Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі

1.1 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі....................................5
1.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті...........8
1.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі және жіктелуі...............................................................................................11

2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын бағалау (Тұран Әлем банк мысалында)

2.1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментіне талдау..............................14
2.2 Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің ролін саралау.......................16
2.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын кеңейту........................................................................................ 24

3 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

3.1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын дамыту жолдары.....................................26

Қорытынды .............................................................................................................. 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................

Работа содержит 1 файл

Асима.doc

— 196.00 Кб (Скачать)

Компания менеджментінің барлық шешімі олардың базар бағасына әсеріне қарай бағаланады. Компания құнын пайдалану шаруашылықты үнемді жүргізуге қаржыны босқа шашпауға, инвестициялық және қаржылық қызметтерін белсенді жүргізуге  мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде шетелдердегі көптеген компаниялар «Тепе-теңдіктегі көрсеткіштер жүйесі» деген моделін пайдаланады. Бұл жүйе кәсіпкершіліктің қаржылық емес көрсеткіштерін есепке ала отырып, күнделікті басқарудағы және компания қызметін бағалаудағы негізгі құрал болып есептелінеді, компанияның даму стратегиясының механизмі болып табылады.

«Тепе-теңдіктегі көрсеткіштер жүйесі» тұжырымдамасын 1990 жылдары зерттеуші Р Каплан мен Д. Нортон ойлап шығарды. Бұл жүйенің пайда болуына компания басшыларының, акционер, тұтынушылар несие берушілер, серіктестіктер мүдделерінің келісіміне орай басқару қызм етін күшейтуге ықпал етті.

Осы жүйе компания қызметінің төрт негізгі аспектісін бағалауға ммүкіндік береді:

1)     клиентпен ара қатынасы (клиент аспектісі)

2)     ішкі процесс (шаруашылық аспект)

3)     компанияның дамуы (өсу және үйрену аспектісі);

4)     акционерлермен арақатынасы (қаржы аспектісі);

Осы жүйе екі түрлі категориядағы көрсеткіштерді анықтайды: компания жетістіктерінің көрсеткіштері және осы жетістікке жеткізуге көмектескен көрсеткіштер. Осы көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тәжірибе жүзінде менеджерлер бірінші категория көрсеткіштеріне көп көңіл бөледі де, кәсіпкер процессі сан және алуан  сапа өлшемі жағынан елеусіз қалады.

Осы жүйені отандық компанияларға кіргізу процессін төрт перспектикаға сүйене отырып, көрсетеді. Мысалы, бұл процесті клиентпен арақатынас аспектісімен бастауға болады. Клиенттің шешімі бойынша ең нәтижелі деген көрсеткіш қолданылады. Шаруашылық процессі преспективасы өндірілген өнімнің сапасын анықтайды. Бұл жерде өндіріс мерзімін ақау өнімдер пайызын анықтайтын көрсеткіштер қажет. «Компанияны дамыту» перспективасының көрсеткіштері фирманың дамуын және өз өнімдерінің бәсекелестігін арттыру мүмкіншілігін көрсетеді.

 

 

 

           3Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

3.1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын дамыту жолдары

Банктің меншікті капиталын көбейту заң жүзінде акционерлердің мойнындағы жауапкершілік, бірақ акционерлердің де қаржылық жағдайлары жете бермейді. Өйткені жағдай тағы да нақты секторға келіп тіреледі. Коммерциялық банктердің барлығы бірдей мұнай секторының компанияларына қызмет етіп жатқан жоқ қой. Сарапшылардың айтуынша, біріншіден, қазіргі кезде сырттан қаражат тартудың нәтижесінде, екіншіден, қазақстандық коммерциялық банктер акционерлерінің банктердің капитализациялану дәрежесін көтеруде қаржылық жағдайының мардымсыздығы нәтижесінде отандық банктер үлкен жүйелік тәуекелге ұрынуы мүмкін. Себебі активтер портфелінің өсу қарқыны мен меншікті капиталының өсу қарқыны бір-біріне сай емес, яғни сәйкес келмейді. Қысқасы, қолайлы пропорцияда емес. Әрине, бұған қазақстандық коммерциялық банктердің шет елден көптеп қаражат тартуымен қатар біздің экономикамыздың шикізатты өндіріп, оны экспорттау басымдықтары да үлкен себеп болып отыр. Өйткені көмірсутекті шикізатты сыртқа көптеп шығару және әлемдік нарықта мұнай өнімдеріне бағаның өсуі коммерциялық банктердің өтімділігінің шамадан тыс жоғары болуына және ақша массасының күрт өсуіне әкеп соғары сөзсіз. Міне, осыған байланысты Ұлттық банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің дәл қазіргі таңда экономиканы макродеңгейдегі ақша-несиелік реттеуі өз алдына басқа үлкен проблема. Әрине, қазақстандық банктердің капитализациялау дәрежесін жоғарылата түсу мүмкіндігі отандық акционерлердің жауапкершілігінде болғандықтан бұған солар мүдделі болу керек. Бірақ мұндай акционерлердің қаржылық жағдайы шектеулі. Сондықтан Қазақстанның банк секторына шетелдік инвесторлардың көптеп келуі, сөйтіп, банктердің ресурстық потенциалын қайта қарау мәселесі туындауы әбден мүмкін. Жоғарыда аталып өткен мәселелер, егер ұлттық экономиканың нақты секторы экспортқа байланыссыз қарқынды дамыса, банктің акционерлері коммерциялық банктерді капитализациялауға қаржылық жағдайы толық жетіп жатса, банктің ресурстық потенциалы сыртқы қаражат көздерінен емес, ішкі қаражат көздері есебінен нығайып жатса, Қазақстанның банк секторының дамуында проблема туғызбас еді. Меншікті капиталды көбейту үшін міндетті түрде коммерциялық банктердің акционерлері – компаниялар, үлкен кәсіпорындар, жеке тұлғалар сол банктің капиталы көбейсін деп, қайтадан әлгі коммерциялық банктердің жарғы капиталын көбейту үшін шешім қабылдауы керек. Меншікті капиталды көбейтудің бірнеше жолдары бар.

              Біріншісі – акционерлер жаңадан құнды қағаздар эмиссиясын жасауы тиіс. Бұл жағдайда банк акционерлерінің қатары көбейеді. Ал бұны бақылаушы акционер қолайлы деп есептемейді. Өйткені банкке деген ықпалын сақтағысы келеді, бір жағынан билігінен, бір жағынан акциясынан айырылғысы келмейді. Себебі акция басқару, банкке бақылау жасау ісіне міндетті түрде толық құқық береді.

              Ақша аумағының кеңеюі мен оның құнсыздануы және инфляцияның күш алуына кінәлілерді іздестіріп, Үкімет Ұлттық банкті, ол өз кезегінде коммерциялық банктерді жазғырып жатады. Шын мәнінде, мұндай жағдайдың орын алуын ең алдымен ақша ұсынысының шектен тыс көп болуынан іздестіру керек секілді. Жалпы, экономикада ақшаны екі арна арқылы ұсынады. Оның біреуі – мемлекет, екіншісі – коммерциялық банктер. Мемлекет атынан орталық банктің ақша ұсынуы, біріншіден, қолма-қол ақша эмиссиясы, екіншіден, коммерциялық банктер үшін басы артық ақша қорын құрып беру арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл процесс экономикадағы ақша массасының бірнеше есе еселенуіне қызмет жасайды. Нарықтық механизм жағдайында айналымдағы қолма-қол ақша сомасы, сонымен қатар коммерциялық банктер үшін жасалған жаңа резервтер экономиканың нақты секторы мен тұрғындар тарапынан болатын сұраныс арқылы айқындалуы тиіс. Басы артық резервтік ақша көлемінің ұлғаю процесіне қарсы орталық банк қанша жерден монополия болса да, ықпал жасай алмайды. Сәл де болса шектеу қоюы мүмкін. Одан арыға шамасы жетпейді. Басы артық ақшаның өсуіне несие экспансиясы процесінде коммерциялық банктердің жүргізіп отырған операцияларының көлемі, халықаралық резервтік активтердің динамикасы, мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясының өзгеруі және олар­мен жасалатын келісімшарттар сипаты қатты ықпал жасап отыр. Басы артық жаңа ақша қорының өсуіне ықпал жасайтын басқа да объективті факторлар мен монетарлық биліктің құзырлары жетіп артылады.

              Сонымен бірге нарық жағдайында ақша шығару бастамасы тек орталық банкке ғана тиесілі емес. Ақша шығару жолымен ақша ұсынуда коммерциялық банктердің де үлесі мол. Яғни олар несие және инвестиция операцияларын белсенді жүзеге асыра отырып, қосымша ақша жасайды. Соның нәтижесінде, коммерциялық банктерде жаңа депозиттер пайда болып, жаңа ақшалар ағыны құйылады. Жаңа пайда болған ақшаларды несиеге беріп, ол ақша массасын ұлғайта береді. Сонымен қатар коммерциялық банктердің эмиссиялық функциясы екінші рынок арқылы тікелей немесе жанама қайта қаржыландыру тәртібі бойынша мемлекеттік құнды қағаздар түрінде берілетін орталық банктің басы артық резервтік ақша өсімімен шектелмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         

Қорытынды

Қаржы менеджменті қаржы ресурстарының қозғалысының процесі кезіндегі шаруашылық субъектілердің арасында пайда болатын қаржылық ресурстардың қозғалысы мен қаржылық қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржы менеджменті басқару стратегиясымен тактикасынан тұрады. Стратегия дегеніміз – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы бағыттар мен қаражаттарды пайдалану әдістерін айтады. Бұл әдіске шешім қабылдау үшін белгілі ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.

Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында мемлекет пен қоғамның барлық мүшелереніің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес обьектілредің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субьектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субьектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару  бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында заңды екенін мойындауға тура келеді.

Министрліктер мен басқа жоғары органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызмет және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша ресурстарын ең тиімді етіп таратуға, оларды неғұрлым ұтымды жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайта сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.      Мельников В.  Қаржының жалпы курсы   Алматы 2005ж.

2.      Дүйсенбаев К.   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау  Алматы, 2001ж.

3.      Кеулімжаев, Құдайбергенов   Қаржылық есеп    Экономика   2001ж.

4.      Құлпыбаев, Ілиясов  Қаржы  Алматы, 2004ж.

5.      Мейірбеков, Әлімбетов   Кәсіпорын экономикасы  Алматы, 2003ж.

6.      Қожаниязов  Қазіргі экономика  Тараз, 2001ж.

7.      Жолдасбаева   Кәсіпорын экономикасы  Алматы, 2002ж.

8.      Баймуханов  Шаруашылық жүргізу нысандары   Алматы, 1997ж.

9.      Балабанов А., Балабанова  Финансы  Санкт-Петербург 2000г.

10. Туран Алем банкінің 2007-2009 жылдардағы мәліметтері (www . goodee)

11. Шуляк П.Н. Финансы предприятия  Москва 2000г.

12. Ковалева А.М. Финансы  Москва, 1999г.

13. Колчина  Н.В. Финансы предприятий   Москва, 2000г.

14. Қаржы-қаражат  № 3 2009ж.

15. Саясат № 7  2000ж.

16. Егемен Қазақстан  № 9   2006ж.

17. Егемен Қазақстан  31 наурыз  2009ж.

18. Экономика негіздері  №3 2008 ж.

19. Альпари №1  2010ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                            Қосымша №1

 

1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржысын басқару

 

              Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржы бөлімі

Жоспарлау-экономикалық бюросы

Банк және кассалық операциялар бюросы

Есеп айырысу бюросы

                                                                        ТОПТАР

Қаржылық-

кредиттік

жоспарлау

Оператив

тік

Жоспарлау

Және бақылау

Экономика

лық талдау

Сатып алушылармен

есеп айырысу

бюросы

Жеткізу

шілер

мен есеп айырысу

Кінәрат-талап тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                            Қосымша №2

                                          Пайыздық   кіріс (Тұран Әлем банк)

 

 

Желтоқсанның 31-дегі жағдай

                       (млн. теңге)

 

2010

2009

2008

Пайыздық кіріс

 

 

 

Несиелер

26,263

19,178

14,004

Құнды қағаздар

4,257

2,818

1,422

Банкілік депозиттер

298

372

219

барлығы

30,818

22,368

15,645

Информация о работе Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары