Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 14:48, курсовая работа
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет. Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы..............................6
1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері....................................................................................................................8
1.2 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары.................14
1.3 Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары........................17
1.4 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар..18
ІІ. 12 жылдық білім беруге көшу барысында эксперимент сыныптарында математика пәнінің ерекшеліктері......................................................................20
2.1 Математика пәнін жаңаша оқытудың кейбір мәселелері................................25
2.2 Математика сабағында деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы..................26
2.3 Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі..............................31
Қорытынды..............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................37
Осы өтілген шарада мына нәтижелерге жеттім:
1.Оқытудың мақсаты
психологиялық тұрғыда
2. Оқушылар жаңа ақпараттармен қамтамасыз етілді.
3.Оқыту процесінде
барлық оқушылар толық
4. Пікір алмасу жүзеге асты.
5.Оқу мотивациясы жоғарылады.
6. Ойдың ұшқырлығы, үнемі жақсы шешімдер таба білу әрекеттері дамыды.
Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал- технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
Әр деңгейлі дифференциалды
педагогикалық технологиямен
1. Жаңа тақырыпты проблемалық әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.
2. Тест немесе диктант /10-15 мин/, тақырыптаң меңгерілуін тексеру
3. Жалпылама тест /барлық түрлерін қолдану/
4. Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
5. Саралау сабағы, қатемен жұмыс.
6. Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.
7. Қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Сабақ өткізу формаларын
және түсіндіру әдістерінің
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Математика пәнінен 1-сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда, сондай-ақ оқушылардың білімдерін тексеруде пайдалануға қолайлы.
Мұндағы әр сабақ жеңіл тапсырмалардан басталып бтіріндеп күрделеніп келетін төрт деңгейге бөлінген. Әрбір тапсырма күнтізбелік жоспарға сәйкес материалдарды қамтиды.
1-деңгей тапсырмалары міндетті деңгейге қойылатын талаптарға сай алынған.Оны барлық оқушылар орындай білуге тиі с.Ал 2,3-деңгей мүмкіндік деңгей тапсырмаларына жатады. Оны әр оқушы өздігінен орындауға тырысуы керек. Соңғы 4- деңгей шығармашылық деңгей.Бұл тапсырмалар жеке қоушының ой-қиялын, яғни ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын дамытуға құрылған.
Салыстыру
1 деңгей
1. Есепте:
3 + 4 = 8 – 5 = 7 – 4 = 6 + 3 = 5 – 5 = 2 + 4 =
2. Салыстыр (>, < =): 5 + 1 * 2
7 * 8 + 0
3 – 2 * 4
2 * 3 – 3
6 – 4 * 0
4 * 6 – 1
3. 5см кесінді сыз.
4. Салыстыр (>, < =): 9см * 5см 8см * 10см 4см * 4см
5. Өрнектерді салыстыр (>, < =): 2 + 1 * 4 – 2 7 – 5 * 5 + 3
2 деңгей
1. Сан қой: Q – 3 > 5 + 1
3 + Q > 6 - 5
3 + Q < 10 – 2
5 – Q > 1 - Q
2. Есепте: 6 + 3 – 4 = 5 + 5 – 3 = 1 + 4 – 2 =
3. Сан қой: 5 – Q = 3 Q - 4 = 1 5 + Q = 8
3 деңгей
1. Таңба (+, -) қой: 9 + 6 * 4 = 7 5 * 1 * 1 = 7 7 * 1 * 4 = 4
2. Сан қой: 3 + 2 = Q Q 6 – 3 = Q + Q 5 + 5 = Q + Q
4 деңгей
1. Шығарып, жауабын жаз:
Болғаны – 8 алма
Сыйлағаны – 4 алма
Қалды – ? алма
Ел дамуының ертеңгі бағыт – бағдарын саралап елбасының жолдауында білім беру саясатына: “ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз” деп ерекше мән берілген. Алайда жа?андану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениен көшіне ілесе алады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр.
Сондықтан бастауыш мектептегі деңгейлік саралау математиканы дамыта оқытудың теориялық, ғылыми- әдістемелік негізін жасау қажеттілігі зерттеудің көкейтестілігін анықтайды. Осыдан бастауыш сыныпта деңгейлік саралап оқыту проблемасын зерттеу қажеттілігі туындайды.
2.3 Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Міне осындай маңызды
мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне
тәрбиелеуде математиканың алатын орны
ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының
өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа
сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін
көтеру болып табылады.
Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.
XXІ ғасырдың жан-жақты
зерделі, дарынды, талантты
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды
орындағанда мұғалім –
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың
ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны
орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік
және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан
тұрады.
1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа
тақырып үшін тиімді және
2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау
қабілетін жетілдіруге
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған
өмірлік тәжірибесі мен
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа
өз бетімен реферат, ғылыми
жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың
біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі
болады. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде
бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне
қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр
пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі
болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы
бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді
игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде,
мемлекеттік стандарттың талаптарының
орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңының
талаптарына сай келеді және дәстүрлік
оқытудағы оқушылардың артық жүктеме
тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің
барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны
үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне
сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады.
Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз
өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару
арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға
айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында
мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын
тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған
“Ашық журналға” (1-кестеге) + белгісін
оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.
1-кесте
Математика пәні бойынша
7 «а» сыныптың «Ашық журналы»
(тақтада ілініп тұрады)
I тоқсан №5 тақырып
Бұл жерде: V- үйде орындалған тапсырмалардың белгісі
Бағалау критериясы: 11-12 балл - «5»
9 -10 балл - «4»
5 – 8 балл - «3»
«V» - 1 балл
Мұндай журнал оқушылар
бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына
және әрбір оқушының өз білім деңгейін
әділ бағалауына ықпал етеді, әрі
мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында
оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі
туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы
сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың
басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгермеген
тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы
ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек
үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен
қамтылған. Мұғалім өзіне де жеке журнал
арнайды. Не үшін? үнемі кол астында әрбір
оқушының жетістігінің көрсеткіші болады
әрі үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде
көмек көрсету үшін. Мұғалімнің сыныптық
журналына қосымша жеке журналы болуы
керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі
түрінде толтырылады.
Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және оларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады, мысалы:
2-кесте
Кеңесбай Аяулымның жеке журналы