Айналым қаражаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 14:37, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні……….....7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы………………………………………………....12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау………………………………...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…....….21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………….23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.....25
Қорытынды…………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30

Работа содержит 1 файл

Айналым қаражаты.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

Мазмұны 

         Кіріспе……………………………………………………………………..3

         Негізгі  бөлім 

         Бөлім  1.  Өндіріс  шығындары   және  өзіндік  құн.

          1.1.    Кәсіпорын шығындары түсінігі  және  олардың түрлері…....4

              1.2    Өнімнің  өзіндік   құнының  қалыптасуы  және мәні……….....7

         Бөлім 2.  Өнімнің өзіндік құнын талдау.

    2.1  Өзіндік  құнды жоспарлау және өнімді  өндіру шығындарының   

          классификациясы………………………………………………....12

      2.2 Өнімнің  өзіндік  құнын   талдау………………………………...16

         2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны  анықтаудағы рөлі…....….21

         Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту  жолдары. 

              3.1. Еңбек  өнімділігін  арттыру…………………………………….23

              3.2. Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындарды  азайту.....25

      Қорытынды…………………………………………………………...28

      Пайдаланылған  әдебиеттер…………………………………………30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   

                                     Кіріспе 

      Кез-келген  кәсіпорын  (фирма) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда ала-алатынын  анықтап алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары нарық жағдайлары  мен өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

      Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

      Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

      Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр  энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

      Курстық  жұмыс  барсында  қарастырылатын  тақырыптар:  өндіріс  шығындары  және өнімнің  өзіндік   құныны түсініктіеріне жалпы  сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын  калькуляция баптары бойынша топтау;  өнімнің  өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу;  өнімнің өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

1. Өндіріс  шығындары   және  өзіндік   құн.

          1.1.    Кәсіпорын шығындары түсінігі  және  олардың түрлері. 

     Шығын – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.

     Экономикалық  мазмұнына қарай былайша топтастырылады:

материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп  тасталады)

еңбекақыға  жұмсалатын шығын

әлеуметтік  мұқтаждарға аударым

тозымпұл (амортизация)

 

Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.

Шығындар  – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан құрлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі  бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.

Өндіріс шығындарын жіктеу 

Жіктелуші топ Шығындар(шығыстар)
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша
  • Негізгі
  • қосымшы
2 Өнімнің өзіндік  құнына жатқызу тәсілі бойынша
  • тікелей
  • жанама
3 Құрамы (біртектілігі) бойынша
  • бірэлементтік
  • кешенді
4 Өндіріс көлеміне байланысты
  • өзгермелі
  • тұрақты
5 Пайда болу мерзімділігі бойынша
  • ағымдағы
  • біржолғы
6 Өндіріс процесіне  қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша)
  • өндірістік
  • әкімшілік
  • коммерциялық
7 Тиімділігі  бойынша
  • өндірісітік
  • өндірістік емес
8 Бақыланатын мүмкіндігі бойынша
  • реттелетін
  • реттелмейтін
9 Орташалау дәрежесі бойынша
  • жалпы
  • орта
10 Пайданы генирациялау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі  бойынша
  • өнімге
  • кезеңге
 

Негізгілер – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқа да шығындар.

Қосымшалар – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

Тікелейлер – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар).

Жанамалар – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.

Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).

Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамының еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.)

Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).

Біржолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар.

Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім-өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны) құрайтын барлық шығындар.

Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

Коммерциялық  – (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

Өнімді  – (жоспарланатын) тиімді технология мен  өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

Өндіргіш  емес – (жоспарланбайтын) өндіріс технологиясымен ұйымдастырудағы белгіленген кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды-цех тексерушісі реттейді).

Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Өнімге – өнімнің өзіндік құнына кететін.

Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар. 

     Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.

     Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған  шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.

     Өндірістік  шығын – өнім өндіруге тікелей  жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.

Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған  есепті айында көрсетіледі.

     Өндірістік  үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.

     Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей  шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.

     Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді  емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);

ауыспалы  шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік  құнға тек тікелей шығын мен  ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚  қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;

     Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды. 

     Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері нарық жағдайлары  мен шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан  тұрады.

                        Бухгалтерлік  шығындар = нақты   шығындар.

Информация о работе Айналым қаражаты