Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:19, курсовая работа
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа - франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі.
Кіріспе
1.Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі
1.1. Франчайзингтің қалыптасуы және маңыздылығы
1.2. Франчайзингтің түрлері, дамуы және ерекшеліктері
2. Франчайзингтің экономикадағы рөліне, дамуына экономикалық талдау
2.1. Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау
2.2. Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны
3. Франчайзингтің дамуын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Іскерлік франчайзинг - жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда - саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады.
Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:
Мысалы, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды.
2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca - cola» және «Pepsi» компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.
3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері.
4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады.
Франчайзингтің ерекшеліктері
Франчайзингбизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:
1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2. Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер үшін артықшылықтар:
Франчайзер үшін кемшіліктер:
Франчайзи артықшылықтары:
- шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
- дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады;
- материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
-
бизнес пен менеджментті
жүргізу технологиясындағы
франчайзер көмегі.
Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:
Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
Франчайзингтің дамуына,
экономикадағы рөліне
экономикалық талдау
Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау
Қазіргі кезде франчайзинг
жүйесі арқылы шағын
және орта кәсіпкерлікті
дамыту АҚШ-та, Еуропада
жоғары дәрежеде дамуда.
Халықаралық франчайзинг
ассоциациясының деректеріне
сүйенсек, қазіргі
уақытта франчайзинг
АҚШ-та ұдайы даму үстінде.
АҚШ-та 1500
франчайзерлік
жүйеде 350000
франчайзилік шағын
және орташа сауда орындары
дамуда. Ондағы франчайзингтік
жүйе арқылы жылдық
сатудың көлемі 1,5
трлн долларды
құрайды. Саудада жұмыс
істейтін кәсіпорындардың 40% -тен
астамы франчайзингтік
жүйемен жұмыс істейді (болжам
бойынша, 2010 жылы
олардың саны 50%-ке
деін жетуі тиіс ). Саудадағы
франчайзинг жүйесі
АҚШ-тың Жалпы Ішкі Өнімінің
15%-тін береді.
Жалпы Ұлттық Өнімнің
60% астамын
шағын және орта кәсіпорындары
береді, олардың 50%
астамы франчайзингтік
жүйемен жұмыс істейді.
Басқа мемлекеттерде
де, франчайзинг айтарлықтай
дамыған, мысалға
Еуропалық Одақ мемлекеттерінде
4000-нан астам
франчайзилік жүйелер
бар, ол жерде 1,5
млн-нан астам
адам жұмыс атқарады,
ал жылдық айналымы
120 млрд. доллардан
асады.
Әлемдегі
франчайзингтің қолдану
көрсеткіштері
Мемлекет |
Франчайзингті
қолдануды бастаған жыл |
Басты фирмалардың саны (франчайзерлер) | Кәсіпкерлердің
саны (франчайзи) |
Сату көлемі(млн.доллар США) |
Австралия | 1989 | 230 | 1033 | - |
Австрия | 1988 | 30 | 1360 | - |
Бельгия | 1987 | 77 | 4045 | 2,0 |
Канада | 1993 | 1000 | 45000 | 38,4 |
Дания | 1989 | 60 | 500 | 3,31 |
Франция | 1990 | 675 | 29698 | 10,0 |
Ресей | 1994 | 180 | 9000 | 3,38 |
Италия | 1994 | 197 | 11560 | 2,10 |
Япония | 1995 | 812 | 122450 | 32,7 |
Голландия | 1988 | 244 | 8252 | 3,6 |
Норвегия | 1989 | 120 | 850 | 0,3 |
Испания | 1990 | 215 | 20000 | - |
Швеция | 1993 | 60 | 1000 | 1,5 |
Ұлыбритания | 1994 | 385 | 19800 | 5,5 |
Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарап, франчайзингтің бизнесті жүргізудің тиімді түрі екенін көруге болады.
АҚШ,
Канада, Ұлыбритания
сияқты елдердің бюджетінің
үшке жуық бөлігін
ШОБ атқарушы франчайзингтік
компаниялар қамтамасыз
етуде. Жақын арада Халықаралық
франчайзинг саласы
осыған дейінгі қарқыннан
да жоғары деңгейде
дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер
шетелдерде, сонымен
қатар, Қазақстанда
әлеуетті франчайзилерді
іздестіруде, ал, көптеген
жеке тұлғалар мен фирмалар
өздеріне белсенді түрде
басқа елдерден әйгілі
компаниялардың лицензиясы
мен құқықтарын, олардың
қаржылық демеушілігінің
арқасында, өндіріс
пен қызмет көрсету
технологиясын игеру
кезінде пайдалы бизнес
құру үшін франчайзерлерді
іздестіруде.
Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны
Қазақстан экономикасындағы бизнесті ұйымдастырудың жаңа үлгісі ретінде ретінде енген жаңалық франчайзинг болды. Бұл үлгіні алғашында «АлматыҚұс» компаниясы, «Сеймар» компаниясы қолданды. Қазіргі таңда,
«АлматыҚұс», «Сеймар» компаниялары франчайзинг шарасын үйлестіру нәтижесіндегі шағын кәсіпкерлердің таза табысы жылына 30 мың долларды құрайды.
Франчайзинг жүз жылдам астам уақыттан бері дамыған елдерде қолданылып келеді және өзін бизнесті жүргізудің тиімді жүйе-тәсілі ретінде таныта білді.
Қазақстан Республикасындағы франчайзингті іс жүзіне жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, 2002 жылдың 24 маусымындағы қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік лицензиясы ( франчайзинг) туралы» заң реттейді. Осы заңмен қоса, Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызғушылық, мүдделілік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпанында Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясы құрылды. Ассоциацияның негізгі міндеті – франчайзингке байланысты шұғыл ақпаратпен, сонымен қатар, франшизаны іздеу саласында кеңестік және әдістемелік көмек көрсету, ассоциациясы мүшелерінің мүдделерін сан түрлі халықаралық және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда таныту және құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстандық Франчайзинг Ассоциацияның рөлі – Қазақстанда франчайзингтің дамуын қамтамасыз ету. Ассоциацияның мүшелері – франчайзинг жүйесімен қызмет атқаратын кәсіпорындар мен компаниялар.
Франчайзинг Ассоциациясының партнерлары:
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары франчайзинг Қазақстанда да жоғары қарқынмен дамуда. 2004жылға дейін Қазақстанда негізінен 25 франчайзингтік концепциялар пайда болса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге жетті. Сонымен қатар, Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінде бірінші болып, 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» заңын қабылдаған болатын. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі франчайзингтің жоғары дәрежеде дамуына ықпал жасайтынынасенімді. Қазақстан мемлекетінің үкіметі франчайзингтік жүйенің дамуын қолдайды, себебі,бұл жүйе негізінен шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының бір формасы болғандықтан, ал шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан үкіметінің соңғы жылдардағы бірден-бір стратегиясы.
Қазіргі кезде өзінде Қазақстандағы франчайзингті пайдалану сферасы алуан түрлі. Мысалы, ққоғамдық тамақтандырусферасында - «Rostics», қызмет көрсету «1:С Франчайзинг», оқыту – «Ef English First»,өндіріс сферасында - «Tiffani marble» және тағы басқа . Бұл кәсіпкерліктердің барлығы шетелдік сауда маркалары арқылы жұмыс атқарады, сонымен қатар, біздің өзіміздің Ұлттық өндірушілеріміз франчайзингтік жүйе арқылы өздерінің кәсіпкерліктерін ұлғайтуға сенімді және де осы бағытта жұмыс істеуде, олардың ішінде «UMEX» жылжымайтын мүлік агенттігі, «HOLDING SPACE» жиһаз өндіру және «Сеймар» азық-түлік кәсіпкерліктері. Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы уақытта франчайзингті қолдайтын әр түрлі мекемелер бар, олардың арасында заң фирмалары «Майл Уотсан» фирмасы, консалтингтік агенттіктер «Бизнес консалт агенттігі», банк мекемелері «АТФ Банк» және тағы басқа. Мысалға, Қазақстанның франчайзинг ассоциациясы «АТФ Банктің» қолдауымен, франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлік пен айналысамын деген адамдарға, кәсіпорын иелеріне кредиттік жеңілдіктер жасайды, сондай-ақ банктің Қазқстандағы франчайзингтің дамуына ықпал жасайтын әр түрлі жеңілдіктерберетін программалар жасауда.
2005 жылы Алматыда өткен «Товаары и услуги для бизнеса - 2005» көрмесінде адамдардың франчайзингке деген көзқарасының өзгергендігін көрсетті.
Осындай маңызды шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын кәсіпкерлердің санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе кәсіпорын иесі, жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе, кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе, мұндай жағдайда франчайзинлтік жүйені пайдалану өте тиімді. Сондықтан, соңғы жылдардағы мәліметтерге жүгінсем, франчайзингтің Қазақстандағы даму болашағы зор болып көрінеді.
Информация о работе Франчайзингтің экономикадағы рөліне, дамуына экономикалық талдау