Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................3-4

1 Нарық жағдайында өнеркәсптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін арттырудың теориялық негіздері ................................................................................................................5

1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі ...................................................................................................................5-12

1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері

............................................................................................................................................12-17

1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары

............................................................................................................................................17-20


2 «АТАМЕКЕН» АҚ-ң инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау................21

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................................21-27

2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау....................27-30

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау......................................30-35


3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартылымдылығын жетілдіру жолдары

.................................................................................................................................................36

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану................................................................................................................36-44

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

.............................................................................................................................................44-48

Қорытынды........................................................................................................................49-50

Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................51

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 455.00 Кб (Скачать)

     Бұл iс-шара Қазақстанның iрi өнеркәсiптiк  дамыған елдермен тығыз iскерлiк  экономикалық қарым-қатынастар орнатуға, Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Қазiр Қазақстан ТМД елдерi арасында шетелдiк инвестициялар  үшiн ең тартымды елдердiң бiрi болып саналады.

     Қазақстанның  инвестициялық ахуалын бағалағанда ең алдымен елдiң табиғи байлығы, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеуетi, қолайлы орналасуы, саяси тұрақтылығы ескерiледi. Ал соңғы жылдары инфляциялық процестердiң тұрақталуы, кәсiпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы отандық және шетелiк инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiнiң артуына ықпал етедi.

     1998-2003 жылдар аралығында несиелердi  өтеудi есептегендегi шетелдiк тiкелей  инвестициялар көлемi 9157,2 млн.долларды  құрады. 1995 жылға дейiн Қазақстан  шетелдiк инвестициялар бойынша  мiндеттемелер және несиелерiн  өтеген жоқ. 1995 жылдан бастап, республика шетелдiк тiкелей инвестициялар бойынша несиелердi өтеу бастады. Шетелдiк инвестициялар бойынша алынған мiндеттемелердi өтеу үлесi 1998 жылы – 3,2% құрады, 1999 жылы – 7,5%, 2000 жылы – 18,0%, 2001 жылы – 25%, 2002 жылы – 24,6%, ал 2003 жылы – 51,4% құрады. Жалпы 1998-2003 жылдар аралығындағы кезеңде өтеу сомасы 2683,7 млн. долларды құрады, оның 1415,3 млн.доллары 2003 жылға тиесiлi.

     2003 жылы тартылған шетелдiк тiкелей  инвестициялар көлемi 2002 жылғы   шетелдiк тiкелей инвестициялар көлемiнен 53,8% артық, ал 1999 жыл деңгейiнен 2,5 есе артық болып, 2751,5 млн.долларды құрады. 

Атаулары 1998 1999 2000 2001 2002 2003 1998-2003
Ұйымдар мен кәсiпорындардың несие, қаржылық сұраныс және реинвестицияланған табыс түрiнде алынған инвестициялары (акционерлiк капиталды қоспағанда) 977,1 1073,8 801,5 1516,4 1412,1 2375,6 9381,7
Акционерлiк  капитал 144,4 262,0 631,5 133,8 175,8 263,6 1767,6
Шетелдiк  инвесторлардың бюджетке жасалған салымдары 77,0 97,7 62,9 43,8 200,2 112,3 691,6
Несиелердi өтеудi есептемегендегi шетелдiк тiкелей инвестициялар барлығы 898,5 1433,5 1495,9 1694,0 1788,1 2751,5 11840,9
Мiндеттемелердi өтеудi есептемегендегi шетелдiк тiкелей инвестиция 870,1 1325,1 1227,1 1271,3 1347,7 1336,2 9157,2
 

     14 кесте - 1998-2003 жылдары Қазақстанға  келген шетелдiк тiкелей инвестициялар  (млн. АҚШ доллары). 

     Деректер  көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері  негізінде есептелген

     1999-2003 жылдары шетелдiк фирмалардың  акционерлiк капитал көлемi 1767,6 млн. долларды құрады.

     1999 жылдан бастап, Қазақстанға келген  шетелдiк тiкелей инвестициялардың  жылдық көлемi 2003 жылғы көлемiмен  салыстырғанда өсу тенденциясына  ие болды және 2000 жылы – 130,96%, 2001 жылы – 136,6, 2002 жылы – 163,3% және 2003 жылы – 251,3% құрады. 1993-20003ж.ж. аралығындағы кезеңде шетелдiк тiкелей инвестициялар көлемi 2003 жыл деңгейiмен салыстырғанда 10,8 есе өскен.

     Қазақстан экономикасын инвестициялау өнеркәсiптiк  секторда диспропорцияның тереңдеуiмен қатар жүрдi. Шетелдiк тiкелей инвестициялар негiзiнен мұнайгаз өндiретiн және металлургия өнеркәсiбiне бағытталуда.

     Елiмiздiң  бай жер қойнауы бiрiншi кезекте  өздерiнiң салалық бәсекелестерiн  басып озуға тырысатын тәуекелдi шетелдiк инвесторларды қызықтырады. 1999-2002 жылдары мұнай-газ саласына тартылған шетелдiк тiкелей инвестициялар 4318,5 млн.долларды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеуге – 185,0 млн.доллар, қара металлургияға – 340,0 млн.доллар, ал басқа салаларға – 1486,7 млн.долларды құрады. Шетелдiк инвесторлар үшiн мұнайгаз саласы инвестициялардың 78,8% бағытталды.

     Қазақстанның  Ұлттық банкiсiнiң мәлiметi бойынша 2003 жылы тартылған шетелдiк тiкелей  инвестициялардың құрамы мынадай болды: iшкi мұнай мен табиғи газ өндiруге 1957,9 млн.доллар бағытталды.

     2000-2003 жылдар кезеңiнде шетелдiк тiкелей инвестициялардың кен өндiру және өндiру және өңдеу өнеркәсiптердiң  мұнай-газ кәсiпорындарына түсуi 6301,1 млн.долларды құрады. Бүлай болу себебi, шетелдiк инвесторлар пайдасы және рентабельдiлiгi жоғары салаларға капитал салымын жасауға тырысады. Бұл жағдай өңдеу өнеркәсiбiнiң дамуын тежеп отыр.

     2000-2003 жылдары донор-елдерден Қазақстанға несиелер, қаржылық сұраныс, реинвестицияланған табыс түрiнде келген шетелдiк тiкелей инвестициялардың көлемi 9381,7 млн.долларды құрады.

     2003 жылы Қазақстанға шетелдiк тiкелей инвестициялардың ең үлкен көлемi АІШ елiнен – 993,5 млн.доллар, Ұлыбританиядан – 464,2 млн.доллар, Италиядан – 351,0 млн.доллар, Ресей Федерациясынан – 163,2 млн.доллар тартылды, Нидерланды елiнен – 109,9 млн.доллар тартылды.

     Сонымен, соңғы 15 жыл iшiнде Қазақстан экономикасына  шетелдiк инвестициялардың құйылуы  мен оларды игеру процесiн талдау төмендегiдей тұжырымдар жасауға  мүмкiндiк бередi:

  1. Ұлттық экономиканы түбегейлi жаңғырту мен елдiң негiзгi салалары мен жекелеген аймақтарында сапалық өзгерiстерге қол жеткiзудi қамтамасыз ету  инвестицияларсыз мүмкiн емес;
  2. Қазiргi жағдайларда тiкелей инвестициялардың құйылысы iшкi рынокты байытуға арналған жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулердi ендiрудi ұйымдастыруға, экспортты ұлғайтуға және импортты қысқартуға; қосымша жұмыс орындарын құруға; жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды игеруге, маркетинг пен менеджменттiң озық әдiстерiн меңгеруге септiгiн тигiзедi;
  3. Шетелдiк капиталдың құйылының арқасында экономиканың салалық құрылымы өзгеруде, жаңа өндiрiстер мен тiптi тұтастай салалар жандана бастады;
  4. Қазақстан Республикасының үкiметiнiң инвестициялық саясаты Ұлттық экономиканы дамытуға тiкелей шетелдiк инвестициялардың құйылуының өсуiне мейлiнше қуатты ынталандыру болып табылады.

     Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру  мақсатында нақты іс-шаралар жүргізетініне  қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін.

     3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның  инвестициялық тартымдылығын арттырудың  негізгі бағыттары

 

     Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын  ерекшелігі техникалық қаруландыруға  салымдар және өндірістік кәсіпорынды  қайта жөндеу, инвестицияны базалық  машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

     Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген  кезде мыналарды ескеру керек:

  • өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
  • өндірістің техникалық дәрежесі;
  • аяқталмаған құрылыс;
  • лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;
  • меншікті қаржының жеткіліктілігі;
  • капитал нарығының конъюктурасы;
  • мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
  • инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
  • сақтандыру қызметі;
  • салық;
  • маркетингтік зерттеу;
  • өнімнің сату бағасы;
  • өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
  • жалпы өнімнің мөлшері;
  • инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;
  • нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
  • техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.  

     Инвестицияны  өндіріс орнында басқаруды жақсарту  үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;

     инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау  болып табылады, яғни мемлекет тарапынан  көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:

  • инвестициялық салыктық преференциялар;
  • кеден баждарын салудан босату;
  • мемлекеттік заттай гранттар.

     Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:

  • көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
  • осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.

     Инвестициялық салыктық преференциялар тікелей активтерге салынатын инветициялардын көлеміне қарай 5 жылдан аспайтын уақытта беріледі.

     Преференция алу үшін келісім шарт жасау керек. 

     Мемлекеттік заттай гранттар ретінде мыналар болады:

  • жер учасклері;
  • ғимараттар мен құрылыстар;
  • есептеу техникасы;
  • машиналар мен жабдықтар;
  • көлік беру мүмкінділігі.

     Қолданылып  жүрген инвеститцияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келсiмдердiң  барлық шарттарын iс жүзiнде сақтаудың  өнеркәсіптік кәсіпорындарға маңызы үлкен.

     Тiкелей  инвеститциялар тартудың тәжiрибесiмен  алмасу, жекелеген елдердегi инвеститциялық ахуал мен заңдардың ерекшелiктерiн, сондай-ақ шетелдiк инвесторлардың iскерлiк белсендiлiгiнiң өзiндiк  белгiлерiн зерделеу мақсатында инвестицияларды қолдау және мамандарды өзара тағылымдамадан өткiзу бағдарламасын жүргiзу бойынша шетелдiк агенттiктермен ынтымақтастықты жандандыру керек.

     Елеулi инвестициялық ресурстарға ие немесе әлеуеттi инвесторлардың мейлiнше кең  шеңберiне шығудың арналары болуға қабiлеттi шетелдiк және халықаралық инвестициялық қорлармен, трасттармен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық банктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты жолға қою үлкен маңызға ие болады.

     Қазақстанға тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша елшiлiктермен және дипломатиялық миссиялармен жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру қажет.

     Қазақстанның  халықаралық қаржы ұйымдарымен (Дүниежүзiлiк  банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа Қайта жаңарту және Бамубанкi, Азия Даму банкi, Ислам Даму Банкi және басқалар), сондай-ақ донор елдермен ынтымақтастығы табысты дамып отыр. Қазақстан - олардың әлменiң көптеген аймағын қамтыған қаржы дағдарысының жағдайында сенiмiн сақтап дамып келе жатқан рыноктардың бiрi.

     Сонымен бiрге халықаралық ұйымдарда дамып келе жатқан елдерге жеке капиталдың құйылуына жәрдемдесудiң өзiндiк тәжiрибесi жинақталған, бұл Қазақстан Республикасының экономикасына тiкелей инвестицияларды тартуды жандандыру кезiнде пайдалы болуы мүмкiн.

     Атап  айтқанда, дамып келе жатқан елдердi жеке қаржыландыруды тарту үшiн Дүнижүзiлiк банк соңғы жылдары өзiнiң кепiлдiк құралдарының екi түрiн: несие тәуекелiне iшiнара кепiлдiк берудi және саяси тәуекелдi реттеудiң iшiнара кепiлдiктерiн белсендi пайдалануды бастады.

     Қазақстанның  жеке меншiк секторын, инфроқұрылымдары мен әлеуметтiк саласын дамытуға басым бағытталған инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iске асыру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен және донор елдерiмен ынтымақтастықты одан әрi жалғастыру қажет.

     Дүниежүзiлiк  банктiң кепiлдiктерiн тарту және инвестициялық жобаларды әзiрлеу мен iске асыру ерекше мәнге ие, бұл үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны құру қажет.

     Қазақстанда тiкелей инвестицияларды тартудағы  әлсiз жер инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiнiң дамымағандығы  болып қалып отыр.   Отандық сақтандыру ұйымдарды ұсынатын сақтандыру қызмет көрсетулерi шетелдiк инвесторлардың талаптарын толық дәрежеде қанағаттандырмайды, бұл тиiсiнше олардың инвестициялық белсiндiлiгiн тежейдi.

     Инвестициялау практикасындағы болған өзгерiстер, сондай-ақ әлемдiк экономикадағы елеулi оқиғалар инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiн құру мен дамытудың қажеттiгiн көрсетедi. Атап айтқанда “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” заңға саяси және егемен тәуекел кепiлдiктерiн берудi заңды қамтамасыз ету және мұндай кепiлдiктердi бергенi үшiн жауапты уәкiлеттi органды айқындауды енгiзу көзделiп отыр.

     Сақтандыру  қызметi рыногын дамыту, қазақстандық сақтандыру ұйымдарына халықаралық  ынтымақтастықты дамытуды және жетекшi шетелдiк сақандыру өтеулерiн беру туралы келiсiмдер жасасуда қолдау көрсету үлкен мәнге ие болады. Сондай-ақ тiкелей шетелдiк инвестициялардың коммерциялық емес (саяси) тәуекел мен қажет консультативтiк қызмет көрсетулердi беруден инвестицияларды сақтандыру жолымен елдердiң арасындағы қозғалысына жәрдемдесу қажет. Инвестицияларды саяси тәуекелдерден сақтандыру мақсатында шетелдiк инвесторларды инвестицияларды экспроприациялауға, национализациялауға және басқа да осы секiлдi (апаттарға) қатысты қаупiн жою болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары