Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 07:01, реферат
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.
Кіріспе.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі ...................................
2
1-тарау. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі ..............................
4
1.3. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері ..........................
4
1.4. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары ....
5
1.5. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі ...................
7
1.6. Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы ............................... .....................
16
2 ТАРАУ. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері. .................................
19
2.1. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері ................................................................................
19
2.2. Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі .........................
21
2.3. COMPEТЕNTUM.MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама ............................... ........................
23
2.4. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары ...........................
23
Қорытынды ...............................................................................
· Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
· Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.
· Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
Қашықтықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.
· Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
· Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
1.3.3.Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Міндетті комплект мыналардан:
a) үлгілік оқу бағдарламасынан;
· оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);
b) лекциялардың әлектрондық курсынан;
c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
· зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
d) студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;
· рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);
· қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Әлектрондық оқу-әдістемелік
кешенін бағдарламалық
Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
4. Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
· Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
· Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
· Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
5. Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
6. Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.
7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:
· әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
· студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.
8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.
11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.
12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.
1.3.4.Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету
· Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.
· Қашықтықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:
1. қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
2. сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
3. қашықтықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдастырушылар);
4. қашықтықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);
5. тьюторлар;
· Қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық курстарын әзірлеушілер шешетін міндеттер:
1. әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;
2. тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;
· Тьюторлар шешетін міндеттер:
- білім алушыларды қашықтықтықтан тікелей басқару.
· Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді қашықтықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны ішілік зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі анықтайды.
· Қашықтықтықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысты профессор- оқытушылар құрамы қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы керек және сол саладағы кәсіби біліктілігі туралы құжаты болуы тиіс.
Қашықтықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:
1. қашықтықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесін игеруі;
2. Интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;
3. білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық және бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;
4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсіресе әлектрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау әдістерін білуі тиіс.
· Қашықтықтықтан оқыту үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 студенттен) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатыг бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушы студенттердің саны бойынша анықталады.
· Жоғары оқу орнының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы тек осы жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар телекоммуникацияның ұйымдастырылған, әдістемелік құралдарымен біріккен және желілік режимде білім беру процесін жүргізетін басқа да жоғары оқу орындарының және басқа да өңірлердің профессорлары мен оқытушыларынан тұрады.
· Жоғары оқу орындарының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы кафедраларда (аумақтан тысқары кафедраларда) құрылуы мүмкін.
· Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау білім беру ұйымы өздігінен белгілеген оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт нормаларының негізінде жүзеге асырылады.
1.3.5.Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
1. Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.
Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтықтан оқыту кешені SSL, PKI сияқты Интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және қашықтықтықтан оқыту жүйесімен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет. Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек.
АЖ аппараттық және бағдарламалық деңгейдегі деректерді жоғалтпау және рұқсат етілмеген кіруден сенімді қорғалуы керек. Базалық жоғары оқу орнында, оның барлық оқу орталықтарында білім алушылар туралы деректерді апаттық орнына келтіру мен резервтік көшірмесінің тетіктерін өңдеу қажет.
2. Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен үй-жайлар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына талаптарына, сондай-ақ Санитарлық тәртіптер мен нормаларға сәйкес келуі керек.
3. Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар
нормаларына сәйкес белгіленеді. Тьюторлық
сыныптар компьютерлермен және
Информация о работе Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері