Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетинг маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:02, курсовая работа

Описание работы

Ел басымыз жыл сайынғы жолдауында сұранысқа ие тауарлар өндірісін дамытуды қолға алу туралы жиі айтуда, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп салаларын жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел үшін бүгінгі күнгі негізгі мәселе .Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын әр түрлі өнімдерді өндіреді және халықты жұмыспен қамтамасыз ететін экономиканың дамуына айрықша қажет салалардың бірі.Кеңес үкіметі кезінде жеңіл өнеркәсіп саласы еліміз үшін маңыдзы рөл атқарған, яғни ол бюджетке түсетін қаржының 30% құрап, 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған.

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.docx

— 830.08 Кб (Скачать)

 

2.2  Отандық Семирамида және Қырғызстандық Александра фирмасы арасындағы бәсекелестікті маркетингтік зерттеу арқылы талдау

         Кедендік одаққа кіргелі  ел экономикасының нарығы кеңейіп, тұтынушылар нарығы да өсті. Сонымен қатар киім өндірісі саласындағы фирмалар саны ұлғайып бәсекелестік кеңістігі кеңейді.Отандық өнім өзге ел өнімдерімен бәсекеге қабілетті әрі тұтынушы талғамын қанағаттандыруы үшін, кәсіпорынның марккетингтік зерттеулер нәтижесінде алынған ақпаратқа сүйене отырып дұрыс шешім қабылдауы қажет. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірі ретінде бәсекелестік ортада өз тауары нарықта орнығу үшін тұтынушы талғамына сай болу керек.Біз қарастырғалы отырған екі елдің киім өнжіруші компаниялары Алматы қаласы тұрғындарына өз өнімдерін ұсынушы бірден бір киім өндіруші компаниялар болып табылады.Жүргізілген зерттеулер бойынша ең үлкен жылдық сауда айналым Бішкектегі «Дордой» базарында 2 млрд. 842 млн. долларды құраса,екінші орында Алматыдағы «барахолка» базары - оның еншісінде 1 млрд. 742 млн. доллар бар екендігі анықталды.180 мың жұмысшысы бар Барахолканың негізгі киіммен қамтамасыз етушісінің бірі Қырғызстан киім өндіруші компаниялары және солардың бірі Қырғызстандық Александра киім өндіру компаниясы.

          Киім өндіру саласындағы жоғарыдағы екі компанияның бәсекелестігін маркетингтік зерттеуге байланысты компаниялар туралы қысқа ақпарат беріп кетейін:

                   

Семирамида киім өндіру компаниясы 15жылдық қызметінде Қазақстан нарығында өзін сенімді және іскер әріптес ретінде көрсете білген жетекші ел брендтерінің бірі. 1997ж Гагарина киім өндіру цехы болып қызмет етсе , кейін кризистік жағдайға тап болып,құлдырап одан қайта құрылады. Содан бері «Семирамида» деп аталып өз қызметін жалғастыруда.

«SMD » брендімен шығарылатын Семирамида киім өндіру компаниясы ұсынады :

  • Әйелдерге арналған сырт киімдер (пальто, плащ, жакет, күртеше,пончо)
  • Қыз балаларға арналған пальто ( 3- 12 жас аралығындағылар)
  • Ер адамға арналған сырт киім (пальто, куртка)

Компанияның ең негізі басымдығы  және қызметінің тәсілі ретінде  үнемі өздерінің тұрақты, әлеуетті клиенттермен кездесулер жүргізіп, олардың қажеттілігін қанағаттандыруын атап айтуға болады.Компания өнімдері сапалы экологиялық таза маталардан жасалады, ал компанияның негізгі жабдықтаушылары Минск қаласы «Сукно», Украина қаласы «Чекстиль», Италия, Корея мата-жүн өндірушілері.

                                                                     

Тарихы 1995 жылдан басталатын Қырғызстандық Александра киім өндіруші компаниясы классикалық,элегантті әйелдерге арналған киім үлгілерін ұсынады.Компания өнімдері Ресей, Қазақстан және ТМД ның өзге елдеріне жеткізіледі. Компания  әлеуметтік жағдайы және табысы орташа , сонымен бірге табысы жоғары топтағы тұтынушыларға өз өнімдерін ұсынып, қажеттілігн қанағаттандырады.Александра компаниясы өнімдері үнемі модадан шықпайтын американдық классикалық стиль бойынша шығарылады. Компания ұсынатын киім үлгілері:

  • Әйел адамдарға арналған сырт киім
  • Әйел адамдарға арналған костюмдер, көйлектер

Осы жоғарыда аталған екі  киім өндіруші компанияның өнімдері Қазақстанның тұтынушылар нарығында кең таралған. Александра және Семирамида компанияларының өнімдерінің барлығы дерлік әйел адамдарға арналған.

Жоғарыда аталып кеткен маркетингтің зерттеу кезеңдері бойынша қарастыратын болсақ:

1. Маркетингтік зерттеу қажеттілігі туындау себебі, киім өндірісі саласындағы отандық және шетелдік  компаниялардың бәсекелік қабілеттілігн анықтау.Зерттеу жұмысының негізгі тапсырмалары мен бағыттары ретінде мыналарды көрсетуге болады: Семирамида және Александра киім өндіру компаниялары өнімдерін сатып алудағы қағидаларды салыстырмалы түрде ,яғни бағасы,сапасы, ассортименті, қолжетімділігі,т.б, анықтау; өнімді сатып алу орындарын анықтау,т.б

2. Мәселені анықтау және зерттеу мақсаттарын тұжырымдау.

Өнімге қатысты тұтынушылардың талғамын (бағасы, орамы, дизайны, өнім

сапасы, ассортименті, имиджтік факторлар, қолжетімділігі және т.б.)

қанағаттандыру деңгейін анықтау;

3. Маркетингтік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдісіне келер болсақ, зерттеу жұмысы пікір сұрау арқылы жүргізілді.Соның ішінде тұтынушыларрдың анкета толтыруы арқылы жүзеге асырылды.

4.Ақпаратты  жинау әдістері және көздерді  анықтау:

  • Екінші ретті ақпарат жинау, яғни компания туралы дайын мәліметтер сайттарынан алынды.
  • Бірінші ретті ақпарат жинау әдісінде сауалнама арқылы ақпарат жиналды,яғни ашық және жабық құрылыды сұрақтары бар сауалнама құрастырылып тұтынушылар пікірі алынды.

5. Маркетингтік ақпараттарды жинау,жалпы кез келген компанияда маркетингтік бөлім болуы қажет немесе арнайы маркетингтік зерттеу жүргізетін компанияларға тапсырыс беру арқылы жоғарыда аталған ақпараттарды жинауға болады.

6. Жиналған ақпараттарды талдау,жеке сұхбат жүргізу сауалнамалары негізінде алынған ақпараттарды талдау,нәтижесін шығару.

7. Нәтижелерді ұсыну,диаграммалар,суреттер негізінде қорытынды жасау, ұсыныстар шығару.

Жеке пікір сұрау сауалнамалары  негізінде  жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелерін ұсынып отырымын:

Жалпы Семирамида және Александра компаниялары өнімдерінің ішінен салыстыруға маусымдық киім үлгісі күзгі киімдер алынып отыр.Енді осы күзгі киімдерді тұтынушылардың жас аралығын 6 бөлікке бөлінді: 20-28 жас аралығы,29-34 жас аралығы ,35-40 жас аралығы, 41-46 жас аралығы ,47-52 жас аралығы, 53-60 жас аралығы.

   Компания өнімдерін жиі тұтынатын жас аралықтары  [1 диаграмма]

Жоғарыдағы даграммадан  көріп тұрғанымыздай Александра компаниясының күзгі өнімдерін  сатып алушылардың 46%-ы 35-40 жас аралығы , 36%-ы 20-28 жас аралығындағы, 18%-ы 29-34 жас аралығындағыларды құрайды.Бұл көрсеткіштерден компания тұтынушылары көбіне жастар және орта жастағылар екендігін байқаймыз. Ал Семирамида компаниясының қнімдерін негізгі тұтынушылардың 53%-ы 53-60 жас аралығындағылар, 23%-ы 35-40 жас аралығы, 15%-ы 47-52 жас аралығы, 7%-ы 41-46 жас аралығы ,7%-ы 20-28 жас аралығын қамтиды.Бұл көрсеткіштер комапнияның негізгі тұтынушылары егде жастағылар екендігін айқындай түседі.

