Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 14:37, курсовая работа
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні……….....7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы………………………………………………....12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау………………………………...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…....….21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………….23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.....25
Қорытынды…………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30
нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.
Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькуляция баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады, олар өзіне мыналарды қосады:
технологиялық мақсатта қолданылатын энергия);
Кәсіпорын алдында өндіріс шығындары туралы дәл нақты және тез ақпарат мәселесі тұрады. Көп жағдайда кәсіпкер алдында белгілі ұсыным базасында шығындар калькуляциясын құрастыру міндеті тұрады Сонымен бірге шығындар калькуляциясының міндеті-бұл берілген нормалар мен жоспарлардан ауытқады анықтауға мүмкіндік беретін индикативтік сипттағы ақпараттарда алу, осы ауытқулардың себесін
анықтау және осы сияқты ауытқуларды азайту немесе ысыру шараларын қабылдау.
Калькуляциямен салыстырғанда, топау әдісі көбіне қолданылады, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесідей жалпы бірыңғай элементтер топтастырылады:
«Материалдық шығындар» элементінде өндіріске, өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдың, жабдықтаушы бұйымдар және жартылай фабрикаттар, технологиялық және өндірісті қамтамасыздандыратын жанармай мен энергияның барлық түрі (ғимаратты жылумен қамтамасыз ету, көліктік жұмыстар және т.б.). Материалдық ресурс шығындарынан қайтарымды қалдықтар бағасы алынып тасталынады, оларға өнім өндірісі процсінде қалыптасқан шикізат қалдықтары, материалдар, жылу тасымалдаушылар, тұтынушылық қасиетін толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан бастапқы өнім және соның негізінде жоғары шығындармен қолданылатын немесе тіптен тікелей мақсатта қолданылмайтын шығындар жатады.
«Еңбекақыға шығындар» құрамына кәсіпорынның (фирма) негізгі өндіріс персоналының еңбекақысына кеткен шығындар, өндіріс нәтижелеріне жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы, ынталындырушы және компенсациялайтын төлемдер, сонымен қатар кәсіпорынның (фирма) штатында тіркелмеген, негізгі қызмете жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы кіреді.
«Негізгі қорлар амортизациясы» құрамына негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге жұмсалатын амортизацияық
аударымдар сомасы, олардың баланстық құныны бойынша есептеу және нормаларды орнату, және олардың актив бөлігіндегі жеделдетілген амортизацияны қоспағанда аударымдар кіреді.
Жоғарыда кетірілген шығын элементтері құрамына кірмеген басқа барлық шығындар, «басқада шығындар» элементтерінде көрініс табады. Олар салықтар, жинақтар, арнайы қорлардағы аударымдар, белгіленген ставка бойынша несиелік төлемдер, іс-сапарларға кеткен шығындар, байланыс қызметіне төлем және т.б.
Осылайша, шығындарды калькуляция баптары бойынша топтау шығындардың шығу орнын көрсетеді және барлық тауарлы өнім, өім бірлігін өткізу және өндіріске шығындар есебі және калькуляциясын жоспарлауға қолданылады. Ол көп жағдайларда шығындардың кешендік баптарын қамтиды.
Шығындар
элемінті бойынша шығындарды
топтау экономикалық элементтерді
олардың шығу орны және шығындалу
мақсатында тәуелсіз өзіне
қосады. Заң бойынша бұлар
тікелей шығындар. Нарық жағдайында
отандық шаруашылықта шығындардың
экономикалық жіктелуі оңайлатылып
шетел тәжірибесіне негізделеді.
Өндіріс
процесінде қолданылатын
шығындарды азайту.
Өндіріс процесінде қолданылатын шығындардың мөлшерін азайту үшін үнемі экономикалық талдау жасау қажеттілігі туындайды.
Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.
Өнімнің өзіндік құнын азатуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға мыналар жатады:
Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесі үнем тәртібін қатаң сақтап өзіндік құнды төмендетуді көздейді. Өнімнің, жұмыстың өзіндік құны материал мен еңбек ресурстарының үнемделу, өндірістің техникамен жарақтану дәрежесін, сонымен бірге шаруашылық есеп негіздерінің сақталуын көрсетеді. Кәсіпорындардың өзіндік құнына өндірістен тыс сатуға жұмсалған шығынды қосып өнімнің толық өзіндік құнын есептеп шығарады. Толық өзіндік құн - өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындар жиынтығы, құнның негізгі бөлігі.
Өнекәсіптегі өнімнің өзіндік құнын талдау тауарлы өнімнің 1 теңгеге шығынын қысқартудан басталады, өйткені ол өзіндік құнның негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол өзіндік құн динамикасын және шығын деңгейін сипаттайды. АҚ «Рахат» тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындар динамикасы 1-таблицада көрсетілген.
АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан айларындағы
тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындарын талдау.
№ қ/с |
Шығындар бабы |
1 теңгеге шаққандағы шығындар | |||||
Желтоқсан | Ақпан-желтоқсан | ||||||
1995 | 1996 | Ауытқу | 1995 | 1996 | Ауытқу | ||
1 | Шикізат және негізгі материал | 48,48 | 48,06 | -0,42 | 61,5 | 49,07 | -12,43 |
2 | Көмекші материалдар | 4,37 | 3,94 | -0,43 | 4,14 | 5,33 | 1,19 |
3 | Отын | 7,62 | 2,74 | -4,88 | 5,78 | 4,71 | -1,07 |
4 | Электр энергиясы | 0,45 | 0,61 | 0,16 | 1,2 | 0,95 | -0,25 |
5 | Айлық еңбек ақы негізгі | 2,1 | 3,83 | 1,73 | 6,01 | 6,0 | -0,01 |
6 | Айлық еңбек ақы қосымша | 1,87 | 4,3 | 2,43 | 0,06 | 1,35 | 1,29 |
7 | ЕА-ға есептеулер | 1,97 | 1,41 | -0,56 | 2,2 | 2,22 | 0,02 |
8 | Құрал-жабдықты пайдалану | -23,44 | 4,82 | 28,26 | 26,21 | 9,22 | -16,99 |
9 | Цехтық шығындар | 4,58 | 7,2 | 2,62 | 16,48 | 14,08 | -2,4 |
10 | Жалпы заводық шығындар | 8,03 | 4,71 | -3,32 | 23,81 | 14,23 | -9,58 |
11 | ФЗС | 56,01 | 81,62 | 25,61 | 147,38 | 107,18 | -40,2 |
12 | Өндірістік емес шығындар | 1,16 | 3,06 | 1,9 | 4,31 | 5,31 | 1 |
13 | Толық өзіндік құн | 57,17 | 84,68 | 27,51 | 151,69 | 112,49 | -39,2 |
14 | 1 теңгеге шаққ. ТӨ-ге шығын | 57,17 | 84,68 | 27,51 | 151,69 | 112,49 | -39,2 |
15 | Үстеме(накладной)шығ. м, тг | -9,68 | 19,79 | 29,47 | 70,81 | 42,85 | -27,96 |
Осы мәліметтерді қарастыра отырып, мынадай қорытындыға қоытынды жасауға болады, 1995 жылмен салыстырғанда фабрика 1996 жылы жақсы жұмыс жасаған. Таблицада көрсетілгендей фабрикада тауарлы өнімнің теңгеге шаққанда шығындары төмендеген. Ең төменгі нәтиже «шикізат және материалдар» бөлігінде 12,43 теңгеге, «құралдарды пайдалану» бөлімінде 16,99 теңгеге және жалпы өндірістік шығындар 9,58 теңгеге жеткен.
Бұл кәсіпорынның жұмысын жалпы оптималдаумен байланысты және де шикізатты тиімдірек пайдалнумен, ескі құрал-жабдықты жаңасымен алмастырумен байланысты болды. «Көмекші материалдар» бөлімінде өсім байқалады, ол 1996 жылдан бастап өнімнің басқаша және әшекейлі ұсақ орамамен қапталуына байланысты болды.
Өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады. Өзіндік құн тікелей кәсіпорындарда қалыптасады. Халық щаруашылығы бойынша орта есеппен өнімнің өзіндік құны шамамен алғанда оның құнының ¾ бөлігіндей болады. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі жолдары : өнім көлемін көбейтіп, сапасын арттыру, ғылым мен техника жаңалықтарын және қалдықсыз технологияларды өндіріске енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс қорларын ұтымды пайдалану, өндіріс циклын қысқарту, ұйымдастыру мен басқаруды жақсартып оған кететін шығындарды азайту, өндіріс қалдықтарын толық пайдалану, өндірістің тоқтауын және шығын мен ақауды азайту, дер кезінде жүргізілетін бақылау, есеп пен экономикалық талдау, айналым қаржыларының айналуын тездету, тағы басқалар.
Келешекте өзіндік құнның кейбір шығын түрлерінің ғылыми-
техникалық прогресс, механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру,
химияландыруға байланысты үлес салмағы едәуір өзгеретін болады.
Өзіндік құн категориясын қолдану, оны бақылау, талдау өндірістің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оны жұмылдыруға көмектеседі. Ондай резервтер барлық кәсіпорындарда да болады. Өндіріс көлемі жыл сайын өсіп отырады, соған сәйкес шығын да көбейеді. Бағаның да негізі - өзіндік құн. Осыған байланысты өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.