Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 07:01, реферат

Описание работы

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Содержание

Кіріспе.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі ...................................

2
1-тарау. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі ..............................

4
1.3. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері ..........................
4
1.4. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары ....
5
1.5. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі ...................


7
1.6. Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы ............................... .....................

16
2 ТАРАУ. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері. .................................

19
2.1. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері ................................................................................


19
2.2. Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі .........................

21
2.3. COMPEТЕNTUM.MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама ............................... ........................

23
2.4. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары ...........................

23
Қорытынды ...............................................................................

Работа содержит 1 файл

С.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы:  Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен,2013

 

 

 

Мазмұны

 

 Кіріспе. 

Қашықтан оқытудың білім  саласындағы рөлі ...................................

 

2

1-тарау. Қашықтықтықтан  оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың  теориялық негіздемесі ..............................

 

4

1.3.          ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері ..........................

4

1.4.          Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары ....

5

1.5.          Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі ...................

 

 

7

1.6.          Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы ............................... .....................

 

16

2        ТАРАУ. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері.  .................................

 

19

2.1. Қашықтықтықтан оқыту  технологиясын жетілдіру негізінде  оқу матералдарына қойылатын  дидактикалық шарттар мен оқыту  тәсілдері ................................................................................

 

 

19

     2.2. Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі .........................

 

21

  2.3. COMPEТЕNTUM.MAGISTER  қашықтықтықтан  оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама  ............................... ........................

 

23

  2.4. Жоғарғы оқу  орындарында қашықтықтықтан оқыту  технологиясын ұйымдастырудың бағыттары  ...........................

 

23

Қорытынды   .........................................................................................

29

Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................

30


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы  білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

 

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

 

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

·        бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

·        құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай  пайдалана білудің нәтижесінде  білімнің базалық және деректердің  банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі  күрделі мәселелерді жүзеге асыруда  оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының  құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

·        Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

·        Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

·        Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

·        Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

·        Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

·        Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

·        Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән  бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

Республикалық білім  беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

 

1-тарау. Қашықтықтықтан  оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың  теориялық негіздемесі

 

1.1.         ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері

 Қашықтықтықтан оқыту  (ҚО) - білім, білік дағдыларды  алу үрдісі, бұл кезде оқыту  процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту  технологиясының кейс және желілік  технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын  дамуына Интернеттің әсерін бағалау  қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен  қатар, оқытушы мен студентке  анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар  және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты                                    сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін  әрқайсысы өз кезегінде бірнеше  компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

·        Дидактикалық жүйе;

·        Технологиялық жүйе;

·        Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес  әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу;

1.2.         Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

 

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың  негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына  сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар  мен оқытушылардың бір-бірінен  кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу  ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашыктықтан оқытуды  ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс  технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1.     Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2.     Жұмыс дәптері.

3.     Анықтама.

4.     Оқу, аудио, бейне материалдары.

5.     Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға  арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

-         курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы  құрылым – мұғалім материалды  беру реті мен бейнелеудің   бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

Информация о работе Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері