Қан айналымының физиологиялық қасиеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:22, реферат

Описание работы

Қан, лимфа және клеткааралық (интерстициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері түрақты болуы шарт, тек осы тұрақты-лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суырында да, оңтүстіктің шыжығанда да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі түрактылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізігі бөлім
Қан жүйесі
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
Қанның құрамы
Қанның қызметтері
3.Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Реферат №1.docx

— 63.92 Кб (Скачать)

Протоплазмасында түйіршігі  бар лейкоцит гранулацит (лат. гранула — түйіршік), ал түйіршіксіз лейкоцит агронулоцит деп аталады. Гранулоциттер түйіршіктері бояуының түріне қарай ба-зофиль, эозинофиль, нейтрофиль болып үшке бөлінсді.

Базофилдің түйіршіктері сілтілі бояумеи көк түске, эозинофиль түйіршіктері қышқыл бояу — эозинмен қызғылт түске боялады, ал нейтрофиль түйіршіктері сілтілі және қышқыл бояумен  бояла-ды, сондықтан оның түсі қызғылт  не көкшіл немесе бейтарап келеді, түйіршіктері үсақ болады. Даму барысында (лейкопоэз кезінде) нейтрофиль ядроларының пішіні өзгереді. Жас клетканыц ядросы С, 5 латын әріпіне ұқсайды, сондық-тан оны таяқша ядролы нейтрофиль деп атайды. Нейрофиль да-му жолында есейген сайын ядросы көптеген сегменттерге бөліне-ді. Мұны сегмент ядролы нейтрофиль деп атайды. Қейде қаида таякша ядролы иейтрофилдерден де ірілеу жас метамиолопиттер пайда болады, олардың ядросы үлкен бұршаққа үқсайды. Олардың қанда пайда болуы лейкопоэздіц күшейгенін көрсетеді.

Агранулоциттер қатарына лимфоциттер мен моноциттер жатады. Лимфоцит үлкен және кіші лимфоцит болып екіге бөлінеді. Ядросы дөңгелек, үлкен, ол бүкіл клетканы жайлайды. Протоплазмасы клетка шетінде, көгілдір сызықшага ұқсайды.            

Лейкограмма солға не оңға қарай жылжуы мүмкін. Қанда ме-тамиелоциттер  пайда болып жас нейтрофилдер көбсйсе, лейко-грамманын солра жылжыраны. Бұл лейкопоэздің күшейгенін көр-сетеді. Егер сегмент ядролы лейкоциттер саны көбейіп, жас ней-трофилдер азайса, лейкограмманын. оңға жылжыраиы. Бұл лейкопоэздің нашарларанын көрсетеді.

Лейкоцит түрлерінің арақатынасын есептеп шырарумен қатар олардың абсолюттік санын білу қажет. Лейкоциттін, абсолюттік саны деп бір мкл қандары лейкоцит бір түрінін, санын айтады. Оны болу үшін лейкоциттердің 1 мкл-дегі жалпы санын жоне лейкограммадагы түрінің процентін білу керек.

Ауырғанда лсйкоциттердің жалпы  саны өзгермесе, олардың жеке түрінің  саны өзгеруі мүмкін. Оның ауру анықтауда  ман.ы-зы бар. Нейтрофилдердіц абсолюттік саны көбейсе, оны нейтро-филез дейді, сол сияқты эозинофилез, лимфоцитоз, моноцитоз және базофилез болуы мүмкін.

Лейкоциттер алуан түрлі  қызмет атқарады. Лейкоциттің ен басты  қызметі — онын фагоцитоздық кабілеті. Бұл И. М. Мечников зерттеулерінен белгілі.

Фагоцитоз — грекше рһа^іеп  — жалмау, жұту, қармалап алу суіиз  — клетка. Басқаіпа айтқанда кармалап алатын клетка қо-рытады. Демек, фагоцитоз  денеге келін түскен бөгде заттарды,

моселен, микробтарды аяқтарымен қармалап алып ферменттер-мен қорытады. Ол — үш сатылы процесс. Бірінші — миграция (көшу) сатысы Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.

Лейкоциттер оң зарядты, олардың  хемотаксис қасиеті бар, бөгде денелермен ұқсастыгы күшті. Табиғаттағы физиотаксис  құ-былысы өздеріне белгілі. Ол өсімдік  жапырақтарының күн сәу-лесіне карай  кимылдауы. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қимылдайды, оны оң хемотаксис дейді. Қимылдау кезінде олар қан арысына қарсы жүруі мүмкін, сөйтіп бөгде заттарға жақындаған кезде қылтамыр кабырғасындағы эндотелийлер арасына жалған аяқтарымен еніп, лейкоцит протоплазмасы сыртқа қарай ығысып бүтін қылтамыр сыртына. Осы қүбылысты диапедез деп атайды. Сыртқа шыгысымен лейкоциттер жылжып бөгде затқа жақындай түседі.

Фагоцитоздың  екінші сатысы — бөгде затты танып, қармау, жұту фазасы. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да, бөгде заттарды денедегі клеткалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, өз цитоплазмасына қарай тартады.

Фагоцитоздық  үшінші сатысы — жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері осер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар (пероксидаза галоидтар—Л, С1, лизосом-дық катиондар және гистондар), вирусқа қарсы заттар — интероферондар бар.

Фагоцитоз — бейарнамалы  иммунитеттің бір түрі.

Фагоцитоз барлық лейкоциттерге  тән қасиет. Бірақ олардың ішіпде бір жұтқанда 30—40 денені бірак жұтатын  — микроцит-термеи (нейтрофилдер) қатар  макроциттер — моноциттер және лимфоциттер  бар. Бір моноцит 100 шақты бөгде  затты бірден жұтады.

Нейтрофилдер — лейкоциттердің ішіндегі ең көбі (50—70%). Ядроларыныц пішіні олардын. пісіп жетілуіне байланыстьь Нейт-рофилдердің ең жасы метамиелоциттер (ядросы үлкен бұршақ тәрізді), онаң соң таяқша ядролылар, әбден жетілген нейтрофилдің ядролары сегменттелген. Бұлар лейкограммада жетілу дәрежесіне карай ең жасы сол жақта, ал әбден пісіп жетілгені оң жақта орналасады. Метамиелоцит қанда кездеспеуі мүмкін, сондықтан ол 0—1%, таяқша ядролы 1—5% дейін, ал сегмент ядролы нейтрофилдердің саны 45—65%. Кейбір ауруларда жас нейтрофилдер мен сегмент ядролардың арақатынасы өзгеріп, жас-тарының саны (метамиелоциттер мсн таякша ядролылардық) көбейіп кетеді. Жас және пісіп жетілген нейтрофилдердің арақатынасын регенерациялық индекс деп атайды. Қалыпты жағдайда ол 0,05—0,1 тең. Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі, яғни регенерациялық индекстід жоғарылауы лейкограмманың солға карай жылжуы болып саналады. Бұл сүйек кемігінде лейкоциттер түзілуінің күшейгенін көрсетеді.

Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың залалды әсерлерінен қорғайды. Оларды қоршап жұтады және фер-менттер арқылы ыдыратып жояды. Мұнымен бірге залалды заттармен әрекеттесетін белоктар және вирустарға қарсы интерферон бөледі. Нейтрофилдердің қимылы басқа лейкоциттерге қарағанда өте тез. Сондықтан олар басқа лейкоциттерден бұрын залалды әсерлерге жауап қайтарады.

Моноциттер денедегі өлі клеткаларды жұтып, жаңа клетка-ларға орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші тазартқыш «сыпырғыш» деп те аталады. Олардың әрекеті әсіресе өте қышқылды қабыну нүктесінде күшті болады. Моноциттің бетінде қармаушы дене, комплементтерге арналған рецепторлар бар. Моноциттер қан тамырынан шыққан соң макрофагқа айна-лып денеде арнайы иммунитет қалыптасуына қатысады, яғни бөгде заттарды жұтып, өзгертіп, иммуногендер түзеді. Капиллярдан сыртқа шыққан моноциттермен бірге гистиоциттер, купфер клеткалары сияқты фагоциттер мононуклеаралық бір ядролы клеткалар деп аталады, олар бүртұтас жүйе — мононуклеаралық фагоциттер жүйесін күрады. Бұлар организмнің бөгде әсерлерге төзімділігін күшейтеді.

Лимфоциттермен бірігіп  моноциттер иммундық жауап реак-циясына  қатысады. Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерферон) зат, лизоцим, эластаза, коллагенді ыдрататын ферменттерді де шығарады.

Базофилдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин — қанды үйытпай сүйық қалпында сақтайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат — гистаминді бөліп шығарады.

Эозинофиль — гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және құрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып корытады. Сондықтан да эозинофилдердің саны аллергиялық реакция кезінде көбейіп кетеді және қанда гистамиц өте көбейеді. Эозинофиль белоктан тұратын уытты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырады, антидене қалыптастыруға катысады, плазмоген (фибринолизин) жасайтын затты бөліп шығарады.

Лимфоциттер арнамалы иммунитет  қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет  жайын қадағалайды. Олар залалды заттарды, клеткаларды жоятын арнайы клеткалар және плазмалық антиденелер бөліп шығарады. Лимфоциттер — Т (тимуске бай-ланысты), В (бурсаға байланысты) және О — лимфоциттер бо-лып үшке бөлінеді.

Т — лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп аталатын үш түрлі клеткаларға бөлінеді. Киллер — өлтіруші клетка ісік клеткаларын, адам денесіне жат ағзалар меи тканьдерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет клетка. Ол сондай-ақ, медиатор — лимфокин бөліп шығарады. Лимфокин өзге жат клеткаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, макрофагтардын, әсерін күшейтеді. Хелпер — көмекші клетка, В — лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығара-тын клеткаға айналдырады. Антидене антигенмен әрекеттеседі. Супрессор — кысым көрсетуші (реттеуші) клетка. Ол В — лим-фоциттің және Т — киллер реакциясы күшейіп бара жатса, тежеп отырады. Т — лимфоциттер арасында иммунитетті ұзартатын еске сақтау клеткалары да бар.

В — лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тканьдерінде, бадамша бездерінде одан .әрі дамиды. В — лимфоциттер мен Т — лимфоциттер өзара әре-кеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) шығарады (гуморальдық иммунитет).

Лимфоциттер клеткалардың креаторлық байланысын сақтауға қатынасады, ягни басқа клеткалардыц генетикалық  қызметін рет-тейтін информация жеткізетін макромолекулаларды тасиды.

О —клетка Т немесе В маркері (белгісі) жоқ лимфоциттер, басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған клетка.

Лейкоциттердің барлық түрі опсонин (бөгде затты таныйтын) бөліп  шығарады.

Қорыта келгенде, лимфоциттер  мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде  бөгде заттарды жұтады, жояды, залалсыздандырады. Базофилмен зозинофилдер қанды ұйытпай капиллярлардың өтімділігін күшейтіи, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан сыртка шығуына көмектеседі, сөйтіп фагоциттертердің бөгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.

      Тромбоциттер — қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не со-пақша құрылым, диаметрі 0,5—4 мкм (эритроциттен 2—8 есе кі-ші). Сау адамның 1 л қанында 180—320-109 тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8—11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігін-де мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000—4000 қан пл^стинкасы бөлініп шығады.

Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген фер-менттерден, олардың ішінде АТФ-ны және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды ұйытатын факторлардан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.

Тромбоциттердің саны қанда  кешке қарай күндізгіден көбірек, ол қуаныш, реніш, қайғы-қасірет, шаттану  т. б. себептерден де, та-мақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тромбоциттер тез бүзылады, сондықтан оларды сапар алдында қанға химиялық заттар қосып тез санау.

Тромбоциттердіц қызметі (функциясы). 1. Ангиотрофика-лық қан тамырды қоректендіру функциясы. Қан тамырлардың ка-лыпты құрылысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердін, үлкен маңызы бар. Қан тамырынын. эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер каннан сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асырап сақтаушысы» деп бекер антпаған. Қанда тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы өзгереді, капилляр кенересі селді-реп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл тканьдерге қан қүйылуына әкеліп соғады, тканьдерде көптеген үсақ нүкте тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік функциясын барлық тромбоциттердің 15%-і ғана аткарады.

2. Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы.  Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің  пішіні өзгереді. Оның протоплазмасында  өсіктер (жалған аяқтар) пайда  болады. Олар жабысқақ келеді, эндотелий  жарақаттанған жердегі негізгі  мем-бранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10—20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Бұл процесс агрегация деп аталады. Агре-гация тамырдыц ішкі бетінде ғана емес қанның ішінде де пайда болады. Агрегаттар қап тамырының қабырғасында жабысқан тромбоциттермен қосылып тромбоциттік тығынга (тромбыга) айналады. Сөйтіп, жарақаттанған жерден қан тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды.

3. Ангиотензивтік (қан тамырын  тарылту) функциясы қан та-мыры  сацылауын тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.

4. Қан ұйыту функциясы  (гемокоагуляция). Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар (олардың жалпы саны ониан асады) болады, араб санымен белгілейді. Олар қан ұюының тромбоциттік факторлары деп аталады: 1-фактор — тромбоциттердің бетіне адсорбциялағган плазмалық проакцелерин (VI ф), бұл протромбиннің тромбинге айналуын тездетеді, 2— фибриноген-нің фибринге айналуын тездететін фактор. 3-фактор — тромбоциттік тромбопластин. Тромбопластин тромбоцит мембранасында және түйіршіктерінде болатын фосфолипид. Ол тромбоцит жарыл-ған сәтте сыртқа шығып, қан ұюының бірінші фазасына қатысады. 4-гепаринге карсы тұратын фактор, ол гепаринмен әрекеттесіп, қан ұюын (гемокоагуляцняны) тездетеді. 5-фактор — фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, үйінді (агрегат) жасалуына әсер етеді. 6-фактор — тромбостенин (рет-рактозим) — ұйыған қанды тығыздайды, актин мен миозин белок-тарына ұқсас. Бұл да актин мен миозин тәрізді жиырылу кезінде АТФ-энергиясын жұмсайды. 7-фактор — антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді. 8-фактор — серотонин қан тамырларын тарылтады. 9-фактор — фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді. 10—қан тамырларын тарылтатын фак-тор, 11-агрегация факторы, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат. Қан тамы-рының эндотелиі агрегацияға кедергі жасайтын простациклин деген зат бөліп шығарады. Осы аталған әсерлері қарама-қарсы 2 заттың (тромбоксин, простациклин) кандағы арақатынасына карай қанның ұюы шапшаңдайды не тоқтайды.

5. Тромбоциттер қанның  креаторлық байланысын, әсіресе  қан тамырларының табиғи құрылысын сақтайды.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
  2. Төлеуханов С.Т.    Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
  3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М.   Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық -  Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
  4. Нұрмұхамбетұлы Е.    Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

Информация о работе Қан айналымының физиологиялық қасиеттері