Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 09:12, курсовая работа
Жалпы әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлсіз топтарға көмектеседі, оларды дұрыс қалыпта өмір сүруге жетелейді. Сол адамдардың қайта қалпына келтіруге әлеуметтік педагогтар үлкен үлес қосады. Соның ішінде, әлеуметтік педагогтың диагностикалау және болжау жұмыстары да ерекше орын алады. Сондықтан да әлеуметтік педагогтың диагностикалау және болжау функциясын жетілдіру қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Тәрбиелеудегі сәттілікке қол жеткізу тәрбиеленушінің топ ішіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарына, әрбір топ мүшелерінің мәдениеттілігіне, адамдар арасындағы қарым-қатынас күшке емес, адамдар қарым-қатынасының цивилизацияланған формасына ие болуы, серіктестік пен топ ішіндегі бір –біріне көмектесуге байланысты болады.
Әлеуметтік
педагогқа сыныптағы, топтағы, өзара
қарым-қатынастардың сипатын
1.2 Микроаудан инфрақұрылымының әлеуметтік төлқұжаты
Әлеуметтік
педагог жұмыс атқаратын
Төлқұжат Әлеуметтік педагогқа (жұмыскерге) негізделген бағалау мен шешім қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттардан тұрады. Микроауданның табиғи және материалды сипаттамасын тең деңгейде ескеретін, сонымен қатар онда өмір сүретін халықтың әлеуметтік ерекшелігін есепке ала отырып, төлқұжат әлеуметтік педагогқа (жұмыскерге) өзінің іс -әрекетінің жүйесін құрастыруға, немесе ол факторлар комплексінде қорланады.
Экологиялық ластану деңгейі (жоғары, орташа, төмен). Оташа деңгей нормамен теңелетін нормативтен шыға отырып анықталады.
Аудандағы кәсіпкерліктің (химиялық, отын –энергетикалық,
машина –құрылыстық, т.б. сипаттағы өндіріс циклдері) саны мпен сипаттамасы.
Ғылыми орталықтар, кеңселер басқа да ұйымдар және олардың саны.
Балаларды оқыту –тәрбиелеу мекемелері (мектепке дейінгі, мектеп, кәсіптік училище, техникумдар, мектептік емес, және т.б.), олардың саны.
Мәдениет орындары, олардың саны
Спорттық орындар, олардың саны
Халқы тұрақты тұратын тұрғын үйлер, олардың саны
Тұрмыс, сауда, медицина, тұрғындық қызмет көрсету орындары, нормативпен салыстырғанда олармен қамтамасыз етілу деңгейі.
Қоғамдық тамақтану орындарының саны: ресторан, асхана, басқа да орындар.
Тұрғын қорының сипаттамасы:
Мемлекеттік, ведомствалық, кооперативтік, индивидуалды, жатақханалар сияқты аймақтарда өмір сүретіндер ( %) , тұрғын аймақтарының жағдайын жақсарту, тіркеуде тұрғандардың саны.
Қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуі: жеткілікті, қанағаттанарлық, төмен.
Қала орталығынан қашықтау деңгейі:
20 минутқа дейін жүріп өту, 25-40 минутта жүріп өту, 40 минуттан жоғары болған уақытта жүріп өту.
Мектепке дейінгі мекемелермен толықтай қамтамасыз етілу деңгейі, кезекте тұрғандар саны.
Сатып алу орындары мен спиртті ішімдіктер сататын орындар саны
Ауданның әлеуметтік қажеттіліктер мен инфроқұрылымның дамуына жұмсалатын бюджеттік мүмкіндіктер, оларың шынайы талаптармен арақатынасы .
Микроаудандағы тұрғындар
Ересек халықтың орташа жас мөлшері
Ересек адамдардың жыныстық арақатынасы, %: әйелдер, еркектер
Ересек халықтың әлеуметтік құрамы, % : жұмысшылар, қызметшілер, интеллегенция (дәрігерлер, педагогтар, ғылыми, шығармашылық еңбек өкілдері); зейнеткерлер, үй бикесі, кәсіби училище, техникум, жоғары оқу орындарында оқитындар.
Халықтың білім деңгейі, %: толық емес орташа, арнайы орташа, арнайы, жоғарғы, аяқталмаған жоғары.
Кәсіби құрамының ерекшелігі.
Еңбекке қабілетті тұлғалардың үлесі, %
Өмір сүретін аудандарында жұмыс істейтін, ересек халықтың
үлесі, %: әйелдер, еркектер
Миграциялық қозғалыстар, тұрақты және көшіп-қонып жүретін халықтардың арақатынасы.
Коммуналды пәтерлерде, жатақханаларда авариялық тұрғын жерлерде өмір сүретін тұрғындар саны, %
Діни құндылықтар сипаттамасы (мінез-құлық нормативтері, әлеуметтік – мәдени дәстүрлер, дін)
Жалғызбасты өмір сүретін ересек халық үлесі, %. Соның ішінде: қарттар, мүгедектер.
Отбасы сипаттамасы. Отбасылардың, жас отбасылардың, жастардың сипаттамасы, кәмелетке толмағандардың құжаттары зерттеу негізінде ЖЭК толтырылады.
Отбасылар саны. Солардың ішінде: көпбалалы отбасылар (4 және одан да көп балалар); толық емес отбасы (жалғызбасты ана немесе әке); қамқор отбасылар; бір пәтерде өмір сүретін, бірақ ата –анасы ажырасқан отбасылар; ата –анасы мүгедек отбасылар; аморальді өмір салтын ұстанған отбасылар (алькоголизм, наркомания, жезөкшелік, паразитті өмір салты); құқық қорғау органдарының тіркеуіндегі отбасылар; ата –ана құқығынан айырылған отбасылар; қарт ата –анасы бар отбасылар; кәмелетке толмаған ата –анасы бар отбасылар.
6 . Жас отбасылардың сипаттамасы (некеде тұрған мерзімі үш жылға дейін)
Жас отбасылардың саны, %. Солардың ішінде: өздерінің пәтерлерінде және жеке үйлерінде өмір сүретіндер; ата –анасымен бірге өмір сүретіндер; студенттік жатақханаларда өмір сүретіндер; жұмыс жатақханаларында және жеке меншік пәтерлерде өмір сүретіндер.
Балалары бар жас отбасылардың саны. Солардың ішінде: балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді қажетсінетін отбасылар.
Күнкөріс минимумымен тең немесе одан төмен деңгейде жалақы алатын жас отбасылар саны.
Аралас
ұлттардан тұратын некелер
Кәмелетке толмаған ата –анасы бар жас отбасылардың саны.
Кәмелетке толмаған жалғызбасты аналы жас отбасылар. Соның ішінде %: балаларын тастағандар, балаларымен бірге ата –аналарының үйінде тұратындар; жеке тұратындар.
Жас жалғызбасты аналар саны (25 жасқа дейін). Солардың ішінде, %: балаларын тастағандар, балаларымен бірге ата –аналарының үйінде тұратындар; өз бетінше өмір сүретіндер.
Кәмелетке толмағандар және жастардың сипаттамасы (25 жасқа дейін).
Кәмелетке толмағандар саны (14-17 жас), Солардың ішінде: мектепте, кәсіби училищеде, әлеуметтік мекемелерде оқитындар; жұмыс жасайтындар, белгілі бір жұмысы жоқ адамдар.
25 жасқа дейінгі жастардың саны, %. Солардың ішінде: белгілі бір қоғамға қатысатын жастар, жұмыс істейтін жастар.
8. Әлеуметтік емес мінез –құлықты кәмелетке толмағандар мен жастардың сипаттамасы.
Кәмелетке толмағандар саны: ИДН тіркеуінде тұрғандар саны; арнайы мектептертен оралғандар саны; шартты түрде сотталған және мерзімінен ерте босатылғандар саны.
Жастардың
саны: еркіндіктен айыру орындарынан
оралғандар саны, шартты түрде сотталғандар
саны.
Студенттік жатақханаларда
Жұмыс жатақханаларында өмір сүретіндер: жастар, кәмелетке толмағандар.
Жеке меншік пәтерлерде өмір сүретіндер: жастар, кәмелетке толмағандар.
Өз
бетінше өздерінің жеке пәтерлері
мен үйлерінде өмір сүретіндер: жастар,
кәмелетке толмағандар.
2.1
Педагогикалық қарым-
Қарым –қатынас адамның белсенділігіне тікелей қатысты жағдайлардың бірі болып табылады, және ол адамның қоғамда әлеуметтенуінде маңызды орын алады. Қарым –қатынастың көмегімен тұлғаның психологиялық дамуының көптеген әлеуметтік детерминациялық тараптары жүзеге асырылады. Қарым –қатынас – Адамның басқа адамдарға қатынасының, сонымен қатар өзіне өзінің қатынасының құрылуы кезіндегі ең маңызды құрал болып табылады. Қарым –қатынастың арқасында адам оны қоршаған адамдармен байланыс орнатады; басқа адамды тану арқылы өз -өзін таниды, солайша өзінің жеке "Менін" құрастырады.
Педагогикалық қарым –қатынас – бұл тек қана белгілі бір субъектілердің арасындағы қатынас емес, олардың өзара әрекетінің процесі болып табылады. Өзара әрекет кезінде мыналарды байқауға болады: бір адамның екінші адамға қарым –қатынасы кезіндегі біріккен әрекет (немесе қарым –қатынасты бұзатын қарама –қарсы әрекет); келісім (қарым –қатынасты қиындататын келіспеушілік); уайымдау (немесе бейғамдық); әдептілік (әдепсіздік). Әлеуметтік педагог ұйымдастырған педгогикалық қарым –қатынас клиенттің қобалжулары мен оның қызығушылықтарын ескеруді ұстанады.
Әлеуметтік
педагог коммуникативтік функцияны жетілдіру
процесінде клиентке (балаға, жас өспірімге,
ересек адамға) жай ақпарат алмасуды ұйымдастырып
қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның сәтті
әлеуметтенуіне алып келетін өзіне - өзінің
және қоршаған ортамен (құрбы –құрдастарымен,
үлкендермен) қарым –қатынасындағы гармонияны,
өзін -өзі тануды қамтамасыз ететін рухани
эмоционалдық өзара әрекет жағдайына
келтіруге күш салады.
Тапсырмалар:
Жұмыс жоспары
Практикалық тапсырмалар