Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:15, реферат
Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістік қорлармен қатар еңбек заттары және материалдық ресурстар керек. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірлесіп еңбек өнімін, оның тұтынушылық құнын жасауға және бағасының қалыптасуына қатысады. Өндірістік айналым қорларының заттай элементтерінің, еңбек заттарының айналымы, еңбек процесімен және негізгі өндірістік қорлармен тікелей байланысқан.
Кіріспе
І.бөлім Айналымға салатын активтердің құрамы.
ІІ.бөлім.2.1.Кәсіпорынның айналым қаражатта-рының мәні,олардың құрамы мен құрылымы
2.2.Айналым қаражаттарының айналымдылығы және пайдалану көрсеткіштері
2.3.Айналым қорларын мөлшерлеу
ІІІ.бөлім Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні
Қорытынды
Әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
І.бөлім Айналымға салатын активтердің құрамы.
ІІ.бөлім.2.1.Кәсіпорынның айналым қаражатта-рының мәні,олардың құрамы мен құрылымы
2.2.Айналым қаражаттарының айналымдылығы және пайдалану көрсеткіштері
2.3.Айналым қорларын мөлшерлеу
ІІІ.бөлім Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорынның мүлкіне айналымға салынатын активтер де (айналым құралдары) айналым қорлары мен ауысымдық айналу қорлары жатады.
Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістік қорлармен қатар еңбек заттары және материалдық ресурстар керек. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірлесіп еңбек өнімін, оның тұтынушылық құнын жасауға және бағасының қалыптасуына қатысады. Өндірістік айналым қорларының заттай элементтерінің, еңбек заттарының айналымы, еңбек процесімен және негізгі өндірістік қорлармен тікелей байланысқан.
Кәсіпорынның айналым қорлары мен айналым құралдары туралы түсінігін, негізін, мақсатын және құрамын қарастырайық. Осы ұғымдардың үйлесімді еместігі есте болуы керек. Айналым құралдары-өндірістік процестің міндеті элементі, өзіндік құнның негізгі бөлігі. Шикізаттың, материалдың, жанармайдың және энергияның өнім бірлігіндегі шығыны төмен болған сайын, оларды шығару мен өндіру де үнемді болады, соның арқасында өнім де арзандайды.
Кәсіпорынның айналым құралдарының жеткілікті болуы, нарықты экономика жағдайында бір қалыпты жұмыс істеуіне керекті басты себеп болып табылады.
Ең бастысы, айналым қорлары мен айналым құралдарн тиімді пайдалану не беретінін және өнімнің материал сыйымдылығының төмендеуі мен айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдататын шаралардың қандай екендігін нақтылы меңгеру қажет.
І бөлім. Айналымға салатын активтердің құрамы.
Мұнай және газ кәсіпорындарының өндірістік айналым қорларына-өнеркәсіптік кәсіпорындардың, әр өндірістік циклінде шығындалатын, құны толығымен еңбек өніміне ауысатын негізгі өндірістік қорларға жатпайтын, өндіріс құралдарының (өндірістік қорлар) бөлігі жатады. Айналым қорларының заттай элементтері еңбек процесінде өзінің натуралды түрін, физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді.
Өзінің тұтынушылық құнын оларды өндірістегі пайдаланылуына қарай жоғалтады. Айналым қорларының жаңа құны олардан жасалған өнімде пайда болады.
Өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады:
-өндірістік қорлар (запас);
-бітпеген өндіріс және кәсіпорынның өзі дайындаған жартылай өнім;
-болашақ уақыттағы шығындар.
Мұнай және газ кәсіпорындағы өндірістің қосалқы қорлары өндірістік процеске қосуға дайындалған еңбек заттары; олар шикізаттан, негізгі және көмекші материалдардан, жанармайдан, сатып алынатын жартылай өнімнен және қосалқы бұйымдардан, ыдыстардан және ыдыс материалдарынан, негізгі қорларды күнделікті жөндеуге керекті қосалқы бөліктерден тұрады.
