Құрылыс алаңының жобалық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Байыту фабрикасының жобасы төмендегідей негізгі және қосалқы цехтар мен бөлімшелерден тұрады : байытуға түсетін бастапқы кенді ұсату цехы құрамына майда ұнтақтау мен флотация бөлімшелері және қойылдыру процесі кіргізілген бас корпус қойылтылған концентратты сүзу процесі жүргізілген , оған қажетті барлық технологиялық жабдықтар мен аспаптарды барлығын сүзу цехы.Бұл цехтың басқа байыту фабрикасының құрамында жеке бөлімшелер ретінде қалдық қоймасы және реагенттер бөлімшесі бар.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Жалпы түсініктеме жазба бөлім
1.1 Құрылыс ауданының жобалық сипаттамасы..................................................
1.2 Негізгі жобаның шешімдері .........................................................................
2 Техника экономикалық бөлім
2.1 Бастапқы берілгендер.....................................................................………….
2.2 Негізгі - техникалық және экономикалық
көрсеткіштерді есептеу.........................................................................................
2.2.1 Жұмысшылардың саны және мамандық құрамы.........................................
2.2.2 Энергоресурстың қажетті мөлшері...............................................................
2.3 Өндіріс экономикасы.........................................................................................
2.3.1 Ғимараттарға кеткен шығын және олардың амортизациясы.......................
2.3.3 Өзіндік құн және шикізат өңдеу калькуляциясы..........................................
3 Бас жоба және көлік
3.1 Бас жоба көрсеткіштері және шешімі.......................................... ….…………..
3.2 Өндірістің ішкі және сыртқы көлігі............................................. ....…………..
3.3 Безендіру және көгалдандыру............................................................................
4 Өндіріс технологиясы
4.1 Шикізат қорының сипаттамасы.......................................................................
4.2 Цехтардың жұмыс істеу тәртібі және олардың өнімділігі...........................
4.3 Істеп тұрған фабриканың жұмысын талдау..................................................
4.4 Технологиялық схеманы таңдау....................................................................
4.5 Ұсату схемасын таңдау және есептеу............................................................
4.6 Ұнтақтау схемасын есептеу және таңдау.......................................................
4.7 Метал тепе-теңдігін жәнебайытудың санды схемасын есептеу...................
4.7.1 Флотацияның толық схемасын есептеу....................................................
4.8 Сусыздандыру схемасын есептеу.................................................................
4.9 Негізгі жабдықтарды таңдау және есептеу..................................................
4.9.1 Ұсату жабдықтарын есептеу және таңдау..................................................
4.9.2 Елеуішті таңдау жане есептеу.............................................. ....…………….
4.9.3 Ұнтақтау жабдығын таңдау және есептеу............................ .........………….
4.9.4 Сұрыптау жабдығын таңдау және есепетеу........................... ........………….
4.10 Байытуға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу.................................
4.10.1 Флотация жабдығын таңдау және есептеу...................................................
4.11 Сусыздандыру жабдығын таңдау және есептеу...........................................
4.12 Қосалқы жабдықтарды есептеу...................................................... ....………..
4.12.1 Ленталы конвейерді есептеу......................................................... .....………
4.12.2 Насостарды таңдау және есептеу................................................................
4.13 Реагенттік бөлім.............................................................................. .....………..
4.14 Сынама алу және бақылау.............................................................. ......……….
4.15 Жөндеу жұмыстары........................................................................ .....………..
4.16 Бункер және қойма.......................................................................... ......……….
4.16.1 Қалдық қоймасы.......................................................................... ……….......
4.16.2 Концентрат қоймасы.....................................................................................
5 Еңбекті қорғау
5.1 Еңбек қорғау заңдары.............................................................................................
5.2 Қауіпті және зиянды факторларды анализдеу.....................................................
5.3 Өндірістік санитария..............................................................................................
5.3.1 Микроклиматты қамтамасыз ету........................................................................
5.3.1.1 Шаң ауаны алмастыру жүйесін ұйымдастыру.................................................
5.3.2 Шудан қорғануды қамтамасыз ету......................................................................
5.4 Өрт қауіпсіздігі.......................................................................................................
5.5 Техника қауіпсіздігі...................................................................................................
5.6 Есептеулер.................................................................................................................
5.6.1 Шуды есептеу..............................................................................................................
5.6.2 Ауа алмасуды есептеу...............................................................................................
6 Еңбекті ұйымдастыру
6.1 Жалақы төлеу жүйесі.................................................................................................
6.2 Өндірісті басқару жүйесі..........................................................................................
6.3 Байланыс және хабарлама.........................................................................................
6.3.1 Хабарлама жүйесі...................................................................................................
7 Қоршаған ортаны қорғау
7.1 Өндіріс қалдықтары және олардың мөлшері.........................................................
7.1.1 Ауа қорғау...............................................................................................................
7.1.2 Су қоймаларын таңдау................................................................................... ........
7.1.3 Жер қыртысын қорғау.................................................................................. ...........
8 Арнаулы бөлім
8.1 Мыстың негізгі қасиеттері және қолданылуы......................................................
8.1.1 Мыстың негізгі минералдары..............................................................................
8.2 Күкіртті мыс кендерінің флотациясы....................................................................
8.3 Тотықты мыс кендерінің флотациясы...................................................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 1.10 Мб (Скачать)

