Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:29, реферат
Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Кіріспе.....................................................3
Негізгі бөлім...............................................4
Жара
Жарақат түрлерi
Алғашқы көмек
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...................10
Мұндай жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп алу керек. Қан ақса тез арада тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, онда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады, зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай беру керек.
Жарақат қай жерде болса да ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.
Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:
Көмек көрсетушi адам
жарақаттың түрiн оның ауырлығын
анықтап, тыныс жолдары мен жүрек
қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел
шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған
адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны
тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған
жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау,
ауруды орнынан қозғаған кезде оны
дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап
шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында
алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс
шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза
бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан
дем алдыру сияқты шараларды жүзеге
асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi
парызы.
Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға
тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас
үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi,
бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды.
Жараларды сумен
жууға болмайды. Оны таңар алдында
айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып
сүрту керек. Содан соң жараға
зарарсыздандырылған таңғыш салады.
Қолда бар болса дербес пакет
салған дұрыс.
Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады.
Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның
ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға
арналған дәкелер антисептикалық заттармен
байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут
аралығында тоқтатады.
Бинт ұзындығы 2-3
метр, еңi 2,5-20 смаралығында. Бинттiң
сырт жағын ораған кезде денеге қарайтын
жерiн арқасы деп, ал 2-шi бетi iш жағы
деп аталады.
Ал мақталар екi түрлi болады. Бiрiншiсi жай
мақта, екiншiсi ылғал жұтқыш. Бұл мақтаны
жарақатты таңуға жиi қолданады. Себебi
ылғал сорғыштық қасиетi өте зор.
Алғашқы көмек көрсеткенде асептикалық және антисептикалық таңғыштар жиi қолданылады.
Таңғыштарға клеолды
таңғыш, созылмалы торлы түтiкше
таңғыш және желiмдер пластырлы таңғыштар
БФ-6 желiмi жатады.
Қан ағып тұрған жараға зарарсыздандырылған
таңғыш таңылады немесе үтiктелген таза
мата жабылады. Олардың үстiнен кiшкене
бинт пен мақтадан жасалған бинт оралады.
Таңғышты ораған кезде дымқылданып қалмағаны
дұрыс.
Қысылған бинттi зардап шегушiнi ауруханаға
жеткiзгенше шешпеу керек. Егер таңғыш
оралмаса, жарақатқа инфекция түсуi мүмкiн.
Сөйтiп жарақат инфекциялық iрiңдi зақымға
айналып кетедi. Мұндайда жара iрiңдеп,
ауырады, айналасы терiсi қызарып iсiнедi.
Егер iрiң терi астындағы шелге жанылса,
онда терiде қызыл жолақтар пайда болып
лимфа тамырлары қабынады. Мұны лимфангоит
деп атайды. Ол шап, қолтық бездерiн шошындырады.
Ірiңдi жара ұлғайған кезде ауру жағдайы
нашарлайды, дене температурасы көтерiледi,
тамыр соғуы жиiлейдi, денесi қалтырайды.
Ірiңдi жара ұзақ уақыт жазылмаса инфекциялар
қанға өтiп, сепсиске ұшыратады. Ірiңдi
жара көбiнесе стафилакокк, стрептококк,
протеин iшек таяқшасы сияқты микроб әсерiнен
пайда болады. Бұдан басқа микробтарда
жарада өсiп-өнiп ауру туғызады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Жаралар түрлері және жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек беру