Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Кіріспе
І тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы
Ақпараттық технология туралы түсінік
Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру
ІІ тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияны енгізудің маңыздылығы
2.1. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.
4. Оқу – тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.
«Ақпараттық технология » терминін академик В.М.Глушков енгізген.
Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, « Ақпараттық технологиялар » ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды.
А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология »- мәтінідік редактор,электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады.
Р.Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны » оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.
Н.Апатова «Ақпараттық технология » ұғымына екі анықтама береді;
- «Ақпараттық технология» - қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер.
- «Ақпараттық технология» - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы .
В.Грищенко мен Б.Паньшин «Ақпараттық технологияны» әлеуметтік ортаның заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шағынмен ақпаратты жасап, сақтап, таратуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді. Анықтамалық сөздік бойынша, «Ақпараттық технология» - компьютер құралдарын оқытуда пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны.
Ал, Н.Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды.
И.Роберттің айтуынша, «Ақпараттық технология» - есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, өңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады.
В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі « Ақпараттық технология » - оқытудың жаңа электрондық құраолдарын, ең алдымен компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы.
М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын беред; «Ақпараттық технология» - адамдардың білімін кеңеітіп, олардың техникалық және әлеуметтік процестерді басқару мүмкінідігін дамытатын, ақпартты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Сондықтан біз «Ақпараттық технологияны » білім беруді ақпараттандыру құрладарын пайдалана отырып, жоспарлы және саналы түрде білім беру процесін, білімді игеруді зерттеумен айналысатын дидактиканың саласы ретінде қарастырамыз.
Д.Матрос төмендегі шарт орындалғанда ғана ақпараттық технология туралы айтуға болады;
- егер ол педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын қанағаттандырса (алдын-ала жобалау,мақсатқа сәйкестік, біртұтастық, т.б.);
- егер ол дидактикада теория және тәжірибе жүзінде бұдан бұрын қарастырылмаса;
- егер ақпаратты дайындау және тасымалдау құралы компьютер болса Осыған қарағанда «Ақпараттық технологияға» дидатика мәселелерін есептеуіш техника көмегімен шешетін педагогикалық технология деген анықтама беруге болады.
1.2. Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология қана білім мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.
Дұрыс және тиімді пайдаланылмаған ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдыларының дамуына, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ең алдымен ақпараттық технологияны пайдаланып сабақ беруші мұғалім ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі жоғары, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес санитарлық - гигиеналық нормаларды білуі тиіс. Ешбір ақпараттық технология, компьютер, т.б. құралдар мұғалімнің ролін атқара алмайды.
Ақпараттық құзыреттілік
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:
қажеттілерін бөліп алады;
мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
эксперимент) жүргізіледі;
ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
бойынша) аясында жүйелендіреді
ескертеді;