Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа
Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.
бәсекеге қабілетті, ДСҰ-дың талаптарына жауап бере алатын ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіруге бағытталған мемлекеттік қаржылық қолдауды жетілдіру бойынша рекомендациялар.
Өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған салықтық жүйені жетілдіруді ескере отырып, аграрлық саланы жүйелі мемлекеттік басқарудың принциптері құрастырылған:
- экономиканы мемлекеттік
басқарудың негізгі бағыты
- өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында және экономикалық қауіпсіздікті нығайту үшін аграрлық өндірістегі салық салудың тәжірибесі және оның шет елдердегі үлгілері жинақталған;
Бәсекеге қабілетті
аграрлық сала жағдайында
- баға механизмін қалыптастыру;
- басқарудағы сақтандыру;
- негізгі ауыл шаруашылығы
өнімдері мен азық-түлік
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
Бәсекеге қабілетті басқарудың теориясын, методикасы мен тәжірибесін кешенді зерттеу негізінде экономиканың жаһандануы барысында бәсекелестік қабілеті бар өндірісті қалыптастырудың тұжырымдамасы;
- жаһандану жағдайында
бәсекелестік қабілеті бар
- аграрлық экономиканың
ресурстық әлеуетін тиімді
- АӨК-нің кәсіпорындары
мен ұйымдары және
- тамақтық азық-түліктердің бәсекелестік қабілетінің әлемдік стандарттар талабын ескере отырып, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қаржылық қолдауға кешенді тәсілдемелер;
- ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелестік қабілеті бар өнімдер мен азық-түліктер өндірудегі қаржы-несие механизм стратегиясы;
- өнімдер мен азық-түліктерге салық салуды жетілдіру мен бәсекеге қабілетті аграрлық өндірістің баға механизмін қалыптастыруға қаржылық ресурстардың тиімділігі;
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы:
Жүргізілген зерттеу нәтижелері:
жауапкершілігін нығайтуға және тиімділігін арттыруға жағдай
жасайды.
Осы нәтижелердің практикада жүзеге асырылуы елдің экономикалық қарқынының өсуі мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына әрі тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін іске асыру.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми- практикалық конференцияларда талқыланды және мерзімдік басылымдарда (6 мақала шетелдік басылымдарда Москва, Бішкек ққ.) жалпы көлемі 38,9 б.т. 31 ғылыми мақала жарияланды. Ізденуші: Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін басқарудың озық үлгілеріне талдау жасап, әрі ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды жетілдіру механизмдері бағытында ұсыныстар әзірледі.
Диссертацияның нәтижелері ғылыми - практикалық конференцияларда талқыланып, мақалалар баспасөз бетінде жарық көрді. Автордың жеке ұсыныстары мен маңызды пікірлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК дамыту стратегиясы және аграрлық ғылым департаментінде, Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасында, Алматы облыстық ауыл шаруашылық департаментінде, Алматы облысы Қарасай ауданында, Қазақ Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институтында, Алматы Технологиялық Университетінде, Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқарудың озық үлгілерінің жобасына енгізіп өндірісте қолдау тапты, әрі қолдануға болатын негіз жетерлік.
Жұмыстың негізгі ережелерін сынақтан өткізу. Диссертациялық жұмыс «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік өндірістің экономикалық даму механизмін дайындау» бағдарламасымен байланыста жүргізілген. Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық жоғарғы оқу орындарында өткізілген ғылыми практикалық конференцияларда, соның ішінде: «Қазақстанның экономикасындағы аграрлық секторды мемлекеттік қаржылық қолдаудың ерекшелігі. Государственная независимость РК: вопросы политического, правового и социально-экономического обеспечения» ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы,2006),
«Совершенствование
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертация тақырыбы бойынша 1 монография, 31 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі – 38,9 баспа табақты құрады.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 41 кесте, 17 сүрет, 3 сызба-нұсқадан (тәсімдерден) тұрады.
Негізгі бөлім
Агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық басқару қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері.
Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегенде қаржылық-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, салаларды үйлесімді дамыту, халықтың әл-ауқатын жоғарылатуды түсіну керек.
Оларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына әр жылғы дәстүрлі Жолдауларында көп көңіл бөліп келеді. Атап айтсақ, Жолдауында (06.02.2008 жыл) ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өсіп келе жатқанына қарамастан, бұл саланың өте пайдалы екеніне, сондықтан оған инвестиция тарту керек екеніне тоқталды. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде қолдау көрсетіп, оның тиімділігін жоғарылатуға одан әрі шаралар қабылдауды тапсырды.
Тиімділік – адамдардың мұқтаждары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамның ресурстарын барынша жақсы пайдалану, яғни экономика бір адамның экономикалық жағдайын жақсарту екінші біреудің жағдайын нашарлатпай жүргізгенде ғана тиімді болады.
Қандай да болсын өндірісті үш құрамдас бөліктен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады: ресурстар, өндіріс процесі және өнімдер.
Өндірістік жүйелерді
қарастырғанда олардың екі
Ресурстар құрамында материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарын бөліп көрсетуге болады. Осыдан барып өндіріс жүйесін мына төмендегі 1-сурет арқылы ұсынамыз.
1-сурет – Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс процесінің сызбанұсқасы
Ескерту – зерттеу негізінде автор құрастырған
Басқару тұрғысынан алғанда басқарылатын жүйенің элементтерінің ең сапалы белгісі (нышаны) оның «қозғалғыштығы», өзгергіштік дәрежесі және әсер етуге болатын қабілеті. Соның арқасында жүйеде негізгі және айналым (матариалдар, еңбек заттары, дайын өнімдер) қорларын бөліп көрсетеді.
Негізгі қорлар өндірістік жүйенің бір бөлігі ретінде тұрақтылыққа ие, басқаратын іс-әрекеттерге азырақ көнеді: олардың жүктелімі мен пайдалануы үлкен немесе төмен дәрежеде болуы мүмкін.
Айналым қорлары, керісінше, өндірістік жүйенің ең жылжымалы бөлігі және адамдармен біріге отырып өндірісті оперативті басқарудың негізгі объектісі болып саналады. Олар өздерінің жағдайын кеңістікте де және уақыт аралығында да өзгерте алады, өндірістің қозғалғыш элементін құрады.
Экономиканы ұйымдастыруда принципті екі көзқарасты бөліп көрсету керк: көптеген экономикалық шешімдер мемлекеттік деңгейде қабылданып, сатылы түрде төменгі жаққа беріледі, шешімдер нарықтық категориялармен анықталады. Нарықтық экономика - өндіріс және тұтыну шешімдердің көпшілігі жеке адамдармен және жеке компаниялармен қабылданатын экономика. Ресурстар – бұл өндіріс процесінде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер, жер олардың факторы, кеңейтіп айтатын болсақ табиғи ресурстар, еңбек пен капиталдар да өндіріс факторлары болып саналады.
Өндірісті басқарудың негізгі
мақсаты – кәсіпорындардың
Осы заманға сәйкес нарықтық экономиканы ұйымдастыру барысында мемлекет қызметіне өте қажетті көңіл бөлінеді, ол мемлекеттік шығындардың өсуімен, коғамның экономикалық өмірін мемлекеттің тікелей реттеуінің елеулі кеңейіп отырғанымен көрініс тауып отыр. Өндіріс құралдарын қоғамдастыру процесінің тереңдеуімен мемлекеттің экономиканы реттеу жұмыстарына араласу қажеттілігі туындайды. Сондықтан, мемлекет ел экономикасын басқару атқарымын орындаушы ұйымға айналады. Мемлекеттің экономикалық ролі оның шаруашылық-ұйымдық қызметінде іске асады:
- кеңейтілген ұдайы өндіріс процесін реттеуде;
- материалдық өндірістің,
күрделі салымдардың және
- экономика салаларының
даму бағыттарын және өсу
- ұлттық табысты мемлекеттік бюджет арқылы бөлуде, қайта бөлуде және пайдалануда;
- елдің халықаралық
экономикалық ынтымақтастыққа
- сыртқы сауда мен
валюталық қатынастарын
- қажетті кадр саясатын жүргізуде және жұмыс күші рыногын реттеуде;
- еңбек, технологиялық
және шарт тәртіптерінің
Аралас экономиканың жұмыс істеуі мемлекеттік, нарықтық реттеулермен іске асырылады. Оның ішкі мазмұны мемлекеттік араласу болып табылады, ол өндірістік емес сипатта бола алмайды. Бәсекелік қабілеті бар рынок мемлекеттің іс-әрекеттеріне өзінің талаптарын қоя алады, мемлекет әрекетін шектеп отырады. Мемлекеттің араласуы заңды түрде рәсімделген және логикалық тәртіпке келтірілген, елдің дамуына белсенді әсер ете алатын жүйе болып саналады.
Мемлекеттік араласудың экономикалық негізі мемлекеттік сектор.Ол
нарықтық механизмге өзінің шығындары, салық салу, реттеу мен мемлекеттік кәсіпкерлік арқылы іс-әрекет көрсетеді.
Оның қарамағында ұдайы өндірісті әлемдік экономика деңгейінде реттей алатын экономикалық әдістері бар. Неғұрлым әлемдік агрошаруашылықтарға бірігу терең болса, солғұрлым олар мәндірек және тиімдірек: сыртқы сауда саясаты, экспорттық ағымдарды лицензиялау, кедендік салық салу, шеттен әкелуді шектеудің тарифсіз әдістері, капиталдардың халықаралық қозғалысы.
Басқарудың жаһандануы әлемдік шаруашылықтардың қазіргі кезеңдегі дамуынан елеуді жедел жүреді: қоршаған ортаға бағдар, тиімділіктің басымдығы, рыноктардың бірігуі, ғылыми-техникалық жетістіктер, факторларының өсуі, құрылымдық реттеу, адам ресурстарын басқару. Ол мемлекет пен планетарлық ақпараттық кеңістіктегі құрылымдар, капиталдардың әлемдік рыноктары, тауарлар және жұмыс күші, табиғи ортаға техникалық әсер етудегі интернационалдық проблемалары арасындағы өзара байланыстар мен өзара байланыстылықтардың кеңею және күделену процестерімен көрініс табады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері болып: халықты ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындалған азық-түлікпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында аграрлық өндіріске жәрдемдесу, экспорттық әлеует қалыптастыру, ауылды әлеуметтік тұрғыдан дамыту және ауыл халқын жұмыспен қамту, ең соңында республиканың бүкіл экономикасын тұрақтандыру.