Семирамида және Александра өнімдері жөнінде Алматы қаласы тұрғындарының ақпараттануы: [2 диаграмма]

Жоғарыдағы диаграммадан көріп отырғанымыздай Александра киім өндіру компаниясы туралы ақпаратты  тұтынушылардың 73% дос,таныс арқылы, 27% интернет арқылы сатып алатындығы анықталды.Ал Семирамида отандық киім өндіру компаниясы туралы ақпаратты сатып алушылардың 50%  компанияның негізгі дүкені орналасқан районда тұратындықтан,ашылу салтанатына қатысып көргендіктен білетіндіктері анықталса, 39% дос,таныс негізінде,11% интернет арқылы білген екен.Семирамида компаниясының интернет арқылы тұтынушыларға ақпарат беру деңгейі төмен екендігін көоріп отырмыз.Бұл қазіргі ақпараттанған заманда компания үшін сын болып табылады.

Таңдау факторлары.Енді күзгі киімдерді тұтынатын Алматы қаласы тұрғындарының базарға не дүкендерге барғанда өнімнің қандай қасиеттерін бағалайтындығын және қандай ерекшелігіне байланысты сатып алатындығын анықтаймыз.Бұл  компания өнімдерін таңдау себептерін мына диаграммадан көрсек болады:

      Компания өнімдерін таңдау ерекшеліктері [3 диаграмма]

Диаграммадан көріп отырғанымыздай Александра компаниясының өнімдерін  тұтынушылардың 55%-ы ассортименті көп  болғандықтан,ал  46%-ы стильді  және соңғы сән үлгілермен ұсынылатындықтан,ал 36%-ы бағасы қолжетімді,тиімді болғандықтан таңдайды екен.Бірақ мұнда өнімдер сапасының  және жекелей талғам бойынша тапсырыс беру деңгейінің төмендігі байқалады. Отандық Семирамида компаниясы өнімдерін сатып алушылардың 53%-ы материалының сапасы жоғары болғандықтан,ал 38%-ы стильді,сәнділігіне қарай, ал 31%-ы жеке талғам бойынша тапсырыс беруге болатындықтан, 23%-ы бағасының тиімділігі үшін таңдайды екен. Мұнда көріп отырғанымыздай Семирамида киім компаниясының күзгі үлгілерінің  ассортиментінің аздығы және салыстырмалы түрде бағасының жоғарылығы анықталды.Сонымен қатар

 

 

 

 

Тұтынушылар үшін сатып алудың тиімді бағасы [4 диаграмма]

Диаграммадан көріп отырғанымыздай Алматы қаласы тұрғындарының 46%-ы  Семирамида компаниясының күзгі өнімдерін 15-25мың тг аралығында сатып алғанды жөн көреді екен, ал 39%-ы 25-30мың аралығында тұтынған тиімді деп есептейді, олай деуі сапасына бағасы сай екендігіне күмән келтірмейді.Мегаполис тұрғындарының 64%-ы Александра компаниясының күзгі өнімдерін 8-15мың аралығында тұтынғанды тиімді санайды.Өйткені олар үшін баға тиімділігі бұл жерде жоғары саналып отыр және компания өнімдері бағасының кез келгенге қолжетімділігі байқалады.

Семирамида және Александра компанияларының өнімдерін сатып алу орындарын немесе қай жерде жиі сатылатындығын анықтау мақсатында мына диаграмманы ұсынамын:

                          Сатып алу орындары [5диаграмма ]

Диаграммадағы көрсеткіштерге сүйене отырып мынадай  нәтижелерге  қол жеткіземіз: Қырғызстандық Александра компаниясының күзгі өнімдерін  сатып алудың 82%-ы базарда жүзеге асырылса,18%-ы сирек арнайы дүкендерде сатылып алынады екен.Алматының «барахолкасының» жылдық сауда айналымының көрсеткішін жоғарыда көрсеткен болатынмын, соған сәйкес Александра компаниясның күзгі өнімдерін сатып алудың негізгі орны «барахолка » екенін ескерсек сауда айналымның жоғары болатынын ойланбай ақ білуге болады.Өзіміздің отандық Семирамида компаниясының күзгі өнімдерін тұтынушылардың 62%-ы арнайы дүкенінен сатып алса, 38%-ы Ататкентте болатын жәрмеңке кезінде сатылып алынады екен.Екі компания арасындағы айырмашылықтың ерекшелігін байқауға болады, яғни Александра компаниясы өнімдері сатып алушылар ең көп кездесетін базарда жиі тұтынылса, Семирамида компаниясының өнімдері тұтынушылар өздері іздеп келетіндей арнайы дүкендерде тұтынылады.

     Екі компания тауарларының бәсекелестігін салыстырып,талдау мақсатында мен қос компанияның сезондық киім үлгілерін алдым, яғни әйел адамдарға арналған күз мезгілінде тұтынылатын сырт киімдер. Бұл сырт киімдер маркетингтегі 4P элементі бойынша талданады.Олар :

  • Тауар (product)
  • Баға (price)
  • Сату орны (place)
  • Жылжыту, коммуникация (promotion)


 


 

 

Бұл жердегі әр элементтің өзіне тән кешенді сипаты бар:

Тауар.Тауар саясаты жатады, яғни нарыққа ұсынылған тауар ассортименті,олардың сапасы, дизайн,бәсекелес тауарларға қарағанда артықшылық қасиеттері, рынокта өмір сүру уақыты, орауы, таңбасы, т.б

Баға.Тауар бағасы кәсіпорын пайдасын белгілеуде зор орын алады. Тауар бағасын белгілеу рыноктағы компанияның мақсатына,тұтынушылар талғамына, сұранысқа, тауарды өңдеу ерекшелігіне,өндіру шығындарына,бәсекелес фирмалардың баға саясатына,жыл мезгіліне және көптеген басқа факторларға байланысты.

Сату орны. Сату орны тауарды нысаналы тұтынушыларға қолайлы өткізу жүйесімен беруі тиіс.Оған өткізу арналары және тауарды қозғалту жүйесі (тауарды қоймалау,тасымалдау )кіреді

Коммуникация,жылжыту. Тұтынушыларды тауарды алуға үгіттеу мақсатымен тауар және фирманың өзі туралы тартымды ақпарат таратумен байланысты фирманың іс әрекеттері.Ол жарнама , аранайы сату әдістері, өтімді ынталандыру әдістері,қоғаммен байланыстар.

4P элементінің бірінші  элементі тауар бойынша Александра  және Семирамида компанияларының  өнімдері әйелдерге араналған күзгі сырт киімге сипаттама беріп кетейін.                                                                

1P. Қырғызстандық Александра киім өндіру компаниясының күз мезгілі үлгісіндегі әйелдерге арналған сырт киімдері.

           

Александра компаниясының күз мезгіліне арналған киім үлгілерінің ассортименті көп және барлығы дерлік американдық классика үлгісінде тігілген.Америркандық үлгі үнемі стильді сол себепті тұтынушылар оның сапасына емес көбіне әдемілігіне,стиліне қарап сатып алады.

Қазақстандық Семирамида киім өндіру компаниясының күздік сырт киімдері. Компания өнімдері Италия , Корея жабдықтаушыларымен жабдықталады, яғни олардың киімдері сапалы жүн-матадан дайындалынады. Бұл бейнеден көріп отырғанымыздай компания сонымен қатар аранйы тапсырыстар қабылдайды,соған сәйкес сапалы маталар таңдамасы клиенттерге ұсынылады.Семирамида компаниясының дизайнерлері күз мезгіліне аранлған “Cityflowers”деп аталатын жаңа коллекция шығарды.Оның ішінде арнайы төрт ассортимент бойынша киім үлгілері ұсынылған.

Бірінші коллекция классиканы және жаңа элементтерді қалайтын жас қыздарға арналған «Ветки вербы» таңдамасы.

  

Екінші коллекция «Мотивы арт деко» деп аталынатын өзінің даралығын бағалайтын әртүрлі жастағы әйелдерге арналған мини таңдама.

 

Үшінші коллекция casual стиліндегі жас қыздар мен әйел адамдарға арналған күздік киім үлгілерінің «Аньютины глазки» таңдамасы.

 

Төртінші коллекция  маусымдық  сән үлгілерін ,жаңа элементтерді сүйетін  жас қыздарға арналған «flowers party»  мини топтамасы.

Информация о работе Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетинг маңызы