ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 09:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихын талдау,қазіргі жағдайына тоқтала отырып,мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 5
1.1Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі 11
1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі 13
1.4 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі 17
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 21
2.1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы 21
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері 26
2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

1КУРСОВАЯ (2).doc

— 255.00 Кб (Скачать)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Метрология  – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».

Қоршаған  ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.

Өлшемдік  ақпараттың құндылығы өлшемдердің  нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлшемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады. 

 Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі.Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Физикалық шамаларды  өлшеу метрология ғылымының зерттеу  объектісі болып табылады.

Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен  қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.

Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін  шама және осы шаманы өлшеу бірлігі  арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен  сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Талап етілтін  дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш  ақпарат қабылданатын шешімдердің  дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат  сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес.

Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара тісіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.

Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу  болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты  игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар  жасау облысында, барлық салалардағы  бұйымдардың сенімділігін  қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе  көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі  жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі  құралдарды қолдану арқылы алынған  үлкен көлемдегі нәтижесінің  арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге  болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғұрлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады. 

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихын талдау,қазіргі жағдайына тоқтала отырып,мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1.Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы

 

 

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет облысы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Бірақ ол, адамның өлшеулердегі қажеттіліктері пайда болғанда көне ерте кезде бастау алды. Алғашқыда олар жай есептеулерге апарылды. Арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен өлшенді. Уақыт тәулікпен, ай фазаларымен және жыл мезгілдерімен өлшенді. Заттардың саны данамен, дюжинамен, қораппен, баулармен өлшенді.     

Өндіріс пен  тауар алмасудың пайда болуымен өлшем бірліктеріне деген қажеттілік туды. Алғашқыда мұндай бірліктер ретінде астық дәндері (гран), бұршақ (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм), аяқ өкшесі (фут) қолданылған. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және әртүрлі бола бастады, олардың арасында арақатынас орнатылды, бірте-бірте әр мемлекеттің және халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптасты.

Көне орыс тәжірибесінде өлшеудің негізгі  жүйесі ретінде көне египеттік өлшем  бірліктері қызмет етті, ал олар, өз кезегінде, Көне Греция мен Рим тәжірибесінен алынған болатын. өлшеудің әр жүйесі, дәуіріне байланысты, өзінің ерешеліктерімен, ұлттық менталитетімен ерекшеленген.

 Көне Ресейде ұзындықтың негізгі өлшем бірліктері пядь және шынтақ (локоть) болған, сонымен қатар, пядь негізгі көне Ресейлік ұзындық өлшемі және ол ересек адамның үлкен саусағы мен сілтеуіш саусақтарының ұштарының арасындағы арақашықтықты білдіреді. Содан кешірек басқа бірлік – аршин пайда болған кезде пядь (1/4 аршин) бірте-бірте қолданыстан шыға бастады. Шынтақ (локоть) өлшемі Вавилоннан келген және ол шынтақтан бастап қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі ара қашықтықты білдіреді. «Табиғи» өлшемдер де ежелгі шығу тегіне ие. Олардың ішіндегі ең біріншілері – ол уақыт өлшемдері. Астрономиялық бақылаулар негізінде ежелгі вавилондықтар жыл, ай, сағат өлшемдерін бекітті. Нәтижесінде Жердің өз өсінің айналасынан айналу орташа периодының 1/86400 бөлігі секундтар деген атауға ие болды. Метрологиялық қызмет әлі пайда болмағанына қарамастан үлгілік өлшемдердің қолданылуы және олардың шіркеулер мен монастырьлерде сақталуы, сонымен қатар, өлшем құралдарын жыл сайынғы тексерулері туралы мәліметтер бар. Осылайша, ұлы князь Святослав Ярославичтың (1070 ж.ж.) «алтын белбеуі» ұзындықтың үлгілік өлшемі қызметін атқарған, ал Новгород князі  Всеволодтың (1136 ж.) жарлығында  «торговые весы и мерила блюсти без пакости, всякий взвешивать ...» деп жазылған. Жарғыны бұзушы тіпті өлім жазасына кесілуге дейін жазаланған. Ең маңызды метрологиялық құжат Ивана Гроздныйдың (1550 ж.) Двиндық грамотасы болып табылады, онда себілетін заттардың – осьминдердің жаңа өлшем түрлерін сақтау және өткізуді бекітеді. Оның мыс үлгілері көсемдерге сақтауға таратылған. Осы өлшемдерден қалалық помещиктерге клеймендік ағаш көшірмесін жасау, ал олардан өз кезегінде күнделікті қолданысқа ағаш үлгілірін жасау қажет еді. Үлгілік өлшемдер Мәскеулік мемлекеттің бұйрықтарында сақталған. Осылайша, Иван Гроздный кезіндегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін және мемлекеттік метрологиялық қызметтерді құрудың басталуы туралы айтуға болады. Сауданың дамыту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту өлшемдерді нақтылауды ғана емес, сонымен қатар,олардың «заморскелік» өлшемдермен сәйкестігінің, айырмашылықтарының өлшемдерін бекіту және өлшемдер унификациясы мен бақылау-тексерушілік қызметті нақтырақ ұйымдастыруды талап етті.  

