ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 09:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихын талдау,қазіргі жағдайына тоқтала отырып,мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 5
1.1Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі 11
1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі 13
1.4 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі 17
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 21
2.1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы 21
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері 26
2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

1КУРСОВАЯ (2).doc

— 255.00 Кб (Скачать)

-сертификациялық сынақтарды аккредитациясыз жүргізу;

-мемлекеттік сынақтардан, метрологиялық аттестациядан, тексеруден өтпеген өлшем құралдарының және стандарттық үлгілірдің айналымы;

-өлшем құралдарын лицензиясыз дайындау, тексеру, жөндеу, сату және уақытша қолданысқа беру, сонымен қатар стандарттық үлгілерді дайындау, метрологиялық аттестациядан өткізу;

-өлшеулерді орындаудың мемлекеттік метрологиялық қадағалауына жататын және метрологиялық аттестациядан өтпеген әдістерін пайдалану;

-өлшем құралдарын қолдану ережелерін бұзу;

-стандарт талаптарын және сертификаттау мен метрологияның ережелерінің сақталуын мемлекеттік қадағалануын жүргізетін органдардың нұсқауларын орындамау.

Әкімшілік жауапкершілікке  келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:

-меншік формасына қарамастын, шаруашылық субъектілердің басшылары;

-өнімді еркін шығару құқығы бар өндірістік және құрылымдық бірліктердің басшылары;

-кодексте бекітілген құқық бұзушылықтардың орын алуына кінәлі бас инженерлер, бас құрастырушылар, бас технологтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер басшылары, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымдық тұлғалар.

Тәртіп бұзушы айыппұлды үкім шығарылған күннен бастап 15 күннен кеш емес мерзімде төлеуі қажет.

 

2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары

 

 

Мемлекетте өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т.б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген. 

Саудадағы мемлекеттік  метрологиялық қадағалау өлшеу құралдарының, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің, метрологиялық ережелерді енгізу мен орындаудың жағдайы мен қолданылуын, саудада қолданылатын мемлекеттік бақылау құралдарын, өлшеу құралдарын жөндеуші және тексеруші кәсіпорындардың, сауда ұйымдарының тіркелуін тексеру формасында жүзеге асырылады.

Тексерулер  таңдамалы сипатта Мемлекеттік  стандарттарды мемлекеттік қадағалау  органдарының жоспарларымен жүргізіледі. Олар кешендік, топтық, мақсаттық болуы  мүмкін. Тексеру құқығы мемлекеттік бақылаушы біліктілігі бар қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторларда ғана болады.

Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық  қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді  де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.

Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын тексеру  келесілерді анықтайды: тамақ өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға сақтау мен өткізуге байланысты санын есепке алу мен сапасын бақылауға қажетті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі; өлшеу құралдарының жағдайы және оларға метрологиялық қызмет көрсету (аттестация, проверка, профилактика және жөндеу); берілген дәлдікпен бақылау-өлшеулік операцияларды орындауға қажетті өлшеу құралдарын дұрыс таңдау.

Егер тексеру  кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді [7,102б.].

Тамақ өнімдерін шығаратын өнірістік, дайындаушы кәсіпорындарды, цехтарды тексеру кезінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуі тексеріледі: өнімдердің сапа көрсеткіштеріне, технологиялық процестерге, еңбек қауіпсіздігі шарттарына қойылатын талаптарды анықтаушы нормативтік құжаттардың жағдайы; өндірістік операциялардың өлеу құралдарымен және МВИ-мен қамтамасыз етілуі; кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысы; тәртіп бұзушылықтардың шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасына әсер етуі. 

Егер тексеріс кезінде тексеріліп жатқан тамақ өнімдерінің партиясының сапасы стандарттардың талаптарына жауап бермейтіні немесе техникалық шарттарға сәйкес келмеуі анықталса, онда ақаулықтарды толығымен жою сәтіне дейін бұл өнімді босатуға тыйым салу туралы бұйрық құрылады. Егер де тексеріс нормативтік құжаттарды жүйелі түрде сақтамауды анықтаса, онда берілген өнім түрін өндіруге және босатуға сапасыз шығарылымның себептерін анықтағанға дейін мүлдем тыйым салынады.

Метрологиялық ережелерді бұзу жағдайларында мемлекеттік  қадағалау органдары кәсіпорынға және кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты заңнамада бекітілген құқықтық шараларды қолданады. Осылайша, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кезінде жағымсыз нәтижелердің орын алған жағдайда өлшеу құралдарын, оларға бақылау белгісін қойып, өндірістен алынып тасталуы, тексерулер туралы куәлік заңдық күшінен айырылуы, олардың техникалық паспорттарында өндірісте пайдалануға жарамсыз деген басылым қойылуы мүмкін. өлшеу құралдарын ала алмау жағдайларында әрі қарай қолдануға тыйым салынады деп басылады. Тексеріс мерзімдерін сақтамау, сапасыз ведомстволық тексеріс анықталса мемлекеттік қадағалау органдары жалпылама бір мезгілді тексерісті немесе мемлекеттік қадағалау органдарында өлшеу құралдарының жеке тексерістерін, өндірістегі  өлшеу құралдары үшін бақылау аралық интервалды қысқарту сияқты шараларға міндеттеуі мүмкін.

Егер метрологиялық  ережелерді бұзушылық тексеріліп жатқан кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау салдарынан орын алса, онда қадағалау және бақылау органдары кәсіпорын басшылығына немесе жоғарғы лауазымды тұлғаларға бұл тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, тіпті лауазымдық орындарын босату жөнінде ұсынымдар жасауы мүмкін.

Ал осы  тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке  тартуға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік қадағалау органдары тексеріс материалдарын әкімшілік комиссияларға тапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Қызметтердің  барлық түрлерін өлшеулерсіз елестетуге болмайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында  өлшеумен байланысты шығындар көлемі желдық капиталдар салымының 30%-нан астамын құрайды.

Материалдық, энергетикалық және басқа да ресурстарды  үнемдеу мәселелерін шешуде метрологиялық  қамтамасыз ету үлкне маңызға  ие болады, себебі шынайы сандық есеп материалдық құндылықтарды, электр және жылу энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, су ресурстарын үнемдеудің негізі болып табылады.

Жаңашыл жалпы  өлшеуіш құралдардың кемшіліктері (қателесуі) өлшеу процесінде өндірістің барлық өлшенетін өнімдерінің 1%-ға дейіні есепке алынбай қалады (таразыларды пероидты түрде тексеріп және оларды қолдануға жарамды деп таныған жағдай шартында).

Мұнай, газ  және бензиннің үлкен көлемі ескерілмей қалуда. Электр энергиясының счетчиктерінің қателесі - 2%, яғни 2% электр энергиясы есепке алынбайды. Егер осы пайыздарды бидай, мұнай, газ, болат, тыңайтқыштар үшін тоннамен, электр энегиясы үшін киловатпен көрсетсек, онда шығындар жыл сайын миллиондаған теңгені құрайды.

Егер есептеудің дәлділігін екі есе жоғарлататын болсақ, онда материалдар мен өнімдердің көптеген саны есептелетін еді.

Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша  ережелерді бұзу, метрологиялық қызметердің  жоқтығы өнімнің сапасын бақылау, технологиялық процестерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностикасы кезінде өлшеуде үлкен шығындар әкеледі.

Өнім өндірісінде  дайын өнімнің сапасын бағалау  кезіндегі өлшеулердің жағдайына  ғана емес, белсенді бақылау құралдарының көмегімен технологиялық процестің  өзінде сапа көрсеткіштерінің бақылау  мүмкіндігі және өлшеулердің жағдайына назар аудару керек. 

Жаңа бұйымды  жасау мен әр технологиялық процесті дайындаудың алдында, дайын және аттестатцияланған әдісдерді, өлшеу және сынау құралдарын қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығының сұрақтарын шешу қажет.

Метрологияның медицинада ролі өте маңызды. Үлкен көлемде медициналық өлшеу және сынау құралдары (адамға тұрақтандырушылық әсер ететін) шығарылған. Медицинада өлшеулер диагностика, терапия және тазалықта өткізіледі.

Биологиялық объектінің өлшемдерін өлшегенде алынған нәтижелері бойынша жеке мүшелердің, сонымен қатар ағзаның бүтіндей  жағдайы, еңбек қабілеттілігі және қызмет етуі туралы шешім қабылдайды.

Терапия кезінде биологиялық  юбъектіге жасанды әсер етіледі, оның параметрлері қатаң түрде нормаланған, және өлшеу жолмен бақыланып отыру керек. Ағзаның параметрлерін өлшеулердің және жасанды әсер етудің нәтижелері бойынша жасалып жатқан әсерлердің тиімділігі және емдеу барысың дұрыстығы туралы айтуға болады.

Тазалықта сақтауда (гигиенада) қоршаған ортаның (судың, ауаның және т.б.) адамға әсері зерттеледі, ол үшін көптеген өлшеулер жүргізіледі.

Оператор  өлшеулерден алынып отыратын нәтижелердің шынайылығына сенімді болуы керек. Ол үшін өлшеудің сынақтан, метрологиялық аттестациядан өткен, қолдану процесінде периодты түрде тексерістен өткізіліп отырған өлшеу құралдарын ғана қолдану қажет.

Өлшеулер  кезінде қолданылатын әдістемелер  метрологиялық аттестациядан және тіркеуден өтуі керек. Аттестацияланған әдістеменің талаптанрын орындай отырып,оператор өлшеулердің алынған нәтижелерінің қателігі белгіленген шектен аспайтынына сенімді бола алады.

Қызметтің барлық бағыттырындағы объектілерінде метрологиялық  заңнаманың ережелерін, метрологияның  теориялық негіздерін білетін және оны тәжірибеде (бас метрологтар, өлшеудің жағдайына жауаптылар, өлшеулерді жүзеге асыратын операторлар, ) қолдана алатын мамандар болуы тиіс. өлшеулерді жүргізуге кететін шығындар өнімді дайындау мен өндіруге жұмсалатын шығындардың маңызды бөлігін құрайды.

Өлшеулер  әр өнеркәсіптік бұйымның жоспарлау, дайындау, сынау  және бақылау сатыларының барлығында болады. 

өлшеу техникасының (өлшеу және өлшеу техникасының құралдарының) даму деңгейіне қарай өнеркәсіптік дамыған елдердің ғылыми және техникалық потенциалының көрсеткіштері бағаланады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, метрологияның дамуы және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды дұрыс ұйымдастыру біздің егеменді еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағыт үлкен ресурстар жасырады және Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашады. Метрологиялық қадағалаудың арқасында, мысалы, тамақ өнеркісібінде өнімдердің өндіріс процесін әр түрлі сатыларында бақылауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде өнімнің сапасының жоғарлауына жақсы әсер етеді.

Қазақстан Республикасы БСҰ-на кіру жоспарларымен байланысты метрология мен мемлекеттік метрологиялық қадағалау ерекше өзектілікке ие болуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Стандартизация, метрология, сертификация және сапа менеджментінің негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақстандық маркетинг ассоцияциясы, 2003.-564с.П.Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.; Юрайт, 1999.-285 с. 
  2. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Измерительное оборудование метрология – Караганда; Издательство КЭУ, 2001.
  3. Нысанбаева С.Н. және т.б. Сапаны басқару: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-111с.
  4. «Сертификация туралы» ҚР заңы.
  5. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы, Алматы, 2005ж.
  6. Асташенков А.И., Машков Х.О. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңына өзгерістер еңгізу қажет // Заң шығарушы және қолданбалы метрология. 2000. №5. С.7-12.
  7. Исаев Л.К., Малинский В.Д. Метрология және стандартизация. – М.: ИПК стандарттар шығару бапасөзі, 1996ж.

 


Информация о работе ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы