ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 09:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихын талдау,қазіргі жағдайына тоқтала отырып,мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 5
1.1Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі 11
1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі 13
1.4 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі 17
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 21
2.1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы 21
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері 26
2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

1КУРСОВАЯ (2).doc

— 255.00 Кб (Скачать)

 Осы міндеттер тұрғысынан  метрологиялық қамтамасыз ету  өлшемдердің талап етілетін дәлдіктегі  нәтижелерін алу және қолдануды  қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық  шаралар кешені ретінде сипатталуы мүмкін. Осы, шығарылатын өнім сапасының метрологиялық қамтамасыз етілу тәжірибесі үшін спецификалық  шаралар қатарына жатады:

-өлшеулер, сынақтар, бақылау кезінде бағалауға жататын материалдар, бұйымдар, процестер параметрлерінің номенклатурасын таңдау;

-өлшеулер, сынақтар және бақылаулар нәтижелерінің дәлдігінің (шынайылығының) көрсеткіштерінің, осы қорытындылар арналған есептің оптималды шешімін қамтамасыз ететін оларды ұсыну формаларының номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау;

-алдыңғы екі есепті шешудің нәтижелерінің дұрыстығын бақылау мақсатында жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың метрологиялық сараптамасы; 

-өлшеу, сынақ және бақылау құралдарын жоспарлау,сынақтар мен бақылау МИ дайындалуы және метрологиялық аттестациясы;

-өлшеу, сынақ және бақылау процестерін сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

-техникалық құралдарды метрологиялық қолдануға жарамды жағдайда ұстап тұру;

-өлшеу, сынақ және бақылау процестерін орындау, олардың нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда);

-өлшеу, сынақ және бақылау нәтижелерін алу мен қолдануға байланысты персоналды оқыту және метрологиялық біліктілігін жоғарлату.

Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілген  шаралар кешенін өлшеу ақпараттарын өңдеумен, оны алу процестерін  нормативтік және жабдықпен қамтамасыз етумен байланысты министрліктердің, ведомствалардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың органдары мен қызметтері жүзеге асырады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі.

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі (ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары, сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар жүйесі.

Өлшеу техникасының дамуы, өлшеу құралдарының да, және оларды қолдану жағдайларының да күрделенуі, қосалқы өлшемдерді кең  қолдану, тез өзгеретін өлшемдерді өлшеу қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен қатар, өлшеу кезіндегі қателіктерді бағалау аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу қажеттілігінің туындауына әкелді.

Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің  бірі өлшемдердің бірлігіне қол  жеткізу болып табылады.

Бұл метрологиялық  қамтамасыз етудің нормативтік негізін  құрайтын стандарттар мен нормативтік құжаттарда бекітілген нормалар мен ережелерді сақтауды талап етеді,

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік  Стандарт жүйесі мынандай міндеттерді  орындауға арналған: өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз ету үшін бірдей терминдер мен белгіліеулерді, барлық жұмыстарды орындаудың біртұтас ережелерін бекіту, жоғарғы дәлдікпен өлшеу құралдары мен әдістерін, физикалық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жасау мен жетілдіру, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына үздіксіз бақылау жүргізу.

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік  жүйесінің нормативті базасы КСРО кезінде 1800 құжаттардан тұрған, соның ішінде 545 ГОСТ, 1100-ға жуық метрологиялық институттардың әдістемелік нұсқаулары, 119 басқарушы  құжаттар және 60 нұсқаулықтар мен ережелер.

Өлшемдер  аясындағы негізгі базалық стандарт ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері» болып табылады [3,25 б.].

Бірліктерді көрсету эталондар арқылы жүзеге асырылады.

Базалық стандарт болып эталондардың міндеттері мен  біліктілігін, жалпы ережелерін бекітетін 8.057-80 стандарты саналады.

Басқа стандарттардың бірқатарымен эталондардың жасалу тәртібі, олардағы қателіктерді сипаттау әдістері бекітіледі.

Бірліктердің  өлшемдерін эталондардан өлшем құралдарына  бару алты базалық стандарттармен бекітілген. 

Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен басқарылатын және берілген физикалық өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын, мемлекетте қолданылатын; ведомстволық – жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен басқарылатын және белгілі бір мемлекеттік метрологиялық органдарда тексерілуге жататын өлшем құралдарына арналған.

Базалық стандарттар тобымен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын нормалау тәртібі бекітілген: ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.401-80 «ГСИ: Дәлділік кластары СИ » және т.б.

Өлшемдердің нәтижелерін орындау мен рәсімдеу ережелері  СТ ҚР 2.18-2003 базалық стандартында бекітілген. Өлшем құралдарының бір түрлілігі мемлекеттік сынақтар, метрологиялық тексерістер (аттестация) бойынша базалық стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Нарықтық  экономикаға өту жағдайында Қазақстан  Республикасында өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің өзіндік базасы, өзара байланысқан жалықаралық талаптарға сәйкес ережелердің және талаптардың кешені жасалуда. 

Сәйкестендіру Қазақстанның метрологиялық қызметінің әлемдік қоғамдастыққа кіруіне  қажетті шарттарды жасау мен  қолдау үшін қажет.

2000 жылы Қазақстан  Республикасының «Өлшемдердің бірлігін  қамтамасыз ету туралы» Заңы  қабылданған. Бұл Заң Қазақстан  Республикасындағы өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық  және ұйымдастырушылық негіздерін  бекітеді, мемлекеттік органдар, заңды  және жеке тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет аясына қатысты қарым-қатынасты реттейді және Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғайды.

1.4. Метрологиялық  қамтамасыз етудің құқықтық негізі

 

 

 Еліміздегі  эканомикалық саясатты жүргізу  кезіндегі прогресстің маңызды  алғышарттары әлемдік рыноктағы  отандық өнімнің сапасы мен  қызметін және олардың бәсекелестікке  қабілеттілігін жоғарлату болып  табылады.Өнімнің сапасы мен қызметін жоғарлату, мемлекеттік міндет болып табылады, ол тікелей жоғарғы сапаны қамтамасыз ету мақсатымен, сынау, өнімдердің сертификаттарын құру мен көрсетілетін қызмет, қадағалау және өндіру кезіндегі өлшеу күйі мен деңгейіне байланысты.Өлшеу нәтижесіндегі тұтынушыларды қанағаттандыру кезінде, өлшем бірлігі қоғамның соңғы мақсаты болып табылады.Елімізде және халықаралық деңгейдегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттін негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Жоғарыда  айтылып кеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін ҚР-да 1993 жылы 18 қаңтарда «Өлшем бірлігі туралы» заң қабылданады, бұл заң республикадағы метрологиялық инфоқұрлымның басқармасын заңды принціптерге ауыстыруға мүмкіндік беріп, келесі мемлекеттік қадағалау формасын бекітеді:

-өлшеу құралдарының мемлекеттік сынаулар мен типтерін бекітеді;

-өлшеу құралдарының мемлекеттік метрологиялық аттестациялауын;

-өлшеу құралдарын  мемлекеттік салыстырып тексеру;

-өлшеу құралдарын  прокаттау, сату, жөндеу, салыстырып  тексеру, жасау бойынша әрекеттерді  лицензиялау;

-бөліп орау  және сату кезінде түрлі қораптағы  бөліп оралған тауардың сапасы  бойынша мемлекеттік қадағалау;

-метрологиялық  нормалар мен ережелерін сақтауын, өлшеуді орындау әдістемелерін,өлшеу  құралдарын қолдану мен күйін  мемлекеттік қадағалау.

Халықаралық таразы және өлшем бюросы мен Халықаралық заң шығарушы метралогия ұжымының құжаттары мен таразы және өлшем бойынша Генеральді конференция шешімінің

басшылығымен, ТМД-ң Парламентаралық қатысушы-мемлекеттік  ассамблеясы, 1992 жылы 13 сәуірден «Стандартизация, метрология және сертификация саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы» Парламентаралық келісімді ескере отырып, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеу облысындағы, қатысушы-мемлекеттер негізінде нормативтік жақындасуда жәрдемдесуге ұмтылып, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша шаруашылық субъектілер мен мелекеттік бақылау ұжымдары арасында қатынасты реттеу мен дұрыс емес және қате өлшеу салдарынан жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатымен, барлық мемлекеттер одағындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің заңды негізінің жиынтығы түрінде, кепілді растау құжаты ретінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң қабылданды [6,16б.].

2000 жылы 7 маусымда  Қақастан Республикасының президенті  Н.Ә. Назарбаевтің үкімімен Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң негізінде жасалған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.Бұл заң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдарымен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метралогиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтар мен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін, өлшеулердің дұрыс емес нәтижелердің салдарынан қорғауға бағытталған.Заң әрекетінің таралу салаларына мемлекеттік басқару органдары жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының териториясындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асырылатын әрекеттер мен жеке және заңды тұлғаларға таралады.

ҚР-ң «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»  заңы 7 тараудан, 31 баптан тұрады:

І тарау.Жалпы ережелер.

1 Бап.Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.

2 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдар

3 Бап.Осы заңның қолданылу аясы

4 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсаттары.

5 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқару.

ІІ тарау.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесі.

6 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүелердің құрлымы.

7 Бап.Өлшем бірлігін қаматмасыз етудің мемлекеттік жүесінің объектілері.

8 Бап.Өлшем бірлігін қаматамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар.

9 Бап.Шама бірліктері.

10 Бап.Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары.

11 Бап.Өлшем құралдары.

12 Бап.Өлшемдерді орындау әдістемелері.

ІІІ тарау.Метрологиялық қызмет.

13 Бап.Метрологиялық қызметтін құрлымы.

14 Бап.Мемлекеттік метрологиялық қызмет.

15 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері.

16 Бап.Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.

ІV тарау. Өлшем  құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру  және калибрелу.

17 Бап.Өлшем құралдарының түрін бекіту және оларды метрологиялық аттестациялау.

18 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында лицензиялау және аккредиттеу.

19 Бап.Өлшем құралдарын салыстырып тексеру.

20 Бап.Өлшем құралдарын калибрлеу.

Vтарау.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

21 Бап.Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың мақсаты.

22 Бап.Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың объектілері.

23 Бап.Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың аясы.

24 Бап.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері.

25 Бап.Өлшем құралдарын шығарылуын, жай-күйін және қолдануын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метралогиялық қадағалау.

26 Бап.Сауда опперацияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

27 Бап.Кез-келген түрдегі бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде олардың саның мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

28 Бап.Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары.

VІ тарау.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу.

29 Бап.Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшін жауаптылық.

30 Бап.Осы заң нормалардың бұзылуына қатысты дауларды шешу.

VІІ тарау.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру.

31 Бап.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық қадағалау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру. 

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша заң шығару Қақақстан Республикасының Конституциясына негізделген, «Өлшем бірлігін қаматамасыз ету туралы» заңы мен өлшем бірлігін қамтамасыз етудің түрлі жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайтын және басқа (өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесінің реестіріне өлшеу құралдарын еңгізу тәртібі, метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеуді өткізу тәртібі, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне өлшеуді орындау әдістерін қолдануға, аттестациялауға және жасауға қойылған талаптар және т.б.) нормативтік құқықтық растау құжаттарынан құралады.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

2.1. Өлшем бірлігін  қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің  қазіргі жағдайы

 

 

 Өлшем  бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз.Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді.Өлшеу қателігі «өлшеудің қатесі» деп атауға бола ма? Жоқ, себебі қате деп оператормен жіберілген қатені айтады.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер[3,111].

Информация о работе ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы