Медицинаның түрлі саласында құбылыстардың

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:22, реферат

Описание работы

Медицинаның түрлі саласында құбылыстардың немесе белгілердің бір-бірімен юайланысын статистикалық талдаудан өткізуге тура келеді. Сонымен қатар факторлы және нәтижелі белгілердің арасындағы байланысты да анықтау қажет.
Бұл әдіс әр адамның дене өсуін бағалауда пайдаланылады және әр адамның функционалды көрсеткіштерге түрлі сыртқы факторлардың әсерін ғылыми түрде дәлелдеу үшін керек.

Работа содержит 1 файл

МЕДИЦИНАНЫҢ ТҮРЛІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС1.doc

— 505.00 Кб (Скачать)

    Регрессия шкаласы бойынша қан  қысымының ең жоғарғы деңгейін табуға болады, ал жұқпалы аурумен ауырғандардың саны белгілі болса, шкала бойынша бацилла сақтаушылардың санын анықтауға болады. Осы принципті қолданып әр түрлі есепте қолданылатын геометриялық шаманың графигі жасалады. Номограмма арнайы тор сызық секілді болады. Онда бір сызықта бір белгінің мөлшері жазылса, екінші сызықта соған сәйкес екінші белгінің шамасы жазылады. Бұл регрессиялық әдіс жұмыстар жүргізілгенде де және дәрігерлердің (бала дәрігерлері, эпидемиологтар, санитарлық дәрігерлер) күнделікті жұмысында да қолданылады.

     

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

    Демография (demos – халық, grafo – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің маңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, емдеу, санитарлық, т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігрлер мен орта білімді мамандарды жайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіншіден емдеу профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланылады.

    Демографияның екі бөлімі бар: 1 бөлім – бір уақытқа сәйкес  халық санын білу, оны “статика” дейді, яғни халық санының бір тұрақты қалпында жыныс, жас (6-сурет) әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, тұрған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.

    2 бөлім – халық санының өзгерушілігін  зерттеу, оны халық динамикасы  дейді, оның екі түрі бар:

    а) Халықтың механикалық қозғалысы:  көшіп-қонуы,орын ауыстыруы, яғни  миграциялық қозғалыс. Бұның бірнеше түрі бар: ішкі миграция – халықтың бір елдің шеңберінде орын ауысуы: сыртқы миграция – халықтың бір елден басқа елге ауысуы, яғни халықаралық миграция; маятниктік миграция – күнделікті қайталанып тұратын қозғалу (күнде жұмысқа барып келу т.б.).

    б) халықтың табиғи өсуі – туу және өлу процестері, өмір ұзақтығы, табиғи өсу немесе азаю көрсеткіштері.

Осы көрсеткіштердің  Қазақстан Республикасы бойынша  негізгі мәліметтерді ресми түрде  шығарылған статистикалық жинақтардын (1991, 1998, 1999, 2000 ж.ж.) алынған. (1,7,8,9-суреттер, 4,5-кесте).

    Негізгі демографиялық көрсеткіштерді  әдетте 1000 адамға шағып есептейді. 

    1. туу көрсеткіші бір жыл ішінде  нақтылы жерде 1000 адамға шаққанда  туулық жиілігін көрсетеді: 

Туу көрсеткіші = Бір жылдың ішінде туғандардың саны 1000

                                Бір жылдағы халықтың орташа  саны.

                                  

   2.   Өлім көрсеткіші = Бір жылдың ішінде өлгендердің саны1000

                                            Бір жылдағы халықтың орташа саны.

 

    3.   Табиғи өсу көрсеткіш   = (Туғандар - өлгендер саны)_________1000

                                                       Бір жылдағы халықтың орташа  саны.

 

    Көбінесе бұл көрсеткішті есептегенде жылдық туулық және сол жылдағы өлім көрсеткішінің айырмасын алады. Сондықтан бұл көрсеткішті алғанда туулық және өлім көрсеткішінің деңгейін есепке алу керек (1,2-кесте, 10-сурет).

    Демографиялық көрсеткіштерді талдағанда  арнайы көрсеткіштерді (әр топқа  жасына сәйкес есептелген) табады. Оларды есептеу әдісі жоғарыда көрсетілгендей болады.

    4.  Әйелдердің бала туу көрсеткіші = Бір жылда туғандар саны_____________1000

                                                                      15-49 жастағы әйелдердің орташа саны.

 

    5.  Жасына сәйкес әйелдердің бала туу көрсеткіші  =

      =

   

    6. Некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші =   =

 

    7. Жасқа сәйкес өлім көрсеткіші (сәбилер өлімінен басқа) белгілі  жастағылардың ішінде өлгендер санын барлық сол жастағылардың санына бөліп, 1000-ға көбейтеді. Мысалы,

    60-65 жасқа сәйкес өлімшілдік  =

 

    Денсаулық сақтау мекемелерінде  өлім себептеріне көп көңіл  бөлінеді, сондықтан әр аурудың  түріне сәйкес өлгендер көрсеткішін бөлек есептейді. Мысалы: Жүрек ауруын өлу көрсеткіші  =

 
 

(осы  әдіспен туберкулез және т.б.  аурулардан өлім көрсеткіштері  есептелінеді; 12-сурет).

    Республика бойынша өлімге себепкер  болытындар ішінде алғашқы төрт орынды:

    1. жүрек жіне қан айналым жүйесінің аурулары;
    2. жарақаттану және улану;
    3. қатерлі ісіктер;
    4. тыныс жүйесінің аурулары (11 сурет) иеленеді.

    8.  Сәбилер өлімі – бір жасқа толмай өлген сәбилердің саны. Бұл көрсеткішті 1000 тірі туылған балаларға шағып есептейді. Ол үшін мәліметтерді жергілікті азаматтардың өмір өзгерістерін жазып отыратын бөлімнен (ЗАГС – тан) алады. Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесін алғанда барлық бір жасқа толмай шетінегендер ішінде 2/3 биылғы жылы туылғандар, ал 1/3 алдындағы жылы туылғандар екені байқалады. Сондықтан жылдық сәбилер өлімінің нақты көрсеткіші мынадай формуламен есептелінеді:

    Сәбилер өлімі =

   

 

    Республика бойынша бұл көрсеткіштің  деңгейі орта есеппен алғанда  20,2%, бірақ кейбір облыстарды 30,0% – ден асады (4-кесте).

    Бір жасқа толмаған балалардың өмірі 2 мерзімге бөлінеді: Бір айлық (төрт апталық) – жаңа сәбилік мерзім –2–12 айға дейін (постнеонаталдық мерзім). Осы мерзімдерге сәйкес сәбилер өлімінің көрсеткіші есептелінеді. Сонымен қатар тағы бір көрсеткіш есептелінеді. Оны перинатарлық сәбилер өлімі дейді. Бұл көрсеткішті есептегенде өлі туылғандар және туылғандардың ішінде бір апта аралығында шетінегендер саны алынады.

9. Перинаталдық  өлім көрсеткіші =

 
 

    Халық санының статистикасын  зерттегенде, жанұяға байланысты  көрсеткіштер есептелінеді. Мысалы, некелік, некеліктің ұзақтығы, ажырасу,  оның себептері, жанұялар саны, жанұя мөлшері, балалар саны, жұбайлар  саны, т.б. көрсеткіштер талданады.

    Халық денсаулығына баға бергенде жалпы өлім көрсеткішіне қарағанда алдағы өмір сүру мерзімінің көрсеткіші күрделі және маңызды фактор ретінде қарастырылады.

    Бұл көрсеткішті есептеу әдістері  арнайы демографиялық қолдамаларда  келтірілген. Әр ел тұрғындарының өмірінің ұзақтығын есептегенде барлық өлген адамдар жастарының ұзақтығын қосып, өлгендердің жалпы санына бөлгенде өлген адамдардың орта жасы шығады, ал алдағы өмір сұру ұзақтығын есептегенде халық санағының нәтижелерін алып, өмірдің шегіне жету кестелері жасалады.

    Алдағы өмір ұзақтығы деген  ол әр жастағы адамдардың (0,1,2,3,....80.... жастағылардың) орта есеппен қанша  жыл өмір сүретіндігін есептеу  деген сөз, ол үшін алдағы  жылдары өлім көрсеткіші сол  кестелер жасалған жылдағы деңгейде  болады деп алынады.

    Демографиялық көрсеткіштерді зерттегенде  міндетті түрде халықтың жасына  сәйкес оның құрамы да талданады. Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) ұсынысы бойынша жасқа сәйкес халықтың 3 түрі болады: десографиялық құрамына қарай “жас халық”, онда 65-тен асқандар 4%-дан аспайды; демографиялық “кемеліне келген” – онда 65 жастағылар –4-7% – шамасында және десографиялық “қарт халық” 65-тен асқандар 7%-дан жоғары. Бұл жағдайдың медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы маңызы зор.

Халықтың  табиғи өзгеруінің көрсеткіштерін бағалау үлгісі

Көрсеткіштерді     бағалау Туулық Өлім Сәбилер өлімі
Төмен

орта

Жоғары

15- ке дейін

15–25-ке  дейін

25

9-ға дейін

9–16-ға  дейін

15

30-ға дейін

30–50-ге  дейін

50

 
 
 

Статистика  және талдау комитетінің  мәліметі бойынша  Қазақстан Республикасындағы демографиялық көрсеткіштер

(1000 адамға шаққанда) 1990,1997 жж.

4-кесте                                                                                                                   

Облыс.атауы Туулық Өлім Табиғи  өсу Сәбилер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда
  1990 1997 1990 1997 1990 1997 1990 1997
Қазақстан республикасында барлығы

Ақтөбе  обл.

Алматы  обл.

Атырау  обл.

Жамбыл  обл.

Жезқазған обл.

Қарағанды обл.

Қызылорда обл.

Көкшетау  обл.

Қостанай  обл.

Маңғыстау обл.

Паылодар обл.

Солт. Қаз. обл.

Семей обл.

Талдықорған обл.

Торғай  обл.

Орал  обл.

Ақмола  обл.

Оңтүстік  Қаз. обл.

Шымкент обл.

Алматы 

Астана

 
 
21,7

23,9

23,1

26,4

23,8

21

16,2

29,2

19,8

19,0

18,9

18,4

20,9

 

22,8

23,0

19,8

 

17,1

29,9

15,8

 
 
14,7

14,4

14,7

19,6

17,4

12,2

12,2

22,0

12,3

11,5

19,9

11,4

11,6

11,4

 

14,7

12,7

14,0

12,6

 

11,4

22,9

10,6

 
 
7,7

6,9

7,1

6,6

7,7

7,3

7,9

6,8

8,1

7,7

7,2

9,2

8,1

 

7,9

8,2

7,6

 

9,7

6,7

8,6

 
 
10,1

9,4

8,8

9,4

9

12,2

12,2

7,8

12,2

10,8

7,5

10,7

11,7

11

 

8,8

10,8

10

11

 

12,5

7,4

11,5

 
 
14

17

16

19,7

16,1

13,6

8,3

122,4

11,7

11,3

11,7

9,2

12,9

 

14,9

14,8

12,2

 

7,4

23,2

7,2

 
 
4,6

4,9

5,8

10,1

8,1

0

0

14,2

0

0,6

12,3

0,6

0,1

-0,4

 

5,8

1,8

3,9

1,6

 

-1,1

15,5

-0,9

 
 
26,1

26,6

25,5

32,3

29,6

25,7

24,3

31,7

23,6

23,3

26,7

20,5

28,7

 

21,9

25,3

23

 

25,3

28,9

22,9

 
 
24,2

25,1

19,5

26,8

30,4

26,2

26,2

29,1

22,2

21,7

41

23,1

29,6

22,2

 

19,5

19,6

21,6

22,2

 

25,8

22,5

21,9

 

    Ескерту: (Статистикалық мәліметтер). 1990, 1997 жылдардығы Қазақстан республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысынан алында.

    Алматы – 1998, 1999 жж.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТИІМДІЛІГІ

 

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ  ШАРАЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ.

 

    Сабақтың мақсаты: 

    Денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігі туралы түсінің беру. Экономикалық тиімділікті есептеу жолдарын меігерту.

    Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. экономикалық тиімділікке түсінің беру.
  2. экономикалық әсерлерді есептеу әдістері.
  3. экономикалық тиімділік түрлері.

    Сабақтың негізгі мазмұны:

    Денсаулық сақтау салысының алдына қойған мақсаттары:

  • халықтың ауру-сырқауын азайту;
  • халықтың өлім-жітімін төмендету;
  • адам өмірінің ұзақтығын ұлғайту.

   Нақты айтқанда денсаулық сақтау жүйесі ауру-сырқаудың алдын алу мен дерт түрлерін азайту арқылы өлім-жітімді төмендетеді, ал оның нәтижесі халықтың орта есеппен алғанда өмірін ұзартады, өлім-жітім мен ауру-сырқаулықты төмендету арқылы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздықты азайтады және жұмыс істемеу уақыты азаяды, ал оның есесіне адамның еңбекке жарамды жылдары көбейсе, белсенділігі нығаяды. Сондықтан сырқаттанып жүрген адамдарды емдеп, оларды қайтадан жұмысқа қосу және денсаулығын сақтап қалу арқылы қоғамның дамуына денсаулық сақтау саласы үлкен үлес қосады.

    Экономикалық пайда әкелетін  халықтың денсаулығы (яғни балалар,  зейнеткерлер, мүгедектер, үй жұмысындағыларды  алып тастағанда) дейтініміз, адамның  еңбекке қабіліттілігін, адамның  жұмыс істеген жылдарын арттыру дәрежесімен өлшенеді. Сондықтан, емдеу-сауықтыру және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділікпен сипатталады.

    Ауру-сырқаулықты азайту және  денсаулықты жақсарту медициналық  тиімділік деп бағаланады.

Информация о работе Медицинаның түрлі саласында құбылыстардың