Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:19, курсовая работа
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа - франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі.
Кіріспе
1.Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі
1.1. Франчайзингтің қалыптасуы және маңыздылығы
1.2. Франчайзингтің түрлері, дамуы және ерекшеліктері
2. Франчайзингтің экономикадағы рөліне, дамуына экономикалық талдау
2.1. Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау
2.2. Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны
3. Франчайзингтің дамуын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстандағы франчайзингті жетілдіру жолдары
Қазақстан өзінің экономикалық дамуында көптеген жетістікткерге жетті. Елімізде 16 жыл ішінде экономикалық реформалар, төңкерістер де болды. Қазіргі таңда, мемлекетімізде экономикалық өсу жылдан –жылға ұлғаюда. Мемлекетіміздің қазіргі басты бағыты – 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылу болып отыр. Әдетте, дамыған мемлекеттер тәжірибесінде, шағын және орта бизнес – экономикалық өсімнің қайнар көзі болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың бірден-бір тиімді жолы – франчайзинг. Франчайзинг - бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне өз үлесін қосады. Елімізде франчайзингті дамытуда 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заң қабылданған болатын. Осы заңмен қоса, Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызығушылық , мүдделілік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпанында Қазақстандық Франчайзингтік Ассоциациясы құрылды. Осыған қарамастан, франчайзинг Қазақстанда өз деңгейінде дамымай отыр. Сол себепті, мен болашақ экономист ретінде франчайзингің Қазақстанда қарқынды дамуына өз ұсыныстарымды айтсам деймін:
1. Қазақстандағы Франчайзинг ассоциациясының қызметін кеңейту. Қазіргі таңада ҚФА қызметі тек Алматы қаласымен шектеліп қалған сияқты, өйткені ҚФА-ның ай сайынғы көрмелері, консультация кеңестері, яғни, франчайзингті дамыту шаралары тек, Алматы мен Астанада болған екен. Осы жерде Қазақстандағы басты қалаларында кеңселері болса, франчайзингті дамыту щаралары көптеген қалаларда жүргізілсе, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына өз үлесін тигізер еді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекет тарапынан, нақтырақ айтсам, Экономика және жоспарлау министрлігі үлкен қолдау көрсетіп; экономикалық жетістікке жетуде франчайзинг тиімді құрал бола алар еді.
2. Франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамдарға, кәсіпкерлер иелеріне кредиттік жеңілдіктер беретін бағдармалар жасау. Қазір кезде кәсіпкерлер үшін банктен кредит алу ең үлкен қажеттілік болып табылады.Ал, отандық банктерден кредит алу кәіпкелерге үлкен тәуекелдікті талап етеді. Бұл кәсіпкерлер үшін қиындық тудырады.Сол себепті, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға «кредиттік жеңілдіктер» атты бағдармалар жүргізілсе, Қазақсатндағы франчайзингтің дамуына үлкен септігін тигізер еді.
3. Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінен бірінші болып, 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заң қабылдаған болатын. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі франчайзингтің дамуына ықпал жасайтынына сенімді. Бірақ, қазіргі таңда мемлекет тарапынан күткен үміттері ақталмай отыр. Әрине, франчайзинг дамуда, бірақ жоғарғы қарқында дамып жатыр деу қиын. Сол себепті, бұл жағдайға менің ұсынысым мынадай:
«Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заңға толықтырулар енгізу. Себебі, кәсәіпкелердің айтуынша, заңда еркін франчайзинг жуйесімен жұмыс істеу мүмкіндіктері толық қамтылмаған деуге болады.Сондықтан минмстрлік тарапы заңды қайта қарап, қазіргі нарықтық экономиканың барлық шарттарын орындайтындай, еркін кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын.
Осындай маңызды шаралар
франчайзингтік жүйемен
дамитын кәсіпкерлер
санын көбейтетініне
сенімдімін. Себебі,
әрбір адам немесе кәсіпорын
иесі жаңа кәсіпкерлік
ашқысы келсе немесе
кәсіпкерлігін ұлғайтқысы
келсе, мұндай жағдайда
франчайзингтік жүйені
пайдалану өте тиімді.
Франчайзингтің Қазақстандағы
болашағы – үлкен жетістіктерге
жетелейді.
Қорытынды
Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернациалдандырылуы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен байланысты. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман мақсаты франчайзингтің арқасында айналуда. Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасақан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг 21 ғасырдың ұтымды, оңтайлы іскерлік үлгісі болып табылады.
Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды шарттардың бірі болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің құралы ретінде біздің нарыққа – франчайзинг жүйесі енді. Жалпы айтқанда, франчайзинг дегеніміз – тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудың түрі, сонымен қатар, ірі және белгілі бір фирманың ұсақ кәсіп иесіне өнім сату үшін берілген лицензиясымен және оның брендімен қандай да бір қызмет көрсету. Франчайзингтік жүйеде ірі фирма (фрначайзер) ноу-хау, технологиялардың иесі, өзінің әріптесіне (франчайзи) консультациялық көмек көрсетуге мүмкіншілігі үлкен. Франчайзинг екі жаққа да тиімді, бір жағынан лицензия берушіге – франчайзерге, екінші жағынан, лицензия алушыға – франчайзиге. Себебі, лицензия үшін, консультациялық көмек үшін, сонымен қатар, сауда маркасын (франшиза) пайдалануға, франчайзи, яғни кәсіпкерлік иесі, адам франчайзерге төлем ақша (роялти) төлеп отырады. Сондықтан да, франчайзинг бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі.
Қазіргі таңда франчайзинг 70-тен астам шаруашылық салаларында қолданылады.
Франчайзинг менің көзқарасым бойынша, қазақстандық нарыққа өте оңды болып табылатын, тауар мен қызметтерді үйлестіруде және маркетингтің бірегей жүйесі. Ең алдымен, бұл жағдай сауда-саттық және әр түрлі қызмет көрсету аясына тән мазмұнында дамиды. Франчайзидің артықшылығы – олардың әріптестер репутациясы, тәжірибесі және қалыптасқан жетістілігі. Франчайзер және франчайзи, бірге жұмыс істей отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру арқылы және жіберген қателіктер төмендету шарасында бизнесте инвестиция жасап, пайда табады. Осы тұрғыдан алғанда, Франчайзинг бизнесті жүргізудің ең прогрессивті түрі болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген менің ұсыныстарым Қазақстандағы франчайзингті кең дамуына өз үлесін қоса алады. Елімізде франчайзингтің дамып,кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімді жолы – франчайзинг екенін баяндама барысында атап көрсеттім.
Франчайзингтің
Қазақстандағы болашағы
– үлкен жетістіктерге
жетелейді.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
1996 г.-231
2. Тэлман Л. Н. «Предпринимательское управление», 2004.-224б.
3. Рыкова И. В. « Франчайзинг: новые технологии, методология, договоры» Совр. Экономика и право, 2000.-224б.
4. Любушкин Н. П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособиедля вузов. – М.: «Юнити», 2000
5. Экономический рост предприятий РК. Сборник научных трудов. – Алматы: «Экономика», 2000
6. Земляков Д. Н., Макашев М. О. «Франчайзинг. Интегрирование формы организации бизнеса» , 2003 – 142б.
7. Мюррей Я. «Франчайзинг» , 2004-144б.
8. «Кешенді кәсіпкерлік лицензиятуралы» 2002 жылдың 28 маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы.
9. Амирбекова С. Франшиза для всех. «Эксперт Казахстан» 15 нөмірі, 16-29 август, 2004ж
10. Панкратов Ф., Серегина Т. К. « Коммерческая деятельность» , Маркетинг,
2000
ж - 500 б.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ
және БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университеті
Ғылыми
баяндама
Тақырыбы:
Франчайзингтің қалыптасуы,
дамуы және
болашағы
Оқытушы: Елшібаев Р.
Студент: Жеңісқызы А.
Топ: 202
Мамандығы:
Экономика
Алматы, 2007
Информация о работе Франчайзингтің экономикадағы рөліне, дамуына экономикалық талдау