Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Кіріспе
І тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы
Ақпараттық технология туралы түсінік
Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру
ІІ тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияны енгізудің маңыздылығы
2.1. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-аныктамалық жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология кұралдарын қазақ тілін оқытуда пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
•Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі үшін тиімді.
•Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
•Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
•Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
•Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.
•Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Қазіргі
кезеңде Қазақстанда әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге
бағытталған жаңа талаптарға лайықты
білім беру жүйесі жүзеге асып келеді.
Бұл бағыт оқу – тәрбие үрдісінің
педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін
мәнді өзгерістермен
АҚТ технологияны қолдану мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді.
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
ІІ тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияны енгізудің маңыздылығы
2.1. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Ақпараттық
–коммуникативтік технология ақпараттық
құралдармен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді
Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, балалар салыстыруға, өз ойларын сол тақырыпқа сай жеткізе білуге итермелеу керек. Рольдік ойындар пайдалану, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.
Ақпараттық технология арқылы біз сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Мысалы әр сабақтың басында тұсау кесер өткізуім. Бұл міндетті түрде тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету арқылы балардың сабаққа деген уәжін көтеріп, белсенділігін арттыру. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді.
Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өткізу өте тиімді және қызықты. Мысалы мен сабағымда кез келген жазушыны өтіп жатып, оқушыларға гиперссылка жасау арқылы қосымша материал іздеуге дағдыландырудамын. Ұтымдылығы, оқушылардың қызығушылықтарының оянуы соншалық, деңгейі төмен шәкірттерінің өзі орындай бастайды. Сонымен қатар интернет желісіне қосылған компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу орындарында білім жетілдіруші құрал, иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.
Мектептегі
технологияларға мыналар
Сабақта
жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникати
- психологиялық ахуал туғызу;
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- ақпараттық
–коммуникативтік
-ақпараттық-коммуникативтік
технолгиялармен орындалатын
-сыныптағы
әр деңгейлі оқушылар
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
- өз
бетінше орындауға берілген
- оқушылар
өзінің үйренгені мен өз
Әрине, осы айтылған мақсаттарға жету, әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай мақсатын айқын құрып, негізгі мәселені бөле көрсетуі, материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуын қадағалап отыру керек. Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы оқушылардың құнды идеялар беруін қадағалап, үнемі жаңалықтар енгізіп отыру тиіс.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қазақ тілі сабақтарына енгізуіме алдыма жаңа бағыттағы мақсаттар қойылды:
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті әдіс –тәсілдерін сабақта қолданамын. Олар:
Қазақ тілін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол.
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:
Қазақ тілінде жиі және сирек кездесетін сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы, оқушыларға адамның ой сипаттарын қатыстырып «Досымның портреті», «Менің көршім» сияқты шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беремін. Жұмыстарын тексере отырып, нәтижесінде оқушылар көркем әдеби тілде өз ойын ұшқыр жеткізуге дағдыланады. Соңынан мұндай тапсырмаларды оқушылар бірінен-бірі оқу арқылы сөздік қорларын байытады.