Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 21:26, курсовая работа
Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі.
1 КӘСІПОРЫН ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
2 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту
2.2 Бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру аркылы бағаланады. Салыстырылатын параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық жэне экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:
• Өнім және қызмет сапасы;
• Өнім және қызмет бағасы;
• Персоналдың квалификациялық деңгейі;
• Өндірістің технологиялық деңгейі;
• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс. Енді бұл факторларды ашып талдайық.
Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзак уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолда-натын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс:
• Физикалық;
• Техникалық;
• Сенімділік;
• Эксплуатациялық;
• Эстетикалық;
• Қауіпсіздік;
• Экологиялык;
• Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б.
Өнімнің бөсекеге
қабілеттіліктің бұл
Өнімнің бағасы. Баға — өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:
1.өндіріс жалпы шығыны;
2. қоғамдық еңбек шығыны;
3. өнім саны;
4. өнім қызметі мен қасиеті;
5. персоналдың квалификациясы;
6. өндірістің технологиялық деңгейі;
7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
8. Өнімді тасымалдау
және сақтаумен байланысты
9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
10. Өнімнің орамы;
11. Фирманың танымалдылығы;
12. Сервистік
және кепілдік қызмет
13. Фирманың маркетингтік қызметі;
14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
15. Фирманың
сФеникс нанық баға
Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады.
Сурет 3. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:
• Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;
• Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
• Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
• Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.
Бағаның өзгеруі факторлар эсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:
• Баға қозғалысының
ұзак мерзімдік тенденциясы ғылыми-
• Орта мерзімдік
циклдік бағаның ауытқуы
• Қыска мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.
Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.
Бағаның түрлері:
1.Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
2. Контракты
баға сатушылар мен сатып
3. Дайындау бағасы - ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
4. Бөлшек сауда бағасы - тұрғындарға сату бағасы;
5.Өзгермелі баға дайындалатын бұымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.
«Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты -Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы», деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында осы жылы.
Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Өнімнің сапасы — бұл
белгілі мұқтаждықты
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне жатады:
• өнім дайындаудың салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;
• өнім дайындаудың салыстырмалы материал сыйымдылығы;
• материалды қолданудың коэффициенті;
•өнім дайындаудың салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:
• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;
• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылыгы;
• тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;
• тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер — патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалык шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімдерді іске косқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдаганда және іске косқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:
• табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;
• биологиялық ресурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;
• өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.
Қауіпсіздік көрсеткіштер
(өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару,
қолдану кезіндегі
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.
Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
• халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;
• тұрақты болуы керек;
• өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;
• халық шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;
• оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау.
Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:
• өнім топтарының түрі;
• өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;
• сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;
• әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;
• сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.
Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.
«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік, т.б.
«Жұмсақ» параметрлердің
әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ,
сондықтан оны сандық бағалау
өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге
өнімнің эстетикалық, эргономикалық
қасиеттерін сипаттайтын
Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады.
НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін
жақсарту
Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады:
Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары