Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:29, реферат
Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Кіріспе.....................................................3
Негізгі бөлім...............................................4
Жара
Жарақат түрлерi
Алғашқы көмек
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...................10