12 жылдық білім берудегі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет. Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

І. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы..............................6
1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері....................................................................................................................8
1.2 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары.................14
1.3 Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары........................17
1.4 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар..18

ІІ. 12 жылдық білім беруге көшу барысында эксперимент сыныптарында математика пәнінің ерекшеліктері......................................................................20
2.1 Математика пәнін жаңаша оқытудың кейбір мәселелері................................25
2.2 Математика сабағында деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы..................26
2.3 Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі..............................31

Қорытынды..............................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................37

Работа содержит 1 файл

Математика.doc

— 348.00 Кб (Скачать)

3-кесте

Кеңесбай Аяулымның  даму мониторингісі

Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының  негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген  төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:

- жаңа материалды оқып-үйренуге  және оқып игеруге деген оқушылардың  пәнге қызығушылығын тудырдым;

- жаңа білімнің мазмұнын  жоспарлағанда оқушыға берілетін  тапсырма оқушының қабілетін  ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай  етіп дайындауды үйрендім;

- оқушы өзін жеңімпаз  ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды  әртүрлі күрделілік дәрежеде  орындату арқылы оқушылардың  білімін саралауды ұйымдастырдым;

- білімді дайын күйінде  бермей, оқушының өзі білімді  қарқынды ой еңбегін қажет  ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;

- оқушылардың шығармашылық  мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін  жан-жақты дамытатын әр түрлі  белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді  кеңінен қолдандым;

- оқушылардың білім  алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.

Бүгінгі күннің ұстаздарына  қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік  талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп  шығару міндеті жүктеледі. Оқыту  мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену - ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы  білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді.

 Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал  етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге  ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын математика пәні оқушыларға есептердің барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.

Қорыта келгенде айтарым, білім-қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты  сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер  азаматы екенін ескере отырып, тұлға  ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры  // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б
  2. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. -2006. -3.-С. 3-10б
  3. Ізмұқанов М «12 жылдық оқу мерзіміне көшу туралы» // Бастауыш мектеп. -2004–С.1-3-5б
  4. Құланбай Ә «Он екі жылдық білім беру жүйесі» // Егемен Қазақстан. 2003.-С. 22 қаңтар
  5. Аймауытов Ж «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» Қызылорда, 1929ж -58б
  6. Рахметова С.Р «Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптары» Алматы: «Атамұра»,2004ж-19б
  7. Құрманалиев М «Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатымыз» // Қазақстан Мұғалімі. -2006.-30 қыркүйек. –Б.3
  8. Құсайынов А «Он екі жылдық оқу:салыстырмалы көзқарас» // Егемен Қазақстан. -2001. –С.24 тамыз
  9. Құсайынов А «Сапалы білім-заман талабы» // Егемен Қазақстан. -2007-2 қараша.-№339-340.-Б.8
  10. Құсайынов «Білім реформасы:Дамыған елдер тәжірибесі // Егемен Қазақстан. -2005. -23 маусым. –С.139.-4б
  11. Құтпанбаев Ә  «Он екі жылдық білімнің қажеттілігі // Ұлт Тағлымы. -2001. –С.4-5.-73-79б
  12. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білм беру тұжырымдамасы // Қазақстанның Білім және Ғылым Әлемі. -2006. -2.-С.5
  13. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Мектеп. -2006. -2.- С. 6-11б
  14. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан Мұғалімі. -2004-С. 20 қаңтар
  15. Әбілқасымова А «Мектеп реформасы: 12 жылдық білім беруге көшу қажет пе? // Егемен Қазақстан. -2004-С.24 ақпан
  16. Өтеғали Е «12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» // 12 жылдық білім беру. -2007.-12б
  17. Буранбаев Л.С «Жалпы білім беру мекемелерінің қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу» эксперимент жұмысының нәтижелері // Шағын Мектеп. -2004. -2 -1-13б
  18. «6 жасар балалардың психологиялық аспектілері»  // ХХ1 ғасыр мектебі. -5-7б



Информация о работе 12 жылдық білім берудегі