Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 21:46, реферат

Описание работы

Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басқа тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................3
1 СҰРАНЫС .........................................................................................................5
1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс заңы ....................................................5
1.2 Сұраныс факторлары .............................................................................7
1.3 Икемділік..................................................................................................8
2 ҰСЫНЫС..........................................................................................................12
2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы.................................................... 12
2.2 Ұсыныс факторлары ............................................................................14
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.................................................15
3 СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ.........................17
3.1 Нарық тепе-теңдігі................................................................................17
3.2 Тепе-теңсіз жағдайлар: тапшылық пен артылып қалу......................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................22

Работа содержит 1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.docx

— 63.42 Кб (Скачать)

    

Сатып алушылардың табысы. Егер мемлекет кедейшілікке қарсы күрес шараларын жүргізіп, әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін өсіріп отыратын болса (төменгі жалақы, зейнетақы, шәкірақы, жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы өссе), онда бұл жағдай халықтың кірісін көбейтуге әкеледі. Халықтың табысының өсуі неғұрлым сапалы өнімге сұранысын күшейтіп, сапасыз тауарға сұранысын азайтады.

    

Тұтынушылардың  талғамы мен ілтипат  беруі. Тұтыну талғамы өзгермелі, тұрақсыз болып келеді. Олар сән, алынған ақпарат, жарнама ықпалымен әсерленгіш, яғни бәсеке, пайдалылқ жөніндегі ұйымдарға бой алдырып отырады.

    

Өзара байланысты тауарлар бағасы. Өзара байланысты тауарларға өзара қандай да бір белгі бойынша «байланысты» тауарлар жатады. Өзара байланысты тауарлар нарығы өзара тәуелді болып келеді, яғни әлгі нарықтың біреуінде жағдайдың өзгеруі екіншісінде ахуалдың өзгеруіне әкеп соғып отырады.

    

Алмастырғыш тауарлар (субституттар) дегеніміз қандай да бір нақты қажеттілікті өтеу кезінде бірін-бірі алмастыра алатын тауарларды білдіреді(шай мен кофе, алма мен алмұрт, йогурт пен айран, т.б).

    

Толықтырушы тауарлар (комплементтер) дегеніміз қандай да бір қажеттілікті өтеу кезінде бірін-бірі толықтыратын тауарлар (перде мен гардин, аспашам мен шамдар, т.б).

    

Тұтынушылардың  алдағы уақыттан күтетін  нәрсесі. Бағаның көтерілуі, алда түсетін табыс, ауа райы мен экология, саяси жағдайдың өзгеруі жөніндегі мәліметтерді негіз ететін сатып алушылардың алдағы күнді күтуі сұранысты өзгертіп жіберуі мүмкін. Егер сатып алушылардың алдағы күнге деген тілегі тауар бағасының қымбаттауымен байланысты болса, олар әлгі тауарды көп сатып алу арқылы оны дәл сол сәтте көбірек тұтына алады.  
 
 
 

1.3 Икемділік

Өзара байланысты тауарлар нарығында әр турлі тауарға  сұраным ондағы бағаның, табыстың және жағдайдың өзгеруіне байланысты. Экономистер сұраныстың осындай  өзгеріске үн қатуын икемділік деп  атайды.

    

Сұраныстың икемділігі дегеніміз бағаның, табыстың өзгеруіне  сұраныстың үн қатуы, сезгіштік дәрежесі. Сұраныс икемділігімен келесі сызбадан толық түсінуімізге болады.

Кесте 6- Сұраныс икемділігі

Сұраныс икемділігі 
 

    Сұраныстың төте (бағалық емес) икемділігі     Сұраныстың  табысқа икемділігі     Тоғыспалы икемділік
    тұтынушының бағаның  өзгеруіне қалайша үн қосқанын көрсетеді     тұтынушының өз табысындағы өзгерістерге қалайша  үн қатқаны көрсетіледі     басқа тауар бағасының өзгеруінен сұраныстың тауар бойынша сезгіштігіне үн қатуын көрсетеді
 
 

    

Сұраныс алдымен  тауар бағасының өзгеруіне үн қатады: біз затты бағасы арзандағанда көбірек алып, бағасы қымбаттағанда  алуды азайтамыз. Сондықтан сұраныстың төте не баға бойынша икемділігі деп сол тауар бағасының өзгеруіне байланысты туындаған тауарға деген сұраныс шамасын өзгеру дәрежесін атайды.

    

Сұраныстың баға бойынша икемділігі тауар бағасы 1%-ға өзгерген жағдайда сол тауарға сұраныс шамасы нше пайызға өзгеретіндігін көрсетеді.

    

Сұраныстың бағаның  өзгеруіне үн қатуының «өлшегіш безбені» сұраныс икемділігінің еселігі(E

DP

) болып саналады.

    

Сұраныс икемділігінің  еселігі дегеніміз сұраныс шамасының бағаның өзгеруіне жауап түрінде өзгеру дәрежесін көрсететін сан.

    

Тұтас алғанда  сұраныс икемділігі сұраныс шамасының  бағаның пайыздық тұрғыдан өзгеруіне  қарай пайыздық өзгерісінің қатынасы ретінде белгіленеді:

    

             (1) 

    

Cұраныстың баға бойынша икемділігінің факторлары

    

Алмастыратын  нәрселердің болуы және оларға қол  жеткізудің жеңілдігі                                                  өнімнің алмастырғышы көп болған сайын оған сұраныс та икемді бола түседі: бағаның қымбаттауы сұранысты  сол қажеттілікті бірдей өтейтін  басқа тауарға "аударып" жібереді(икемді сұраныс тауарлары -- сабын, тіс пастасы, кір жуатын ұнтақ және т.б.). Тауарды алмастырушы аз болған сайын оған сұраныс та икемсіз(икемсіз сұраныс тауарлары -- тұз, сіріңке, электр қуаты).

    

Тауардың қажеттілік деңгейі. Егер әлгі тауар(қызмет көрсету) бірінші қажетті зат болмаса өнімге деген сураныс неғұрлым икемді болады: алтыннан жасалған бұйымдар бағасының не туристтік агенттер қызметінің ақысыныңартуы(сәндік заттар) көптеген сатып алушылардың олардан бас тартуына әкеледі. Егер әлгі тауар(қызмет көрсету) бірінші қажетті зат болса өнымге деген сұраныс икемсіздеу болады: азық-түлік, медициналық қызмет бағасының қымбаттауы тұтыну көлемінің елеулі түрде азаюына әкелмейді.

    

Тұтынушы бюджетіндегі шығатын шығынның үлесі.  Тұтынушы бюджетінде өнімнің бағасы көбірек, оғансұраныс та соғұрлым икемдірек бола түседі: қымбат тұрмыстық техника, автомобиль, жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауы көптеген сатып алушыларды сатып алуды кейінге қалтыруға мәжбүр етеді, сұраныс шамасы елеулі түрде өзгаріске ұшырайды. Тұтынушы бюджетінде өнімнің бағасы аз орын(улес) алған сайын оған сұраныс та соғұрлым икемсіздеу бола түседі: арзан тауарлардың бағасының қымбаттауы тұтынушының бюджетіне елеулы әсер етпейді, сол өнімдерге сураныс елеулі өзгеріске ұшырамайды.

    

Уақыт. Сұраныс қысқа мерзімдік кезеңде икемсіздеу және ұзақ мерзімдік кезеңде икемділеу: әдете қандай да бір тауар бағасының қымбаттауы сатып алушы үшін "күтпеген жағдайда" болады, тұтынушының шешім қабылдауына уақыт керек. Пәтердің жалға беру ақысының, көлік қызметі ақысының қымбаттайтындығы туралы хабар таяу уақытта сұранысқа онша әсер ете қоймайды. Бірақ уақыт өте қымбаттап кеткен тауардың орнына бір алмастырғыш табуға тырысамыз: бағасы арзандау үй іздестіріп, қоғамдық көлікті пайдалануға көшеміз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Сұраныстың табыс бойынша икемділігі

    

Сұранысқа әсер етуші бағадан тыс факторлардың бірі сатып алушының табысы екендігі белгілі. Сұраныстың табыс бойынша  икемділігі тауар тұтынушының өз табысындағы өзгерістерге қалайша  үн қататындығын көрсетеді. Сұраныстың табыс бойынша икемділік еселігі  (Е

DI

) тауарға деген сұраныс шамасының пайыздық өзгерісінің өзге тең жағдайларда сатып алушының табысының шамасының пайыздық өзгеруіне тең болады(I-income -- сатып алушының табысы):

    

       (2)             немесе            (3)

    

Формула (2) сұраныс пен табыс шамаларының пайыздық өзгерістері келтірілген кезде есептеу жасағанда ыңғайлы. Мысалы табыстың 25% өсуі тауарға сұранымды 10% өсірді. Бұл жағдайда сұраныстың табыс бойынша икемділіг мынаған тең:

    

(3) формула табыс бойынша сұраныс икемділігінің көрсеткішін есептеп шығаруға мүмкіндік береді, егер өзгеріске дейінгі және өзгерістен кейінгі сұраныс пен табыс шамаларының абсолют мәні белгілі болса. Мысалы, орташа табыс деңгейі айына 9000 теңгеден 15000теңгеге көтерілді. Отаудың шабдалы шырынына сұраныстың шамасы айына  4 литрден 6 литрға өсті. Сұраныс бойынша сол тауарғы сұраныс икемділігін анықтау үшін (3) формуланы пайдаланымыз:  
 

    

Сұраныстың  тоғыспалы икемділігі

    

Сұранысқа әсер етуші бағадан тыс факторлардың бірі өзара байланысты бағалар болып  саналады.

    

Өзара байланысты тауарлар нарығының өзара тәуелді  екендігі мәлім, яғни бір тауар нарығындағы  өзгеріс екінші тауар нарығын  өзгеріске түсіреді.

    

Өзге тауар  бағасының өзгеріске түсуінен бір  тауар сұраныстың сезімталдықпен осындай өзгеріске түсуін тоспалы сұраныс икемділігі көрсетіп береді.

    

Сұраныстың тоспалы  икемділігі(E

DC

) дегеніміз бір тауарға сұраныс шамасының пайыздық өзгерісінің басқа тауар бағасының сәйкес пайыздық өзгерісіне қатысына тең еселік.

    

Комплементерлық не бірін бірі алмастыратын тауарлар арасындағы өзара тәуелділік дәрежесін  тоғыспалы икемділік еселігінің абсолют мені боцынша анықтауға  болады: сол еселік нөлге жақын  болған сайын бұл тауарлардың  өзара тәуелділігі соғұрлым аз және керісінше Е

DC

 мәні нөлден «жырақтаған» сайын әлгі тауарладың өзара байланысы нығая береді. Мәселен сүт пен йогурттың тоғыспалы икемділік еселігі «Мумуня» және «Айналайын» маркалы сүттің Е

DC

мәніне қарағанда  төмен болады, яғни нөлдік мәнге жақын тұрады. 
 
 
 
 
 
 

    

2 ҰСЫНЫС

    

2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы

    

Тауар сатушылардың нарықтағы қисыны ұсыныс ұғымымен сипатталады.

    

Ұсыныс дегеніміз  сатушылар нарыққа шығаруға әзір тауар саны мен сол тауар бағасының  арсындағы тәуелділік.

    

Ұсыныс шамасы дегеніміз сатушылар сол бағамен  ұсынуға әзір тауардың белгілі бір  саны.

    

Сатушыларды(сізді) сатып алушылар тілеген баға қанағаттандырмауы да мүмкін. Сіз пайданы көбірек тапқыңыз келеді. Сондықтан шығаратын шығыныңызды есептей келіп жұртшылық арасында жүргізілген сауалнама мәліметтерін және шабдалы шырынын шығаратын басқа кәсіпкерлердің пікірін топтаған бір кесте жасадыңыз. Ұсыныс шкаласында сатып алушылар нарыққа әр нақты баға бойынша қанша өнім шығаруға дайын екендігін көрсеттіңіз, мұндағы Р (price -- баға), Q(quantity -- саны), S(supply -- ұсыныс).

Кесте 7- Ұсыныс шкаласы

    Р, (бағасы, 1 литр үшін теңгемен)     Qs (апта ішіндегі, литрге шаққандағы сұраныс шамасы)
    100     80
    110     120
    120     160
    130     200
    140     240
    150     280
    160     320
    170     360
    180     400
    190     440
    200     480
 

    

 

Ұсыныс шкаласы кестесінен сатып алушылар литріне 100 теңге бағамен нарыққа 80 л шырын шығаруға әзір екендігі көрінеді. Бұл анықталған заңдылық мынадай қорытынды жасауға негіз береді: ұсыныс шамасы тауардың бағасына байланысты және бұл тәуелділік -- тура(жағымды), яғни ұсыныстың бағасы мен шамасы бір бағытта өзгаріп отырады: тауардың бағасы жоғары болған сайын ұсыныс шамасы да көбейеді Р   Q

s   

. Бұл көрсеткіштер  сатып алушының нарықтағы қисығының  заңдылықтарын тұжырымдауға мүмкіндік  береді: сатып алушылар төмен  бағаға қарағанда қымбат бағамен  көбірек тауар ұсынуға құштар(ұсыныс заңы).

    

Сатушының «нарықтық  әрекетін» түсіндіру үшін келесі кестені зерттеуіміз қажет.

Кесте 8- Сатушының  нарық әрекеті

    Баға  эффектісі                                                                                        

    

 Тауарғаүнемі жоғарылап отыратын  қымбат бағаның болуы пайданың  көбеюіне есептеседі:   Р=>  P
r ,   Р*Q=  TR,   Pr =  TR-TC. Көбірек пайда табу пиғылы өнім өндірушілерді тауарды көбірек шығаруға, өндірісті ұлғайтуға итермелейді. Осы тауар нарығындағы бағаның жоғары болуы басқа салалардан тауар шығаруларды осы нарыққа әкеледі, олар өздеріндегі ресурстарды әлгі тауар шығаруға көшіреді, соның нәтижесінде әлгі нарықтағы ұсыным артады.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс