Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:29, реферат
Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Кіріспе.....................................................3
Негізгі бөлім...............................................4
Жара
Жарақат түрлерi
Алғашқы көмек
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер...................10
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл−Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
CӨЖ
Тақырыбы: Жаралар түрлері және жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек беру
Орындаған:
Алматы – 2012
Жоспар
Кіріспе.......................
Негізгі
бөлім.........................
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер...................
Кіріспе
Барлық механикалық
зақымдаушылар ашық және жабық
Жара — механикалық сыртқы әсерден
терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы
бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген,
тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып
ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан
Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс); ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара,
сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда
болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы
қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операцияд
Негізгі бөлім
Жарақат — сыртқы жағдайдың әсерінен
орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат
әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық,
т.б.) әсерінен пайда болады. Осыған байланысты
Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
1) механикалық Жарақат — сыртқы күштің
әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе,
жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету,
қан құйылу, т.б. жатады;
2) термикалық Жарақат — жоғары не төмен
температура (үсу, күйік), электр тогы,
рентген сәулелері әсерінен;
3) химиялық Жарақат — қышқыл, сілті, улы
заттардың әсерінен;
4) биологиялық Жарақат — бактериялық
уланудың (токсиндердің) әсерінен;
5) психикалық Жарақат — орталық жүйке
қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты
қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады. Жарақат
жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел
Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.)
әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы
түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу)
оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер
етуінен болады. Соның нәтижесінде тін,
орган басылып жаншылады. Жарақат алу
ірі өндіріс орындарында (зауыт, комбинат,
т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың, спортшылардың,
әсіресе, мектеп жасындағы балалардың
арасында, сондай-ақ, көлікте, қарулы күштерде
жиі кездеседі. Жарақат алған адамға жедел
дәрігерлік алғашқы көмек көрсету қажет.
Жарақатты емдеу үшін, оның түріне қарай
хирургиялық операция, дәрі-дәрмек ішкізу,
дәрі жағу, физиотерапия, т.б. жүргізіледі.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз
– зардап шеккен адамның жарақатын
асқындырмай, оған әртүрлi медициналық
көмек шараларын дұрыс
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың
бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы
өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр
қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының
бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке
жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк
маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан
пайда болады. Қатты сырқырататын және
қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде
сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және
күрт нашарлайды.
Ашық зақымдалу,
немесе жара, кiлегейлi қабықша мен
терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы
— бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан
кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ
қуысы, ми сауытында).
Жараларды зақымдануына жарақаттаушы
зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге
жiктеймiз.
Шаншылған, тесiлген
жара шаншылатындай заттардан: ине,
шеге, пышақ, үшкiр темiр т.б зақымданудан
пайда болатын жара.
Терiде аз ғана жара тесiгi болады, бiрақ
ұлпаға тереңiрек еңiп зақымдайды, кейде
iшкi органдар да зақымдалуы мүмкiн. Сыртқы
қан кету болар болмас қана.
Мыжылған жара снарядтың
жарықшағынан зақымдалуынан және адам
жүрiп бара жатқан транспорттың астына
түсуiнен т.б. болады. Мұндай жараның
жиегi тегiс емес, оның айналасындағы
ұлпалар күштi зақымдалады. Қан кету
өте көп болмайды,бiрақ
Соғылған жара сыртқы түрiне қарағанда
мыжылған жараға ұқсас. Соғылған жара
таспен (күштi ұрғанда) және дөрекi заттармен
күштi ұрғанда, көмiлiп қалғанда, күштi толқындар
әсерiнен болады.
Егер соғылған және мыжылған жара көлемi
қан көлемдi ұлпаларды зақымдаса, олар
езiлген жара деп аталады. Соғылған, мыжылған,
езiлген жараларда инфекция түсу, даму
мүмкiндiгi жоғары.
Тiстелген жара адам мен жануарлардың
тiстеуiнен пайда болады. Тiстелген жараға
ауыз қуысынан инфекция түсу мүмкiндiгi
жоғары.Ол көбiнесе iрiңдеп, баяу жазылады.
Атылған жара оқ, снаряд
жарықшағы түсуiнен т.б жара ол
оқ және жарық винтовка мен пистолет
оғының әсерiнен болса, екiншiсi жарықшақты
жара – артиллериялық снаряд, мина,
қол гранаты, авиабомба жарықшағы
әсерiнен болады.
Жаралар, ату құралдарын қолданудан пайда
болса олар мыжылған, шаншылған, езiлген
де болуы мүмкiн. Атылған жаралар ұлпаны
қатты зақымдайды. Жарықшақ пен оқ кейде
сүйекке өтiп, оны бөлiп жiберуi мүмкiн, ал
сүйек (жарық) жарықшақтары жұмсақ ұлпаны
зақымдайды.
Адам денесiндегi
атылған жараларда кiре берiс және
шыға берiс тесiктер болады. Бұл жараны
өтпелi тесiк дейдi. Егер жарықшақ немесе
оқ адам денесiне өтсе, ұлпалар арасына
батып кетсе оны соқыр жара
деп атайды. Соқыр жарада тек кiре
берiс тесiк болады. Жарықшақты жарақатта
көбiнесе соқыр жара көп кездеседi,
себебi, оққа қарағанда жарықшақ жеңiл.
Сондықтан ұлпаларға кiрiп
Оқ пен жарықшақ жанама өтiп, терiнi және
ұлпаларды жарақаттап, тереңге өтпесе
оны жанама өткен жара деп атайды. Онда
жараның каналы болмайды.
Кейде зақымдаушы заттар (кинжал, оқ, жарықшақ
т.б.) дене қуысына өтiп, ары қарай (көкiрек,
құрсақ) өтпей, тұрып қалуы мүмкiн.
Бұл кезде ол сол қуыстағы етке, iштiң қабырғалық
терiлерiне тұрып қалады. Мұндай жарақатты
соқыр, кiре алмайтын жарықшақты жаралар
деп атайды. Кiре алмайтын жаралар ми сауыты
көкiрек және iш қуысында болады да, ол
өте қауiптi..
Егер адам бiр
мезгiлде 2 немесе одан да көп жарықшақпен
немесе оқпен зақымданғанда ондай
жараларды бiрнеше жарақат
Жарадағы инфекция.
Микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш, жердегi заттар және ауада заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде микробтар болады.
Жаралар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда болады.
Инфекция түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып, жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi.
Терi температурасы
көтерiледi, жарақаттанған адам көңiл
күйi төмендейдi. Жараның микроб саны
көп болады. Ол микробтар лимфа
тамырларына енiп, одан лимфа түйiндерiне
барып, ол iсiнiп ауырады, ал оның үстiндегi
терiсi қызарады. Егер iрiңдi инфекция қанға
өтсе, қанның бұзылуы (сепсис) басталады
да, кейде өлiмге әкеп соғады.
Жарадағы микробтардың дамуы ауаның қатысуынсыз
жүредi. Оны анаэробты деп атайды, ол аса
қауiптi. Ол жерде, қида, дәреттерде болады.
Микробтар дамуына қолайлы жағдай көбiнесе
төменгi аяқ, бөлiмi мен бөксе бөлiктерiндегi
мыжылған – езiлген және созылған жараларда
туады. Бiрнеше сағат немесе күннен кейiн
өте ауыр ауру түрi анаэробты немесе газды
инфекция (газды гангрен) дамиды. Әуелi
жарадағы ұлпалар жансызданады, сосын
ол еттiң қалыпты жағдайдағы денi сау аумағын
зақымдайды. Ұлпаларда газ көпiршiктерi
пайда болады және едәуiр мөлшерде iсiнедi.
Жараланушы жара бөлiмiн ауырсынады. Тамыр
соғуы төмендейдi, температура көтерiледi.
Төменгi бөлiмдерде жара көлемi ұлғаяды.
Іскен бөлiкте саусақпен басып көргенде
ол қытырлайды. Жара құрғақтанады, төменгi
бөлiктер суық, сөлсiз, сосын көгередi. Терiде
кейде қанды көпiршiктер пайда болады.
Аурудың жағдайы нашарлайды, кейде жедел
өмiрiн сақтап қалу үшiн хирургиялық операция
жасау қажеттiгi туады.
Жараға жерден немесе қилардан анаэробты
микробтардың басқа түрлерi түсiп, ауру
туғызса, оны сiреспе деп атайды. Жараға
түскен сiреспе қоздырғышы бiрнеше күннен
немесе аптадан кейiн шайнау еттерi талып,
жиырылу пайда етедi, одан кейiн ол шүйде
және арқа еттерiнде. Бiрiншiден дененiң
барлық еттерiне оның iшiнде тыныс алу еттерiне
тарайды. Талу кезiнде бас артқа қарай
шалқақтай бередi. Тыныс алу аяқ астынан
тоқталуынан өлiмге әкеп соғады.
Газды инфекция және сiреспе – мұндай
ауруларға арнайы персонал бөлiнiп, төсек-орнын
сода ерiтiндiсiне ылғалдап, 1 сағаттай қайнатады,
сосын жуады.
Қолданылған хирургиялық құралдар 2 процент
сода ерiтiндiсiнде бiр сағаттай қайнатылады,
металл таяқшалар отқа ұсталады. Ал ағаш
таяқша, таңғыштарды өртеп жiбередi.
Жарадағы инфекцияның
алдын-алу үшiн жараға өз кезiнде
хирургиялық өңдеп, өлген ұлпалар
мен бөгде заттарды шығарып, тазартып
отыру қажет. Ал ядролық қару қолдану
кезiнде бұл мүмкiн емес. Сондықтан
қандай жағдайда болмасын жарадағы инфекцияның
алдын алуға антибиотиктер қолданылады.
Кез-келген жара, тiптi кiшкентай жаралардың
өзiнде әр түрлi микробтардың дамуына қолайлы
жағдай тууы, тiптi қан кетудiң әсерiнен
адам көп мөлшерде қан жоғалтуы мүмкiн.
Жара асқынбас үшiн жараға алғашқы медициналық
көмек көрсету үшiн жараға стерилдi таңғыш,
асептика мен антисептикалық ереженi сақтап,
қан тоқтату қажет.
Асептика – жараға микробтардың түсуiнен
сақтануға бағытталған iс-шаралар. Осы
тұрғыдан асептика — жараға инфекция
түсудiң алдын-алу. Жараны қолмен ұстауға,
жарықшақтарды, киiм жиектерiн қолмен алуға,
жараны жабуға стерилдi емес матаны пайдалануға
болмайды.
Микробтарды өлтiрудiң ең дұрыс қолданылатын
әдiсi – стерилдеу, жоғарғы температурада
– су буларында ұстау, хирургиялық құрал-жабдықтарды
қайнату.
Антисептика – жараға түскен микробтарды антибиотиктер және химиялық басқа да құралдар көмегiмен жоюды антисептикалық деп атайды. Антисептикалыққа хлорамин, иодты ерiтiндi, спирт, сутегi асқын тотығы, перманганат калий т.б. жатады.
Антисептика механикалық,
физикалық, химиялық, биологиялық деп
бөлiнедi. Алғаш жараны хирургиялық
өңдеу механикалық деп аталады,
микроб түсуге қолайлы жағдай туғызбай
жараны кептiру, күн сәулесiнде ұстау,
жасанды ультракүлгiн сәулемен сәулелендiру
физикалық әдiс. Химиялық әдiске әр
түрлi дәрiлiк құралдарды пайдаланылып,
микробқа қарсы күресу жатады. Антисептикада
иод, хлорамин, ривонол, перманганат
калий, этил спиртiмен басқа Вишневский
мазы сияқты антисептикалық заттар пайдаланылады.
Биологиялық антисептикаға
Асептика мен антисептика жараға түскен
инфекцияны асқындырмау жолында бiрiн-бiрi
толықтырып отырады.
Жарақат салдарынан зардап шегушi есiнен
таңатын кездерi болады. Әсiресе ауыр зақым
алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған
кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса
да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай
жағдайда естен тануды шок деп атайды.
Адамның нелiктен шокқа ұшырайтыны толық
әлi анықталмаған, бiрақ орталық жүйке
жүйесi тiтiркенуiнен қан қысымы азаюынан
қан тамырлары тарылып, шеттегi тамырларына
қан жетпей қалады. Жарақаттанған жердiң
белоктары ыдырап, оның уы денеге жайылады,
зат алмасу бұзылады, тамыр соғуы әлсiреп,
көз қарашығы ұлғаяды, естен тану бiрнеше
минутқа дейiн созылады. Шоктың төрт дәрежесi
бар.
І дәрежелi шок –
орташа жарақат алған кезде болады.
Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi,
бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу
минутына 90-100-ге қан қысымы сынап
бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi.
ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда
пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты
қабаты мен терi бұзылады.
Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.
ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.
ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.
Денеден қан көп кетсе немесе организм салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда транспортпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.
Информация о работе Жаралар түрлері және жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек беру