Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат
Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.
Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................
Қазақстанда уранға бай кен орындары кеңінен тараған, бізде бүкіл дүние жүзіндегі бариттың 40 шоғырланған.
Түсті металлургия өндірістерінің бәрі зиянды заттармен биосфераны ластап отыратын негізгі ластаушы көздер. Жыл сайын атмосфераға тасталатын заттардың көлемі бірнеше миллиондаған тонна. Көп мөлшерде атмосфера күкірт, көіртек, азот оксидтеріен, ауыр металдармн ластанады.
Ақаба суларда өте улы заттар – цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор, сынап, сурьма, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар кездеседі.
Түсті
металллургияның ірі
Түсті металлургида қалдықтарды пайдалану және утилдеу проблемалары әлі толық шешімдерін апқан емес.
Машина жасау кешеніне мына слалар кіреді: ауыр, энергетикалық және көліктік машина жасау, станок пен сайман өнеркәсібі, автокөлік, трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау, электртехникалық өнеркәсіп, аспап жасау құрылысы және мұнай қажетіне машина жасау, құрылыс, жол және коммуналдық машина жасау өндірістері. Қазақстанда машина жасау саласы металл өңдеу және машина жасау деген екі бағытта жұмыс істейді, осындай бөлінудің республиканың экономикасына позитивтік ықпалы бар. Себебі негізгі жабдықтар Ресейдің машина жасау зауыттарынан келіп отырған, ал оларды қолданған кезде кішігірім жөндеуден өткізуге, кейбір бөлшектерді өзгертіп, жаңалау қажеттігін өтеуге арнайы цехтар, шеберханалар кейде кішігірім зауыттар ұйымдастырылған. Бұлар негізінде темірден жасалатын бұйымдар, ыдыстар және басқа да халықшаруашылығына қажетті жеңіл – желпі тауарлар жасау болған.
60-шы
жылдардан бастап
Республикада машина жасау саласында ең алда келе жатқан ауылшаруашылық, ауыр және электртехникалық машина жасау өндірістері. Бұлар “Қазақсельмаш”, “Манкентживмаш”, АЗАМ (АЗТМ), қарағандының машина жасау зауыты, Өскеменнің конденсатор, Кентаудың трансформатор, Шымкенттің “Электроаппарат”, “Семейкабель”, Алматының төменгі влольт аспаптар, Үштөбенің жөндеу – механика, Солт. Қаз обл/дағы Булаев тәжірибе – сынау зауыттары. Осылармен қатар құрал – жабдық жасайтын “Ақтөберентгег”, Өскемен мен Көкшетаудағы зауыттарды, құрылыс, жол мен коммунальдық машиналар жасайтын, Кентаудың экскаватор, Тараздың құю- механика зауыттарын атауға болады.
Республика халықшаруашылығының мұқтажын өтеу үшін жан – жақты дамыған машина жасау кшенін құрған жөн, себебі қазір негізгі қажетті машиналарды, жабдықтарды, механизмдер ме қосалқы бөлшектерді сырт елдерден тасымалдап халықтың талап- мүдделерін қамтамасыз етеміз.
Алдағы уақытта өзімізде автокөлік жасайтын кәсіпорындар салу мемлекеттік бағдарламаға енгізілген, бұл істі жүзеге асыру үшін мамандардың болжамы бойынша 5 млрд – тай доллар қаражат қажеттігі және ол 3-4 жылда қайтарылатынына күмән жоқ екені тірекке алынып отыр.
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және бсқа да нышанына (белгісіне)байланысты топтастырылады.
Кесте
2.
Бастапқы (бірінші) қоры | Екінші қоры |
Сарқылатын
(көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш
заттар) Сарқылмайтын н/се қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия) |
Көмірді іріктегенде
және байытқанда шыққан қосымша өнімдер:гудрон,
мазут және мұнай өңдегенде шыққан
қалдық өнімдер; ағаш дайындағанда шыққан
жаңқалар, тамырлар, бұталар.
Жаңғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су; күш беретін өнеркәсіп құрылысының тастанды буы |
Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.
Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары салынады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9 –11 трлн тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн.т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалнуға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.т . Сарқылатын отын – энергетикалық ресурстардың геологиялық зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі 9.11-ші кестеде келтірілген.
Кейдір
елдердегі барланған кен
3 - кесте.
