Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетинг маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:02, курсовая работа

Описание работы

Ел басымыз жыл сайынғы жолдауында сұранысқа ие тауарлар өндірісін дамытуды қолға алу туралы жиі айтуда, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп салаларын жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел үшін бүгінгі күнгі негізгі мәселе .Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын әр түрлі өнімдерді өндіреді және халықты жұмыспен қамтамасыз ететін экономиканың дамуына айрықша қажет салалардың бірі.Кеңес үкіметі кезінде жеңіл өнеркәсіп саласы еліміз үшін маңыдзы рөл атқарған, яғни ол бюджетке түсетін қаржының 30% құрап, 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған.

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.docx

— 830.08 Кб (Скачать)

Киім өндіру бұл халық  тұтынатын сыртқы,ішкі киім-кешек  түрлерін өндіру болып табылады.

 

      

 

Кез келген саланы маркетингтік зерттемес бұрын оның нарығының  ерекшеліктерін,жіктелуін ескерген жөн. Осы негізде киім өндірісі нарығының  да өзіндік жіктелетін ерекшеліктері  бар. Бұл ерекшеліктері кейін  бізге екі фирманың бәсекелестік қабілеттерін салытыруды қорытындылаған кезде тиімді көмек көрсететін болады.

 Ерекшеліктер:

  1. Үнемі халықтық сұраныста болады;
  2. Сән үлгісіне, стильге тәуелді ;
  3. Киімдер арнайы  төрт мезгіл бойынша  тігіліп, ұсынылады;
  4. Тұтынушылары  кез-келген тұлға болып табылады;
  5. Тұтынушылардың талғамына, мінез құлқына үнемі мән берілуі тиіс;
  6. Сақталу мерзімі шексіз;
  7. Кең ассортимент;
  8. Географиялық кеңдігі;
  9. Тауарлық дизайны ерекше назарда

Енді осы киім өндірісін  марктеингтік зерттеу ерекшеліктеріне  жеке тоқталып, түсіндірме беріп кетейін.

  1. Киім өндірісі өнімдері тұтыну тауарларына жататындықтан үнемі сұранысқа ие және тұтынылады.
  2. Тұтынушыларға ұсынылатын киімдер  үнемі өзгерісте болып, сән үлгісіне,стильге сай өзгеріп отырады.
  3. Мезгілдердің ауысуына байланысты ұсынылатын киімдер ассортименті де сол маусымға сай ұсынылады.
  4. Киім өндірісі өнімдерінің нақты аудиториясы жоқ, ол барлық адамдар түрлеріне, жасына арналып барлығының қажеттілігіне орай барлық түрі ұсынылады.
  5. Киім өндірісінде тұтынушылар мінез құлқы, талғамы маңызды , өйткені оның өтімділігі  тұтынушы талғамына сай ұсынылған киімге байланысты.
  6. Киімдердің белгілі бір шектеулі мерзімі жоқ, яғни пайдалану мерзімі болмайды.
  7. Киімдер тұтынушылар талғамының сан түрлілігіне байланысты  ассортименті де сан түрлі болады.
  8. Киім өндірісі өнімдері  белгілі бір аймаққа ғана арналып шығарылмайды, тұтынушылары кез келген адам болғандықтан кез келген  аймақта  таралады.

       Ал маркетингтік зерттеу жүргізу -бұл экономика нарығын құраушылары бәсекелестік, нарық түрлері және тұтынушылар талғамын қарастыратын зерттеу жұмыстары; маркетингтік мүмкіндіктер  мен мәселелерді анықтау; маркетингтік шараларды түзету және бағалау; маркетингтік қызметті мониторингтеу; маркетингтің  үрдіс ретінде түсінігін жақсарту үшін қолданылатын ақпарат арқылы ұйымның тұтынушылармен және қоғаммен байланысын қамтамасыз ететін үрдіс. Маркетингтік зерттеу үдерісі кез-келген зерттеу сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Оларды келесідей көрсетуге болады:

1. Маркетингтік зерттеу  қажеттілігі туындайды

2. Мәселені анықтау және  зерттеу мақсаттарын тұжырымдау

3. Маркетингтік зерттеу  жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін

    таңдау

  • Жеке маркетингтік зерттеу бөлімі арқылы(ішкі субъект)
  • Маркетингтік зерттеу агенттіктеріне тапсырыс беру арқылы (сыртқы субъект)
  • Бірлескен әдіс арқылы (жартылай өздері, жартылай тапсырыс арқылы)

4. Ақпарат көздері түрлерін  анықтау

    Екінші ретті  ақпараттарды жинау, бірінші ретті  ақпараттарды жинау

    әдістерін таңдау

5. Маркетингтік ақпараттарды  жинау

6. Жиналған ақпараттарды  талдау

7. Нәтижелерді ұсыну

8. Нәтижелер негізінде  кәсіпорын нарыққа сай бейімделуі

 

Маркетингтік  зерттеулердің мақсатына келетін болсақ, олар нақты басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұйым басшылығын қажетті конъюнктуралық ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

      Маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезіндегі мәліметтерді жинау

әдістерін екі топқа жіктеуге болады: санды және сапалы.

Сандық әдістер деп – жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану

арқылы әр түрлі пікір  сұрау жүргізуді айтады.

Сапалық әдіс – ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес

түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген  сұхбат,фокус-топтар және т.б. қолдануға  негізделген.

Санды және сапалы әдістер  – бәсекелес болып табылмайды, олар бірін-бірі толықтыратын екі құрал  десе болады. Сапалы әдістер мәселенің  мәнін анықтауға, міндеттерді және кейінгі санды зерттеу үшін түсінік  аппаратын тұжырымдауға мүмкіндік  береді

Жалпы бірінші ретті ақпаратты жинаудың келесі жиі қолданылатын үш

тәсілі бар: бақылау, эксперимент және сұрау. Осы үш әдісті жеке-жеке

қарастырайық.

      Мәліметтерді жинаудың санды әдістері немесе сұрау әдістерінің мәні –

адамдарға, олардың білім  деңгейіне, өнімге қатынасына, қалаулары  мен сатып алу мінез-құлқына  қатысты тура сұрақ қою арқылы, бірінші ретті ақпаратты жинау  болып табылады. Сұрау құрылымды  және құрылымды емес сипатта болуы  мүмкін. Бірінші жағдайда барлық жауап  берушілер бірдей сұрақтарға жауап  береді, екінішде – интервьюер алынған  жауаптарға байланысты сұрақ қояды 

Пікір сұрау әдістерінің барлық жиынтығын әлеуметтік әдістер деп

атауға болады, өйткені  оларды ең бірінші әлеуметтанушылар пайдаланды.

Пікір сұрау әдістерінің  мынадай түрлері бар:

I. Сауалнамалар тарату жолымен пікір сұрау. Сауалнама ашық және

жабық, құрылымдық немесе жартылай құрылымдық сұрақтардан құралып

респонденттердің жауабын  алып ақпарат жинайды

II. Фокус-топ – құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында

модератордың басқаруымен  өткізілетін респонденттердің кішігірім  тобы.

Бұләдістіңмәні – әртүрлітұтынушылартобыныңойларынайқындау.

III. Зерттеудің панельдік әдісі – бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан

қайталап мәлімет жинау

Сауалнама әдісі пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу

арқылы жүргізіледі:

  • Жеке сұхбат – бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында,

үйде және далада жүргізілуі мүмкін.;

  • Топтық сұхбат – 5–10 адаммен бірнеше сағат ішінде сұхбат

жүргізіледі;

  • Телефондық сауалнама ақпарат жинаудың ең жылдам әдісі болып

табылады.

  • Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпарат жинау – ең

жаңа әдіс.

  • Респонденттердің қалдырылған анкетаны өздері толтыруы. Мұндай

тәсіл сұхбат алуды ыңғайлы  және арзан өткізу үшін қолданылады.

  • Пошталық пікір сұрау– сауалнамаларды (анкета) пошта арқылы

жіберу.

Екінші бөлімде  киім өндіріснідегі  екі компанияның күзгі өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік зерттеуде  пікір сұраудың сауалнама  әдісі қолданылады.Оның ішінде сауалнама  жекелей әңгімелесу арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚР жеңіл өнеркәсіп  саласындағы  киім өндірісіндегі  бәсекелестерді маркетингтік зерттеу  және оны дамыту болашағы

2.1 ҚР киім өндірісі  саласының қазіргі даму жағдайы

  
             Еліміз жеңіл өнеркәсібі ішкі жалпы өнімінің 30 пайызын құрайтын Түркия, Қытай болмағанмен, сол Кеңестер дәуірінде жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі салмағы 15 пайыздан кем  болмаған және халықтың үлкен бөлігі нақ осы салада жұмысқа қамтылған-ды. Бірақ қазіргі өз нарығымыз анықтап айтқанда, кезінде дүрілдеп тұрған Қызылжардағы тері кәсіпорны қаңырап бос тұрса, Алматыдағы атақты аяқ киім шығаратын «Жетісу», Шымкенттегі «Восход», киім тігетін «1 Май» фабрикалары, Қызылорданың аяқ киім фабрикасы, 15 мыңнан астам адам еңбек еткен Алматы мақта-мата комбинатының  өнімдерінсіз күн кешуде. Сол сияқты  Жезқазғандағы тоқыма фабрикасының болғанын қала тұрғындарының өзі ұмытып та қалғандай.Бұл мысалдар Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің соның ішінде киім өндірісі даму деңгейінің төмендігін көрсетеді.Бірақ еліміздегі жеңіл өнеркәсіп деңгейін көтеруге байланысты шаралар да, бағдарламалар да қолға алынып жатқанын да баса айтуға болады.Осы негізде ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерінің қауымдастығы "2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру" бағдарламасын, «Бизнестің жол картасы » бағдарламасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту шаралары және дайын тоқыма бұйымдарының «Шымкент Кашемир » ЖШС және тігін өндірісін жаңғырту ісі қолға алынып жүзеге асырылуда.Осындай шаралардың негізінде елімізде енді жетіліп келе жатқан табысы жоғары,ауқатты адамдарға ұсынылатын  және шетелдік нарыққа шығарылатын отандық брендтердің бар екендері анықталды. Бірақ олар табысы жоғары тұтынушыларға арналғандықтан, бұл отандық брендтік компания дүкендерінің орналасу орны сауда орындарында және жеке дүкендер негізінде ғана, сонымен қатар көбіне экспортқа негізделген. Сол себепті олар ел ішінде киім өндірісі нарығында аса көп үлесті алмайды. Оларға    компаниясның атынан шығатын Mimioriki ,Семирамида ( SMD ), LadyLike, Қуат, Textiline, Zibroo, ҚазСПО-N секілді әлемдік брендтермен бәсекелесіп жүрген  сырт киім, балаларға, әйелдерге арналған киімдер, бас киімдер , аяқ киімдер ұсынатын біреуге таныс, біреуге бөтен бұл атаулар – тәуелсіз елімізде қалыптасқан отандық киім-кешектің брендтері. Сапасы мен бағасы жағынан ТМД кеңістігінде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеген жеңіл өнеркәсібіміздің бұл субъектілері бүгіндері Украина, Ресей, Беларусь секілді мемлекеттердің тапсырысымен жұмыс істеп жатыр.Санаулы бұл отандық брендтік компанияларға жеке қысқаша тоқталып  кетейін:

   Семирамида 12жылдық қызметінде  Қазақстан нарығында өзін сенімді  және іскер әріптес ретінде таныта білген киім өндірісі компаниясы. Компания «SMD» бренді атымен

  • Әйел адамдарға арналған сырт киім;
  • Балаларға арналған сырт киім;
  • Ер адамдарға арналған сырт киім ұсынады.

Семирамида компаниясының  өнімдерінің сапасы жоғары және экологиялық  таза тоқыма жүндерден дайындалады.Шикізатты Беларусья,Ресей,Кореяның сапалы мата шығаратын фирмаларынан алады.Жалпы компания ұсынатын өнімдердің ең төменгі бағасы балалар киімдеріне 8000 тг, әйел адамдар киімдеріне 18000 тг болып бағаланған.

 

 Mimioriki-бұл жергілікті нарық қажеттілігін, дағдылары мен ерекшелігін ескере отырып, еуропалық сападағы өнім ұсынатын балалар киімінің бірінші ұлттық бренді. Mimioriki – бұл туғаннан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған қолжетімді бағамен сатылатын жоғары сапалы киім. «Казахстан Тексти Лайн» ЖШС компаниялар тобы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2-бағытына қатысушылары болып табылады. Компанияның киім өндіретін 6фабрикасы соның үшеуі Алматы, Талдықорған,Талғар қалалары болып табылады. Балалар киімдернің бағасы аксесуарлар 350 тг ден басталады, ал сырт киімдер 5000 тг ден ,кеудешелер 2000тг ден жоғары.

 

  Қуат ЖШС  шикізаттарды өңдеп,  сапалы жүн жіне мата шығару фирмасы. Өз өнімдерімен елімізді және  шет елдерді қамтамасыз етеді.

 

 ZIBROO киім өндіру компаниясы балаларға және үлкендерге демалуға, тау шаңғысына спорттық арналған киім үлгілерін шығарады.Бағалары : Жазғы мезгіл киімдері 2600тг ден басталса, қысқы мезгіл киімдері 11800 ден жоғары бағада.

Мен жоғарыда атаған отандық  киім өндірсіндегі брендтік компаниялар  өнімдерінің бағаларын келтіріп кеттім.Бұл бағалардағы киімдерге  кей тұтынушының қолы жетсе, біреуінікі жетпейді.Енді қазіргі таңда еліміздегі киім өндірісіне қатысты  артықшылқтар мен кемшіліктер, мүмкіндіктер мен қауіптер жағдайын көрсететін SWOT талдауды қарастырайық.

ҚР –ның  киім өндірісі жағдайының  SWOT- талдауы

     Күшті жақтары  :

 

  • шикізат ресурстарының болуы
  • ең ірі нарықтарға жақындық (Ресей,Қытай,Үндістан)
  • салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші(елдің оңтүтігінде)
  • транспорт және энергетикалық инфрақұрылымның болуы
  • сыртқы және әлемдік нарықтағы сұраныстың өсуі

    Әлсіз жақтары  :

 

  • жүн және тері шикізаттарының төменгі сапасы
  • өнім бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі
  • салаға капитал салымының жоқтығы
  • отандық брендтердің толығымен жоқтығы
  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі
  • негізгі қорлардың елеулі тозуы
  • мемлекеттік қолдаудың төмендігі

     Мүмкіндіктер:

  • Нарықтың  Кедендік одаққа ену есебінен кеңеюі
  • Шикізатты (мақта,жүн, тері) өңдеу бойынша өндірістердің дамуы
  • Технологиялық көшбасшылардың тәжірибелерін пайдалану арқылы өндірісті ұйымдастыру жолы мен технологиялардың трансферті

     Қауіптер:

  • Отандық өнім өндірісінің деңгейі экономикалық қауіпсіздіктің шекті деңгейінен төмен
  • Салаға инвестицияларды тартудың жеткіліксіздігі
  • Контрабандалық және контрафактілі өнімнің  өктемдігінің күшеюі
  • Әлемдік көшбасшылар тарапынан жоғарғы бәсекеге қабілеттілік

Информация о работе Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетинг маңызы