Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа
Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.
Экономиканың өсуі елеулі дәрежеде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті шетке шығару және шеттен әкелумен анықталады.
Салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы экономикалық теорияның тұжырымдамасы болып табылады, ол өндіріс факторларын барынша көп пайдалануға негізделеді.
Бай шикізат ресурстарының өзі экономикалық даму мен қоғамның хал-ахуалының жоғары болуына кепіл бола алмайды, себебі қоғамда экономикалық сілкіністер болып тұрады, адам капиталының даму деңгейі төмен, сондай-ақ әлемдік экспорттық құрылым дайын тауарлардың (2006ж) 87%-ын және шикізаттардың 13%-ын қамтиды.
Қазақстан экономикасында шикізаттық бағытталу басым, оның үстіне жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылық бар, әлемдік экономикаға ілесуі де елеулі емес, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы дамымаған.
Республиканың аграрлық секторындағы ахуал тұрақсыздықпен және бәсекелестік қабілетінің төмендігімен сипатталады. Тұрақты даму стратегиясын дайындау экономика, экология және әлеуметтік салалардағы жоспарлар мен бағдарламаларды үйлестіруге негізделуі тиіс. Жалпы алғанда, Қазақстанда тұрақты даму стандарттарына өтудің бірқатар алғышарттары бар: жоғары ғылыми-техникалық, білім беру, интеллектуалды (зияткерлік), көп компонентті, табиғи-ресурстық және экономикалық әлеуеттер бар, оларды тиімді пайдалану, ұсынылған бағыттарды іс жүзіне асырумен үйлестіре жүргізсе ғаламдық процестерге жап-жақсы бірігуге және тұрақты дамуға шығуға мүмкіндік береді. Бәсекелестік қабілетті саралау критерийлері бойынша (2006ж.) (халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіру) Қазақстан әлі де болса төменгі топқа жеткен жоқ (3700 АҚШ долл.).
Бәсекелестік орта ішкі және сыртқы рыноктарда қалыптасатын болғандықтан мына төмендегі факторлар ескеріледі: бәсекелестік, қарсыластар, потенциалды бәсекешілердің, жеткізіп берушілер мен сатып алушылардың ауыстырушы – тауарларының (орнына қоюшы – тауарларының) әсері.
Өнімдердің бәсекелестік қабілеті елеулі дәрежеде өнімдердің өзіндік құнынан тәуелді болады, оны төмендету ресурс сақтау технологияларды пайдалануға байланысты.
Тиімділікті кешенді бағалау өндірістік күштердің болуынан, оны пайдалануға және жағдайын көрсететін факторларды қамтиды: өндірістік қатынастар (шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі), табиғи жағдайлар және өндірістің мерзімділігі.
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау
Талдау жұмыстары
Қазақстаның жалпы көлемінде (2002-2007жылғы І жарты жылдықта) Солтүстік өңір 68,2% - астық, 45,5% - сүт, 53,1% - сиыр етін өндіреді. Шығындар көлемі – 75,1%, сатылған ауыл шаруашылығы өнімдері – 73,3%, пайда – 80,8% (1-кесте).
1-кесте. Қазақстан
өңірлері бойынша ауыл
Көрсеткіш |
Өңір | ||||
солтүстік |
батыс |
орталық |
оңтүстік |
шығыс | |
Өңірлік өнім өндірісі |
41,2 |
11,3 |
5,5 |
33,4 |
8,7 |
Өңірлік жалпы өнім көлемінен ауыл шаруашылығының сыбаға салмағы |
24,9 |
3,6 |
5,4 |
20,3 |
13,1 |
астық |
67,9 |
10,1 |
4,4 |
11,5 |
6,1 |
картоп, көкөніс, бақша |
19,1 |
8,5 |
12,3 |
49,1 |
11,0 |
қант қызылшасы |
- |
- |
- |
100 |
- |
мақта |
- |
- |
- |
100 |
- |
майлы өсімдіктер |
29,6 |
- |
- |
- |
70,4 |
жеміс жидек |
- |
3,8 |
- |
91,3 |
4,9 |
сүт |
46,6 |
5,4 |
7,6 |
26,5 |
13,9 |
сиыр еті |
56,1 |
14,5 |
6,9 |
13,1 |
9,4 |
қой еті |
6,6 |
25,9 |
8,8 |
39,9 |
18,8 |
Ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жер |
24 |
29 |
13 |
24 |
10 |
о.і. айдалатын жер |
63 |
12 |
6 |
11 |
8 |
жайылым |
17 |
32 |
14 |
27 |
10 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру шығындары |
73,8 |
5,1 |
4,5 |
13,9 |
2,7 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату |
72,5 |
5,9 |
3,5 |
16,1 |
2,0 |
Пайда (зиян) |
81,1 |
4,5 |
7,3 |
6,0 |
1,1 |
1 теңге жалпы өнім шығындары (теңге) |
0,25 |
0,09 |
0,08 |
0,04 |
0,03 |
Ескерту – ҚР статистика бойынша Агенттігінің материалдарынан автордың есептеуі. |
Ауылдағы халықтың жан басына өндірелетін ет деңгейі Солтүстік өңірде орташа республикалық деңгейден 70,3%-ға жоғары, Батыс өңірде ет – 96,0%-ға, сүт өндіру деңгейі 90,8%-ға, астық – 4 есеге жоғары.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі Солтүстік өңір бойынша 55,4%, Батыста – 29,7%, Орталық өңірде – 54,5%, Оңтүстік өңірде – 10,8%, Шығыста – 30,1%. Ал Қазақстан бойынша орташа – 30,1%, оның ішінде астық өндіру рентабельділігі, тиісінше, - 58,3; 38,3; 58,2; 28,3; 22,9, мал шаруашылығында – 0,8; 10,0; 16,2; 6,1; 25,4%.
Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару, болжамдар дайындауда, қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан өңірлерінің аймақтық ерекшеліктерін ескеру керек. АӨК – іауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату салаларының жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ бұл кешенге оны қазіргі заманға сай техникамен, технологиялық жабдықтармен және т.б. қамтамасыз ететін ілеспелі өндірістер мен қызмет салалары кіреді. Өндірісті ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар дайындау да осы кешеннің іс-қимылына тұрақты әсер етеді.
Осы және басқа да проблемаларды шешу үшін жоғарыдағы қабылданған өңірлер (5 экономикалық өңір) мен аймақтарды, олардың өзіндік ерекшеліктерін, күшті және нашар жақтарын жақсы білу керек.
Су шаруашылықтары ұйымдарының бағалауы бойынша суғару жүйелерін жыл сайын жөндеуден өткізу үшін 1 млрд. теңге қажет екен. Ал біздің есебіміз бойынша шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайларының нашарлауы есебінен 5,4 млн га айдалатын жерге егін егілмейді.
Егістік жерлердегі теріс өзгерістер өндіріс интенсивтігінің қысқару аясында жүруде (минерал тыңайтқыштар 1991 жылғы деңгейден 2,2% енгізіледі, ал органикалық тыңайтқыштар – 4,8%).
Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердегі қара шірінді мөлшері 20-30%-ға төмендеген. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қара шіріндінің 1,0%-ға төмендеуі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 5-6%-ға қысқартады. Оның жоғалуынан әр жылы экономикалық зиян 2,5 млн теңгеге бағаланады.
Тұқым шаруашылығы жүйесі тиісті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділіктері төмен. Қазіргі кезде тұқым шаруашылығының үш звеносынан (алғашқы, элиталық, жалпылама) сақталғаны – алғашқы және элиталық тұқым шаруашылықтары.
Азық-түлік тауарларын шеттен әкелу азық-түлік қауіпсіздігі үшін ұсынылған шегінен асып кетті, олар барлық тұтынатын өнімдердің бес бөлігін құрап отыр. Қаймақ майы шеттен әкелу үлесі – 40,7%, шұжық бұйымдары – 25,9, ет және ет өсімдік консервілері – 52,1, жеміс консервілері – 70,7%.
Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және басқа шаруашылық жүргізу субъектері - агроөнеркәсіптік өндірісі ресурстық әлеуетін тиімсіз пайдаланады.
Экономикалық бірігу өнідірістік-техникалық байланыстардың кеңеюімн және тереңдеуімен ресурстарды бірлесіп пайдалану, капиталдарын біріктіру экономикалық қызметке оңтайлы жағдай туғызумен ғана көрініс тауып отыр. Ол өнімділіктің өсуін жеделдететін және өндірістік қатынастарды жетілдіруге жағдай туғызатын шаруашылық субъектілерінің қарамағына құралдарды беру (соңғы нәтижеге жету үшін) өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру формасын көрсетеді.
Басқа бір құрылыммен біріккен шаруашылық субъекті экономикалық және қаржылық тұрақталыққа қол жеткізеді, қосымша пайда алады. Бәсеке және экономикалық жағдайының тұрақтылығы кәсіпорындардың дамытуына қажетті жағдай, ал интеграция (бірігу) – экономиканың орнықтылық кепілі. Компаниялардың сатылас және деңгейлес бірігулерін бөліп көрсетуге болады.
Сатылас интеграция - өндірістік және ұйымдық бірлестік, кәсіпорындардың қосымды, қоғамдасуы (кооперация), өзара іс-әрекеттерін біріктіру. Өндірісте, сатуда, соңғы бірыңғай азық-түліктерін тұтынуда бәрі бірдей қатынасады (материалдар жеткізіп берушілер, тораптар мен бөлшектер дайындаушылар, соңғы бұйымдарды жинастырушылар, сатушылар мен тұтынушылар).
Деңгейлес интеграция – кәсіпорындардың бірлестігі, олардың арасындағы іс-әрекеттерді жолға қою («деңгей бойынша»). Мұнда біркелкі өнім өндіретін және ұқсас технологиялар қолданатын кәсіпорындардың бірлескен қызметі ескерілуі тиіс. Жалпы алғанда деңгейлес бірігу еңбектің бөліну процесін, өндірісті мамандандыруды тереңдету және шаруашылықаралық технологиялық байланыстарды дамыту болып табылады, ол өндірістің шоғырлануымен бірге жүреді. Нарықтық экономикада мұндай интеграцияны ауыл шаруашылығы өндірісін орталықтандыру процесі деп түсінеді, ірі кәсіпорындар шағындарын өз қол астына «алып алады» немесе олардың қызметін толық бақылап отырады.
Халықтың төлем қабілетінің
төмендеуі азық-түлік
Осыған байланысты бәсекелестік қабілетті жоғарылатуға бағытталған шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерін дайындау және оны аграрлық салада іске асыру талап етіледі.
Шаруашылықаралық
Астық өндірісін мақсатқа сәйкес дамыту, есептеулер көрсетіп отырғандай, республиканың ішкі қажеттіліктерін астық және астық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Астықты тұрақты дайындауды 5500 мың тонна деңгейінде орнықтыру қарастырылып отыр.
Республикада астық қорын ішкі жылдық тұтынудан 10-12% мөлшерінде құру мақсатқа сай келеді, ол өнімділік төмен болған жылдардағы алынбаған жалпы өнімдер орнын толтырады. Оны ішкі және сыртқы рыноктар жағдайында, 2007 жылдағыдай пайдалануға болады.
Ет өндіру мен пайдаланудың есепті балансы (тепе-теңдігі) оны шеттен әкелуді қысқарту мүмкіндігін көрсетіп отыр, оны тұтыну үлесі 3,4%-ға дейін қысқарады. Бұл АҚШ-тан әкелінетін тауықтарды қысқарту есебінен жүреді (58,8 мың тоннадан 20 мың тоннаға дейін). Бұл кезде Ресейден әкелінетін еттен қайта өңделген азық-түліктің мөлшері өзгертілмейді (шұжық заттары мен консервілер). Отандық тауарды қолдау үшін және ішкі рынокты шеттен әкелінетін тауарлардан қорғау үшін демпингіге қарсы тарифтер енгізу ұсынылады.
Етті шетке шығаруды көбейту қарастырылып отыр. Егер 2005 ж. ол 1,0 мың тонна болса (өндірістің 0,1%-ы), 2010 ж. – 16 мың тоннаға дейін өседі яғни 1,7%-ды құрады. Сыртқа шығару тауарлары қатарында сиыр, қой, шошқа еттері мен тірі мал болуы мүмкін.
Алдағы болашақта халық санының өсуі мен оның ет пен ет өнімдеріне тұтыну сұранымының жоғарылауына байланысты етті қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын тиімдірек пайдалану керек.
2010 жылға олардың қуаттарын
пайдалану коэффициенті 73,7%-ға дейін
артуы мүмкін (жұмыс істемей тұрған
кәсіпорындарды қайта
Қайта өңдеу өнеркәсібін
дамыту үшін 2006-2010 жж. 70 млрд. теңгедей
бюджеттік ресурстар
Республика тамақ өнеркәсібін жабдықтарды жаңғырту, пайдалану коэффициентін өсіру есебінен дамыту ұсынылады, ол өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, олар шеттен әкелінетін өнімдердің орнын толтырады (алмастыра алады). Тамақ өнеркәсібінің өнімдері 1,4 есеге артады және 500 мдрд. теңгеге жетеді. Осы бағытта кластерлік құрылымдар қалыптастыру үлкен роль ойнайды.