Отын энергетикалық
Отын түрі | Геологиялық ресурстар | Барланудан алынып жатқан ресурс |
Көмір,
млрд.т
Мұнай, млрд.т Табиғи газ, трлн. м3 Газ конденсаты, млрд.т Жасанды сұйық отын (тақтатас және битум алынатындар), млрд.т Уран, млн.т |
4880-5560
207-252 260-270 33-34 342 3,2 |
609
72-98 49-74 6-9 36 1,6 |
Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд.т шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%-анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік нарықта негізгі мұнаймен қамтамасыз ететін Тпяу мен Орта Шығыс елдері. Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%- Солт. Америкада, 8-10% Ресейде, қалған мөлшері басқа елдерде. Жапония, Германия, Франция тағы да басқа көптеген дамыған елдерде мұнай кен орындары жоқ.
Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн.м3 . Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэлада, Мексикада, АҚШ –та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде (30%), Қазақстанда (5 трлн.м 3). Жыл сайын Ресей 800-850 мрд. м3 табғи газ өндірсе, Қазақстанда 5-7 млрд. м3 шамасында өндіріледі. Жоғарыда көрсетілген отын түрлері жер қойнауынан алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі, топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау мақсатында ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылға дейін жер қойнауынан алынатын отындардың 2,5 млрд. т/дайы зияндағы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын электрэнергияның мөлшері 8%-ке дейін жетеді.
Жыл бойы
жер бетіне түсетін күн сәулесінің
күші 178 мың ГВт энергияға тең,
бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия
мөлшерінен бұл шамамен 15 мың есе жоғары.
Осы энергияның 30% қайтадан космос әлеміне
қайтарылады, 50%- сіңіріледі, 20% геологиялық
циклға, 0,06% фотосинтез процесіне жұмсалады.
4 - кесте.
Сарқылмайтын энергия ресурстары
Энергия түрлері | Энергия көзі | Дүниежүзілік
ресурстар,
10кВт сағ/жыл. |
Механикалық Жылу Сәуле
қуаты Химиялық |
Өзен ағасы
Толқындар Тасулар, құйылулар Жел Температура градиенті: Теңіз бен мұхит суларынікі Ауанікі Жер қойнауынік (жанар-тауладыкі) Күннің сәулеленуі: Жер бетінде Толық энергия Өсімдіктер мен жертезек |
0,028
0,005-0,05 0,09 0,5-5,2 0,1-1,0 0,001-0,01 0,05-0,2 200-280 1570 10 |
Күн - өте үлкен қуаттты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отыннның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Аз болса да күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі. Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100 мың м3 сулы жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын шығарады.
АҚШ – та, Испанияда, Иорданияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін қолданатын жылу электрқондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай ток өткізетін аспаптарды қолданып күн сәулесі электр тоғына өзгертіледі. Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлекртқондырғылар қоршаған ортаға әсерін тигізбейді екен, оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу болмайды және судың да қажеті жоқ.
Күн сәулесінен жұмыс істейтін батерияларды тұрғын үйлерді жылытуға, ысты сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдарды кептіруге, технологиялық процестерде қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5 м/сек жоғары болатын жерлерде электрэнергияны желден алуға болады. Желдің энергиясы кеңінен қолдану мақсатында Канадада, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.
Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны тза технологияға жатқызуға болады. Шу және теледидаржүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады.
Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті, осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясын кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді.
Қазақстанның
энергетикалық базасы XX ғасырдың 30-шы
жылдарында құрыла бастады. Алғашында
кішігірім электрстанциялар фабрика,
зауыт, мұнай кәсіпорындары мен
рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың
маңында салынған. 1950 жылдардан бастап
республиканың бірнеше аймағын электрэнергиясымен
қамтамасыз ете алатын энергика кешендері
ұйымдастырылды. 1950 жылдан бастап қазіргі
уақытқа дейін жатқан энергетика өндірістері
3- ші кесте берілген.
5 - кесте
Қазақстанның энергетика
Іске қосылған жыл | Өндірістер |
1950-1960
1966-1970 1971-1975 1973 1976-1980 1981-1985 |
Жезқазған ЖЭС,
Өскемен ГЭС, Бұқтарма ГЭС (бірінші
агрегаты)
Шардары ГЭС Қапшағай ГЭС, Жамбыл және Ақсу ГРЭС Ақтау АЭС (қуаты 150 мың кВт электрэнергия) Екібастұз ГРЭС – 1, 2 энергблогі Екібастұз ГРЭС – 1, ГРЭС – 2 (толығымен іске қосылды), Шульба ГЭС |
Электрэнергияның негізгі ауқымды бөлігі (57-64%) химия, түсті және қара металллургия, құрылыс өндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазақстан өзін толығымен электр энергиясымен қамти алмайтынына байланысты басқа елдерден 17 млрд. кВт/ сағ энергия алуға мәжбүр.