Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................3-4

1 Нарық жағдайында өнеркәсптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін арттырудың теориялық негіздері ................................................................................................................5

1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі ...................................................................................................................5-12

1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері

............................................................................................................................................12-17

1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары

............................................................................................................................................17-20


2 «АТАМЕКЕН» АҚ-ң инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау................21

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................................21-27

2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау....................27-30

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау......................................30-35


3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартылымдылығын жетілдіру жолдары

.................................................................................................................................................36

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану................................................................................................................36-44

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

.............................................................................................................................................44-48

Қорытынды........................................................................................................................49-50

Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................51

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 455.00 Кб (Скачать)

     Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:

  1. Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
  2. Тартылған капиталды қолдану кезеңi;

     Кәсіпорындарға  шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң  әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен  реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк  несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк  түрiнiң сфералары жеке шетелдiк  капиталды халықаралық кәсiпкерлiк  (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады. Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген. Шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтеру көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция түрiне байланысты жiтеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады. Бұл жағдайда мемлекет ролi мынамен анықталады:

  • ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып, халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
  • мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге асырылады;
  • көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен банктерге экспорттық несиелер берiледi;
  • әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін.

     Кәсіпорындарға  жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің саяси тұрақтылығы  өте маңызды шарт болып табылатыны анық.

     Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының  бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.

     Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар  мен жинақтар бiрдей деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе жағдайында жинақтардың иесi кiс екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ, себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында мобилизацияланады.

     1.2 Өнеркәсіптік  кәсіпорындардың инвестициялық  қызметін анықтайтын көрсеткіштері                                                                                                           

 

     Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін оның  тактикасы болу керек. Біз оны стратегялық инвестициялық саясат дейміз.

     Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның  жиынтық көрсеткішін іске асыру  және сол іске асырудын механизмі.

     Табыс алу мақсатында көлемді кұрлымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өңдірістің құрлымын жетілдіру,даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.

     Басқарудың  экономикалық әдісін кең қолдану  жағдайында кредиттік жағдайды кешіру және нарыктық қатнастарға өтуде перспективаға инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамассыз ету керек, жаңа шаруашылық механизіммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру және салымдардың ұтымды жолдарын қамтамассыз ету, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының  бірі сияқты оның  нәтижелігін жоғарлату болып табылады.        

     Кәсіорында  инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
  • пайданы көздеу;
  • жалпы шығындарды азайту;
  • мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
  • дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
  • инвестициялық тәуекелділік;
  • инвестицияның өтімділігі.

     Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын  ерекшелігі техникалық қаруландыруға  салымдар және өндірістік кәсіпорынды  қайта жөндеу, инвестицияны базалық  машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

     Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық қорлар. Инвестициялық  пай – атаулы бағалы қағаз болып  табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне  бірдей құқық береді. Инвестициялық  пайды шығару тәртібі, оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындағы федералды комиссия шешеді.

     Инвестициялық пай – құжатты және құжатсыз нысанда  шығарылады. Инвестициялық пайдын мерзімі  аңыкталмайды. Инвестициялық пай  бойынша процент және дивидент есптелінбейді.

       Инвестициялық пай қорының мүлкі және инвесторлардын құқығы жүргізуші кәспорынның келісім шарты негізінде мамандырылған депозиттарімен жүзеге асады.Инвестициялық пай қордын тек бір ғана маманданған депозитариі болады.

     Инвестициялық пай қоры инвесторлардын мамандырылған депозиттари есебіне берілген және жүргізүші кэсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде құрылады.

     Мамандырылған депазитариға және жүргізуші кәсіпорынға  есеп үшін берілген мүлік инвестициямен  пайды, инвестициялық пай қорын  алу үшін жүзеге асады.

     Инвестициялық пай қордын құрылуы инвесторлардын жүргізуші кәсіпорыннан инвестициялық  пайды алу негізінде болады. Инвестициялық  пай қорынан инвестициялық пайды  алатын инвестордын қаржысы мамандандырылған депозиттари есебінен түседі.

       Инвестициялық пай қоры 2 нысанда болады:

  • ашық;
  • интервалды.

     Егер  жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық  пай қоры белгілеген тәртіп бойынша  сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей  сатып алуды міндеттіне алса, онда ол қор ашық болады.

     Егер  жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уакытында және инвестициялық  пай қоры белгілеген тәртіп бойынша, бірақ жылына бір реттен артық  емес болса, онда ол интервалды қор  болады. 

     Жүргізуші компания инвестициялық пай қорының  мүлкін инвестициялауға құқылы. Ол инвестициялық қорының мүлкіне  кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса өз мүлкімен жауап береді.              

     Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға болмайды.

     Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады. Барлык кәсіпорындар инвестициялық әрекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.

     Инвестицияны  қажет ететін себептер көп болуы  мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге  бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік көлемін  ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін  меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның  жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.

     Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың  $ мен 1 млн.$ тұратын  инвестициялық жобамен байланысты жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Сол себептен экономикалық тұргыдан талдаулық зерттеудің деңгейі әртурлі болу керек. Сол себептен инвестициялық сиппатты шешім қабылдау дифференциалдық құқұық тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда  күнделікті бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып, кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.

     Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

     Қаржылық  мененджмент тәжірибесі инвестициялық  қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін  атап көрсетеді.

     Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.

     Табысты дисконтау- капитал салу мерзіміне  байланысты табысты әкелу. Дисконтау  есебімен өскен капитал мен қосымша  табысты аудару үшін келесі формула  аңықталынады:

     К=К*(1+n),                                                                                                  (1)

     К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.

     К- салынған капиталдын  мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан  кейін бастапқы мерзімнің позизиясы.

     n-дисконттау  коэфициенті (яғни табыстылық  нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.

     Д=К (1+n)-К,                                                                                             (2)

     Д- қосымша табыс, теңгемен

     Ағымдағы  мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконттау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.

     Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы  болады, екіншіден,анықталған минимум  мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.

     Таза  табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициясы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,.............Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді: 

     PV= Рк/ (1+r )e      ;                                                                                      (3)

     NPV= Рк/ (1+r )e   -С-С ;    

       Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек

                 NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары