Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:14, реферат
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.
КІРІСПЕ
1.Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату факторы ретінде
1.1.Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні 5
1.2.Өнімнің бәсекеге қабілетілігін бағалау 11
1.3. Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер 14
2. Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері
2.1. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі 20
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ. қаржылық – экономикалық талдау 25
2.3. Фирмадағы маркетингтік жоспарлау 30
3. Кәсіпорында маркетингтік жетілдіру
3.1. Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру 33
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мазмұны
КІРІСПЕ
1.Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату факторы ретінде
1.1.Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні 5
1.2.Өнімнің бәсекеге қабілетілігін бағалау 11
1.3. Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер
2. Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері
2.1. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі 20
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ. қаржылық – экономикалық талдау 25
2.3. Фирмадағы маркетингтік жоспарлау
3. Кәсіпорында маркетингтік жетілдіру
3.1. Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру 33
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық эканомиканың эвалюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды.Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі,өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп,өткізуді қиындатуда.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде нарық шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.
Бүгінгі күнгі маркетингтің әр сипаттағы барлық анықтамалары толықтай тауар нарығымен тығыз байланысты болады және оған қатысты жекелей қолданылу ауқымына қарай тұтынушылық, өнеркәсіп тауарлары және қызметтері аумақтары бөлінеді
Бұл тақырыптың өзектілігі нарықтық экономикада маркетингтің рөлі, яғни кәсіпорындағы маркетингтің рөлін және маркетингтік зерттеулерді талдау, маркетингті қалай ұйымдастыру мен жоспарлау керек екендігін қарастыру. Сондықтан мен кәсіпорында экономикасы пәнінен курстық жұмыстың тақырыбын “ Кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру.” деп алдым.
Ал мақсаты Қазақстан Республикасында маркетинг қызметінің мәнін ашу, атқаратын қызметін талдау, “АБДИ Компани” А.Қ.-ның құрылымын, оның нарықтағы рөлі мен ерекшелігін қарастыру.
1. Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату факторы ретінде
1.1. Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бейнесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнім өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз нарықты жан – жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты нарыққа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін – бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі нарықтың талаптары мен шарттарына толық бағынышты.
Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг – бұл нарықты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс – қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру өнімді өткізудегі кешенді жүйе: баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету. Тағы басқа әдебиеттерде маркетинг – қазіргі бизнес филасофиясы,ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттыруға бағытталған мақсат. Сонымен маркетинг бұл – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама.
Маркетингтің негізгі қызметі – сатып алу, сату процесінде ең жоғарғы мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметінің жүйесінде кәсіпорынның басқа жеке міндеттері шешіледі:
Нарық, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі.
Тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, нарық, бәсекелестер.
Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:
Тауардың бәсекеге жарамдылығын жасау.
Тауарларды жылжытуды жеделдету.
Сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.
Маркетинг қызметі жағдайында нарық екі түрге ажыратылады:
Сатушы нарығы (рыногы)
Сатып алушы нарығы (рыногы)
Сатушы нарығы – бұл шын мәнінде, тапшылық нарығы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы нарығы – бұл шын мәнінде толықтырылған нарық, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие.
Нарықты зерделеу екі жайғасымда жүзеге асырылады: оның ерекшелік сипаты, сыйымдылыққа қажеттілігі және мүмкіншілігі, молықтыру деңгейі, бәсекелестің жағдайы, ұқсас тауарлар шығуының ықтималдығы, т.б.
Ондай және басқадай жайғасымның артықшылығы өнімге бағдарланған маркетинг немесе тұтынушыларға бағдарланған маркетингке алып келеді.
Өнімге бағдарланған маркетинг, мынандай жағдайда қолданылады, егер де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірген тауарды алуға ынталандыруға болып табылады.
Маркетингтің негізгі принциптері - жалпыға бірдей нысандылығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.
Маркетингтің принциптік әдіснамалына сәйкес кез-келген процестерге тән басқару және өткізудің рыноктық тұжырымдамасының бернесін анықтайық.
.
1-ші кесте. Маркетингтің негізгі бейнелері
Түрлері | Қызмет түрлері |
Талдамалық | Маркетингтік ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздері, кәсіпорынның ішкі ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы. |
Өндірістік | Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндіру, сатып алушылардың қажеттілін қанағаттандыру, олардың ерекшелгі, орамы, бағасы, пайдалану сапасы. |
Өткізушілік | Тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру, өткізу арналарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндірісті ынталандыру және баға саясаты. |
Басқару және бақылау
| Маркетинг жоспарын әзірлеу (бағдарламалар), оларды қаржыландыру, маркетингті ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсіпорынның ұсынған мақсатының жетістігі, тәуелділікті бағалау, т.б. |
Талдамалық арнаны екі қосалқы бейнеге бөлуге болады: нарықты кешенді түрде зерттеу және кәсіпорынның ішкі ортасын талдау. Бұл екі қосалқы бейне бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Нарықтық жағдайда кәсіпорын маркетингтік зерттеуді үнемдеуге тиіс емес, өйткені, мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін жұмысты көз жұмып істеуге болмайды.
Маркетингтік талдамалы бейненің нәтижесі – оның өндірістік бейнесін және қосалқы бейнесін іске асырудың негізі болып табылады.
Шығарылған тауарлар, өндірілген өнімдер нарыққа келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу.
Өткізім тұжырымының тәсімі және маркетинг мына төмендегі бейнемен көрінеді:
Өткізу тұжырымдамасы
Тауарлар Өткізім және сатуды Сату көлемінің
Маркетинг тұжырымдамасы
Қажетсіну Біріктірілген Сатып алушылардың
Маркетингтің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
Тұтынушы мұқтажын, нарықтық жағдайда, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәлме – дәл білу арқылы өнім өндіру.
Тұтынушы мұқтажын, мейілінше, толық қанағаттандыру, нақтылы мәселелерді шешу үшін оны құралдармен немесе құрал - жабдықтар кешендерімен қамтамасыз ету, балама принцип - өнім өткізетін орындарды іздестіре отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсету.
Нақтылы бір нарық жоспарланған мөлшерде және белгілі мерзімде өнімді өткізумен қызмет көрсетуді тиімді жүзеге асыру.
Ғылыми – техникалық ойды және нарық жаңалықтарын пайдаланып, тауарларды өткізуді дайындау үшін зерттеулерді ұдайы қорыта отырып, кәсіпорынның өндірістік – коммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелігінің пайдалалығын қамтамасыз ету.
Сұранысты қалыптастырумен оған жағдай жасау бір мерзім ішінде ықпал ете отырып, тұтынушылардың үнемі өзгеріп отыратын талаптарына дағдыланудағы өндірушінің жүріс – тұрыс стратегиясы мен тактикасының тұтастығы.