Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:48, реферат
Салықтар: салықтардың экономикалық мәні.
Салықтардың түрлері.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті
Тақырыбы: Салықтар: салықтардың экономикалық мәні.
Салықтардың түрлері.
Қостанай
2011
Жоспар
Кіріспе ..............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық
мәні ..............................
1.2 Салықтар: типтері
және эволюциясы ..............................
1.3 Салық салудың принциптері
мен түрлері .............................. 9
– 10
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы
қалыптасу кезеңдері ..............................
2.2 Қазақстан Республикасындағы
салық түрлері ..................... 16
– 19
Кіріспе
Мемлекеттік
бюджеттің түсімдерінің ең басты
көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған
елдердің бюджетіндегі салықтардың
үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне
табыс салығы, одан басқа қоғамның
құқықты мүшелерінің
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс
салығын алу белгілі бір
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ – нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің
бақылау жұмысымның мақсаты – Қазақстан
Республикасының салық жүйесі жайлы жан
– жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу
кезеңдерін, принциптерін қарастырып,
қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді
зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.
экономикалық мәні
Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар – ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс – бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 35-ші бабында:
заңды түрде белгіленген
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
Алынған
игіліктерге және төлем қабілеттілігіне
салық салудың қағидаттарын пайдалану
салық мөлшерлемелерін
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық – зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Салық
төлеуші салық заңнамасына
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік – құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс – әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы – 17,4%, 2000 жылы – 22,6%, 2001 жылы – 22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада – 29%, Ресейде – 33 %). (Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев Қаржы Алматы, 2003ж, бет 214).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
1.2
Салықтар: типтері
және эволюциясы
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.
Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Төлем
жасау қабілеттілігіне
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар: