Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)
  • Өндірілетін өнімдердің технологиясы бір – бірінен өзгеше;
  • Өндіріс арнайы тапсырыс бойынша жүргізіледі;
  • Жабдықтар универсалды, басқа тапсырмаларды орындауға бейім;
  • Мамандықты аз және көп талап ететін еңбек ұйымдастырылып отырылады.

     Өндірістің  бұл түрі әр нақтылы тұтынушыға бағытталған. Әдетте мұндай процесте операцияларды  ұштастырумен шұғылданбайды, өйткені

     әртүрлі өнімдер шығарылып жатады. Өндірісті, еңбек ресурстарын, сатып алуларды жоспарлау тұтынушының тапсырысына  қарай жүргізіледі.

     Менеджердің негізгі мақсаты қысқа да ықшам, ұтымды мерзімде тапсырысты орындап, олардың  өзіндік құнын кеміту және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту, аяқталмаған өндірістің көлемін кеміту,

     Менеджер  мынадай ережелерді қолдану қажет:

     I – ші ереже – фирма бөлімшелерінің өнімінің бірнеше түрін шығаруын ұйымдастыру.

     II – ші ереже – тез орындалатын жұмыстарды бірінші кезекте орындау.

  1. Жобалау процесі. Бұл процесс өнімге сұраныс аз немесе өнім өте күрделі болған жағдайда тиімді. Мұндай мамандалу жағдайын пайдалануға болады және бүкіл ұйымдастыру қызметі тек қана бір жобаны орындауға бағытталады. Мысалы, космос кемелерін, көпірлерді, қымбат тұратын жабдықтарды жөндеу, құтқару жұмыстары.

     Жобалау процесі тапсырыс бойынша жүргізілетін процеспен ұқсас, ао негізгі айырмашылығы жұмыстың көлемінде және күрделілігінде. Бұл процестің өзіндік құнында  көп орын алатын нәрселер материалға және еңбек ресурстарына кететін шығындар.

Менеджердің ең маңызды мақсаты жұмыстың орындалуына  жұмсалатын уақытты кемітіп, жұмысты  келіскен уақытында орындап отыру.

     Өндірісті басқару дегеніміз өндіріс процесінің тиімділігін, еңбек өнімділігін  арттыру және өнім сапасын жоғарылату мақсатында оны реттеп отыру.

  Кәсіпорынды өндірістік басқаруда мынадай мақсаттар көзделеді:

  • Өндіріс бөлімшелерінің ұтымды қызмет жасауын қамтамасыз ету.
  • Өндіріс пен өткізу цикліндегі кездесетін ауыиқуларды тез анықтаудың озық та ұтымды моделдерін пайдалану.

Нарықтық  қатынасқа көшу кәсіпорындардың  өндірісін басқару жағдайында жаңа талаптар қойып отыр. Олардың ішінде:

  • өндірістік – технологиялық циклді, қор сіңіргіш және оларды циклді өндіріске көшуге бейімдеу;
  • менеджердің басқару шешімдерін тез қабылдау қабілеті;
  • өндіріс шығындарын азайту;
  • өндіріс көлемін тиімді пайдалану;
  • шығарылған өнімді техниклық қамтуды ұйымдастыру.
 
 
 
 
 
 
 
 

Тауарды өндіру мен қызмет етудің мақсаты  және міндеттері.

     Өндірісті жаңа ұйымдастыру фирманың табысты  жұмыс істеуіне автоматты түрде  мүмкіндік бере бермейді. Алайда өндірісті тиісті дәрежесінде ұйымдастыру барлық уақытта табысқа қол жеткізбейді, өйткені өндірістің құны сатылатын өнімнің құнының 50-70% құрайды.

     Өндірістің  міндеттері – тұтыну, маркетинг  және қаржы менеджментімен байланысты.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Кәсіпорынды басқару түрлері.
  2. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың функциялары қандай?
  3. Өндіріс процесінің негізгі компоненттері
  4. Өндірісті ұйымдастырудың мақсаты
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырып 4. Кәсіпорынның шығындары  мен және оларды төмендету жолдары

Дәріс жоспары:

  1. Өнімнің өзіндік шығыны туралы ұғым
  2. Өндіріске кеткен шығындар классификациясы
  3. Өнімнің өзіндік шығынының құрамы және өнімнің өзіндік шығынды төмендету жолдары.

                  Шығындарды басқаруда  мекемеде мекеме қызметкерлерінің бірі тұрақты жұмыс жасау нәтижесінде қаржы үнемделеді. Мекеменің жоғарғы қаржылық нәтижесі – шығындарды басқарумен тығыз байланысты. Шығындарды басқару дегеніміз – шығындарды бақылау мен үнемді қамтамасыз етуге бағытталған басқару қызметі. Шығын көлемін азайту бұл - әр мекеменің алдына қойған басты шарттарының бірі болып табылады. Шығын көлемін алдын-ала жоспарлау арқылы шығын көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді.

     Шығын бұл - өндіріске кеткен барлық қаржылай сомма болғандықтан, қаржы жүйесін тұрақтандыру, қаржы жүйесін жоспарлау сияқты сұрақтар әр қаржы менеджерлерінің алдына тұрады. Қаржы ресурсы – мекеменің нарықтағы әрекетіне көмекші басты құрал болып саналады. Қаржы ресурстарының тапшылығы мекемеде күйзелістік жағдайына әкеледі. Шығын көлемі басқару арқылы күйзелістің жолдарын табуға мүмкіндіктер туындайды.

                  Шығынды азайту әр мекеменің  нарықтығы әрекет етуші кәсіпорынның басты мақсаты. Шығын көлемі неғұрлым азайған сайын, пайда табу мүмкіндігі де жоғарлайды. Сондықтан шығынды  азайту үшін ең басты мәселе шикізат шығынын азайту, шикізатты ысырапсыз жұмсау болып табылады. 

Сурет  6

Қаржылық  басқарушылықтың негізгі басқарушылық комплексі

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Шығындар туралы ақпараттар мекемеде  жоспарлау, қызметін ұйымдастыру,  бақылау мен басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажет. Менеджер шығындар есебінің көмегімен ағымдағы және күтілген шығындарды біле алады. Күтілетін шығындар – мекеменің дамуы мен қызметін жоспарлауда өте қажет элемент болып табылады.

     Шығындарды басқаруда негізгі мақсат – шығындар нормасын жүйелеу немесе жоспарлы шығынның қалыптасу моделін жасау.

                  Өнімнің өзіндік  құны – экономикалық көрсеткіштердің  бірі болып табылады. ӨӨҚ бұл –  мекеменің өнімді өндіруге және өткізуге шығарған ақшалай қаражаты [9, б. 12].

Кесте 6.  Өнімнің өзіндік құнының құрылымы

Өнімнің өзіндік құнының құрылымы
  1. Өндірісті әзірлеу және дамыту шығындары.
  2. Өнімді өндіру, технологиялық және ұйымдастырушылық шығындар.
  3. Еңбек ақы шығындары.
  4. Шикізатты пайдалану шығындары
  5. Өнім сапасын арттыру шығындары.
  6. Өндірісті жөндеу шығындары (ағымдық, орташа күрделі жөндеу шығындары).
  7. Өндірістік қауіпсіздендіру шығындары.
  8. Кадрларды дайындау шығындары.
  9. Мемлекеттік төлем шығындары, әлеуметтік төлем шығындары.
  10. Мүлікті сақтандыру шығындары
  11. Банк несиесі, банк қызметі шығындары
  12. Амортизациялық шығындар.
 

                  ӨӨҚ есептеуде, кететін  шығынның жоспарын дұрыс құру, мекеменің  қаржылық шығындарын, орын-орынды жұмсау арқылы мекеменің шығындары үнемделеді де, өзіндік құн  төмендеуіне себебін  тигізеді.

     Өзіндік құнның аз болуы мекеменің экономикалық жағдайына көп әсер етеді және маңызды болып табылады [11, б. 18].

     ӨӨҚ аз болған  жағдайда, өнім қымбат бағаға өткізілсе, пайда молынан қалады.

                 Кесте 7.   Өнімнің өзіндік  құнын төмендету жолдары

    Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
    • Еңбек өнімділігін жоғарлату
    • Материалдық шығындарды үнемдеу
    • Еңбекті автоматтандыру
    • Өнімді өткізу шығынын төмендету.
    • Басқарушылық шығындарды төмендету.
 

      
 
 

Өзіндік құнды жоспарлау және болжау төмендегідей болып табылады:

  • Шығындар құрылымын оқып үйрену, тұрақты және өзгермелі шығындардың өзгеруін бақылау;
  • Шығындардың әр статьяларының инфляциялық өзгерулерін бақылау;
  • Уақтылы және күтілмеген шығындар статьяларын зерттеу, өткен жылдармен салыстыру.

       Шығындар  – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін  және коммерциялық қызметін іске асыру үшін факторлардың ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістің белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
  • өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, ьұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
  • өндірістің әлеуметтік – мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

  • Кесте 8 
  • Өндірістік  шығындардың жіктелуі
  • Сыныптау  белгілері  Шығындардың бөлшектенуі 
    Экономикалық  элементтер 

    Өзіндік құнның статьялары

    Технологиялық процестерге қатыстылығы

    Құрамы

    Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі

    Өндірістік  процестегі ролі

    Мақсатқа  сәйкес жұмсау

    Жоспарға  қатысу мүмкіншілігі

    Өнімнің көлеміне қатысы

    Шығу  мерзімділігі

    Дайын өнімге қатысы

    Шығындардың экономикалық элементтері

    Өзіндік құнның калькуляция статьялары

    Негізгі, қосымша,  

    Бір элементтік , кешенділік

    Тікелей, жанама 

    Өндірістік, өндірістен тыс

    Өндірістік, өндірістен тыс

    Жоспарлы, жоспарсыз

    Тұрақты, тұрақсыз

    Күнделікті, бір жолғы

    Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, жайын өнімнің  шығындары.                                                                                                                

     

         Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың  мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді  болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдардың амортизациясы, сақтандыру жарнлары және т.б.

          Ауыспалы  шығындар – бұл осы кездегі  уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне  және сатылуына тәуелді болмайтын  шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылық елеулі орын алады. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін [13, б.15].

    Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы