Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:02, курсовая работа
Ел басымыз жыл сайынғы жолдауында сұранысқа ие тауарлар өндірісін дамытуды қолға алу туралы жиі айтуда, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп салаларын жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел үшін бүгінгі күнгі негізгі мәселе .Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын әр түрлі өнімдерді өндіреді және халықты жұмыспен қамтамасыз ететін экономиканың дамуына айрықша қажет салалардың бірі.Кеңес үкіметі кезінде жеңіл өнеркәсіп саласы еліміз үшін маңыдзы рөл атқарған, яғни ол бюджетке түсетін қаржының 30% құрап, 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған.
Семирамида компаниясы жыл сайын мезгілдерге байланысты өз сән үлгілерін өзгертіп, жетілдіріп отырады.Бірақ компания өнімдері көбіне 60-70 жылдардағы стиль бойынша тігіледі және арнайы каталог бойынша тапсырыстар қабылданады.
2P.Баға қашан да кез келген компания
үшін тұтынушы талғамына әсер ететін
негізгі фактор болып табылады.
Сонымен қатар комапния арнайы тапсырыстар қабылдағанда бағасы арнайы келісім бойынша, яғни жоғарыда көрсетілген бағадан қымбатырақ болады.Семирамида киім өндіру компаниясы өнімдерін жиі тұтынушыларға арналған 5% жеңілдік жасалатын карточка беріледі.
Александра компаниясының әйелдерге аранлған күзгі киімдері бағалары 5400 ден басталып 15000 ға дейінгі аралықта ұсынылады.
3Р.Сату орындары.Отандық Семирамида команиясының өнімдері арнайы дүкенінде ұсынылады,яғни ол Алматы қаласындағы Науаи және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан.Сонымен қатар Атакент жәрмеңкесінде жиі ұсынылады.Бірақ кеңінен ұсынылмайды, арнайы дүкендері аз,базарларда сатылмайды.Ал Қырғызстандық Александра компаниясының өнімдері көбіне «барахолка » базарында сатылады, сирек арнайы дүкендерде кездеседі.
4Р.Коммуникация,жылжыту.Алекса
Жоғарыда жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижесін қортындылай келе Алматы қаласы бойынша Александра және Семирамида компанияларының күзгі киім үлгілерін тұтынушылар арасында өткізілген сауалнама негізінде олардың бәсекеге қабілеттілігн анықтайтын факторларды негізге алған болатынбыз.Көрсеткіштердің көпшілігі Қырғызстандық Александра компаниясының маркетинг жүйесінің құрамдастарын тиімді пайдалануын және өз нарығымен қоса Қазақстан нарығында позицияларын бекітіп, нарықтық экономика жағдайларында табысты іскерлік көрсетуін байқаймыз.Зерттеу нәтижелеріне келер болсақ, екі компания өнімдері күзгі сырт киімдер ,ал Александра компаниясының киім үлгілері американдық стильде, ал Семирамида компаниясының киім үлгілері кеңес үкіметі кезіндегі ресейлік стильде ұсынылады.Александра компаниясы өнімдерін 46% 35-40 жас аралығындағы орта жастағылар тұтынатындығы ал Семирамида компаниясының өнімдерін 53% 53-60 жас аралығындағы кәрілеу жастағылар жиі сатып алатындығы анықталды. Сонымен қатар Семирамида компаниясының күзгі киімдерін материалының сапасы жоғары болғандықтан 53% тұтынушы бағалайтын болса,Александра компаниясы өнімдерін 55% тұрғын ассортименті көп болғандықтан жиі таңдайды екен. Ал бағаға келер болсақ Алматы қаласының тұтынушылары үшін ең қолжетімді баға Александра компаниясында 64% тұрғын 8-15мың аралығында десе,46% тұрғын Семирамида компаниясының күзгі өнімдерін 15-25мың тг аралығында тиімді деп есептейді.Өнімдерді өткізу орындары бойынша Александра компаниясы базарда жиі сатылып тұтынылса, Семирамида компаниясының өнімдерін сату орны ретінде арнайы дүкендері жүзеге асырады екен.
2.3 Жеңіл өнеркәсіптегі маркетингтік зерттеуді жүргізуді жетілдіріу жолдары
Негізгі бөлімде еліміздегі киім өндірісіндегі бәсекелестікті марктеингтік зерттеу бойынша отандық Семирамида кіиім өндіру компаниясы және біздің нарықты өз өнімімен толтырған Қырғызстандық Александра киім өндіру компаниясына зерттеу жүргізіліп,диаграммада көрсетілген болатын.Сол нәтижелерге сай киім өндірісіндегі отандық компанияның бәсекелестігін арттыруға байланысты мынадай ұсыныстар келтіремін:
Ал енді жалпы жеңіл өнеркәсіп саласын маркетингтік зерттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар келтіретін боламын.Еліміздегі басқа кез келген салалардағыдай жеңіл өнеркәсіпте де маркетингтік зерттеу жүргізудің сауалнама әдісі өте жиі қолданылады. Арнайы маркетингтік зерттеу компанияларына тапсырыс беру негізінде фокус топ әдісі шет елмен салыстырғанда сирек жүргізіледі. Жеңіл өнеркәсіпте маркетингтік зерттеу жүргізуді жетілдіру үшін шетелде қазіргі уақытта қолданылатын маркетингтік зерттеу әдістерін қолданысқа енгізуі қажет.Зерттеу әдістерін таңдау шет елдердегі зерттеулерде күрделенеді. Экономикалық , құрылымдық, ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік - мәдени орталарындағы әртүрлілік ; зерттеудің әр түрлі әдістерінің қолданылуы мен таралуы әр елдерде ерекшеленеді.Марктеингтік зерттеудің шетелдік тәсілдерін қолдану дұрыс ақпарат алуда, дұрыс шешім қабылдауда нақтылық көрсеткіш болады. Енді шет елдерде қазіргі таңда қолданылатын маркетингтік зерттеу әдістеріне тоқталып өтетін болсақ:
Телефон арқылы интервью мен CATI жүйесі.Телефон арқылы компьютерленген интервью үшін құрал ( Computer – Assisted Telephone Interviewing - CATI ) АҚШ, Канада елдерінде, Германия сияқты еуропалық елдерде жақсы қолданылады. Телефон арқылы интервью саны өскен сайын бұл құрал басқа елдерде де танымал бола бастады.
Пәтерлік жеке интервью.Пәтерлік жеке интервью білікті интервьюерлердің көп мөлшерін тартуды талап етеді. Әр елде интервьюерлермен келісім талаптары әр түрлі өзгеріп отырады. Мысалы, Францияда тұрақты негізде жұмыс істейтіндерден штатсыз жұмысшыларға дейінгі әр түрлі интервьюерлер бар. Шығыдар да әр түрлі болып келеді, Францияда жұмыс беруші және интервьюер әлеуметтік сақтандырудың жоғарғы мөлшерде салымын төлейді.
Сауда орталықтарында, көшелерде сұраулар жүргізу және CAPI. Сауда орталықтарында жеке сұраулар жүргізу. Яғни жағдайда сауда орт алықтарында сатып алушылар сауда орындарында қозғлыс кезінде тоқтатылып, арнайы орындарға шақырылады. Одан кейін сауалнама сұрақтарына жауап беруді сұрайды. Бұл әдіс бар сайын кең қолданбалы болып келеді. АҚШ сауда орталықтарында әрекет ететін тестілеу орталықтары көп таралған. Солтүстік Америкада маркетингтік зерттеулермен айныласатын көптеген компаниялардың ірі сауда кешендерінде тұрақыт жұмыс орындары бар: интервьюге арнайы жабдықталған бөлмелер, асханалар, бақылауға арналған аудандар және т.б.
Терең интервью және фокус топ көмегімен сапалық зерттеулер тұтынушылар басқарылатын сезімдерді анықтауғға көмектеседі. Терең интервью бетпе - бет кездесу арқылы жүргізіледі және әр респондентті толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы жасырын сезімдерді (құндылықтар, қарым - қатынастар)анықтауға мүмкіндік береді.
Күнделіктік панель.Бұл
сұрауларда ұзақ уақыт бойы
зерттеуге қажетті ақпараттарды
беретін бірнеше респонденттер
қатысады. Респондент ретінде
тек қана жеке тұлғалар ғана
емес, сонымен қатар отбасылар
да қатысады. Респонденттердің
мақсаты күнделікке өздерінің
және қоршағандардың да мінез
- құлықтарының ерекшіліктерін,
болған оқиғаларды жазып тұру.
Әдетте мұндай күнделік зерттеуді
ұйымдастырушыға әр төрт
апта сайын қайтарылып отырады.
Пошта арқылы интервью.Шығындары аз болғандықтан пошта арқылы интервью тұрғындар сауаттылығы жоғары және пошта жүйесі жақсы дамыған елдерде қолданылады. Өндірістік халықаралық маркетингтік зерттеулер жүргізу пошта арқылы интервью тиімді болып келеді. Ал пошта кейбір елдерде сенімсіз болып келеді. Мысалы, Бразилияда хаттың 30%- і өз алушыларына жетпейді. Көптеген дамушы елдерде жолдардың нашар болуы, ал транспорттық жүйе нашар дамуы көптеген аймақтарды жетуге мүмкіндік бермейді және жеке интервьюді күрделі және қымбат, жиілігін төмен қылады
Жоғарыда аталған маркетингтік зерттеудің қазіргі таңдағы әдістері әр мемлекетте әр қалай қолданылады.Елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайына байланысты.Сол себепті кейбірін дамушы ел ретінде Қазақстанда қолдану тиімсіз, бірақ еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетингтік зерттеуде шетелдік тәжірибені пайдалантын болса отандық компаниялардың көпшілігі оптималды шешім қабылдап,бәсекеге қабілетті болады деп ойлаймын.
Қорытынды
Киім өндірісіндегі
Сонымен жоғарыда жүргізілген марктеингтік зерттеудің нәтижелері , ұсыныстары анықталды.Соған байланысты отандық киім өндіруші компанямыздың да бәсекеге қабілеттілік деңгейі көрінді.Бұл ұсыныстар мен шешімдер киім өндіруші отандық компаниямыз үшін өте маңызды, өйткені маркетингтік дұрыс шешім қабылдау пайданы да, бәсекеге қабілеттілікті де арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
Информация о работе Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетинг маңызы