Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 14:37, курсовая работа
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні……….....7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы………………………………………………....12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау………………………………...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…....….21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………….23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.....25
Қорытынды…………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТС/Q
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС/ Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС/ Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
Әрине,
фирманың, кәсіпорын қызметінің
нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден
(жұмыс және қызмет көрсету) фирманың,
кәсіпорынның негізгі құралдары және
басқа да мүліктерін өткізуге байланысты
емес операциялардан түсім, осы
операциялар бойынша шығындар сомасының
азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
1.2 Шығындар есебінің негізі
1.3 Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
Шығын – тауарға және жұмысқа төленетін ақша.
« Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар )». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары» немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.
6. Пайда түскен кезеңге
«Шығындар» ұғымына өндіріс
«Шығындардың» мәнін
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті (қылығы)» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы)» термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы)» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:
Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу (классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.
Есептік ақпараттарды жіктеу
схемасының көптігіне