Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:21, курсовая работа
Курстық жұмыс мақсаты - мұнай өнімдерін өткізудің бағыттарын қарастыра отырып, өнімді өткізуді жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
жалпы өнімді өткізуге теориялық тұрғыдан түсінік беру;
Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өткізудегі ерекшеліктерін қарастыру;
нақты кәсіпорын мысалында мұнай өнімдерін өткізу үрдісін талдау;
зерттеу объектісіне алынған кәсіпорында өнім өткізу проблемаларын анықтау мен оны шешу жолдарын іздестіру.
Кіріспе……………………………………………………………………….......…..3
І. Өнімді өткізу және тарату
1.1. Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері............5
1.2. Өткізудің маркетингтік жүйелері.....................................................................10
1.3 Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі.............................................................16
ІІ. Мұнай өнеркәсібі өнімдерін өткізудің қазіргі жағдайы
2.1. «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.......17
2.2. Кәсіпорынның өнімін өткізу үрдісін талдау……………………............…...25
2.3. Кәсіпорынның өнімін өткізу шараларын ынталандыру жолдары................31
ІІІ. «ҚазақОйл Ақтөбе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді өткізу қызметін жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорынның даму перспективасы…………………………….........……...36
3.2. Өнімді өткізуді жетілдірудің негізгі бағыттары……………………........….38
Қорытынды……………………………………………………………….........….41
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………............44
фирманы, не оның тауарын білмейтін потенциалды сатып алушымен жұмыс жасауда өткізу бойынша агент қиындыққа кезігеді;
Жалпы өндірістік бағыттағы тауарлар нарығындағы жарнама пайдасы
өткізу көлемінен емес, өткізудің жалпы өзіндік құнының төмендеуінен көрінеді. Дұрыс ұйымдастырылған жарнама кезінде сатуға кеткен шығын үнемі 30 % құрайды және керісінше, егер жарнама жүргізілмесе сатуға кететін шығындар 40 %-ға артады.
Қазіргі таңда қысқа мерзімді жеңілдіктер беру арқылы өткізуді ынталандыру рөлі сатылым көлемінің өсімін қамтамасыз ететін басқа құралдарға қарағанда артық келеді. Қысқа мерзімді жеңілдіктер беру есебінен өткізуді ынталандыру баға прейскуранттарының тұрақтылығын бұзбаусыз, сұраным ауытқуларына бейімделуге мүмкіндік береді. Әсіресе жеңілдіктер тұрып қалған өнімді өткізуде тиімді.
Өткізу тиімділігін арттыру мақсатында маркетингті қолдануда әдетте оның екі аспектісі қарастырылады. Біріншіден, маркетингке кететін шығындар мен оның нәтижесі арасындағы себеп-салдарлы байланысын талдау. Оның негінде маркетинг қызметінің қандай да бір саласына қанша қаражат бөлу керектігі туралы шешім қабылданады. Екіншіден, қызмет стандартын енгізу мен өткізу көлемінің немесе пайда сомасының ағымдық немесе күтілетін көлемін қысқартусыз осы стандарттарға материалдық және қаржылық шығындарды қысқартуды жоспарлау процесімен байланысты маркетингтік тиімділігін анықтау. Мұнай талдау әртүрлі деңгей әсерін, маркетингке кететін шығындардың комбинациясын, нарық сегменттері бойынша таратылу тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Маркетингке кететін шығындарды анықтау үшін нарық дамуының көлемі мен бағыттары, нарықтық үлестер, бәсекелестердің жауабы туралы ақпаратты иемдену қажет.
Маркетинг нәтижелігін талдау ең алдымен табыстылықты бақылау, сатушы мен сатып алушының қызмет стандартын орнату, шығындарды бақылау үшін қажет. Маркетинг нәтижелігін талдау нәтижесінде жалпы өндіріс пен нарықтағы фирманың жүргізіп отырған стратегиясының тиімділігі туралы қорытынды жасауға болады. Әсіресе мұндай қорытындылар тұрақсыз нарық, яғни сатылым құлдырауы жағдайында маңызға ие. Фирма қызметінің стратегиясы нарықтық конъюнктураға ықпал етудің әртүрлі нысандарында көрінуі мүмкін. Нарықты бағындыру әсерін беретін ең түбегейлі әдіс болып интеграциялық шаралар табылады. Сыртқы жағдайларға қарай алға басушы, кері немесе горизантальды интеграция таңданылады.
Сатылымның жоғарлауы жағдайында фирма басшылығы нарықта өз орнын бекіту туралы шешім қабылдап, жоғары пайда алу үшін шаралар жүргізуі мүмкін. Сәтті немесе сәтсіз стратегия таңдау фирма тұрақтылығы үшін потенциалды қауіпті алып жүрмейді. Тек өндіріс бумы нәтижесінде фирма бәсекелестерімен оған қажет шикізат нарықтарынан ығыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда тұрақтылық қаупі кері интеграция (төмен) жолымен, яғни жеткізуші фирмаларды өндіруші фирмалардың сатып алуы жолымен алынуы мүмкін. Ал өткізу құлдырауы жағдайында басқа жағдай қалыптасады. Мұнда өткізу көлемін қалыпты деңгейде ұстауға бағыттылған дұрыс ойластырылған шаралар қажет. Бұл алға басушы интеграция (жоғары) арқылы, яғни аналық компания оның өнімін пайдаланушы компаниямен бірігуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Горизанталды интеграцияны пайдалану стратегиясы фирманың нарықтағы үлкен үлесін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Стратегия бойынша ұқсас өнім өндірітін фирмалар біргеді. Алайда интеграцияның бұл түрі мемлекеттік монополияға қарсы органдардың қарсылығына кезігуі мүмкін.
Фирма интеграциялық саясаттың стратегиясын таңдай отырып оны тұтас шаруашылық кешен тұрғысынан қарастыру тиіс.
Каспий аймағы елдері үшін мұнай экспорты тұрақты дамушы экономиканы қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Мұнай қоры бойынша Қазақстан алғашқы ондықта орын алғанмен, ол әлемдік мұнай бизнесінен тыс қалып отыр. Оған себеп Қазақстанның потенциалды өткізу нарықтарынан алшақтығы мен мұнай өндірудің жоғары өзіндік құны. Аталған осы факторлар аймақтағы дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруды қалып етеді. Одан басқа ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес.
Әлемдік нарыққа шикізатты шығару мәселесінің шешім таппауы Қазақстанның ірі кенорындарын игеру ісінде кедергіге айналады. Айта кету керек мұнай тасымалдау бағыттарын таңдауда мұнай өндіруші компаниялар басты орын алады. Себебі олар мұнай жеткізушісі ретінде құбырларды толтыруға және жобаны қаржыландыруға міндеттемені алады.
Экспорттық
құбырлар салу стратегиясында басты
мақсат диверсификацияланған құбыр
жүйесін қалыптастыру болып табылады.
«Диверсификация» сөзі әлемнің мұнай-газ
өнеркәсібінің символына
Қазақстан республикасы мұнай өткізудің бірнеше перспективті аймақтарына жақын. Оларға еуроппалық, оңтүстік азия және қытай нарықтары жатады. Мұнайды экспорттау бойынша әртүрлі жобалық шешімдерді талдау республика алдында тасымалдаудың оптималды және экономикалық тиімді бағыттарын таңдау мәселесін өзекті етеді. Олардың әрқайсысы жеткізілім қауіпсіздігі және апатты жағдайлар тәуекелі тұрғысынан бағалануы тиіс. Сонымен қатар есепке экономикалық, коммерциялық, коньюнктуралық және саяси факторлар алынуы тиіс. Жалпы Қазақстан мұнайының әлемдікнарыққа өткізілуінің қолданыстағы және жобаланған бағыттарын бағалауды мұнайдың әлемдік нарығында жағымды бағалық конъюнктура сақталып тұрғанға дейін тез жүзеге асыру қажет.
Табиғи ресурстық және
инвестициялық құраушылардың
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Өнімді өткізу және тарату (фирма мысалында)