Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

    Табиғи ерекшелік деп - немесе демографиялық ерекшелік. Өнім өндірісінің бір бағыттық ерекшелігі немесе мемлекеттік ұйымдастырылудағы ерекшеліктерді жатқызуға болады. Мысалы, қазақтың ұлттық киімін Украинаның фабрикасы шығармайды; піл етінен жасалынған тағамдар Қазақстанда сатылмайды).

    Географиялық ерекшелік – бұл мекеменің географиялық орналасуы. Мекеме өз өнімін өндіруде географиялық ерекшелігіне байланысты құрылады. Мысалы,  Индия шай өндіреді, Қазақстанда МГ қоры көп шоғырланған немесе Африкада қысқы киімдер сатылмайды.

   Өнім өндіру ерекшелігі - бұл табиғи және географиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты ерекшелік. Өнім өндірісіне сол мекеменің тұрған облысы географиялық жағынан ескеріледі. Мысалы, АМГӨЗ Атырау облысында орналасқан. Себебі ол мұнай кен орындарына жақын орналасуы шартты.

      Шығындар  сметасы бұл шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалған кәсіпорынның күнтізбелік кезеңде өнім өндіру мен өткізуге жұмсайтын шығындардың  толық жиынтығы болып табылады.

      Шығындар  классификациясын болжау және өңдеуде шығындар классификациясындағы шығындарды төмендету бағдарламаларын ұйымдастыру болып табылады.

      Шығындарды  төмендету үшін бағдарламаларда  төмендегідей іс-шаралар қарастырылады:

  1. Өнімнің сатылу жүйесін кеңейту әдістері.
  2. Өндірістік шығындарды азайту әдістері.
  3. Маркетингтік және өнімнің өтілу нәтижесінің жоғарлауы үшін әдістер қолдану.
  4. Өндіріс үздіксіздігін үйымдастырудағы шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру.

      Болжау  типтері бұл мынадай болып  келеді:

  1. Шығармашылық түрлерге байланысты божаулар.
  2. Іздестірушілік болжаулар – осы кезеңмен болашақ кезеңді ғылыми болжаулық тәсілі.

  • Сурет 9 - Іздестірушілік болжаулар
  •  

         Нормативтік болжау бұл болжауда менеджерлер  алдағы мақсаттарды айқындап алып, стратегиялық жоспарлармен салыстыра  отырып, нормативтік болжамдар жасайды.

     

     

  • Сурет 10 - Нормативтік болжау
  •  
     
     
     
     
     
     
     
     

        Болжау варианттары бұл жоспардың  немесе болжамның бірнеше түрлерінен  құрылады.

    1) Жалпы  болжам:

                                                          алдағы кезең

        Осы  кезең 
     
     
     
     

    1. Дәлдік болжам варианты:
     

     
     
     
     

    3) Интегралдық  болжам: 

     
     
     
     

    Сурет 11 - Болжау варианттары

          Болжау  – экономикалық, техникалық салалардағы  даму процестердің болашағын бағалау  мен жағдайын талдауға байланысты жоспар алдындағы қызмет нысаны болып табылады [22, б.25]. 

    Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

    1. Өндірістік кәсіпорынды қаржылық қамту көздері
    2. Өндіріс шығындарын жоспарлау
    3. Шығындарды анықтаудың шетелдік тәжірибесі
    4. Өзіндік шығынды төмендету жолдарын экономикалық негіздеу
    5. Өндірісітк кәсіпорынның бюджетінің орындалуын талдау (нақты ақпарлар негізінде)
     
     
     
     
     
     
     

    Тақырып 5. Кәсіпорынның қаржылары, пайдасы мен рентабельділігін жоғарылату

    Дәріс жоспары:

    1. Пайданың экономикалық мәні мен түрлері, пайданың тартылу жолдары
    2. Рентабельділік көрсеткіші мен арттыру көздері
    3. Пайданың экономикалық  мәні мен түрлері.

           Тауардың  есептеу аналитикалық әдістерінің  көрсеткіштері.Табыс  - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен  қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің  кең  мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

        Кәсіпорынның  табысы олардың активтерінің артуы  немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. “Табыс”  ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда , ал жеке тұлғаларда болып қолданылады.

        Кәсіпорынның  жалпы табысына ақшалай түсім  тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендері алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

        Жиі қолданылатын “таза табыс” ұғымы  жалпы табыс және материалдық  ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып табылады.

  • Сурет 12
  •   Кәсіпорынның  табысының   түрлері
  •  

     
     
     

  •  
  •     Экономикалық  теорияда субъектілердің қарамағына заңды  түрде тікелей түсетін ақша сомаларын  айтады. Табыс алудың шарты –  бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл  сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың  түрлерін айтуға болады:

    • Жалпы табыс – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
    • Орта табыс  - жалпы табысты өнім өлшемнің мөлшеріне бөлу.
     

    ОТ  = ЖТ/ К 

    • Шекті табыс – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

  • ШТ =ЖТ/ К
  •  

          Шекті табыс шығарған әрбір қосымша  өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға  мүмкіндік береді. Және де өзіндік  құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды  ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар  қызмет етеді.

         Таза  пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

          Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.

          Кез - келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір  бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша  еңбек – қосымша өнім немесе құн  жағынан алғанда, пайда құрайтыны  осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы  тауар өндірісінің болуы мүмкін емес, шынында да сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?

    Сурет 13. Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру

           

         

           
     

         

           

           
     

      
     

     

    Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері  неге байланысты? Егер белгілі бір  кезеңде ұжым қажет болып отырған  өнім өндіруді арттырып, оның сапасын  жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс  шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.  

          Пайда баланстық және есептеулік болып  бөлінеді.

          Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

    • тауарлыөнімдерді сатыдан түскен пайда;
    • тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
    • сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар, т.б.

          Есептеулік  пайда – бұл негізгі өндірістік және айнымалы нормативтік қорларды шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда. Пайда жоспарлы бағалар мен келісім – шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады.

          Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу  негізінде жасалады. Пайда көлемін  анықтау тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

          Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.

    • Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесінде жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
    • Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
    • Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі, басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

          Нарықтық  экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт береді.

          Кәсіпорынның  пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық  деңгейі – кәсіпорынның жалпы  пайдасы.

          Жалпы пайданың негізі жиынтық элементтері  болатындар:

    • өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
    • негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
    • өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

          Кәсіпорынның  пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және  оны өндіруге кететін  шығындар.

          Нарықтағы өнім бағасы  - сұраныс пен ұсыныстың  өзара іс – қимылының нәтижесі.

          Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім  бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

          Кесте  10

    Пайданың  түрлері және оны есептеудің әдісі

     
    Пайданың  түрлері және оны есептеудің әдісі
    Жалпы пайда =  жалпы табыс  -  өндіріс шығындары
    Экономикалық  пайда = жалпы табыс  - барлық ресурстурдың экономикалық шығындары
    Бухгалтерлік   =   жалпы табыс  -   оның шығындары
    Таза  экономикалық пайда   =  бухгалтерлік пайда -     өндірістің анық шығындары
    Таза  пайда  =   жалпы пайда  -    салықтар, міндетті төлемдер
    Қалыпты пайда  =  капиталға нормативті қайтарым  -   кәсіпкерлік табыстың мөлшері
    Шаруашылық  пайдасы   =    қалыпты пайда  -  экономикалық пайда
    Шекті пайда  =  шекті табыс    -  шекті шығындар
     

          Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінегу болады.

    Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы