Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа
Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.
2. АӨК-ін мемлекеттік
басқару атқарымдарына мына
Аграрлық өндірісте шаруашылық жүргізу механизмдерін тиімді және объективті бағалау үшін мына төмендегі нәтижелі экономикалық көрсеткіштер ұсынылады: кәсіпорын мүлкінің (активтерінің), айналымнан тыс активтерінің, инвестициялардың, меншік капиталының, сатылған өнімнің, қарызға алған қаражаттарының, жиынтық пайдаланатын капиталының (капитал салуының) рентабельділігі; төлемқабілеттілігі; еңбек өнімділігі; қаржылық тұрақтылық; өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру.
Аграрлық өнеркәсіп
өндірісін басқару барысында,
болжамдар дайындауға, жалпы жоғарыдағы
бағдарламалардың орындалуын
3. Бәсекеге қабілеті
бар аграрлық өндіріс
Аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі интенсивті технологиялар және жоғары білікті еңбек негізінде өзіне өндіріс, жоғары сапалы өнімді қайта өңдеу сияқты бағыттарды үйлестіруі керек.
4. Ауыл шаруашылық
құрылымдарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының
ресурстық әлеуетін пайдалану
барысында әр түрлі әдістер
қолданылады, олар жекелеген
Ресурстық әлеуеттерді, бәсекелестік өнімдер мен азық-түліктерді ұтымды пайдалану үшін орта және ірі кәсіпорындар және олардың бірлестіктерін кооперация, интеграция және мамандандыру негізінде құру ұсынылады.
5. Агроөнеркәсіптік кешенді
дамытудың негізгі бағыттары
деп мыналарды санауға болады:
өнімдер мен азық-түліктердің
бәсекеге қабілеттілігін
Ресурсты үнемдеу
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен оны қайта өңдеушілер арасындағы экономикалық өзара қатынастарын жетілдіру тереңдете қайта өңдеу ауқымын көбейтуге мүмкіндік береді және шеттен әкелуді елеулі қысқартады; тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі кластерлік құрылымдар қалыптастыру негізінде 1,4 есеге дейін артады.
6. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан аграрлық саласының экономикасын мемлекеттік басқару аясында мынадай бағыттарды ұсыну қажет:
- азық-түлікпен қамтамасыз
ету жүйесін кешенді түрде
қарастыру керек: тұтыну, өндіру
және тауарларын үлестіру
- ДСҰ-ға кіру кезінде есте ұстау керек: ағымдағы шот бойынша баланстың қалдығын (сальдо), табыс балансын, төлем балансын; мемлекеттік емес сектордың сыртқы қарызын; негізгі шығыстар бойынша экономикалық ысырапты; еңбек ресурстарының қалдығын.
- экономиканың жаһандануы барысында мемлекеттік механизмнің қазіргі әдіснамасы экономика-математикалық үлгілерін, олардың бағдарламалық іске асыру құралдарын (жалпылама және жекелеген тепе-теңдіктің талдамалы және болжамды есептерін (үлгілерін) қамтамасыз ететін), арнайы қорғау механизмдерін, қолданыстағы және ең төменгі деректер алу туралы ережені, ерекше және сараланған тәсілдемелерді, базалық және имплементациялық кезеңін пайдалануды топшылайды.
7. Агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілетінің деңгейіне байланысты бірнеше бағытта беру ұсынылады: азық-түлікті сыртқа шығаруға бағдарланған және тамақ өнімдерін өндіруді сыртқы рыноктарда сату үшін жүргізетін; әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеті бар өнім түрлерін өндіру үшін өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті бар; ішкі рынокта халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған.
Мемлекеттік қаржылық қолдау төмендегідей негізгі бағыттарды қамтуы керек: индустриаландыру, инфрақұрылымдарды дамыту, ұлттық бәсекелік артықшылықтар, рынокты мемлекеттік реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
8. Бәсекеге қабілетті
ауыл шаруашылығы өнімдерін
Салық жүйесін құруда мынадай негізгі принциптерді пайдалану керек: салықтарды үйлестіру теңдей болуы тиіс, салық төлеушіге ықпал жасау - ең төменгі дәрежеде; әр түрлі жеңілдіктерді ең аз шегіне келтіру; салық жүйесі анық және қарапайым болуы керек.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден сатып алатын ауыл шаруашылығы шикізаттарының құнының, зерттеулер көрсетіп отырғандай, елеулі бөлігін дайын өнімдер құрайды: өсімдік жән мал шаруашылығының негізгі өнімдері бойынша - 90%-дан жоғары. Осыған байланысты, ҚҚС-ын 10%-ға дейін төмендету ұсынылады, ол есептеген салықтар көлемін 12,4 млрд.теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді.
9. Агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық қамтамасыз ету:
Экономикалық тиімділікті талдау үшін кешенді көрсеткіштер жүйесін пайдалану қажет: инвестициялардың бір бірлігіне келетін қосымша табыс (өнім түрінде), инвестициялардың бір бірлігіне есептегенде өнім бірлігінің өзіндік құнының төмендеуі, инвестициялар бірлігіне есептегенде таза табыстың жоғарылауы, инвестициялардың қайтарым мерзімі.
Инвестициялау барысында оның (инвестициялаудың) тәсілдерін анықтау керек: несиелендіру, мемлекеттік қаржыландыру, стратегиялық инвестициялар, халықаралық капитал. Осы тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеру қажет.
Аграрлық саладағы инвестициялық механизмдерді мына принциптерді сақтай отырып, іске асыру керек: орталықсыздандыруды, меншікті қаражаттар үлесін көбейту, мемлекеттік инвестицияларды өндірістік мақсаттарға орналастыру, орталықтандырылған күрделі салымдардың қайтарылымы, бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру, ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуына мемлекеттік бақылау, шетелдік инвестициялар салуды ынталандыру.
10. Есептеулер көрсетіп отырғандай, өндірісті тиімді дамыту үшін негізгі капиталға инвестициялар көлемін 2007-2010 жж. 2006 жылмен салыстырғанда 3,2 есе көбейту керек, оның ішінде негізгі капиталға – 7,4 есе, қаржылық емес активтерге – 2,5 есе. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталын инвестициялау құрылымында амортизациялық аударымдар үлесін 25%-ға дейін, бөлінбейтін табыс - 40%-ға дейін, сырттан тартылған қаражаттар үлесін - 35%-ға дейін арттыру ұсынылады.
Зерттеулер көрсеткендей, өсімдік және мал шаруашылығында өндірістік процестерді жүргізу үшін 850 млрд.теңге (барлық көздерден) бөлу керек, о.і. трактор паркін қалыптастыруға – 650 млрд.теңге, өндірістік құрылыстар мен ғимараттарға – 250 млрд.теңге инвестицияларды көбейту өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді – пайда көбейеді және рентабельділік деңгейі жоғарылайды.
11. Экономикалық қатынастар тепе-теңдігіне екі түсінікті кіргізу мақсатқа сай келеді: тепе-тең (тең салмақты) және салыстырмалы. Тепе-тең немесе тең салмақты экономикалық қатынастарды паритетті салааралық қатынастар деп түсіну керек. Мұнда рентабельділік нормасы халық шаруашылығы бойынша орташа нормамен тоқайласады (совпадает), ауыл шаруашалығындағы еңбек ақы еңбектің салыстырмалы интенсивтігіне және күрделігіне түзетулерден кейінгі орташа еңбек ақыға тең, қолданылып жүрген амортизация нормасы халық шаруашылық нормативтеріне сәйкес келеді.
Салыстырмалы тепе-теңдік (паритет) – салааралық қатынастар жағдайы. Мұнда ауыл шаруашылығындағы капиталдың табыстылығы, еңбек ақы халық шаруашылығындағы орташа еңбек ақыдан төмен, дегенмен бұл ауытқу кеңейтілген ұдайы өндіріске кедергі жасамайды.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ
БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН
1. Монография: «Менеджмент
в агропромышленном
Казахстана: Опыт и перспективы» Алматы-2005,с.236, усл.печ.л.13,0.
а) Халықаралық ғылыми-практикалық материалдары:
№ 11.с.108 – 111.
б) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған Қазақстан Республикасының арнаулы ғылыми журналдар мен мерзімдік баспалардағы жарияланымдар:
8 . Нурманов А.А. Государственное управление экономического
комплекса в условиях рынка
//Қаржы-қаражат. Финансы
Казахстана, 2006, №3-4. с.12-15.
9 . Нурманов А.А. Совершенствование государственной финансовой
поддержки аграрного сектора экономики Казахстана в условиях ВТО,
2005, №4, Каз ЭУ Хабаршысы.с.286-289.
производства Алматинской
Казахстана, – 2006г.№2. с.78-82.