Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:15, реферат

Описание работы

Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістік қорлармен қатар еңбек заттары және материалдық ресурстар керек. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірлесіп еңбек өнімін, оның тұтынушылық құнын жасауға және бағасының қалыптасуына қатысады. Өндірістік айналым қорларының заттай элементтерінің, еңбек заттарының айналымы, еңбек процесімен және негізгі өндірістік қорлармен тікелей байланысқан.

Содержание

Кіріспе
І.бөлім Айналымға салатын активтердің құрамы.

ІІ.бөлім.2.1.Кәсіпорынның айналым қаражатта-рының мәні,олардың құрамы мен құрылымы
2.2.Айналым қаражаттарының айналымдылығы және пайдалану көрсеткіштері
2.3.Айналым қорларын мөлшерлеу

ІІІ.бөлім Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні

Қорытынды
Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететі.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

              Өндірісте айналым қаржылары негізгі екі топқа бөлінеді:

  • А. Өндірістік айналым қоры
  • Б. Айналыс қорлары

 

 

  • Өндірістік айналым қоры дегеніміз – өндіріс үрдісінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін және өндіріс процесіне тікелей қатысып, өзінің құнын дайын өнімнің құнына толығымен өткізетін еңбек заттарын айтамыз.

Оларға:

1)     өндіріс қалдықтары (запастары), оның құрамында шикізат, материалдар, отын, жартылай фабрикаттар,шыны ыдыстар, , қызмет мерзімі бір жылдан кем болатын қосалқы бөлшектер, құралдар мен құрылғылар; аяқталмаған өндіріс;

2)     болашақ кезеңдердің шығындары жатады.

    • Айналыс қоры дегеніміз – құнды қалыптастыруға қатыспайтын, оның жеткізушісі болып табылатын айналыс саласына қызмет ететін қаражат.

Оларға:

1)     қоймадағы дайын өнім:

2)     тиелген, бірақ ақысы төленбеген дайын өнім;

3)     банк және касса есеп шотындағы ақша құралдары;

4)     материал алуға, жалақы төлеуге, жеткізушілер алдында қаржылық міндеттемелерін орындау үшін және т.б. қажетті ақшалай қаражат жатады.

Өндірістік айналым қорлары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

 

А - Ө - Т – А1

 

Айналым қорлары айналымдық үрдісінде үш сатыдан өтеді:

І. – ақша (еңбек бұйымдарын дайындау);

ІІ. - өндіріс (өнімді дайындау үрдісі);

ІІІ. – тауар (дайын өнімді сату);

ІY. – жаңа ақша, яғни кәсіпорында ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады (А-А1). Өнімді сатудан түскен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс қорлары жаңа айналымдылық шеңберіне ауысады.

              Айналым қаражаттары қалыптасу тәсілдері бойынша мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып екіге бөлінеді:

  • Мөлшерленетін айналым қаражаттары үшін әрбір кәсіпорындағы құралдардың қажеттілігін анықтайтын мөлшерлер (номативтер) бекітіледі. Мөлшерленетін айналымдағы қаражаттарға айналымдағы өндірістік қорлар мен ұоймадағы дайын өнім жатады.
  • Мөлшерленбейтін айналымдағы қаржылар шаруашылық іс-әрекеттің нәтижесінде қалыптасады. Оларға ақшалай құралдар, сатып алушыға жіберілген, әлі ақшасы төленбеген тауарлар, есеп шоттағы қаржылар жатады.

Өндірісте әліде болса өңдеуден өтпеген (көмір, мұнай, мақта, ағаш және т.б.) еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтуға болады. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі материалға жаңа өнім құрамындағы басты затты сипаттайтын материалды жатқызамыз (машина жасау зауытында метал, нан пісіретін наубайханада ұн және т.б.).

Көмекші материалға жаңа өнімге керекті және оған сырт түрі мен оның құрамының талапқа сай болуын (лак, сыр, тұз, қант, май) немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін керекті заттарды жатқызамыз.

Аяқталмаған өндіріс – бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өңдеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех қоймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер. Аяқталмаған өнімге кеткен материалдарға, отынға, электроқуатқа, еңбек ақыға белгілі көлемде шығындар жұмсалады, бірақ олар әліде болса өңдеуден толығымен өтпеген, сол себептен оларды сатуға болмайды.

Айналым қорларын мөлшерлеуде табиғи және ақшалай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.

 

2.2.Айналым қаражаттарының айналымдылығы және пайдалану көрсеткіштері

 

І.              Кәсіпорындағы айналым қорларының көрсеткіштерін екі топқа бөлеміз:

1 – топ. Кәсіпорында айналым қорларын пайдалану дәрежесін айқындайтын көрсеткіштер:

  • А. Айналым коэффициенті – бір жыл ішіндегі айналым қаражатының айналымдылығымен сипатталынады, яғни сатылған өнімнің құнын тиісінше белгілі бір уақыт ішіндегі (ай, тоқсан, бір жыл) айналым қаражатының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым қаражатының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді. Ол былай анықталады:

 

Кайналым=Ө/Қ;

Мұндағы:              Ө - өткізілген өнім көлемі;

Қ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы;

 

Мысалы:                            Кәсіпорынның өндірілген өнім көлемі - 2 000 млн теңгені құраса, ал айналым қаражатының орташа қалдығы – 400 млн. теңге болса, онда айналым коэффициенті:

Кайналым=2000\400=5

Демек бір жылдағы айналым қаражатына салынған әр теңге 5 рет айналысқа түскен.

Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым қаражатын тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

 

  • Б.Айналым коэффициентінің кері шамасы жүктеу коэффициентін көрсетеді.

Жүктеу коэффициенті – бұл өнімді өткізгеннен кейінгі түсімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қаражатының орташа қалдық сомасын анықтайды, яғни айналым қаражатының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір теңгесімен сипатталынады. Ол былай анықталады:

Кжүктеу=Қ/Ө;

Мысалы:                            Жоғарыдағы кәсіпорынның жүктеу коэффициенті мынадай болады:

Кбекіту=400\2000=20 тиынға тең;

Демек өткізілген өнім көлемінің 1 теңгесінде 20тиын көлемінде айналым қаражатының орташа қалдығы анықталған.

Неғұрлым айналым қаражатының бекіту коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым қаражаттары тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Кәсіпорында айналым қаражатының айналымдылығы келесі факторларға байланысты болып келеді: өндіріс циклінің ұзақтағына, шығарылатын өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сыйымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге;

 

  • В. Айналым ұзақтығы көрсеткіші - айналым қаражаты неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш өндіріс циклінің ұзақтығын айналым коэффициентіне қатынасымен анықталады немесе мезгілдегі күн санын айналым коэффициентіне бөлу арқылы анықталады. Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Ол былай анықталады:

Кұзақтық=Т/Кайналым;

Мұндағы:              Т – күннің көрсеткіштерін анықтайтын уақыттың ұзақтығы;

Т = 30,90,360;

Мысалы:                            Жоғарыдағы кәсіпорынның бір жылдағы айналым ұзақтығы мынадай болады:

Кұзақтық=360\5=72 күн,

яғни кәсіпорынның айналым қаражаттары 72 күнде бір айналым жасағанын көреміз.

 

2 – топ. Кәсіпорында айналым қорларын пайдалану тиімділігін айқындайтын көрсеткіштер:

Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға арналған жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материал сыйымдылығы (Мс) және оның кері көрсеткіші - өнімнің материал қайтарымдылығын (Мқ) көрсетеді.

  • А. Материал сыйымдылығы көрсеткіші.

Мс=Мш\Ө;

Мұндағы:              Мс – материал сыйымдылығы;

Ө - өткізілген өнім көлемі;

Мш – шикізатқа, отынға, материалға, энергияға кеткен шығындар;

  • Б. Материал қайтарымдылығы көрсеткіші.

Мқ=Ө\Мш;

Мұндағы:              Мқ – материалдың қайтарымдылығы;

Ө - өткізілген өнім көлемі;

Мш – шикізатқа, отынға, материалға, энергияға кеткен шығындар;

 

2.3.Айналым қорларын мөлшерлеу

 

І. Айналым қорларының мөлшері (норма).

ІІ. Айналым қорларын мөлшерлеу (нормирование).

Айналым қорларының мөлшері - бірнеше жылдарға жасалынатын қордың (запас) көлемі мен пайдалану күндерін анықтайды. Басқаша айтқанда материалдарды сатып алып, өндіріске жөнелткеннен бастап, дайын өнімді шығарып, сату үшін қоймаға жібергенге дейінгі материал қорында (запас) айналым қорларының(ақша түрінде) қанша күн тұруын көрсетеді.

Айналым қорларының мөлшері кәсіпорындағы қордың (запас) әр түріне байланысты есептелінеді:

-өндірістік қор бойынша

-аяқталмаған өндіріс бойынша

-дайын өнім бойынша

Айналым қорларының ең көп бөлігі (85-90%) өндірістік қорды құруға кетеді.

Өндірістік қорлар құрылуы бойынша олар былай бөлінеді:

1. ағымды қорлар - өндірістік үрдістің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді.

2. сақтандыру (кепілді) қорлары – ойда болмаған жағдайлар үшін құрылады. Мысалы, (шикізаттар мен материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі, сапасыз шикізаттардың жеткізілуі және т.б.)

3. маусымдық қорлары – материалдардың маусым кезінде үздіксіз түсуін немесе пайдалануын қамтамасыз етеді. Бұл қордың ерекшеліктерінің бірі – оның уақыты шектеулі және шикізаттардың (жүзім, қызанақ және т.б.) пайдалылығы сақталу мерзімімен анықталады. Бұдан осындай шикізаттарды сақтаудың ерекше талаптары мен оны өңдеудің әдістері шығады.

 

І.              Мөлшерлік база дегеніміз – кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы.

              Бірінші және негізгі элемент мөлшері – бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайдалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі.

              Екінші элемент мөлшері - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескіреді.

              Үшінші элемент мөлшеріне – технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру-техникалық қалдық шығындары жатады.

              Қалдық – бұл негізіг материалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық. Қалдықты өзінің өзгешелік пайдалану мүмкіндігіне қарай қолданылатын (қайтарылатын) және қолданылмайтын (қайтарылмайтын) болып жіктеледі.

              Қайтарылатын қалдық – бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады.

              Қайтарылмайтын қалдыққа жататыны - өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық,бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сыңықтары, қиқым, макулатура және т.б.)

              Шығын – бұл өндірісті техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі. Оған жататыны – материалдық ысырап шығыны.

              Айналым қорларының мөлшері – бұл кәсіпорынның өндіріс іс әрекетіндегі қолданатын тұрақты ақша қаражатының ең аз мөлшері. Айналым қорларының жеке элементтерінің көпшілік мөлшері келесі формуламен анықталады:

М=Ш-З

Мұндағы:              М – нақты элемент бойынша айналым қорларының мөлшері, теңге;

Ш - дәл сол ортакүндік шығыс элементінің шығыны, теңге;

З – айналым қорларының дәл сол элементінің орташа мөлшердегі запасы, күн, %;

ІІ.              Кәсіпорында айналым қорларының мөлшері өндіріс үрдісінің ойдағыдай жұмыс істеуіне жеткілікті, ең аз мөлшердегі анықталған айналым қорының көлемі деп түсінеміз.

              Нарықтық экономикасы жағдайында кәсіпорында айналым құралын жоғарыдан ешкім белгілемейді және тексермейді. Сондықтан, кәсіпорын ертеңгі тіршілігін өзі белгілеп, үнемі тексеруден өтікізіп отырады. Нарықтық қатынас жағдайында айналым қорын мөлшерлеу маңызда болып келеді, өйткені кәсіпорынның соңғы көрсеткіштері – төлеу қабілеттілігі және қаржылық жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

              Кәсіпорынның жалпы айналым қорын мөлшерлеу (Мж) жеке мөлшерлер сомасынан тұрады:

Мж=Мөз+Маө+Мдө+Маш;

Мұндағы:              Мөз – өндіріс запасының мөлшері;

Маө - аяқталмаған өндіріс мөлшері;

Мдө – дайын өнім мөлшері;

Маш – алдағы мезгілде жұмсалатын шығын мөлшері;

 

Өндіріс запастарын мөлшерлеу(Мөз)

Мөз – күнделікті запас мөлшерінен, дайындалған және сақтандырылған запас қорларынан қалыптасады. Ол төмендегі формула бойынша анықталады:

Мөз=Ө

 

ІІІ бөлім.

Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні

Мұнай және газ өндіріс орнына қажетті шикізатқа және негізгі материалға айналым қаражатының қажеттілігін, жоспар бойынша айналым қаражатының айналымдылық көрсеткішін аныктаймыз.

Көрсеткіш

Өлшеу  бірлігі

Көрсеткіш мәні

4-тоқсан өндірісіне жұмсалатын шығын сметасы бойынша өнім өндіруге жұмсалатын шығындар, оның ішінде:

- шикізатқа және негізгі материалға

 

 

мың теңге

 

 

5850

4500

4-тоқсанда өнім өндіруге жұмсалған нақты шығындар, оның ішінде:

- шикізатқа және негізгі материалға

 

мың теңге

 

5400

4320

Шикізат пен негізгі материалға байланысты жеткізулер арасындағы орташа интервал

күндер

14

Шикізат пен негізгі материалдың жіберу станциясынан белгіленген станцияға жету уақыты

күндер

5

Шикізат пен негізгі материалға есеп айырысу құжаттарының жүру уақыты, оларды әзірлеу мен төлеуге кететін уақыт.

күндер

3

Шикізат пен негізгі материалды тиеуге, жеткізуге, қабылдауға, сұрытптауға, жинақтауға және зертханалық сатаптарда жасауға жұмсалатын уақыт

күндер

0,5

Өндірістік кезеңнің ұзақтығы

күндер

12

Дайын өнімді жиынтықтау және топтамаға жинақтау, өнімді тиеуге және белгіленген станцияға дейін тасымалдауға дайындау

күндер

4

Айналым қаражатының қажеттілігі:

а) қосымша материалдар

ә) отын

б) қосалқы бөлшектер

в) келесі жыл шығыстары

 

 

мың теңге

 

30

240

188

67

Бір жылда  өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі (бірлік данасы)

мың теңге

25200

Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы көлемі

%

110

Айналым қаражатының бір айналымының нақты ұзақтығы жоспарлы айналымдылығымен салыстырғанда мыналардың есебінен қысқарған:

а) шикізат пен негізгі материалдарды жеткізулер арасындағы интервалдық қысқаруынан

ә) өндірістік кезеңнің ұзақтығының қысқаруынан

б) тиеу-түсіру жұмысының механизмінен

 

 

күндер

 

 

 

3

 

2

1

Өндірістік кезеңнің алғашқы күні жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы

%

40

Информация о работе Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні