Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі

1.1 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі....................................5
1.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті...........8
1.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі және жіктелуі...............................................................................................11

2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын бағалау (Тұран Әлем банк мысалында)

2.1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментіне талдау..............................14
2.2 Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің ролін саралау.......................16
2.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын кеңейту........................................................................................ 24

3 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

3.1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын дамыту жолдары.....................................26

Қорытынды .............................................................................................................. 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................

Работа содержит 1 файл

Асима.doc

— 196.00 Кб (Скачать)


Мазмұны                           

                                         

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1 Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі

 

1.1 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі....................................5

1.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті...........8

1.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарын басқарудағы қаржы менеджментінің қызметі және жіктелуі...............................................................................................11

 

2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын бағалау  (Тұран Әлем банк мысалында)

 

2.1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментіне талдау..............................14

2.2 Банктерді басқарудағы қаржы менеджментінің ролін саралау.......................16

2.3 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің қолданылу аясын кеңейту........................................................................................ 24

 

3 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары

 

3.1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын дамыту жолдары.....................................26

 

Қорытынды .............................................................................................................. 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................... 31

Қосымшалар

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады.

Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты роль атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады.

Бұл жерде айта  кететін бір жайт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолы нда күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы-ақшалар болып табылады. Ақшалар екі нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

              Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

              Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады.

              Курстық жұмысымның тақырыбы: «Компанияда ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру» деп аталады.

              Курстық жұмыстың мақсаты:  кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру, оның бағыт-бағдарын анықтау болып табылады.

              Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорында ақша ресурстарымен басқару ерекшеліктері қарастырылады, оның менеджментінің жағдайлары қарастырылады.

              Курстық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорынға сипаттама берілумен қатар, кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудың жағдайлары қарастырылады, ашылады.

              Курстық жұмыс негізінен кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорын және оның менеджментінің жалпы түсінігі

 

1.1 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқару ерекшелігі

 

              Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субьектінің нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

              Адамдардың саналы мақсаты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың обьективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны кредитті және тағы басқаларын қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

              Қаржыны басқару-бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп қаржыны басқару-бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты-қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін,  обьектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және сакнциялардың көмегімен жүзеге асырады.

              Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

              Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

-         басқарудағы демократизм;

-         қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме;

-         басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;

-         басқарудың ғылымилығы;

-         басқарудағы жауапкершілік;

-         шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата  білген жөн: біріншіден, мемлекеттік қаржының, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың обьектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау.

Ұйымдастыру-басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу-бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді және шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару статиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппаратының қызметін қамтиды.

Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес обьектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субьектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субьектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару  бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында заңды екенін мойындауға тура келеді. Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

1.2 Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджменті

 

Қаржыны басқаруда дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субьектілерінің қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылы салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

              Қаржыны басқаруда кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқаруда обьектілері мен субьектілері көрінеді. Обьектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субьектілер болып табылады.

              Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар қолданып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару фкнцияларының реттеудің қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауап пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен қатар әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

              Тәжірибе көсретіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.

              Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы Министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

              Екнішіден, түсімдерді уақыты алуға жеткілікті бақылау  жасамау.

              Қаржы Министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.

              Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.

              Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімнің бірі қаржыны басқару. Нарықтық экономикаға көшекен елдерде бұл басқарудың принциптері және әдістері ХІХ-ХХ ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып «Қаржылық менеджмент» деген атқа ие болды. Жүз жылдан астам мерзімде қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтіп, көптеген өзгерістерге ұшырады.

              Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білуніу туралы әдебиеттер екі негізгі көзқарас қалыптасқан:

1.      Қаржы екі атқарымды орындайды тарату және бақылау;

2.      Қаржы үш атқарымды орындайды: табысты қалыптастыру, шығын жасау –тарату, тиімді бақылау.

Екі бағыттың ішіндегі дұрыс негізделгені екінші бағыт. Шындығында қаржыны тартпас бұрын алдыменен табысты қалыптастыру керек. Яғни ресурстарды қалыптастыру арқылы ақша қаражаттары қорын қалыптастыру  қажет.

Информация о работе Кәсіпорынның ақша қаражаттарын жетілдіру шаралары