1 Петр жүргізген  қайта құрулар нәтижесінде, флотта  және кеме құрастыруда кеңінен  қолданылған ағылшын өлшемдері  – фунт және дюйм айналымға енгізілді. Есептеулерді жеңілдету үшін орыс және шетел өлшемдерінің арақатынасы мен өлшемдерінің кестесі жасалған болатын. Кейбір метрологиялық орталықтар ерекшелене бастады. Коммерц-коллегия сауда саласындағы метрологиялық қызмет көрсетулердің және өлшемдердің біртұтастығының сұрақтарымен айналысты. Адмиралтейст-коллегиясы бұрышты өлшейтін жабдықтардың, компастардың және сәйкес өлшемдердің қолданылуының дұрыстығын қадағалады. 1725 жылы негізі қаланған Петербург ғылымдар академиясы бұрыштық өлшемдерді, уақыт және температура өлшемдерін қайта жаңғыртумен айналысты. 1736 жылы Сенаттың шешімі бойынша таразылар мен өлшемдер Комиссиясы құрылды. Комиссия ұзындықтың бастапқы өлшемі ретінде мыс аршинын және ағаш саженьді дайындады, сұйық заттар өлшемі ретінде мәскеулік Каменномостск ауласының шелегі қабылданды. Алтынмен қапталған қоладан дайындалған кір (гирь) салмақтың орыс өлшемдеріның бірінші ретті үлгісі (мемлекеттік эталон) ретінде заңмен бекітілген. Бұл фунт жүз жылға жуық мерзімде мемлекеттегі жалғыз эталон болып қала берді [1,28б.].

XVIII ғасырдың аяғында Еуропада өлшемдердің біртұтас халықаралық жүйесін құру туралы идея тарады. Бұл идеялардың дамуы 1796 жылы Францияда өлшемдердің ондық метрлік жүйесін дайындау мен қабылдауға әкелді. Ұзындық пен салмақтың өлшемдерінің платиналық протатиптері – метр мен килограмм дайындалды. Өзінің айқын басымдықтарына қарамастан, метрлік жүйе қиындықпен енгізілді, отандық метрологияға көп еңбек сіңірген Д.И. Менделеевтің өзі оны патшалық басқару шарттарында Ресейдің метрлік жүйесіне енгізе алмады. 1899 жылдан бастап  ол ескіресейлік және британдық (дюймдік) жүйелер қатарында факультативті қоланылды. Мұндай жағдай өнеркәсіптің дамуын тежеді, сыртқы экономикалық және ғылыми байланыстарды қиындатты [1,35б.].

«Өлшемдердің және таразылардың халықаралық метрлік жүйесін енгізу туралы» Декрет РСФСР Халық Комиссарларының Одағымен 1918 жылы қабылданды. Декретті шығару отандық метрологияның дамуындағы нормативтік сатының басталуын білдірді. Осы сәттен бастап метрология облысындағы маңызды, одан кейін маңызы төменірек бекітулер нормативтік актілермен енгізілді.

Ғылым мен  техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшем бірліктері, ең алдымен, фундаментальді және қолданбалы метрологияны жетілдіру қажет бола бастады. 1960жылдың қазанында өлшемдер мен таразылар бойынша ХІ Бас конференциямен СИ Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды: бұл вакуумде 1/299792458 секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы. Енді метрологиялық ережелер тұрғысынан метр секундқа тәуелді. 1988 жылы халықаралық деңгейде электр бірліктер мен шамаларын өлшеу облысында жаңа константтар, ал 1989 жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік темпертуралық шкала МТШ-90 қабылданған болатын.

Фундаментальді  және қолданбалы метрологияның дамуымен қатар заңнамалық метрологияның құрылуы жүзеге асты [1,45б.]. 

Заңнамалық  метрология – бұл өлшемдердің  біртұтастығын және өлшеу құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге  бағыттылған, өзіне өзара байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін қосатын метрологияның бөлімі. Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияның облысына құралдардың типтерін сынау мен бекіту, олардың тексерісі мен калибровкасы, өлшеу құралдырының сертификациясы, өлшеу құралдарына мемелекеттік бақылау мен қадағалау жатады.

Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның  нормалары сәйкес халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұсынымдарымен  біріктірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметтегі өзара түсіністікке әсер етеді[2,83].

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның  қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы  кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің  Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары) [2,128б.].

1929 жылы 1 қазанда  Семипалатинсктін өлшем және  таразы палатасының аты Қазақстанның  аймақтық өлшем және таразы  салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған.

 Қазақстандағы  өндіріс пен мәдени-эканомикалық  өмірдің дамуы, салыстырып тексеру  органдардың санының өсуі мен  приборлардың тексеру номенклатурасының  кеңеюіне әкелді.1931 жылы Қазақстанның  Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған.Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді.1995 жылы бірінші разрядты иеленген Алматы мемлекеттік қадағалау лабараториясы ұйымдастырылған, кейін оның аты Республиканың мемлекеттік қадағалау лабараториясына (РМҚЛ) өзгертілді.Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру жағынан көрсеткіш құралдар мен көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші, 3-ші разрядты, облыстық лабараторияның қарқынды құрылысы басталды.Алматының мемлекетік қадағалау лабараториясында, механикалық, бұрышты-сызықтық, теплотехникалық, электрлік өлшеу түрлері бойынша спекторіне кіретін салыстырып тексеру бөлімі құрылды.1971 жылы ақпан айында КСРО-ң Қазақтың республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады. Басқару функциясын анықтайтын жаңа жағдай еңгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге жаңа мақсаттар мен міндеттер анықталып, стандартизация және метрология саласындағы КСРО-ң мемлекеттік стандарт құқығы кеңейеді.КСРО-ң Мемстандарттың негізгі мақсаттарының бірі, мемлекеттегі стандартизация мен метрология жүйесін жасап, негізгі даму бағыттарын анықтау, өнімнің сапасы мен өндірудің техникалық деңгейінің жоғарлауының тиімді амалдары ретінді стандартизация мен метрологияның қолдану маштабтарын кеңейту және оның жұмысының эксплуатациясы мен өндірудің шығынын азайту болып табылады.70-ші жылдарда Алматыда физикалық шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан өлшеу құралдарының корсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу жоспарланды.1974 жылы құрлыстың аяқталуы мен мекемелерді салыстырып тексеру құрылғылармен қамтамасыз етуден кейін, аккустикалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бойынша, жоғары қуатты өлшеу құралдары бойынша, селкілдеу (вибрация) мен жылдамдық бойынша, жоғарғы және төмен темпиратура бойынша, қысым мен 100 мыңға дейін баратын күш және жоғарғы жиілік бойынша жаңа лабараторияларды құрды. Бұндай салыстырып тексерулер Қазақстанның өндірістері мен ұжымдардын ғана емес, сондай-ақ Орта Азия мен Батыс Сібір мемлекеттерді де қамтамасыз етеді[3,130б.].

Информация о работе ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы