Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Кіріспе
І тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы
Ақпараттық технология туралы түсінік
Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру
ІІ тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияны енгізудің маңыздылығы
2.1. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы
меңгеру
ІІ тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияны енгізудің маңыздылығы
2.1. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, менің курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі» деп алдым.
Зерттеудің мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тиімділігін ескеру.
Зерттеудің міндеттері:
- білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;
- жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қазақ тілін оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
Зерттеудің нысаны: қазақ тілі
Зерттеудің пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Жұмысымның ғылыми жаңалығы:
– білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздері зерделенді;
– жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындалды;
– оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қазақ тілін оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақталды.
Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.
І тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы
Қоғамның бүгінігі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпарааттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Білімді ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі
(А.П.Ершов, С.А.Жданов, И.А.Заинчковский, Г.К.Тұрғанова, Д.М.Жүсібалиева т.б.) қазіргі жалпы білім беретін мектептің дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары (Г.А.Абумова, Н.Ермеков, С.Құнанбаева т.б. ) мәселелері ретінде зерттелуде.
ХХІ ғасырдың 90-жылдары басынан экономика, саясат, әлеумет салаларында болып жатқан күрделі өзгерістер де өз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім – адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады.
Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Бұл жүйенің қоғаушы күші индивидтің психикалық, танымдық қабілеті мен мүмкіншілігі қырынан тиімді, психологиялық жағынан толық тексерілген дидактикалық жүйелер мен ақпараттық оқыту технологиялары болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына қарқынды тұрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.
Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік (ағылшын,орыс, қазақ тілі) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. А.В.Горячев, А.Л.Семенов, С.АБешенкова, Ж.Қараев,А.Байдабекова, К.З.Халықова т.б. бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген.
«Ақпарат» термині латынның Informatio «түсіндіру», «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады.
Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелрді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады.
«Ақпарат дегеніміз – ақпаратты алушы кісіге дйін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе».
Ақпарат сөзі өте жиі кездеседі. Алайда ақпарат деген не екенін ешкім дәл айта алмайды. Өйткені ақпарат математикадағы нүкте ұғымы сияқты анықтама берілмейтін ұғым. Ақпарат – информатиканың негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздікісіз қабылдайды. Біз не көреміз, оның барлығы – ақпарат. Заттың дәмін татып, иісін иіскеп, саусағымызбен сипалап көріп, ол зат туралы ақпарат аламыз.Алынған ақпаратты адам миы өңдейді. Біз түсінген және сақтаған ақпараттың бәрі білімге айналады.
Табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың барлығы біз үшін ақпарат. Мысалы, күннің салқындауы, жаңбырдың жаууы, құстардың ұшуы,уақыттың өтуі, су тасқыны, топырақтың маңызы, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі, шаруашылықтар мен қала, ауылдардағы өзгерістер. Қазіргі кезде қошаған орта жөніндегі қандай да бір сигналдар, мағлұматтар, құбылыстар жиынтықтары ақпарат деп түсініледі. Күнделікті оқылатын оқулықтар, газеттер мен журналдар, түрлі радио және телехабарлар әр түрлі ақпараттарға толы.
Ақпарат мәтін, сурет, схема, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы; кітапта ақпарат,мәтін,сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі мысалдар келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар.
Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапсын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдері, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінң қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Технологиялық білім» термині ХХ ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға (үнтаспа, телевизор т.б.) сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген болатын.
50 – 60 жылдары «Технологиялық білім» термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс – тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр, бұл түсінік 1980 жылдары арнайы компьютерлер арқылы жан – жақты ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту пайда болған кезден дамыған. Оның жан- жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып, оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.
«Педагогикалық технология» анықтамасы келесі негізгі белгілерді қамтып көрсетеді; мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ортақтығы, адам мен техниканың біолігі. Осы белгілерді негізге ала отырып, мынандай анықтама беруге болады; « Педагогикалық технология » - бұл мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйе құрылымы;
1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу;
2) оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу;
3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру,
4) тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту;
5) оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру.
Педагогикалық жүйеде оқушыға білім дайын күйінде берілмейді, олар өздері жан-жақты іздену арқылы қабылдайды,яғни зерттеу жұмыстары,шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып қажетті білімді қабылдайды. Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру арқылы, оның өз бетімен жұмыс жүргізе білуіне және алдына мақсат қоя білуінде.
Оқу процесінде мұғалім және оқушы, оқушы және оқыту әдісі арасындағы байланыс басты роль атқарады. Оқушы іс- әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білім- ібілік дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Мұғалім міндеті оқушының іс - әрекетін ұйыфмдастыру,ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, оқушыға бағыт ,бағдар беру болып табылады.
Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының « Білім беру туралы » Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен ақпараттандыру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі;
1.Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан- жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.