсқа мәтін тілін – түпнұсқа тілі (ТТ) дейді, ал аударма жасалып отырған тілді – аударма тілі (АТ) дейді. Осындай керекті деп табылған мағлұматтардан соң енді тікелей аударма теориясының бастамасын сол кәрі тарих қойнауынан мәтін қазбалай отырып табуға болады екен. Аударма тарихы сонау көнегөз қария Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Бірақ біз монография көлемін ескере отырып, ең маңызды-маңызды деген тұлғаларға, олардың аударма туралы айтқан, жазған пікірлеріне тоқталамыз.
Римнің ұлы шешен ділмары – Марк Тулий Цицерон (б.д.ғ.106-43) Эсхил мен Демосфен сөздерінің аудармасына берген алғысөзінде өзін ұлы шешен-жазушының қарапайым аудармашысына теңейді. Бұл салыстыруымен ол Рим қоғамының аудармашы мамандығына қалай қарайтындығын танытты. Өйткені біз Цицерон трактаттарынан аударма, аудармашы, аудармашылық қызмет туралы кейбір теориялық ой түйіндерді кездестіреміз. Сондай-ақ, Цицерон еңбектерінен біз ең алғаш рет аударма теориясы категориясының оппозициясын, ал нақтырақ айтсақ, еркін аударманың сөзбе-сөз аудармаға қарама-қарсы қойылғанын анықтаймыз.
Француз Қайта Өрлеуінің өкілі, жазушы, аудармашы, типограф Этьен Доле (1509-1546) есімі елге танымал. Оның атын атамай өткен бір де бір аударма туралы ғылыми жұмысты таппайсың. “Француздың ұлы аудармашылары” деген мақаласында Е. Эткинд: “Франциядағы аударма тарихы трагедиядан басталады”, – дейді. Мұнда ол Этьен Доленің инквизиция қолынан қаза тапқандығын меңзеп тұр. Доле 1546 жылы Парижде 37 жасында отқа өртеліп өлтірілді. Инквизицияның мұндай шешім шығаруына Платонның диалогтарын аудару барысында (”Антиохты”) Доленің бір ғана “rien du tout”, яғни “тіпті”, “мүлде” деген сөзді қосып жіберуі себеп болды.
Э. Доленің “Бір тілден екіншісіне жақсы аудару тәсілі туралы” деген трактаты 1540 жылы жарияланған еді. Ол трактат Еуропадағы толығымен аударма мәселесіне арналған назариялық шығарманың алғашқысы болып табылады. Оны кейде мамандар “аудармашылардың тұңғыш хартиясы” деп те атайды. Доле француз тіліне “traducteur” (тәржімашы) және “traductіоn” (аударма) деген сөздерді енгізген адам болып есептеледі. Оның алдында француз тілінде аударма түсінігін латын тілінен еніп, сәл-пәл түрін өзгерткен ”translater”, аса нақтылық танытпайтын “tourner”, “mettre” (”бетін аудару”, “қайтара айту”) деген ұғымдар арқылы білдіріп жүрген болатын.
Аудармашылық қызметтің аударатын тілге әсер ету сипаты жазулы тарихтағы екі мың жыл ішінде бірнеше мәрте талқыланды. Осы төңіректегі қызу дау-дамайлар, әсіресе, қандай да бір тілдің «сын сәтте» қалған кезінде, яғни қайсыбір қоғам өз тілінің көркемдік мүмкіндіктерін мойындату қажеттігін сезінген кезінде орын алып отыратын. Мысалы, бәрімізге белгілі, Ресейде Петр патша жүргізген реформалармен қатар тілдік кірме сөздер – неологизмдер қаптап кетті. Дәп сол кезде орыс тілін өзге бөтен формалардан тазарту әрекеттерімен М.В. Ломоносов, В.К. Тредяковский, А.П. Сумароков және т.б. белсенді түрде айналыса бастайды. Ресейлік ғылымдағы «шишковистер» мен «карамзинистер» арасындағы қызу пікірталастардан тілдің болашағына, оның көркемдік әлеуетіне және тілді жетілдіру жолдарына көзқарастың әр түрлі болғандығын көруге болады.
Ондай процестер қай тілде болсын кезігіп отырады. Мысалы түрік тілін тазарту жайлы айтқан Зия Көкалып болсын, қазақ тілінің мұң-мұқтажын жоқтаған М. Дулатов, А. Байтұрсынов және т.б. ана тілдерінің ақпараттық-экономикалық басымдылық танытқан мәдениеттің шылауында кетпеуін көздеп, тілдегі кірме сөздермен шұбарлану сынды үрдістерге тойтарыс боларлық механизмдер іздегенін жақсы білеміз.
Осы мағыналас көзқарастарды тағы да мысалдап келтірер болсақ, онда Франциядағы «Плеяда» (1556) атты әдеби мектеп төңірегінде бас біріктірген жас ақындар аударма ісі француз әдебиетінің дамуын тежеді деген қағиданы ұстанғандығын айта аламыз. Ал 1549 жылы «Плеяданың» ақын-теоретигі Жоашен Дю Белленің (1522-1560) «Француз тілін қорғау және даңқын шығару» деген трактаты жарық көрді. Аударма теориясы мен тарихы үшін Дю Белленің трактаты үлкен қызығушылық туғызды. Онда автордың XVI ғасырда бірқатар француз гуманистерінің аудармашылық қызметке деген қарым-қатынасын тереңірек түсінуге және аударманың шынайы өмірде аударатын тілдің дамуын тежейтіндігі немесе оны дамытуға дем беретіндігі туралы айтқан ойларын білуге болады.
Аударма тарихында Дю
Белленің есімі «аудармашылық
Дю Белленің трактаты бүгінгі таңда, Ж. Мунэннің айтуы бойынша, аудармаға қарсы барлық аргументтердің антологиясы болып табылады. Трактаттың авторы аударма проблемасын оған дейін сараптаған ежелгі заман әдебиетшілерінің еңбектерімен жақсы таныстығын білдіреді. Дю Белленің “аудармашылық скептицизмінің” уәж-аргументациялары неде екендігін анықтап көрейік. Біріншіден, Дю Белленің кез-келген аудармаға қарсы еместігін атап өту қажет. Ол да, Данте сияқты, поэтикалық шығармаларды толық аударып жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Бірақ оның трактатының пафосы ұлттық тілді дамыту жолындағы аудармаға берілетін рөлге байланысты. Дю Белле трактатының ең басты мақсаты – француз тілін қорғау мен оның даңқын аспандату. Сондықтан, аударма мәселесі де француз тілінің даму проблемасы тұрғысынан қарастырылады.
Дю Белленің пікірін саралай отырып, біз мына бір тарихи оқиғаны ескеруіміз қажет: Францияда XVI ғасырдың І-жартысында классикалық тілдерді білмейтін, бірақ классикалық әдебиет шедеврларымен танысқысы келетін оқырман қауымы қалыптасты. Нәтижесінде аударма әдебиетке деген сұраныс артты. Сол мезетті пайдаланып білімі таяз әрі қай кезде болмасын өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарай бермейтін аудармашылар пайда болды. Мұндай құбылыстың мәдениет тарихында кездесуі бір бұл емес. Бұған дәлел ретінде кеңес одағында «темір тор» құлағаннан кейін қаптап кеткен аударма әдебиеттің қандай сапада болғандығын ескерсек те жеткілікті, тіпті, шындығына келсек, қазіргі өзіміздің жасап жүрген аудармалар арасында да кемшіліктер аз деп айта алмаспыз.
Дю Белленің пікірінше, аудармашы қызметінің ең маңызды сипаты – адалдық, яғни түпнұсқа мәтіні мен авторға деген адалдық. Дю Белле аудармашылық еңбектің пайдасы туралы айтқанда мынандай тіркестерді көп қолданады: «адал аудармашы», «дәл аудармашылар шеберлігі» және т.б. Ал сәтсіз аударма жасаған тәржімашыларды Дю Белле опасыздар дейді, өйткені олар аударатын шығарманың да, аударылған автордың да даңқын аяқ асты етіп, байыбына бара қоймаған оқырмандарға ақтың орнына қараны ұсынып, алдайды деп түсінеді. Дю Белле оларға қатысты итальян тілінен алынған белгілі – “traduttore – traditore” (”аудармашы – сатқын”) деген өткір тіркесті пайдаланады. XVI ғасырдағы француз тілінде “traditeure” сөзі опасыз деген мағынада қолданылған.
Шындығында, түпнұсқаға адалдық – аударманың басты қасиеті. Аудармада дәлдікті талап ету заңды құбылыс. Мәселе Дю Белленің дәлдік деп нені түсінгендігінде болып тұр. Оның аударма дәлдігі дегенінің не екендігін түсіну үшін француз аудармашысының нені мүлдем аударылмайтын нәрсе деп түсінгендігін де білуіміз керек.
Дю Белле үшін сөз таңдау – ең ауыр да жауапты іс. Соған байланысты Дю Белле аудармашыға қойылатын алғашқы талап – оның жалпы қолданыста орныққан қарапайым да кең тараған сөздерді пайдалануы керек деп біледі. Бұл позицияда Дю Белле неміс аудармашы-реформаторы Мартин Лютерге жақын тұр. Сонымен, сөз таңдаудағы бірінші талап өз тіліңдегі жалпы қолданыстағы лексиканы пайдалануға талпынуды аңғартады. Екінші талап көркемдік тәсілдер, метафора, аллегория, теңеу, салыстыруларға қатысты. Олар жалпы лексикадан гөрі нақты бір халықтың мәдениеті, тарихымен тікелей байланысты. Көбінде, олар аударма арқылы басқа мәдениетке тап болғанда өз көркемдігін жоғалтып алады немесе мүлдем түсініксіз болып қала береді.
Дю Белле үшін тілдік шығарма формасын сол қалпында аудармада беру қиын, өйткені ол әрбір тілдің тек өзіне ғана тән қасиеттерінің болуына байланысты. Тілдің өзіне тән ерекшелігі аудармаға қойылатын басты талапқа – автор қойған шектен шықпауға – қарама-қарсы. Дәл осы шешілуі қиын қарама-қайшылық Дю Белленің аудармаға деген скептицизміне негіз болды. Ал мағынаға қатысты онда ешқандай күмән тумаса керек. Цицерон мен Иероним еңбектерінен бастау алатын аудармадағы мағынаны мағынамен беру дәстүрін Дю Белле адал аудармашыларға міндетті нәрсе ретінде қабылдаған.
XII ғасырдағы жас ақынның
мұндай пікірлері
Аудармашы өз қызметі барысында түпнұсқа мәтінінен алған әсерін ғана басшылыққа алумен шектелмеуі тиіс. Оның мәтінді қарастыруы терең эстетикалық, философиялық, лингвистикалық, мәдениеттанымдық, тарихи сындарлылықты талап етеді. Түпнұсқаны аудармашының оқуы – шынайы герменевтикалық іс-әрекет. Мәтіннен «шынайы рахатты» аудармашы сол мәтінді толығымен өзі үшін шешкенде, онда жатқан терең ойларды түсінгенде немесе соған жақындағанын сезінгенде ғана алса керек. Осыдан кейін аудармашылық еңбектің екінші кезеңі – мәтінді аударма тілінде қайта сөйлету кезеңі келеді.
Информация о работе Аудармашының кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесі