Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 13:01, курсовая работа

Описание работы

Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін үйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.

Содержание

Кіріспе
І-тарау
І.І.Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
1.2.Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі.
І.З.Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің
түрлері мен рөлі. ІІ-тарау
2.Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі.
2.1.Сан ұғымын кдлыптастырудағы көрнекіліктер.
2.2.Арифметикалық амалдар мен олардың қасиеттерін
меңгерудегі көрнекі қүралдар.
2.3.Дидактикалыі; бірліктерді ірілендіру (ДБІ)
математикалық білім технологиясы.
2.4.Көрнекілікті пайдалану бойынша математика
сабағының үлгісі (2 сынып).
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер.DOC

— 152.00 Кб (Скачать)

8

 

      Көрнекіліктің әр түрлі қүралдарын комплексті түрде қолдану қажеттілігі, оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жүмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты. Бүл жай М.Н.Скаткиннің бір жүмысында жан-жақгы ашыла берілген.

      "Зат  кеңістік пен уақыт аясында біріккен тітіркендіргіштердің белгілі комплексі ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында нерв клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады" — деп жазады М.Н.Скаткин, - мүның өзі организмнің затты түтас нәрсе ретінде сезінуіне логикалық екпін туғызады. Сонымен бірге көрнекілік қүралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан қүбылыстың әр түрлі жақгарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалануға тиімді.

     Көрнекі қүралдарды іріктеу кезінде олардың  лирикалық екпінін әрбір оқу  пәнінің өзіндік ерекшелігімен  және әрбір сабақтың мазмүнымен салыстырып алу қажет. Бүл арада Ю.К.Бабанскийдің көрнекілікпен шектен тыс айналысу өмір шындығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.

     "Көрнекілікті  өте мол қолдану көп жағдайда  оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады, мүның өзі, әсіресе, ес қабілеті көрнекілік-образды қабыддаудан гөрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады" — дейтін пікірмен комплекске болмайды.

    Көрнекі қүралдар мен мүғалім сөзін үштастыру  проблемалары Л.В.Занковтың  "Мүғалім сөздері мен  көрнекі

 

    

қүралдардың оқыту ісіндегі ұштастығы" және "Оқыту  ісіндегі көрнекілік пен окушылар белсенділігін көрсету" деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.

    Л.В.Занковтың  пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі  құралдарды үштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:

     1-форма:  мүғалім сөздің көмегімен оқушылар жүргізетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді алады.

     2-форма:  мүғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасаған бақылаулары негізінде балаларды қүбылыстар арасындағы қабылдау процесіндегі көзге көріне қоймайтын байланыстарды, саналы түрде үғынуға және түжырымдауға бастайды.

    3-форма  : объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтерді окушылар мүғалімнің сөз мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді кдбылдау қызметін аңғарады.

    4-форма  : окушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог қүбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алатын жағдай болмағандағы байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекеленген деректерді біріктіреді, жинақгайды.

    5-форма  : не сөз жәрдемімен немесе көрнекі түрде көрсете отырып мұғалім окушыларға қолда бар объектілермен жұмыс істегенде орындауға тиісті, іс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нүсқау береді.

 
 
10

 

     6-форма  : педагог сөздің жәрдемімен оқушыларға қолда бар объектілермен, олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мүғалімнің нұсқауы қолма-қол көрсетіліп отырады.

       
      Бастауыш  сыныптағы оқытудағы  көрнекіліктердің

              түрлері мен рөлі

     Бастауыш  кластарда оқу-көрнекі құраддарын математика сабағында қодданудың рөлі өте зор. 1-5 кластарда сандар және оларға амалдар қолдану, үзындық, масса, уақыт, баға, аудан бірліктері, бөлшек туралы үғым, арифметикалық амалдардың қасиеттері қарастырылады. Сонымен бірге, балалар алгебралық және геометриялық материалдан ұғым алады.

     Оқыту процесінде оқу-көрнекі құралдарының атқаратын міндеті мен орны, оларды пайдалану мақсаты, сабақгың мазмұнына, сабақга шығарылатын дидактикалық есептерге және окушылардың дайындығына тығыз байланысты болады. Математика сабағында қолданылатын оқу-көрнекі құралдарын 3 топқа бөліп қарауға болады:

      1-топқа:  сандар үйымын меңгеруге , есептеуді,  сандарға амаддар қоддану және  арифметикалық амалдардың қасиеттерін  үғынуға көмектесетін қүралдар;

     2- топқа: геометриялық материалдарды оқып үйренуге көмектесетін құраддар;

     3-топкд: үзындық масса мен сыйымдылық, уақыт, аудан бірлестіктерін оқып үйренуге көмектесетін қүралдар кіреді.

    Көрнекілік  бірнеше түрлерге бөлінеді:

               
               
               
              п

 

      Жаратылыс көрнекілігі — окушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктермен, хайуанаттар, минералдармен т.б.) класта және мектептен тыс жерлерге (табиғатқа шығып, экскурсия жасау кезінде және т.б.) таныстыруды көздейді.

      Көлемдік  көрнекілік — шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото суреттер, картиналар, диафильмдер, диопозитивтер).

     Дыбыстық  көрнекілік — дыбыстық бейнелерді, дыбыстық көріністерді жазу үшін дыбыс қүралдарын пайдалану және дыбысты кино жатады.

      Символикалық  және графикалақ көрнекілік — абстракты ойлауды дамытуды әсер етеді, өйткені бүл типтегі қүрал нақгы болмысты шарты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (бүған схемалар, чертеждер, диаграммалар жатады). Көрнекі оку қүралдары табиғи және суретті күраддар болып бөлінеді. Математика сабағында пайдаланатын табиғи көрнекі күралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықгар, кубиктер, т.с.с. жатады.

      Суретті көрнекі қүралдар ішінен бейнелік көрнеьсі қүралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-картиналар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері салынған таблицалар.

     Көрнекі қүралдардың түрлерін білу мүғалімнің оларды дүрыс таңдап алуынан және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі қүралдарды дайындап алуынан мүмкіндік береді.

     Көрнекі қүралдарды пайдалану түрғысынан алғанда  жалпы кластық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы кластық көрнекі қүралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (олар демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі қүралмен әрбір

12

 

окушы жеке пайдаланылады. Көбінесе жалпы  кластық және жекелік қүралдар мазмүны жағынан бірдей және айырмашылығы үлкен — кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модеддері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттері т.с.с. Жалпы кластық құралдарды да, сондай-ақ жекелік құралдарды да, сабақга пайдалану ыңғайлы болу үшін дұрыс орналастырудың рөлі зор, мысалы, цифрларды жалпы кластық және жекелік кассаларды, фигуралар моделдерін конвертте сақгайды және т.с.с.

     Көрнекі құралдарды оқу процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа сабақгы түсіндірген кезде ( кинофильм көрсету) білім, білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берген тапсырманы орындаған кезде, өткенді кдйталау кезінде қолданылады.

     Дайындау  тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі қүралдар деп бөлінеді.

      Көрнекі құрал білім көзі ретінде қодданғанда, ол елеулі мәселеде — жалпылама  қорытынды жасауда — негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы тиіс. Егер көрнекі құралдар қажет емес түста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді. Оқытуда көрнекілік рөлі балалардың математикалық білімінің артуымен және окушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
13

 

    Сан және арифметикалық  амалдарды оқытудағы  көрнекілікті

пайдаланудың  әдістемесі Сан ұғымын калыптастырудағы көрнекіліктер

      Математиканы 1-класта және одан кейінгі кластарда оқып-үйренудің жетістігі негізінен балалардың 10 көлеміндегі нөмірлеуді және арифметикалық амалдарды игеру сапасына байланысты. Біріншіден, 10-ға дейінгі санау- одан кейінгі барлық санаулардың негізгі себебі бірінші ондықган бастап 10-ондыққа дейінгі санау немесе 1 жүздіктен 10 жүздіьже дейінгі санау т.с.с. жай бірліктерді санау сияқгы жүргізіледі. Еьсіншіден, 10 көлеміндегі сандарды қосу таблицасын жақсы білмейінше, көп таңбалы сандарға амалдар қолдану мүмкін емес.

     Сан ұғымын оқып-үйренудің міндеті-тек балаларға натурал қатардың әрбір бірінші ондық сандарымен таныстыру (оларды атау, жазу, алдыңғы және кейінгі сандардан шығарып алу) ғана емес, сонымен қатар әрбір келесі санның пайда болуына, оның көзінің алдындағы санға және өзінен кейінгі санға қатысына негіз болатынын не екендігін балалардың санасына жеткізу болып табылады.

      Қорыта  келгенде, он көлемінде нөмірлеуді өткенде бүл жастағы балалардың ерекше көңіл қоярлық бір өзгешілігін  үмытпау керек. Бүл жастағы балалар  ылғи іске қатысқысы келіп отырады, үзақ уақыт "жүмыссыз" отыра алмайды және баланың назары түрақгы болмайды, көңілі бірден-бірге ауып ылғи жүмыстың түрлі-түрлі болып келуін тілеп отырады.

     Окудың  бүл сатысында көрнекі қүралдар мен дидактикалық материалдар мына шарттарды қанағаттандырарлықгай болуы керек.

14

 

    1. көрнекі құралдар балаларды қызығарлықгай  түрлі-түрлі 
      болып келу керек.
    2. Мүғалімнің   көрсететін   көрнекі   құралдары    сияқгы 
      қүралдар балалардың өздерінің қолдарында да жеткілікті 
      болу керек.
    3. Дидактикалық материал ретінде айналадағы түрмыстан 
      балалар оңай тауып аларлықгай нәрселерді қоддану 
      керек, мысалы жалаң бүршақ, емен түқымы, шырша 
      бүршігі, ұсақ тас және т.б.
    4. қүралдар оңай қозғалғыш болу керек, кез-келген тәртіпте 
      орналастыруға қолайлы болу керек.

   Материалдар көрнекі және белсенді түрде түсіндіруге көмектесетін әдістің бірі оқылатын санды көрнекі түрде көрсету үшін алынған нәрселердің суретін салуға болады, мысалы 3 санын оқығанда жапырақгың, жалаудың, алманың суретін салу және бояу дәптермен жүмыста үсынылады.

      Бірінші ондық сандарын оқып-үйрену сабақгарын қүрғанда балалардың мектепке кірген кезіндегі олардың дайындығы мен дамуына сүйену керек болады. Сондықган, бірінші сабақгың өзінде-ақ балалардың қандай математикалық білімі мен үғымының бар екендігін анықтап, соған негіздеп өзінің сабақгарын күру қажет. Дайындық кезінде нумерацияны оқып-үйрену, санау — ("артық", "кем", "тең", реттік қатынастар т.с.с)ға көшуге қажетті білімді жүйеге келтіру және толықгыру керек. Санауға дағдыланудың маңызы зор, ол үшін нәрселердің санау жаттығуын әр сабақкд қосу керек, мүнда нәрселерді сырттай, ойша санамай, тікелей олардың өзін санау керек және нәрселерді кез келген тәртіпте санау керек, мүнда санау нәтижесі

15

 

санау тәртібіне байланысты болады деген  қорытынды шығару кджет.

      Осындай жаттығулардың барысында мүмкіндігінше әрбір окушының санау кезінде аталған савды ол санап жатқан нәрселерімен сәйкестендіре білетіндей етіп үйрету керек. Осы кезде балаларда көптеген нәрселерді (геометриялық фигураларды, кластағы заттарды) салыстыра білуге, сандары тең емес нәрселерді, сандары тең нәрселерге және керісінше түрлендіре білуге үйрету керек.

     Мысалы, балалар дөңгелектердің үшбүрыштары  санынан біреуі артық деп анықгады дейік. Мүғалім мынадай сүрақгар қояды:

     Дөңгелектердің  саны үшбүрыштардың санындай болу үшін не істеу керек ? Үшбүрыштардың саны дөңгелектердің санындай болу үшін не істеу керек ?

Информация о работе Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер