Салықтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:48, реферат

Описание работы

Салықтар: салықтардың экономикалық мәні.
Салықтардың түрлері.

Работа содержит 1 файл

реферат по макроэкономике.docx

— 49.00 Кб (Скачать)

     Объектінің  экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

     Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай  салық алудың мынадай төрт әдісі  қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу  көзінен ұстап қалу, патенттік  негізде.

     Бірінші жағдайда салықты есептеу мен  оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығының есепке алмай  табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың  тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

     Мағлұмдамада  салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын  есептеп, төлейді. Олар салықтардың  түрлері бойынша салық мағлұмдамасын  есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс  салығын, жеке табыс салығын, көлік  құралдарына салынатын салықты  жәнежерсалығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 – інші наурызына дейін береді.

     Жеке  табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

  • Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
  • Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары табыс етеді.
 

     Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын  табыс етудің белгіленген  мерзіміне  дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган  салық мағлұмдамасын табыс ету  мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын  тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу  мерзімін өзгертпейді.

     Үшінші  әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс  істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы  одан салықты табыс алынған жерде  есептеп, ұстайды (төлейді).

     Төртінші  әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің  сан алуан түрлеріне берілетін  патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. 

  Салық есебінің екі әдісі қолданылады:

  1. кассалық әдіс;
  2. есептеу әдісі.

     Кассалық  әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті  жөнелту мен кірістеу және ол бойынша  жасалынған ақы төлеу мезетінен  бастап есепке алынады.

     Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты  орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері  қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері  жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл  айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

     Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының  органдарын қамтиды.

      Қазақстан Республикасының салықтарның,  салық сипатындағы алымдардың  тізбесі мыналарды қамтиды:

  1. Салықтар: 
  • Корпорациялық табыс салығы;
  • Жеке табыс салығы;
  • Қосылған құнға салынатын салық;
  • Акциздер;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
  • Әлеуметтік салық;
  • Жер салығы;
  • Көлік құралдарына салынатын салық;
  • Мүлікке салынатын салық;
  1. Алымдар:
  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
  • Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
  • Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
  • Радиоэлектрондық  құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
  • Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
  • Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
  • Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
  • Дәрі – дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
  • Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
  • Аукциондардан алынатын алым;
  • Елтаңбалық алым;
  • Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
  • Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
  1. Төлемақылар:
  • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
  • Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Раиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы;

  4. Мемлекеттік баж.

  5. Кеден төлемдері: 

  • Кеден бажы;
  • Кеден алымдары;
  • Төлемақы;
  • Алымдар;

     Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет  жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен  тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

     Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік  салық службасының – Қаржы  министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың  салық комитеттерін қамтиды. Салық  службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  толық түсуін, міндетті зейнетақы  жарнамаларының толық және дер кезінде  аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

     «Салық» және «Салық салу» ұғымдарын ажырата  білген жөн: бірінші жағдайда – бұл  экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық – құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері. 

     Қазақстан Республикасының салықтары екі  түрге бөлінеді. Олар: жергілікті және мемлекеттік. Салықтар: жанама салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын  салық, жер салығы, мүлікке салынатын  салықтар,.   

     Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.

     Жанама  салықтың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС  болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін. ҚҚС дүние жүзінің 40 – тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасына бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 пайызын құрады.

     Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан  Республикасының кодексі (Салық  кодексі) бойынша қосылған құнға  салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және лоардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын  айналым құнның бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленген импортталатын тауардың кедендік құны, сондай – ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.

     Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. (23,2%) Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемелерді қоспағанда  Қазақстан Республикасы резидент – заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент – заңды тұлғалар төлейді.

     Корпорациялық табыс салығын салу механизмі  заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер  мен санкйияларды, төлеу уақытын  айқындайды. Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын  табыс және Қазақстан Республикасында  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

     Резидент  – заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табымтардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.

     Жеке  табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 9% алады.

     Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып  есептеледі. Салық салу объектісі  төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.

     Салық агенттері жеке табыс салығын  есептеу мен ұстап қалуды төлем  көзінен салық салынатын табыс  төленетін күннен кешіктірмей жүргізедіі. Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын  төлеудің соңғы күнінен кейінгі  бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының щегінен тыс  жерлерде төленген жеке табыс салығының  сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда  салық төлеу кезінде есепке жатқызылады.

     Жерқойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен  арнаулы төлемдері. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланылатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

Информация о работе Салықтар