Бітпеген өндіріс және кәсіпорынның өзі дайындаған жартылай өнімі-өндірістік процеске түскен еңбек заттары: материалдар, бөлшектер, байланыс тораптары мен бұйымдары, кәсіпорынның бір цехында жасалған, бірақ толық бітпеген және екінші цехта әрі қарай өңделетін, кәсіпорынның өзі дайындаған жартылай өнім.
Мұнай және газдың болашақ уақыттағы шығындар-айналым қорларының затты емес элементтері. Олар қазіргі уақытта жүзеге асырылатын жаңа өнімді игеру мен шығаруға дайындау шығындарына енгізіледі, бірақ болашақтағы өнімге жатқызылады (мысалы, жаңа скважиналарды құрастыру мен өңдеу технологиясы шығындары, қондырғылардың орнын ауыстыру, т.б).
Мұнай және газ кәсіпорындағы өндірістік айналым қорлары-өздерінің қозғалуы барысында , қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ауысымдық айналу қорларымен тығыз байланысқан. Оларға қоймадағы дайын өнім, жолда кетіп бара жатқан өнім, ақша құралдары және тұтынушылармен есептесетін құралдар, атап айтқанда дебиторлық қарыз жатады.
Пайызбен алынған айналым құралдарының жеке элементтері немесе құрамдас бөліктерінің қатынасы айналым қорларының құрылымы деп аталады.
Нарықты экономикаға өту кезінде ең басты мақсат-ресурстарды сақтау, үнемдеу принципін қолдана отырып, өндірісті интенсивтендіру болып табылады.
Үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету шараларының жалпы жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу негізгі орынды алады-оны шикізат, материал, жанармайдың өнім бірлігіне жұмсалатын шығынын, өнім сапасына, беріктігіне, ұзақ уақыт қолданылуына зиянын тигізбей қысқарту деп түсіну керек.
Айналым қорларының үнемделуінің экономикалық мәні, қазіргі уақытта келесі жағдайлармен көрсетіледі:
-шикізаттың, материалдардың, жанармайдың үлестік шығындарын төмендету өндіріске үлкен экономикалық пайдалылықты қамтамасыз етеді. Ол ең алдымен берілген материалдық ресурстар көлемінен, белгіленген шамадан көп өнім шығаруға мүмкіндік береді және өндіріс көлемін ұлғайтуға себепкер болады;
-материалдық ресурстарды үнемдеу, өндіріске жаңа, әрі үнемді материалдарды енгізуге, салааралық жетілдірілген пропорцияларды қолдануға, өнеркәсіптік өндірістің салалық құрылымының жетілдірілуіне мүмкіндік береді;
-материалдық ресурстарды үнемдеуге талпыну, жаңа техниканы енгізуге, технологиялық процестерді жетілдіруге итермелейді;
-материалдық ресурстарды тұтынудағы үнемдеу өндірістік қуаттылықтарды қолдануды жақсартуға және қоғамдағы еңбек өнімділігінің жоғарылауына себепші болады. Затты еңбектің үлестік шығындарын төмендетудің өзі қоғамдағы еңбектің өнімділігінің өсуін білдіреді. Сонымен бірге, материалдық ресурстардың үнемделуі жанды еңбектің үнемделуін көрсетеді: материалдарды тасымалдау, оларды тиеу мен түсіру, сақтау да қысқарады;
-материалдық ресурстарды үнемдеу өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Қазіргі уақытта өндіріс шығындарының 3/4 бөлігі материалдық шығындар үлесіне тиеді. Алдағы уақыттағы өндірістің техникалық деңгейінің өсуіне байланысты затты еңбектің өндірістегі үлесі жоғарылайды, сондықтан еңбек заттары мен құралдарын пайдалануды жақсарту өндірістік шығындар экономикасының негізгі бағыты болады;
-өнімнің өзіндік құнын төмендетуге есеулі әсер ете отырып, материалдық ресурстарды үнемдеу кәсіпорынның қаржы жағдайына оң әсерін тигізеді.
Сондықтан айналым қорларының үнемделуі мен оларды пайдалануды жақсартудың экономикалық тиімділігінің мәні жоғары, өйткені ол мұнай және газ кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық ісінің жақсаруына ықпал етеді.
Мұнай және газ айналым қорларын пайдалануды жан-жақты жақсарту-өнеркәсіптік кәсіпорындарының ең маңызды мақсаттарының бірі. Шикізат, жанармай, көмекші материалдар неғұрлым жақсы пайдаланса, соғұрлым олар өнімді көлемін арттыруға болады.
Бұл жерде біз қарастыратын екі топ көрсеткіш бар: материалдық ресурстарды шығындау, жұмсау көрсеткіші және материалдық ресурстарды пайдалы қолдану деңгейі көрсеткіштері.
Материалдық ресурстарды жұмсау-олардың өндірістік тұтынылуын көрсетеді. Кәсіпорындағы мұнай және газ өнімді шығару бағдарламасын орындауға кеткен материалдық ресурстардың барлық шамасын қамтиды. Материалдық ресурстарды жөндеу жұмыстарына, қызмет етуге, зауыттың ішкі көлігіне қызмет көрсетуге, көмекші шаруашылықты қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық мұқтаждыққа жұмсайды. Материалдық ресурстарды тұтыну жалпы және үлестік шығындар бойынша сипатталады.
Материалдық ресурстардың жалпы шығыны-есеп беру жылындағы жеке түрдегі немесе жалпы алынған, өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті материалдық ресурстардың тұтынылуы. Материалдық ресурстардың жалпы шығыны натуралды түрде көрсетіледі; әр түрлі материалдық ресурстардың жинақталған шығыны бағалық түрде көрсетіледі.
Нақты ресурстардың үлестік шығынына-өндірілген жарамды өнімнің ішіндегі оның орта есепті шығыны көрсетіледі. Оны есепті жылдағы берілген өнімді шығаруға кеткен материалдық ресурстардың санын Р жарамды өнімнің көлеміне бөлу арқылы анықтайды Ө:
Материалды ресурстарды дайын өнім өндіруге жұмсаудың жалпы сипаттамасы ретінде материал сыйымдылығы көрсеткіші М қолданылады, ол өнім бірлігіне кеткен нақты материалдық ресурстар шығынын бағалайды. Ол натуралды немесе ақшалай түрде өлшенуі мүмкін. Бұл көрсеткіш жеке өнім түрлерін сипаттайтын шамалармен тығыз байланысқан. Олар да натуралды, натуралды бағалық, бағалық түрде өлшенеді.
Өнімнің материал сыйымдылығы әр түрлі көрсеткіштермен өлшенуі мүмкін:
1. Материалдық ресурстардың үлестік шығынын өндірілген өнімнің физикалық бірлігіне бөлгенге тең (үлестік материал сыйымдылығы):
М =ү=Р/ө.
2. Бағалық түрдегі материалдық ресурстардың шығынының шамасын өндірілетін өнімнің физикалық көлеміне (тенге, 1 тонна, 1м³, 1м², т.б) бөлгенге тең:
Шикізатты алғашқы өңдеуді жүзеге асыратын салаларда, келесі көрсеткіштер қолданылады:
-бастапқы шикізаттың құрамындағы пайдалы заттың көлемі (рудадағы темір, қызылшадағы қант, т.с.с)
-бастапқы шикізаттағы пайдалы затты қолдану дәрежесі және шикізатты өңдеу барысындағы пайда болатын шығын пайызы;
-жарамды өнім көлемін бастапқы шикізат көлеміне бөлу арқылы есептелетін дайын өнімнің түпкі көлемі (пайызбен алынған).
Жарамды өнімнің шығынының көрсеткіші ретінде оның шекті мәнінің бағалануы қолданылады. Мысалы, жанармайдың мұнайдан шығуы 20%-ды құрады, бірақ оның жоспарлы шығуы 20% деуге болмайды. Мұнайдың жоспарлы шығуы 23% болуы мүмкін және ол жоспарлы шығуды, жанармайдың мұнайдағы нақты үлесін көрсетеді.
Нарықты экономикаға өту барысында кәсіпорынның басты мақсатының бірі-материалдық ресурстарды үнемдеу болады. Өйткені дәл осы материалдық ресурстар шығынның басым бөлігін құрайды және оның көлеміне пайданың қандай шамада болуы тікелей байланысты. Ал пайда, нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорынның өмр сүруін қамтамасыз ететін бірден-бір қаржы көзі болып табылады.
Материалдық ресурстарды үнемдеу көзі мен жолдары бар. Үнемдеудің көздері үнемдеуге ненің есебінен жетуге болатындығын көрсетеді. Жолдары (немесе бағыттары) үнемдеуге қалайша, қандай шаралардың есебінен жетуге болатындығын түсіндіреді.
әрбір кәсіпорында материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері бар. Резервтер деп пайда болатын немесе пайда болған, бірақ әлі қолданылмаған (толығымен немесе бөлікті түрде) материалдық ресурстарды қолдануды жақсарту мүмкіндіктерін айтамыз.
Шикізаттың бастапқы өңдеу салаларында шикізатты үнемдеу үшін жүргізілетін күрестің бастапқы шараларының бірі-шикізатты өңдеуге дайындаудың сапасын жоғарылату.
Мысалы, бензиннің құрамының 1%-ға жоғарылауы мезанизмнің өнімділігін 2%-ға жоғарылатады, соның арқасына 20% отынды мүмкіндік береді.
Материалды ресурстарды үнемдеудің ұйымдастыру-экономикалық бағыттарына келесі шарала жатады: өнеркәсіптік өнімнің материал сыйымдылығын нормалау мен жоспарлаудың ғылыми деңгейін жоғарылатумен байланысқан шаралар кешені; шикізат пен материалдардың жанармай-энергетикалық ресурстарының тиімді түрлерін өндіруді тез дамытумен, кәсіпорынның жанармай балансын жақсартумен, жетілдірумен байланысқан шаралар.
Әр кәсіпорындағы материалдық реурстарды үнемдеудің басты бағыты жұмыс орнындағы (цехтарда, бригадада, учаскелерде) шикізат пен материалдардың бұрынғы көлемінен шығарылатын түпкі өнімнің көлемін ұлғайту болып табылады. Ол өндірістің техникалық жасақталуына, жұмыскерлердің шеберлік деңгейіне, материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, материалды ресурстардың қоры мен жұмсалу нормасына, олардың көлемінің деңгейінің негізделуіне байланысты.
Өндірістік процестегі шығынды қысқартудың мәні өте зор. Оның арқасында материалды ресурстарды үнемдеуді қосымша 15%-20% жоғарылатуға болады. Ол үшін өнімді сақтау мен тасымалдаудың ережелерін қатаң сақтауды, өндірістік процесс барысында жанармай мен энергияны тиімді пайдалануды, еңбек ұжымында жұмыс пен өндірілетін өнімнің сапасын арттыруды күшейту шараларын қамтамасыз ету керек.
ІІ бөлім
2.1.Кәсіпорынның айналым қаражаттарының мәні,олардың құрамы мен құрылымы
І. Айналым қаржыларының мәні, құрамы мен құрылымы.
І. Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым қаржылары бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануға ықпалын тигізеді және де керісінше.
Кәсіпорынның айналым қаражаты дегеніміз – өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін кәсіпорынға берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Информация о работе Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні