Өнімді өткізу және тарату (фирма мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:21, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс мақсаты - мұнай өнімдерін өткізудің бағыттарын қарастыра отырып, өнімді өткізуді жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
жалпы өнімді өткізуге теориялық тұрғыдан түсінік беру;
Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өткізудегі ерекшеліктерін қарастыру;
нақты кәсіпорын мысалында мұнай өнімдерін өткізу үрдісін талдау;
зерттеу объектісіне алынған кәсіпорында өнім өткізу проблемаларын анықтау мен оны шешу жолдарын іздестіру.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….......…..3

І. Өнімді өткізу және тарату
1.1. Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері............5
1.2. Өткізудің маркетингтік жүйелері.....................................................................10
1.3 Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі.............................................................16

ІІ. Мұнай өнеркәсібі өнімдерін өткізудің қазіргі жағдайы
2.1. «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.......17
2.2. Кәсіпорынның өнімін өткізу үрдісін талдау……………………............…...25
2.3. Кәсіпорынның өнімін өткізу шараларын ынталандыру жолдары................31

ІІІ. «ҚазақОйл Ақтөбе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді өткізу қызметін жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорынның даму перспективасы…………………………….........……...36
3.2. Өнімді өткізуді жетілдірудің негізгі бағыттары……………………........….38

Қорытынды……………………………………………………………….........….41

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………............44

Работа содержит 1 файл

Мұнай өнеркәсібі өнімдерін өткізу «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС. курс.doc

— 494.00 Кб (Скачать)

Каспий құбыр  консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы түрлі  сапалы және әртүрлі нарықтық құны бар мұнай сорттары айдалып, жалпы  тасқынмен КҚК жүйесінің қабылдау мен шығу пункттерінде сапа банкісі жүргізіледі. Сапабанкісі бойынша процедура шеңберінде КҚК қоспасындағы әрбір жүк тиеушінің мұнай құнын бейнелеу мақсатында қажет ақшалай түзетулер үшін негіз қамтамасыз етіледі және есептеу жүргізіледі. КҚК жүйесіне мұнай тапсыратын барлық жүк тиеушілер тасымалдау қызметінің бір шарты ретінде сапа банкісіне қатысуы міндетті. Барлық қатысушылар тәуелсіз қаржы басқармасына кез-келген есептелген соманы аударуға келіседі. Сапа банкі жүйесі АРI-ғы тығыздық көрсеткіштеріне және күкірттің қоспасына негізделеді. Сапа банкы коэффициенттері ай сайын эталонды мұнай себеті бойынша нарықтық бағаларды регрессиялық талдау жүргізу жолымен анықталады. Сапа банкісі айына екі рет есептелетін кірісінде және шығысында жеке сапа банктерінен тұрады.

Атырау-Самара бағытында жүк жеткізу орны Одесса порты болса, КҚК жұйесінде-Новороссийск порты болып табылады. Одесса мен  Новороссийск порттары арқылы мұнай  тасымалдау шығындары 7- кестеде бейнеленген.

Осыған қарап  КҚК-ң Атырау-Самара бағытына қарағанда артықшылықтарға ие екенін айтуға болады. Одан басқа компания үшін КҚК-ң мынадай артықшылықтарын айтуға болады:

 

 

 

 

7-кесте. Одесса мен Новороссийск порттарына мұнай жеткізу шығындары

Одесса порты  арқылы

        Бағыты

         Көлік түрі

       Тариф ($/тонна)

Атырау-самара (ҚР

территориясы)

       Мұнайқұбыр

                    8,6

Атырау-Самара (РФ территориясы)

         Мұнайқұбыр

                     7,9

Атырау-Самара

(Украина территориясы)

          Мұнайқұбыр

                     5,7

Одесса портында

перевалка

                     -

                     6,3

«ҚазТрансОйл» ЖАҚ-на сыйақы

                     -

                     0,24

Барлығы

 

                    28,74

Новороссийск  порты арқылы

         Бағыты

            Көлік түрі

        Тариф ($/тонна)

КҚК жүйесіне

перевалка

                     -

                    0,22

КҚК мұнайқұбыры

            Мұнайқұбыр

                   26,19

Новороссийск

Портындағы  экспедиция

                       -

                     0,03

Барлығы

 

                   26,44


Ал 8 кестеде 2 бағыттың салыстырмалы көрінісі бейнеленген.

 

8-кесте.    Атырау-Самара мен КҚК жүйелерінің салыстырмалы артықшылықтары

       Бағыты

    Тариф  Атырау-Порт ($/тонна)

     Мұнай  сорты

    Сапа  банкі

Атырау-Самара КҚК

1тоннаға

айырмашылық

        28,74

        26,44

 

      2,3(КҚК   

    пайдасына)

      Urals (Med)

      Brent (DTD)

 

        15,0 (КҚК

       пайдасына)

          Жоқ

          Бар

 

     8,0 (Атырау-

            Самара

         Пайдасына)


1)КҚК жұйесінің  толық жүктелмегені. Ал Атырау-Самара құбырының толық жүктелгеніне орай, монополист болып табылатын «Транснефть» компаниясы алдын-ала ескертусіз Қазақстан мұнайының транзитін қысқартып, кейде мүлдем тоқтатады, бұл экспорттық жеткізілімдерге кедергі етеді;

2)КҚК жүйесіне Одесса портында сияқты мұнай құбырынан мұнай базасына мұнай айдау қажет еместігі, сәйкесінше оған қосымша шығын жұмсау қажеттілігі болмайды;

3) Новороссийск  портында танкерлерді фрахтылау  ставкісі Одесса портына қарағанда  төмен, бұл сатып алушыға жеңілдіктер жасауға мүмкіндік береді;

          4)    КҚК жүйесіндегі дұрыс, әрі тиімді ұйымдастырылған жұмыс:

  • мұнай тасымалы бекітілген графикке қатаң сәйкес келеді;
  • танкерлерге міндетті техникалық талаптар анықталған: қызмет ету мерзімі, минималды жүккөтергіштік, т.б.;
  • электронды поштамен мұнайды тасымалдау бойынша күнделікті ақпарат алу мүмкіндігі;
  • қатаң, әрі дәл құжат айналымын ұйымдастыру.

Мұнайды сатып  алушыға дейін жеткізуде аталған  бағыттарды

үйлестіргеннен  басқа, төменде көрсетілген процедураларды атқару шарт:

  • тасымалдау көлемін техникалық бөліммен келісу;
  • өткізу көлемін компания басшылығымен келісу;
  • энергетикалық және минералдық ресурстар министрлігіне тапсырыс жіберу;
  • министрліктен рұқсат бекітілімін алу;
  • «Мұнайтас» (Әлібекмола-Кеңқияқ), «ҚазТрансОйл» (Кеңқияқ-Атырау) компанияларына, КҚК жүйелеріне тапсырыс жіберу;
  • олардан рұқсат қағазын алу;
  • алдын-ала төлеуге шоттар алу;
  • мұнай тасымалы үшін төлем жүргізу;
  • экспертиза актісін алу;
  • мұнайдың шығу сертификатын ұсыну;
  • уақытша жүк кедендік декларациясын ашу;
  • кедендік салық төлеу;
  • кеден декларациясын жабу.

 

2.3 Кәсіпорынның өнімін өткізу шараларын ынталандыру жолдары

 

Өткізуді ынталандыру  маркетинг бойынша үлкен жұмыстың құрамдас

бөлігі болып  табылады. Бұл салада іс жүзінде  көптеген фирмалармен қолданылатын бірқатар әдістер мен тәсілдер жинақталған. Өткізуді ынталандыру арқылы төмендегідей мақсаттарға қол жеткізіледі:

  • қайта сатып алуға қызығушылық;
  • тұрақты сатып алушылар топтарын қалыптастыру;
  • тұрақты сатып алушыларды марапаттау;
  • бөлшек сауда үшін қорларды интенсивті жинақтау;
  • тауар тарату аймақтарын кеңейту, сауда нүктелерін арттыру;

Өткізуді  ынталандыру құралдарына келесілер  жатқызылады:

  • бағаны төмендету;
  • купондар;
  • сыйлықтар;
  • конкурстар;
  • лотереялар;
  • ақшалай премиялар.

Ынталандыру ең алдымен тұтынушыларға, делдалдарға және сауда

персоналына бағытталады.

      Сатуды ынталандыру 60-шы жылдардан  бастап өсудің тұрақты тенденциясын  көрсетеді, оны жүзеге асыру  әдістері де жетілдірілуде. Өткізуді  ынталандыруға дұрыс көңіл үнемі  бөлініп отырмаған. Бұл қызметті екінші деңгейде қарастырып келді, алайда қазіргі таңда фирмалар ынталандырудың дұрыс жоспарланған және үйлестірілген бағдарламасының маңыздылығын түсіне бастады.

Кәсіпорында өткізуді ынталандыру үш саланы қамтиды:

    1. тұтынушыларды ынталандыру;
    2. Сауда саласын ынталандыру;
    3. Сауда персоналын мотивациялау.

Тұтынушыларды ынталандыру. Тәсілдің бұл тобын жиі міндеттеу деп те атайды, себебі ол ақырғы сұранысты белсендіруге бағытталған. Қазір ең танымал әдіс бағадан жеңілдік болып табылады. Бұл әсіресе өндіру көлемі артып отырған немесе тұтынушының алғашқы сатып алуы кезінде кездеседі.

Іс жүзінде  тұтынушыларға бағытталған ынталандырудың бірнеше жолдары белгілі. Олардың  қатарында өзін өзі өтейтін марапаттау, тауар сериясы, ақысыз үлгілер, купондық коллекциялар, тауарлардағы премиялар т.б. Ынталандыруды жүзеге асыру әдісін таңдау-бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан оған байыппен қарау керек. Мысалы: Англияда конкурстар таңымал. Конкурстарды жүргізудің артықшылығы қатысушылардың үлкен санын тарту мүмкіндігінде. Жалпы ұлттық деңгейдегі конкурстар қымбат сый түрлерімен байланысты болып келеді (жолдамалар, автокөлік). Бұл қатысушыларды көп тарту мақсатында жүргізіледі, ал оған кеткен шығындар толық өзін-өзі ақтайды.

Сауда саласын  ынталандыру. Сауданы ынталандыру міндеті болып өткізу каналы бойымен тауарды клиенттерге өткізу табылады. Сауда қызметкерлерін қызықтыру үшін бірқатар амалдар жасақталған: материалдық марапаттау, сыйлықтар, конкурстар, көрмелер, демонстрациялар, демалыс жолдамалары (конференция, келіссөз түрінде) т.б.

Англиядағы  ынталандыру бойынша кодексте жазылғандай  сауда қызметкерлеріне бағытталған  қандай да бір ынталандыру олардың  қызмет бабындағы міндеттемелерімен  қайшы келмеуі керек. Күмәнді  жағдайларда алдын-ала басшыдан рұқсат алған жөн. Ашық айтқанда іскер сыйлықтар өткізуді ынталандыру құралына жатқызылмайды, алайда оларды бұл топқа жатқызып келуде. Олар көбіне жылдың белгілі бір кезеңіне арналады. Бұл сыйлықтарда фирма логотиптері көрініс табады, сол арқылы олар жарнама рөлін де атқарады.

1981 жылы Сатып  алу мен жеткізу институты  іскер сыйлықтар тәжірибесіне  сын көзқарас білдірген еді.  Мұнай сыйлықтар сатып алушылардың  объективтілігіне ықпал ететіні  туралы қорытынды жасалған болатын.  Сондықтан оларды қымбат емес  заттармен-күнтізбе, күнделік, қалам т.с.с шектеу керектігі айтылды. Соңғы кездерде жұмыс берушілер де жұмысшыларға рұқсат етілген сыйлықтар тізімін шектеген. Алдында айтылған институт жүйелі түрде қымбат сыйлықтар үлестіретін фирмалардың қара тізімін жариялады.

Сауда персоналын мотивациялау. Персонал үшін стимулдың қатарында кең қолданылатыны-сатылымнан сый ақылы төлемдер жүйесі. Барлық қатысушыларға тең негізде жай компенсациядан артық болатын марапаттар беріледі. Сый ретіндегі ақшалай төлемдер нақты көрсеткіштері жоғары қызметкерлерге беріледі. Бұл жерде орташа және әлсіз қызметкерлер жұмысына жеткілікті мотивация қалыптаспайды деген қауіп бар. Бірақ қызметкер арасындағы жарыс әрбір қатысушыны мотивациялау мақсатында жүргізіледі.

Кәсіпорында тарифтік қызметкерлер үшін еңбек-ақы төлеудің тарифтік-сыйақылы формасы қолданылады. Бұл қызметкерлер категориясына окладтары берілген разрядтарға тәуелді орнатылатын қызметкерлер жатады. Тарифтік емес қызметкерлер-бұл максималды разрядта көрсетілгеннен артық алатын қызметкерлер (компанияның бас мамандары). Бұл категория үшін окладты-сыйақылы форма қолданылады. Бұл қызметкерлер категориясының тізімі мен оклад мөлшері компанияның бас директорымен анықталады. Ал топ менеджерлердің еңбекақы мен сыйақы мөлшерін байқау кеңесі анықтайды.

Еңбек ақының басым бөлігін лауазымдық оклад құрайды. Еңбек ақының сый-ақы бөлігі қосымша еңбек ақы мен шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша сый-ақы есебінен құралады (9-кесте).

 Сауда персоналын материалдық марапаттаудың  қандай да бір жүйесін қолдануда  марапаттар мен премиялардың мақсаты, уақыты, сандық бағалау әдістері және ерекшеліктері ескерілуі қажет. Пайдалану мақсаттарына:


  • жаңа өндірістік тізбекті енгізу;
  • тұрып қалған тауар сатылымын тездету;
  • қызмет көрсету аумағын кеңейту;
  • жаңа клиенттерді тарту;
  • өткізудің маусымдық дағдарысын жеңу;
  • кәсіби шеберлікті жетілдіру.

9-кесте. «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлерінің  қосымша еңбек ақы компоненттері

Қосымша еңбек  ақы

Төленуі

І. Компенсациялық төлемдер

  • экологиялық ауыр зонадағы

жұмыс үшін окладтан 20 %;

- зиянды, қауіпті еңбек жағдайында-20 %;

  • түнгі уақыттағы жұмыс- 1,5 есе;
  • уақытынан артық жұмыс-1,5 есе;
  • мейрам күндеріндегі жұмыс-2 есе;
  • келмеген қызметкердің міндетін уақытша орындағаны үшін ауыстырылған адам окладының

20 %.

ІІ. Ынталандырушы  төлемдер

Кәсіби шеберлік үшін қосымша төлем. Оның көлемі әр қызметкер үшін жеке тағайындалады.


Кенорнында  қамтылған тарифтік қызметкер еңбек  ақысының жалпы құрылымы төмендегідей:

Еңбек =     негізі        + компенсациялық       +       ынталандыру       +  компания қызметінің еңбек ақы  төлемдері нәтижесі бойынша сыйақы

         Қалған қызметкерлердің еңбек құрылымы:


Еңбек   =     негізі        +       ынталандыру      +      компания қызметінің   +      компания қызметінің ақы

еңбек ақы  төлемдер төлемдері  +                       жылдық нәтижесі   бойынша сыйақы

Жарыстағы  ұйымдастырудың кестелері мен уақыты қатысушылардың санына және қойылған мақсат сипатына тәуелді. Ынталандыру бағдарламасы, әдетте, 2 айдан 6 айға дейін жалғасады. Орындалған жұмыс көрсеткіштері мен баллдар өткізілген өнім бірлігін есептеудің қарапайым жүйесіне негізделуі мүмкін.

Ынталандырудың келесі әдісі – бұл персоналды оқыту.

«ҚазақОйл Ақтөбе»  ЖШС-гі жүзеге асыратын жобаның масштабтары  мұнай-газ саласының халықаралық  стандарттарына сәйкес күрделі өндірістік жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті персоналды талап етеді. Компания персоналға лауазымды міндеттерін тиімді де қауіпсіз әдістермен жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби дағдылар мен білімді меңгеруге толық жағдай жасайды. Персонал Қазақстан мен Ресейдің ірі оқу орындарында оқып, қайта даярлықтан өтеді. Қазірдің өзінде осындай жолмен 200-ден астам маман  өз білімдерін жетілдірді. 2001-2009 жж-2010 жылдың  жарты жылдығындағы персоналды оқытуға 25 млн. тенге жұмсалды.

Информация о работе Өнімді өткізу және тарату (фирма мысалында)