Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:07, курсовая работа
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Кіріспе
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлім-
дері мен көрсеткіштері
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
• Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады.Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгелінеді.
• Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқыльі өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
• Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі - айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынасы, негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі - несие жоспары.
• Кәсіпорын ұжымының элеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
• Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады.
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары
Стратегиялық жоспарлау бар өндірістерді бағалаумен қатар, фирма келешекте қандай өндірістерді иеленгені, қандай өрістерге өз күштерін жұмсау керектігін ашуы керек. Фирманың өсу жоспарын мына мысал арқылы көрсетелік: «Модерн паблишинг компани» баспасы ай сайын тиражы 300 мың дана денсаулық проблемасына арналған жетекші журнал шығарады. Фирманың маркетингілік орталығын тұтынушылар ұнатымы, жаңа бәсекелестердің пайда болуы және баспа шығыны көзқарасы бойынша алатын болсақ, өте өзгермелі. Фирма келешек он жылға өзінің өсу жоспарының кешенін дайындауға тырысуда.
Өсу стратегиясын
үш деңгейде өткізілген талдау негізінде
дайындауға болады. Бірінші деңгейде
фирманың қазіргі жұмыс масштабында
пайдалана алатын мүмкіншіліктерін
анықтайды (интенсивті өсу мүмкіншіліктері).
Екінші деңгейде маркетинг жүйесінің
басқа салаларымен
ИНТЕНСИВТІ ӨСУ. Интенсивті өсу фирма өзінің қазіргі тауарларына және нарықтарына тән мүмкіншіліктерді аяғына дейін пайдаланбаған жағдайда өзін өзі ақтайды. Интенсивті өсу мүмкіншіліктерін ашу үшін
И.Ансофф «Нарықтың және тауардың өркендеу торы» деп атақ алған ыңғайлы әдісті пайдалануды ұсынған. Мысал ретінде келтірілген мұндай тор интенсивті өсу мумкіншіліктерінің үш негізгі түрлерін көрсетеді.
1. Нарыққа
терең түрде ену. Фирманың
а) қазіргі
басылымға жазылушыларды
сыйлық ретінде басылымға жазылу даналарын көбейтуі;
ә)өз басылымын денсаулық проблемаларына арналған журналдардан
артықшылығын көрсетуі не оның төмен бағамен ұсыну арқылы бәсекелестер
басылымдарына жазылушыларды өзіне тартуы;
б)жаңа потенциальды жазьшушыларды, демек, қазіргі кезде денсаулық
туралы журналдарды оқымайтын, бірақ демографиялық пішіні қазіргі
жазылушыларға ұқсас жазылушыларды жасақтауға тырысуы;
2. Нарық шекарасын
кеңейту. Фирманың қазіргі бар
тауарларды жаңа нарықтарға
а) бұрын журналды таратылмаған жана географиялық-аймақтық, бүкілұлттық не халықаралық нарықтарда тарата бастау;
ә)журналға жаңа қажетті келбет беру арқылы нарықтың жаңа сегменттеріндегі жазылушыларға ұнамды ету;
в)журналды жаңа сегментке, кәсіпорындар, мекемелер нарқына, мысалға, ауруханаларға, дәрігерлердің қабылдау бөлімдеріне, денсаулық клубтарына сатуды жолға қою;
3.Тауарды жетілдіру. Фирманың қазіргі бар нарықтарда жаңа не жетілдірілген тауарларды ұсыну арқылы өткізуді өсіру талаптары болып саналады. Ол үшін «Модерн паблишинг компани», мүмкін:
а)бұрынғы журналдан айырмашылығы бар денсаулық проблемаларын қызықтайтын оқырмандарға ұнайтын жаңа журнал шығару;
ә)денсаулық проблемасына арналған журналдың әртүрлі аймақты түрлерін шығару;
б)оқығанды онша ұнатпай, тыңдауды ұнататын аудитория үшін ай сайын журналдың кассетті вариантын шығару.
ИНТЕГРАЦИЯЛЫ ӨСУ.Интеграциялы өсу жұмыс өрісінің позициясы мықты жағдайда не фирма сала шегінде алға, артқа не горизонтальды ауысу арқылы қосымша пайда келтіретін жағдайда өзін өзі ақтайды. Регрессивті интеграция фирма өз жабдықтаушыларын қол астына алғысы келетіні не оларды қатаң бақылауға алуға тырысуы болып саналады. Жабдықтау жүйесін бақылауды күшейту үшін «Модерн паблишинг компани» баспасы қағазбен жабдықтайтын фирманы не баспаны сатып алуы мүмкін. Прогрессивті интеграция фирма тарату жүйесін өз қол астына алуға не қатаңырақ бақылауға алатын жағдай болып саналады. «Модерн паблишинг компани» баспасы журналдарды көтерме тарату кәсіпорнын не жазылу бюроларын сатып алуды пайдалы деп табуы мүмкін. Горизонтальды интеграция фирманың бірқатар бәсекелес кәсіпорындарын сатып алғысы не қатаң бақылауға қойғысы келетін жағдай. «Модерн паблишинг компани» басқа денсаулық проблемаларына арналған журналдарды түбірімен сатып алуы мүмкін.
ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛЫ ӨСУ. Диверсификациялы өсу, сала фирманың одан әрі қарай өсуіне мүмкіншілік бермейтін жағдайда не өсу мүмкіншілігі сала шегінен тыс ұнамдырақ жағдайда өзін өзі ақтайды. Диверсификацияда фирма кез келген кездейсоқ мүмкіншіліктерге жабыспауы керек. Компания өзінің жиналған тәжірибесін пайдалануға болатын не өзінің бар кемістіктерін жоюға көмектесетін бағыттарды ашуы қажет. Диверсификацияның үш түрі болады:
1.Шоғырланған диверсификация, демек, өз номенклатурасын фирма тауар-ларына техникалық не маркетингілік көзқарасы жағынан ұқсас тауарлармен толықтыру. Дағдылы жағдайда, бұл тауарлар жаңа клиенттер класының назарын аударады. Мысалға, «Модерн паблишинг компани» баспасы жұқа мұқабалы кітап өндірісін сатып алып және оларды сатуға өз журналдарын сату үшін жолға қойылған дистрибьюторлар жүйесінің артықшылығын пайдалануына болады.
2.Горизонтальды диверсификация, демек, өз ассортиментін қазіргі шыға-рып отырған тауарлармен ешқандай қатысы жоқ, бірақ бар клиенттерді қызықтыруы мүмкін бұйымдармен толықтыру. Мысалға, «Модерн паблишинг компани» баспасы өзінің денсаулық проблемасына арналған журналына жазылушылар мүше болады деген мақсатта өзінің денсаулық клубын ашуы мүмкін.
3.Конгломератты диверсификация, демек, ассортиментті фирма техно-логиясына не оның қазіргі тауарларына және нарықтарына ешқандай қатысы жоқ бұйымдармен толықтыру. «Модерн паблишинг компани»баспасы жеке пайдалану компьютерлерін шығару, жылжымайтын тауарларды сатуға жеңілдік беру не тез қызмет атқару арқылы қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын ашу сияқты жаңа жұмыстар өрісімен айналысқысы келуі мүмкін.
Қорытынды
Халықаралық
жүйелердің дамуының негізгі тенденцияларының
бірі жоспарлау болып табылады.Бұл
тенденция бір жағынан
Фирмалардың бәрі бірдей ресми қабылданған жоспарлау жүйесін пайдалана бермейді, ал пайдаланатындары оны ылғи жақсы орындай қоймайды. Ал формальды жоспарлау бірталай табыстар келтіруі мүмкін ғой. Мұндай жағдайды жүйелі түрде ойластыру, фирманың әрекеттерін дәл үйлестіру, міндетті тура қою, қол жеткен нәтижелерді жетілдірілген әдістермен өлшеу, т.б болады. Осының бәрі өткізудің және табыстың өсуіне жеткізуі керек.
Қазіргі
нарықты экономикаға байланысты
әрбір кәсіпорынның жұмыстарын тиімді
жоспарлауды өте қажет етеді.
Фирма шегіндегі кез келген жоспарлауға стратегиялық жоспарлау плацдарм болады. Стратегиялық жоспарлаудың құрамы:фирма бағдарла-масын дайындау, оның мақсаты мен міндетін тұжырымдамалау, шаруашьшық портфелін талдау және мекеменің келешекте өсуін жоспарлау.
Фирманың
өсуін қамтамасыз ету үшін стратегиялық
жоспарлау фирманың бәсекелестік тым
басым өрістерінде нарықтың мүмкіншіліктерін
ашуды талап етеді. Мұндай мүмкіншіліктерді
қазіргі тауар - нарық жұмыс-тарының
масштабындағы интенсивті өсу жолдарынан
(нарыққа енуді тереңдете түсу,
өз нарқының шекарасын кеңейту не
тауарды жетілдіру), сала шегіндегі
интеграциялы өсу жолдарынан (регрессивті,
прогрессивті не горизонтальды интеграция)
және диверсификациялық өсу
Әрбір өндіріс
стратегиялық жоспарды дайындағаннан
кейін, тауарлар, маркалар, жеке нарықтар
бойынша маркетингілік
Зерттеліп
отырған кәсіпорынның негізгі қызметі
қант өнімдерін шығару болып табылса,ал
негізгі қызмет емес болып сол
қант кәсіпорынның төңірегіндегі орналасқан
жергілікті тұрғындарға әртүрлі
коммуналдық оның ішінде жылу,ыстық
сумен,энергиямен,сумен
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Котлер Ф. Маркетинг
негіздері:проф.М.Ізбасардың жалпы редакциялауы-мен
ағылшын тілінен тәржімеленген-Алматы:Жазушы,
2.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.
3. Есимжанова
С.Р. Маркетинг в Казахстане:теория,методология,
4. Сүндетов
Ж. Планирование и прогнозирование в условиях
рыночной экономики:Учебное пособие(2-е
издание,дополненное и переработанное)-Алматы:
5.Маркетинг:Учебное
пособие/под.ред. Н.К.Мамырова.
6.Ілиясов
Д.Қ. Маркетинг:теориясы мен
7.Голубков
Е.П.Основы маркетинга.-М.:
8.Дюсембекова
Ж.М. Маркетинговые
9.Котлер Ф.,Армстронг Г. и др.Основы маркетинга.-2-е европейское издание-М.;СПб.;К.: Издат.Дом«Вильямс»,1999.
10.«Қант»ААҚ-ның мәліметтері