 

 

         4.13.1 Реагент шаруашылығы

 

Кенді флотациялаудың технологиялық  көрсеткіштері реагенттік режимімен, әрі ондағы реагенттердің түрлі  жинағымен және солардың берілу орындары мен шығындары деген сияқты факторлармен анықталады.

Ғылыми зерттеу институттарының жұмыстарынан, ғылыми тәжірибе жасау цехының және байыту практикасынан келесідей реагенттердің үлесті шығыны белгіленеді.

Кесте 20 – Реагенттер

Реагенттер

Шығын кг/т

1

Бутилды ксантогенат

0,023

2

Изобутилды ксантогенат

0,013

3

Көбіктендіргіш Т-80

0,12

4

Сұйық шыны

0,023

5

Керосин

0,12

6

Ақ кіріш

2,3

7

Полиакриламид

0,008


 

Реагенттерді нүктелерге бөліп тарату келесідей түрде  жүргізіледі:

- Ақ кіріш ерітіндісі  – 100 % ұнтақтаудың I-ші сатысындадағы  шарлы диірменге береді;

- Бутилды және изопропилды ксантогенаттардың қоспа түріндегі ерітіндісінің 70 % II-ші сатыдағы диірменге, ал негізгі флотацияға 5% беріледі;

4.13 Жөндеу жұмыстары

 

Жобаланып отырған фабрикада  жөндеу қызметтерімен бас механиктің бөлімі мен энергетиктің бөлімінің  жұмыскерлері айналысады. 

 Фабриканың  ірі  цехтарының жабдықтары кестеге  сәйкес жөндеуден өтіп тұрады.

  • Ұсату цехы;
  • Сусыздандыру цехы;
  • Бас корпуста диірменнің қаптамасын ацыстыратын, шарларды сұрыптайтын алаң қарастырылған;
  • Арнаулы алаңда байыту жабдықтарын жөндейтін орын бар. Фабрикада алдын – ала жөңдеу белгіленген кесте арқылы іске асырылып отырады;
  • Жылына бір рет 36 сағат ішінде ұсату жабдықтарын жөндеу;
  • 6 айда бір рет 16 сағат ішінде ұнтақтау және байыту жабдықтарын жөндеу;
  • Сусыздандыру жабдықтарын жөндеу.

Алдын – ала жоспарлы жөндеу графигі бойынша ұсату жабдықтарын 1 жылда 1 рет 36 сағатқа тоқтатып жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бас корпуста секция бойынша 4 айда 1 рет 16 сағатқа тоқтатып диірменнің қайта болат қаптамалармен қаптау және сұрыптағыштың насодкасын ауыстыру т.с.с. жөндеу жұмыстары атқарылады.

 

4.15 Сынама алу және бақылау

 

Байыту үрдістерінің сынамалауы мен бақылауын комбинаттың  технологиялық бақылау бөлімі атқарады, оның мақсаты баланстық және оперативтік  есепті жүргізу және технологиялық  үрдістерді бақылау үшін атқарылатын негізгі жұмыс. Технологиялық үрдістердің келесідей көрсеткіштері мен параметрлеріне сынамалау мен бақылау жүргізіледі:

  • бастапқы материалдың сапасын бақылау ;
  • кендегі және байытылған өнімдегі мыстың пайыздық үлесін анықтау үшін;
  • ұсату, ұнтақтау және флотациялау үрдістеріндегі металдардың гранулометриялық құрамын анықтау үшін сынамалау және бақылау;
  • байыту және қойылдыру үрдістеріндегі өнімнің құрамындағы қатты заттың пайыздық мөлшерін анықтау үшін.

Фабрикада шикізаттың және байыту өнімдерінің сапасын тексеру қарастырылған. Ұсатылған кеннен сынама алу (ірілікті тексеру үшін) сменасына бір рет жүргізіледі. Бас корпуста ұнтақтау дәрежесін тексеру үшін және химиялық талдау үшін (сұрыптағыш ағызындысы) 15 мин сайын сынама алынып тұрады.

Ол үшін автоматтандырылған сынама алғыш қолданылады. Сағаттық сынамалар фабрикада өңделіп, нәтижелері технологиялық процестері реттеп отыру үшін қолданылады. Сынамалар сменалық тәуліктен және айлық орталық зертханаға жөнелтіледі.

Ол нәтижелер арқылы металдар тепе – теңдігі жасалып, фабриканың жұмыс істеу көрсеткіштері анықталады. Ұнтақтауға түсетін кеннің мөлшерін және диірменнің өнімділігін ленталық транспортерге орнатылған таразы арқылы анықтап отырады. Сменалық және тәуліктік металл тепе – теңдігін байыту фабрикасының мамандары жасайды, ал айлық технологиялық және тауарлық металл тепе – теңдігін комбинаттың техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) мамандары есептейді. Мұнда міндетті түрде металдық механикалық шығындары ескеріледі. Концентраттың және кеннің қалдықтарын комбинат маркшейдерлері анықтайды. Жобаланып отырған фабриканың технологиялық схемасына сынамалау схемасы келтірілген.

 

4.16 Бункерлер мен қоймалар

 

Бастапқы кен қабылдайтын  бункер кен тасымалдау тоқтап қалғанда ұсату цехының үздіксіз жұмыс  істеуі үшін қажет. Ондағы кеннің қоры кем дегенде 30 минут жұмыс істеуге жету қажет.

м3

Мұндағы: Q – ұсату цехының сағаттық өнімділігі;

t – қор жететін уақыт;

k – бункердің толу коэффициенті;

γ – кеннің үйінді салмағы.

Бункердің пайдалы көлемі:

 м3

Корпустың тәуліктік  өнімділігі:

Q=7059 т/тәул

Бас корпус кен қоймасының қоры кем дегенде 36 сағатқа жету қажет:

 

м3;

 

т

 

4.17 Концентрат қоймасы

 

Жазды күндері  - құрғатылған концентрат желге ұшып кетпес үшін, ол жабық қоймада сақталады. Концентрат қоймаға ленталы конвейер арқылы жеткізіледі. Зауытқа дайын концентрат үздіксіз жөнелтіліп тұруы үшін, қойма сыйымдылығы үш тәулікке жетуі қажет. Концентраттың үйінді салмағы 1,54 т/м3, қойманың пайдалану коэффициенті 0,89; биіктігі 4 м, ені 6 м, ұзындығы 18 м, көлденең қимасы мынаған тең:

м2;

V=102 м3

Осы концентрат қоймасы  сусыздандыру корпусында орналасқан. Концентратты жөнелттіру үшін теміржол жолдары және тағыда басқа жеткізу амалдары ойластырылған.

4.18  Қалдық  шаруашылығы

 

Қалдық қоймасы фабриканың батыс жағында 1300 м қашықтықта табиғи

ойпатты жерде орналасқан.

Қалдық қоймасы орналасқан жергіліктің жер оңтүстік жағынан  қоршау бөгеуін тұрғызбай-ақ қалдықта жайуға мүмкінкіндік береді. Ал қалдық қоймасының оңтүстік жағы Балқаш көлінің жағалауымен шектескен, оның бойында қоршау бөгеуін тұрғызбай-ақ қалдықты жаюға болады.

Қалдық қоймасының жалпы  ішкі ауданы 30 шаршы шақырымды құрайды. Насосты станцияға ақырғы қалдық 2-ші лотокты размерлері 2400х2200 мм темірбетонды каллектор арқылы өз ағынымен барады.

Қалдықты тасымалдау бөгеудің жотасында орналасқан Д=1020 мм, L=1200 м құбыр жолы арқылы атқарылады. Қазіргі қалдық қоймасындағы бөгеу 357 м белгіге дейін үйу арқылы көтерілген. Бұл бөгеуден көтерілсе үйінді бөгеуді қалдықпен шаю жүргізіледі. 

4.19 Қалдық қоймасы

 

Фабрикадан сұйық қалдық құбыр арқылы насоспен қоймаға жеткізіледі. Оның тұйықталған шегі қалдық қоймасының бөгет үстіне жағалай орналасқан. Арнайы жасалған түтікшелер арқылы бастапқы көлшікке түседі.

Сақтауға жататын жылдық қалдық көлемі:

 т/ж;

0т/ж

мұндағы: Qж – кен бойынша өнімділік, т/жыл;

γқ – қалдық шығымы, %.

Қалдық қоймасының сыйымдылығы  төмендегідей формулалармен анықталады:

  м3;

мұндағы: Q – қалдық қоймасының жылдық өнімділігі, т/ж;

 

T - өндірістің жұмыс істеу мерзімі, 20 жыл;

α – қалдықтың тығыздық коэффициенті; 0,35;

K – қойманы пайдалану коэффициенті; 0,85;

δ – қалдықтың көлемдік салмағы; 1,9.

 

596 923м3.

Қалдық қоймасы әдетте фабриканың ық жағына орналастырылады. Табиғи үстірттер арасындағы ашық алаң таңдалып алынады. Жасанды бөгет  ұзындығы 500 – 600 м, биіктігі 3 – 4 м. Бөгет  биіктігі қалдықтың ірі класымен өсіріліп отырады. Қалдықты қоймаға жеткізу жоғары қысымды насостармен іске асырылады.

Тұнған су насостар мен  құбыр арқылы арнаулы зумпфқа  түседі де, қайтадан фабрикаға айдалады. 50%-ға жуық суы қайтарылады, ал қалған су көлшікте дренаждалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Еңбек қорғау

 

 

5.1 Еңбек қорғау заңдары

 

Осы дипломдық жобаның  бөлімі Қазақстан Республикасының  келесі заңдарына сүйене отырып жазылған:

1. «Қауіпсіздік және еңбек қорғау заңы» 28.02.2004 жылдың № 528 – II ҚРЗ;

2. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы заң» 03.0402002 жылдан № 314 – II ҚРЗ;

3. «Өрт қауіпсіздігі туралы заң» 22.11.1996 жыл;

4. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 22.05.2007 жылдан № 132 – 135 (24710)

 

 

5.2 Қауіпті және зиянды факторларды анализдеу

 

       Әр  өндірістегі еңбек шарттарының  нормасы ҚР-ның 22.05.2007ж. шыққан  еңбек заңында қарастырылған.

       Мыс  кендері өндірісін  Жезқезған  кен байыту фабрикасының жобалануында  көптеген әртурлі және электр  жабдықтары бірқатар жағымсыз факторлардың пайда болуына әкеп соғады. Жұмыскерлердің қате әрекеттерінің,технологиялық процестердің бұзылуының құрал-жабдықтар мен заттарға адамдардың немқұрайлықпен қарауының негізінен организацияның тез арада зақымдану қаупі тұрады, әрі әртүрлі дәрежеде жаралану мүмкіндігі пайда болады.

     Механикалық  жарақаттанудан сақтану үшін  жұмыс орны барлық техникалық  қауіпсіздік және өндірістік  санитарлық ережелерімен талаптарына сай болады, жабдықты орнықтыруға керекті ауданы болады, жақсы жарықтандырылатын және вентипляциясы міндетті түрде болады; металл, руда бөліктерінен қорғану үшін биіктігі 600 мм-ден  кем болмайтын бүтін және торлы тор ұяшықтары 3 мм-ден артық болмайтын жабындар ( қалқан, щит ) орнатады; механизмдердің барлық қозғалатын және айналатын бөліктеріне қоршаулар қойылады.

 

        Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың талдауы кестеде көрсетілген.

 Кесте

              Қауіпті және зиянды өндіріс  факторлар

 

Ғимарат орындалу жұмыстарының аты

Қауіптер мен зияндар

Пайда болу себебі

Нәтиже көрсетілуі

Қауіпсіздік шаралары мен өндірістік санитария

Бас жоспар

Үйді бұзу,керегенің төмен түсуі,шатыр  арқалығы

Жер асты суының тұнбасы,жер асты суының үй ірге тасына әсері

Үй тұнбасын жер асты сулармен шаю

Жер асты суларының жағ-н және физикалық қасиетін есепке алып орналастыру

Ұсату ғимараты кенді ұсату,негізгі  өңдеу процестеріне дайындау

Электрлік соққы

Жоғары кернеулі тоқ, оқшауланған  тоқ жетектерінің ойылып кетуі

Электрлік тоқпен жарақаттану

Жер асты орналастыру,қоршап қою

Бас жоспар

Шу,діріл

 

 

 

 

 

 

Көптеген жабдықтардың бір уақытта  жұмыс істеуі,кейбір түйінді сапасыз  жөндеу

Діріл аурулары,есту мүшесінің зақымдануы

 

 

 

Кәсіптік тексерілу,ППР,жеке қорғану  жолдары

 

 

 

 

Кеннің шаңы

Балшықты қабат,кен қаттылығы

Өкпе аурулары

Су себу, жеке қорғану жолдары

Бас ғимарат 

Кен ұнтақтау

Флотация

Адамдардың немқұрайлылығынан

Сырғанақ еден,бөлменің қоқысталуы

Жарақаттар

 

Қоршаулар

 

 

Электрлік соққы

 

 

 

Жоғ.кернеулі тоқ,оқшауланған тоқ  жетектерінің ойылып кетуі

 

Электрлік тоқпен жарақаттану

 

Жер асты орналастыру,қоршап қою

 

 

Шу, діріл

 

 

 

 

Көптеген жабдықтардың бір уақытта  жұмыс істеуі

 

 

Діріл аурулары, есту мүшесінің зақымдануы

 

Кәсіптік тексерілу,ППР,жеке қорғану  жолдары

 

 

Жабдықтардың қозғалмалы бөлшектері

Конструкциялық ерекшеліктері

Жарақаттар

Қауіпсіздік қоршаулары, қозғалмалы бөлшектердің оқшаулануы

Реагенттік бөлім

Реагенттерді еріту

У буларының бөлінуі

Әртүрлі құрамды болуы және реагенттердің  қасиеті

Улану

Желдеткіш  жеке қорғану жолдары

Информация о работе Құрылыс алаңының жобалық сипаттамасы