Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:15, реферат

Описание работы

Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістік қорлармен қатар еңбек заттары және материалдық ресурстар керек. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірлесіп еңбек өнімін, оның тұтынушылық құнын жасауға және бағасының қалыптасуына қатысады. Өндірістік айналым қорларының заттай элементтерінің, еңбек заттарының айналымы, еңбек процесімен және негізгі өндірістік қорлармен тікелей байланысқан.

Содержание

Кіріспе
І.бөлім Айналымға салатын активтердің құрамы.

ІІ.бөлім.2.1.Кәсіпорынның айналым қаражатта-рының мәні,олардың құрамы мен құрылымы
2.2.Айналым қаражаттарының айналымдылығы және пайдалану көрсеткіштері
2.3.Айналым қорларын мөлшерлеу

ІІІ.бөлім Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні

Қорытынды
Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететі.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

 

1. Өндірістік қордың шикізат пен материал қалыптасуына айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігін (ҚК анықтаймыз:

ҚҚ=Ш1-Нқ,

мұнда Ш1  -   шикізат пен материалдың құндық көрінісіндегі бір күндік шығыс;

Нқ -   шикізат пен материалдың ағымдағы қор, сақтандыру қорының және дайындық қорының сомасын беретін -қоймадағы шикізат пен материалдардың қор нормасы. Шикізат  пен материалдың  құндық көрінісінде бір  күндік шығысы былай есептеледі:

      1) шикізат пен материалдың заттай көрінісінде бір күндік шығысын шикізат пен материал бірлігінің бағасына көбейтумен;

2) шикізат пен материал шығынын жоспарлы кезең ұзақтығына жұмсалатын шығын сметасы бойынша өнім өндірісіне бөлумен. Біз екінші тәсілді пайдаланамыз.

Бұл кәсіпорында жоспар бойынша шикізат пен негізгі материалдың бір күндік шығыны (Ш1):

Р1= 4500 мың теңге: 90 күн = 50 мың теңгені құрайды.

Қоймадағы шикізат пен материал қорының нормасы (Ш1):

Ш1 = (14 +5) + (19 :2) + (3 + 0,5) = 32күн

Сонда шикізат пен негізгі материалға айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігі (ҚҚ):

ҚҚ = 50 мың теңге • 32 күн -1600 мың теңге.

2. Төмендегі формуламен аяқталмаған өндірісті қалыптастыруға айналым қаражатының жоспарлы - қажеттілігін (АӨҚ) анықтаймыз:

АӨҚ = Ш1-Ұ-Кшө,

мұнда Ш1-   құндық көрінісінде өнім шығарылымына жұмсалатын бір күндік шығын;

Ұ - өндірістік кезең ұзақтығы;

Кшө- шығынның өсу коэффициенті. Өнім шығарылымының құндық көрінісіндегі бір күндік шығынды  (Ш1) 4-ші  тоқсан  шығынының  сметасы  бойынша өнім шығару жұмсалатын жиынтық соманы 90 күнге (1 тоқсан) бөліп есептейміз:

Ш1 = 5850 мың теңге: 90 күн = 65 мың теңге.

Одан әрі мына формула бойынша шығынның өсу коэффициентін (Кшө) есептеу керек:

КШӨ=

мұнда

ҮС1- өндіріс кезеңінің алғашқы күнінде жүзеге асырылатын шығынның үлес салмагы;

ҮС2 - өндіріс кезеңінің кейінгі күндері жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы.

Кшө = (40 + 0,5 · 60): 100 = 0,7.

Сонда аяқталмаған өндірісті қалыптастыруға айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігі (АӨҚ) мынаған тең:

АӨҚ = 65 мың теңге • 12 күн • 0,7 = 546 мың теңге.

    3. Мына формуламен дайын өнім қорына айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігін есептейміз:

Дөқ = Ш1-Ндө,

мұнда Ндө - қоймадағы дайын өнім нормасы.

Дөқ = 65 мың теңге • 4 күн = 260 мың теңге.

   4. Жоспар бойынша өндірістің айналым қаражатының
жалпы қажеттілігін (Кжалпы) анықтаймыз. Ол шикізат пен негізгі
материалға, аяқтамаған өндіріске, дайын өнімге, қосымша материалға,
отынға, шыны ыдыстарға, және қосалқы бөлшектерге, келер жыл
шығынына айналым қаражатының қажеттілігінен құралады.

Қжалпы = 1600 + 546 + 260 + 30 + 240 +188 + 67 = 2931 (мың теңге).

   5.              Жоспар бойынша айналым қаражатының айналымдылық
көрсеткішін есептейміз:

а) айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті (Қай):

Кай = ӨӨ/АйҚ

мұнда   ӨӨ - бір кезең ішіндегі өткізілген өнім көлемі;

АйҚ-сол  кезеңдегі айналым  қаражатының  орташа сомасы.

Кай = 25200 мың теңге: 2931 мың теңге = 8,6 peт » 9 peт;

ә) бір айналымның ұзақтығы (Ұ1):

Ұ1 = Т/Кай,

мұнда Т-уақыт кезеңі.

Ұ1= 360 күн : 9 рет = 40 күн,

6.              Жоспарлы   қажеттілікке   ұқсас  айналым   қаражатының
нақты қажеттілігін аньқтаймыз:

а) шикізат пен негізгі материалға.

Осы кәсіпорынды шикізат пен негізгі материалға бір күндік нақты шығын (Ш1):

Ш1 = 4320 мың теңге: 90 күн » 48 мың теңге.

Кор нормасы (шикізат пен негізгі материалдың қоймада болу мерзімі (Бз) шикізат пен негізгі материал жеткізілімінің арасындағы интервалды қысқарту есебінен үш күнге кеміді:

Бз = (32-3) = 29күн.

Сонда шикізат пен негізгі материалға айналым қаражатының нақты қажеттілігі (ҚҚ):

ҚҚ = 48мың теңге   = 1392 мың теңге;     ..•

ә) аяқталмаған өндіріске

Құндық көрінісіндегі бір күндік өнім шығарылымына жұмсалатын нақты шығындар (Ш1):

З1 - 5400 мың теңге: 90 күн = 60 мың теңге;

Сонымен қатар өндіріс кезеңінің ұзақттығы 2 күнге қысқартылды. Сонда аяқталмаған өндіріске айналым қаражатыньң нақты қажеттілігі(АӨҚ):

АӨҚ = 60 мың теңге . (12 күн - 2 күн) . 0,7 = 420 мың теңге;

б) дайын өнімге.

Дайын өнімге нақты қажеттілік (Дөқ):

Дөқ= 60 мың теңге . (4 күн -1 күн) = 180 мың теңге.

7.              Өндірістің айналым қаражатының жалпы нақты
қажеттілігін (Қжалпы) есептейміз (мың теңге):

Қжалпы = 1392 + 420 +180 + 30 + 240 +188 + 67 = 2517 (мың теңге).

8.              Жоспармен салыстырғанда мың теңге деп есептелетін айна-
лым қаражатының абсолютті босатылуын (абс) анықтаймыз:

абс = 2932 - 2527 = 424 (мың теңге).

9.              Жоспармен салыстыру бойынша айналым қаражатының
қатысты босатылуын есептейміз. Ол үшін жоспарлы айналымдылықтан нақты өткізу көлеміне айналым қаражатының
қажеттілігін анықтаймыз.

Бір жылда өткізілген өнімнің нақты көлемі:

25200 мың теңге . 1,1 = 27720 мың теңге.

Сонда 9-ға тең айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінде бұл қажеттілік:

27720 мың теңге: 9 = 3080 мың теңге.

Жоспармен салыстырғанда мың теңге деп есептелетін айналым қаражатының  қатысты босатылуы (қатыс):

қатыс = 3080 - 2517 = 563 (мың теңге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1.              Жеке шаруашылықты жүргізетін субъекті ретінде кәсіпорын ерекшеленген мүлікке иелік ете алады және өз еркінше қолдана алады. Кәсіпорынның мүлкі қозғалатын және қозғалмайтын болып бөлінеді, сонымен қатар мүлікті айналымнан тыс және айналымдағы активтер деп бөлуге болады.

2.              Кәсіпорындардағы айналымнан тыс активтердің құрамын мен құрылымы бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар болуы мүмкін. Бірақ олардың барлығының басты құрамдас бөлігі-иммобилизацияланған қорларды құрайды, оның ішінде негізгі қорлар да бар.

3.              Негізгі өндірістік қорлар, құрылыстан, ғимараттан, машиналардан, қондырғылардан, т.б. еңбек құралдарынан тұрады,-олар өндірістік процесте ұзақ уақыт қатысады, натуралды түрін өзгертпейді, құны дайын өнімге бірте-бірте, бөлікті түрде ауысады.

4.              Негізгі өндірістік қорлар өндірістің материалды-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлеміне қарай өндірістің қуаттылығын және еңбектің техникалық қарулану деңгейін анықтауға болады.

5.              Пайдалану барысында негізгі қорлар физикалық және моральды түрде тозады және кәсіпорын ісіне шығын алып келеді.

6.              Негізгі қорлардың тозуының шығындарын, оларды дұрыс қолдану арқылы азайтуға болады. Ол үшін қор қайтарымы, ауысым коэффиценті, қондырғының жүктілігі коэффиценті сияқты көрсеткіштердің деңгейін көтеру керек.

7.              Бұл көрсеткіштерді ғылыми-ттехникалық пргрестің есебінен, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, қондырғылардың бос тұруын қысқарту, өндіріс пен еңбекті жетілдіру, шаруашылықтың жаңа түрлерін дамыту арқылы жақсартуға болады.

8.              Пайдамен қатар, негізгі қорларды жетілдірудің ең негізгі көзі-амортизациялық бөлу болып табылады. Кәсіпорынның бір қалыпты жұмысы үшін айналым құралдары керек.

9.              Ол-айналым қорлары мен ауысымдық қарым-қатынас қорларын сатып алуға керекті ақша құралдары болып табылады.

10.          Айналым қорлары-материалдық ресурстар, бір өндірістік циклге қатысады және олардың құны түгелімен және бірден ауысады.

11.          Айналым қорларын тиімді және үнемді қолдану-кәсіпорынның бірінші кезектегі мәселесі, өйткені материалдық шығындар өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнының 3/4 бөлігін құрайды. Материалды сыйымдылықтың төмендеуіне әр түрлі жолдармен жетуге болады, оның ішінде ең бастысы-жаңа техниканы, технологияны енгізу, өндіріс пен еңбекті жетілдіру болып табылады.

12.          Өтпелі кезеңнің басты белгісі-кәсіпорындағы айналым құралдарының жетіспеушілігі. Айналым құралдарының айналымдылығын тездету-өндрістік қосалқы қорларын жасау, бітпеген өндіріс және қарым-қатынас сатыларындағы әр түрлі шаралармен жүзеге асырылады.      

 

25

 



Информация о работе Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні